II. Екінші мәселе бойынша бағдарламаға сай күнтізбелікті, арнайы курс және факультативтік сабақтарды әдістемелік бірлестікте бекіту туралы қорытынды жасалды. Факультатив сабақтар



Дата23.08.2017
өлшемі98,66 Kb.
#24847
Хаттама №1

Күні 3 қыркүйек 2011 жыл


Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 12

Күн тәртібінде:
1.2011-2012оқу жылында негізгі ғылымдарды оқыту жөнінде Қазақстан Республикасының білім Минстірлігінің нұсқаулық әдістемелік хатын талқылау.

2.Күнтізбелік – тақырыптық жоспарды, арнайы курстарды, факультатив сабақтарын бекіту.

Тыңдалды:

I. Бірінші мәселе бойынша оқу – ісінің меңгерушісі А.Б. Төлеуова сөз сөйледі.

Онда 1-03/61 бұйрық бойынша нұсқаулық - әдістемелік хаттың негізгі жағдайларымен таныстырылып 2011-2012 оқу жылында Мемлекеттік жалпыға міндетті ҚР 2.3.4.01-2010 стандарттары мен ҚР Білім және ғылым минстрлігін 2010 жылғы 9 шілдедегі «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» №367 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім беру пәндері бойынша Типтік жалпы білім берулік оқу бағдарламалары қолданылатыны айтылды.



II. Екінші мәселе бойынша бағдарламаға сай күнтізбелікті, арнайы курс және факультативтік сабақтарды әдістемелік бірлестікте бекіту туралы қорытынды жасалды.

Факультатив сабақтар:

  1. Нұртазина Ә.К. «Қызықты математика», 6 А, 8 А.

2. Жекенова М.К. «Адам физиологиясы» арнайы курсы, 9 А сыныбында

3. Жекенова М.К. «Салауаттану», 3-4 А, 6-7 А, 6-7 Б сыныптары.



Үйірмелер:

  1. Бахшар А. «Өнерлі қол», 8 А

  2. Соян Е. «Жас информатик», 7 А

Күнпарақтық тақырыптық жоспар құру кезінде мұғалімдер жалпы білім беру мектептерге арналған бағдарламаны тек («Астана»2010 баспасы) бойынша жүрілетіні және ҚР 05.04.2010 жылғы №152 бұйрығына енген кітаптар қолданылатыны айтылды.

III. Үшінші мәселе бойынша әдістеме бірілестіктің оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, биылғы жылы жоспар бойынша жұмыстар жүргізу керектігін көрсетті.
Шешімі:

  • Күнпарақтық – тақырыптық жоспар құру кезінде нұсқаулық-әдістемелік хатты мәліметке қабылдау.

  • Күнтізбелік- тақырыптық жоспарды бекітуге кепілдеме беру белгіленді.

Хатшы: Жекенова М.К.

Хаттама №2

Күні 05 қазан 2011жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 9

Күн тәртібінде:

1. “О”-үздік бақылау жұмысының қортындысын талдау.

2. Ғылыми жобаға қатысатын мұғалімдер мен оқушылардың тақырыптарын талдау

3. Ағымдағы әр түрлі мәселелер


Тыңдалды:

I. Бірінші сұрақ бойынша әдістеме бірлестігінің жетекшісі А.Бахшар сөз сөйледі. Ол «О»-үздік бақылау жұмысының қортындысы жайлы айтып өтті. Пән сабақатры бойынша әдістемелік бірлестікте ең төмен көрсеткіш көрсеткен математика пәнінің мұғалімі И.В. Чеснокова 35 % бен физика пәнінің мұғалімі З.Б. Аятова 33 % көрсетті. Әдістемелік бірлестікте бақылауға алып, қосымша сабақтар арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру керектігі туралы әңгімелеп өтті.

Әр пән мұғалімдері «О»-үздік бақылау қортындысы бойынша өздері есеп берді. Әр мұғалім өз пәндері бойынша сыныптардың білім сапасы жайлы айтты. Қандай қиыншылықтар кездестіргенін және алдағы уақытта қалай жұмыс істеу туралы ұсыныстарымен бөлісті.



II. Ғылыми жобаға қатысатын биология пәні мұғалімі Жекенова М.К (Жапырақта) тақырыпта 9 «А» сынып оқушысы Тұрғанбек Ж, технология пәні мұғалімі Бахшар А «Жүннен жасалған бұйымдар»тақырыбында 8 «А» сынып оқушысы Ержан А қатысатындығы және қолайлы тақырып таңдалғаны айтылды.

III. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қосымша сабақтарға, үйірмелерге қатысып отыруын айтты.

ӘБ қарастырылған мәселелері бірауыздан қолдау тапты.

