Сөйлеу техникасы – бұл мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу дем алысының, дауыс шығару және дикцияны орнату дағдыларының кешені.
Дем алу физиологиялық қызметке ие. Ол ағзаның жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол сөздің энергетикалық базасы. Сөз дем алысы – фонациялық (грек сөзі phono –дыбыс) болып табылады.
Күнделікті өмірде біздің сөзіміз негізінен диалогтық сипатта болғандықтан, ешқандай қиынға соқпайды. Бірақ сабақта, мұғалім, әсіресе, көп сөйлеген шақта, жаттықтырылмаған дем өзінің кемшілігін байқатады. Жаттықпаған, яғни дұрыс дем алу ұйымдастырылмаған, мұғалімнің жүрек соғысы жиілеп, беті қызарып, демікпе пайда болуы мүмкін.
Дем алу техникасының негізгі қағидалары: дем алу процесіне қатысатын бұлшықеттерге сәйкес оның төрт түрін ажыратады.
Жоғарғы дем – иықтың және кеуде қуысының жоғарғы жақ бұлшықеттері қатысатын әлсіз, үстіртін дем, бұнда өкпенің тек ұшы ғана белсенділікке ие.
Кеуде демі – қабырғааралық бұлшықеттер арқылы жасалады. Кеуде қуысының көлденең көлемі өзгереді. Диафрагма аз қозғалады, сондықтан дем шығарудың энергиясы жеткіліксіз.
Достарыңызбен бөлісу: |