3.1. Әдістемелік бірлестік ішінде құрылған кесте бойынша өзара сабақтарға қатынасу және тәжірибе алмасу сұрақтары қарастырылды. Тоқсан сайын әдістемелік бірлестікте есеп беретіндігі айтылды.

3.2. Қараша айында өтетін мектепішілік олимпиадаға пәндер бойынша сапалы олимпиадалық тапсырмалар құрастырып, әдістемелік бірлестікте бекітіп, дайындау.



Шешім:

-білім сапасының көтерілуіне қолдау жасау;

-жаңа технологияларды (интерактивті тақта ) қолдана отырып сабақтар өткізу; өзара сабақтарға жиі қатысу;

- тәжірибемен алмасып, қосымша жұмыстар жүргізу.

- қараша айының 1-не дейін тапсырмаларды әдістемелік бірлестікке тапсырылсын
Хатшы: Жекенова М.К

Хаттама №3


Күні 8 қараша 2011жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 11

Күн тәртібінде:

1. I тоқсанның және бақылау жұмыстарының есебі;

2. Мектепішілік пәнаралық олимпиаданың қорытындысы.

3. Әкімшілік тарапынан кірген сабақтардың талдауы

4. Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы және ағымдағы әр түрлі мәселелер

Тыңдалды:
I. I тоқсан бойынша мұғалімдер есеп берді. Әр мұғалім және сынып жетекшілері өз пәні және сыныптары бойынша білім сапасы жайлы есеп берді.

II. II тоқсандық жұмыс жоспары талқыланып және пәнаралық олимпиададаан жоғары ұпай алған оқушыларды марапаттау жайлы қарастырылып өтті.

III. Мектеп әкімшілігі қыркүйек – қараша айлар аралығында кірген сабақтардың талдауын атап өтті. Сабақтарда «Жас мамандарға әдістемелік көмек жасау», «Жаңадан келген мұғалімдердің оқу үдерісіне тез бейімделуіне жағдай жасау», «Аттестациядан өтетін мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін жинақтау, қадағалау» мақсаттары бойынша сабақтарға кірген қорытындысына тоқталып өтті.

Мұғалімдердің жіберген қателіктерді айтып, көрсетіп, ұсыныстарын айтты. Сабақта көрнекіліктердің аз болғанына тоқталып өтті. Сонымен қатар сабақта уақытты ұтымды жолдарын пайдалануына да көңіл аударды.



ІҮ. Өзін -өзі жетілдіру тақырыбы бойынша дайындаған жұмыстарын мұғалімдер көрсетіп, отырыста талқыланды. Әлі де кемшілік тұстарын қарастырып, бұдан былай слайд жүзінде қолданылып, баяндама түрінде тыңдалатын болды.

ӘБ қарастырылған мәселелер бір ауыздан қолдау тапты

Сонымен бірге оқушыларды қалалық әр түрлі сайыстарға дайындап қатыстырып отыруы жайында ой қозғалды.
Шешім:


  • Тоқсанның қортынды нәтижелері бойынша жұмыстар жүргізу;

  • сабақ тақырыптарын қайталауға назар аудару;

  • оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;

  • II тоқсандық жұмыстарын жүргізу;

- әр мұғалім аптасында бір рет сайдқа мәлімет жіберу
Хатшы: Жекенова М.К

Хаттама 4

Күні 5 қаңтар 2012жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 10

Күн тәртібінде:


1. I жарты жылдық қорытынды есебін шығарып, II жарты жылға жоспар құрастыру

2. Санатын көтеретін мұғалімдер ашық сабақ өткізіп, папкаларын қорғау мерзімдері белгіленді.

3. Әкімшілік тарапынан кірген сабақтардың талдауы

4. Пән мұғалімдерді білімі төмен оқушылармен жұмыстар жасау


I. Пән мұғалімдерінің жарты жылдық есептері тыңдалып талқыланды.

ӘБ мұғалімдері және сынып жетекшілері өз пәні және сыныптары бойынша білім сапасы жайлы айтып оқушылардың білім сапасының төмен екені көрсетілді. II жарты жылдық жұмыс жоспарын құрастырылды.



II. Санатын көтеретін мұғалімдердің папкалары слайд және папка түрінде 20 қаңтар күні атестацияның комиссия мүшелеріне таныстырылатыны жайлы ескертілді.

III. Мектеп әкімшілігі қараша – желтоқсан айлар аралығында кірген сабақтардың талдауын атап өтті. 11 мұғалімнің сабақтарына «Жас мамандарға әдістемелік көмек жасау», «Жаңадан келген мұғалімдердің оқу үдерісіне тез бейімделуіне жағдай жасау», «Пәннің сапалы оқытылуы» «Білім стандартының практикалық бөлімінің орындалуы» мақсаттары бойынша қатысып, қорытындысына тоқталып өтті.

IV.Әр мұғалім өз пәндері бойынша білімі төмен оқушылармен жүргізетін жұмыс жоспарларын жасау жайлы айтылды.


Шешім:

I тоқсандық жұмыс нәтижелері бойынша жұмыстар жүргізу;



  • оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;

  • II жарты жылдық жұмыстарға дайындық жүргізу;

- Атестациядан өтетін мұғалімдер жұмыс нәтижелерін шығару

Хатшы: Жекенова М.К

Хаттама 5

Күні 3 ақпан 2012жыл

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 2

Күн тәртібінде:
1. Ашық сабақтар қорытындысы

2. Пәндер бойынша актіленген күндерді талқылау

3. Пән мұғалімдері білімі төмен оқушылармен жұмыстар жасау
І. Бірінші сұрақ бойынша әдістеме бірлестігінің жетекшісі А.Бахшар сөз сөйледі. Ол жоспарда белгіленген кесте бойынша ашық сабақ өткізген мұғалімдердің сабақтары туралы айтып өтті. Мұғалімдер бірлесіп, талқылады. Ой – түйіндерімен бөлісті. Мұғалімдер өз шеберліктерімен сабақтарын ойдағыдай өткізді. Ашық сабақ кезінде оқушылардың сабаққа деген ынталары төмен екені көрсетілді.
ІІ. Екінші сұрақ бойынша оқу – ісінің меңгерушісі А.Б. Төлеуова сөз сөйледі. Ол мұғалімдермен біррлесіп, коррекция жұмысын жасау туралы түсіндіріп, айтып өтті.

Қаңтар, ақпан айларындағы ауа райының суықтығына байланысты сабақтар өткізілмей қалған актіленген күндердің сабақтарына коррекция жасалып, кейінгі сабақтарға біріктіріліп өткізіледі. Атап көрсетсек, қаңтар айы бойынша: 17.01; 18.01;19.01;20.01; 23.01; 25.01; 30.01

Ақпан айы бойынша: 01.02; 02.02; 03.02 күндері.

Мектептің 2012 жылдың 2 ақпанындағы №1-03/17 бұйрығы негізінде әр пән мұғалімдері актіленген күндерге байланысты түсінік хаттар жазып, сабақтарға коррекциялық жұмыс жасап, екі сабақтан, блок бойынша, модуль бойынша тақырыптарын біріктірп жазып көрсетті.

ӘБ отырысында осы жұмыстар тыңдалып, талқыланды. Актіленген күндердің сабақтары біріктіріліп өткізілгені және қалған сабақтар қосымша сабақтарда өткізілу керектігі көзделді.

ІІІ.Әр мұғалім өз пәндері бойынша білімі төмен оқушылармен жүргізетін жұмыс жоспарларын көрсетіп, әдістемелік бірлестік арасында есеп берді.

Шешім:


  • Өткізілген ашық сабақтарға талдау жасап көрсету;

  • Актіленген күндердің түсінік хаттары мен тақырыптары біріктіріліп өткізу;

  • Оқушылармен жұмыс жасау нәтижелерін шығару.

Хатшы: Жекенова М.К


Хаттама 6

Күні 30 наурыз 2012жыл

Қатысқаны: 10

Қатыспағаны: 4

Күн тәртібінде:
1. III- тоқсан бойынша тоқсандық қорытынды, бақылау үзігін талдау.

2. Биология, Химия пәндер бойынша оқушылардың зертханалық дәптерлерін тексеру қорытындысын талқылау.

3. ӘБ мұғалімдерінің үйірмелеріне бақылау жүргізу

4. Мектепішілік «Наурыз» мерекесін тойлау, «Наурызнама»


І. Пән мұғалімдерінің III- тоқсандық есептері тыңдалып талқыланды.

ӘБ мұғалімдері және сынып жетекшілері өз пәні және сыныптары бойынша білім сапасы жайлы айтып оқушылардың білім сапасының орта денгейде екені көрсетілді.


ІІ. Екінші сұрақ бойынша әдістеме бірлестігінің жетекшісі А.Бахшар сөз сөйледі.Биология, Химия пәндері бойынша оқушылардың зертханалық дәптерлерін тексеру нәтижесінде жүргізілетін зертханалық жұмыстың мақсаттары жазылмағандығына ескертілді.
ІІІ. Әр мұғалім өз үйірмелері жүргізетін жұмыс жоспарларын көрсетіп, әдістемелік бірлестік арасында есеп берді.

ӘБ отырысында осы жұмыстар тыңдалып, талқыланып қарастырылған мәселелер бір ауыздан қолдау тапты



Шешім:

- ІІІ тоқсандық жұмыс нәтижелері бойынша жұмыстар жүргізу;

- оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;

- Биология, Химия пәнінің зертханалық жұмыс дәптерлеріне

талдау жасап көрсету;

- Оқушылармен жұмыс жасау нәтижелерін шығару.



Хатшы: Жекенова М.К

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет