Барлығы – 135 сағат


Диафрагмалық-қабырға дем алу механизмі



бет23/54
Дата14.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75194
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
05.Пед шебер ПП 2009 1

Диафрагмалық-қабырға дем алу механизмі.

Диафрагма қозғалысы: диафрагма қысқара отырып, төменге түседі, қарында жатқан ішкі органдарды жаншиды. Нәтижесінде қарынның жоғарғы бөлігі көтеріліп, төменге түскен диафрагма есебінен кеуде қуысы көлденең бағытта кеңиді. өкпенің төменгі бөлігі ауамен толтырылады.

Кеуде қуысының кеңеюі: кеуде қуысын ашатын және кеуденің ұзына бойы көлемін арттыратын қабырғааралық бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауы нәтижесінде пайда болады. өкпенің ортаңғы бөлігі ауаға толады.

Қарынның төменгі жағын тарту диафрагмаға тірек болып табылады, өкпенің төменгі және ортаңғы бөліктеріндегі ауаның жоғары жаққа өтуіне, нәтижесінде өкпенің тұтас ауамен толығуына жол ашады.

Дем шығару қалай жүреді? Диафрагма жайлап әлсіреп, кеуде қуысына қарай көтеріледі, кеуде қуысының ұзына бойы көлемі қысқарып, қабырға төменге түседі, нәтижесінде кеуде қуысының көлденең көлемі азаяды. Кеуденің жалпы көлемі кішірейіп, ондағы қысым артады да, ауа сыртқа шығарылады.

Фонациялық демнің кәдімгі демнен айырмашылығы неде? Әдеттегі дем дем алу және дем шығару мұрын арқылы жүреді. Олар қысқа болып келеді. Әдеттегі, физиологиялық дем алудың бірізділігі – дем алу, дем шығару, үзіліс.

Сөйлеу үшін әдеттегі физиологиялық дем жеткіліксіз. Сөйлеу және оқу көп ауаны, оның тиімді жұмсалуын және дер кезінде қайта толтырылуын талап етеді.

Сөйлеу дыбыстары дем шығаруда жасалады. Сондықтан оны ұйымдастыру сөйлеу дем алысы мен дауысты орнатуда, оларды дамытуда, жетілдіруде ерекше мәнге ие.

Диафрагмалық-қабырға демін дамыту үшін дем шығарудың ұзақтығын жаттықтыратын, диафрагманы, қарын және қабырғаарлалық бұлшықеттерді дамытатын жаттығулар қажет.

Диафрагмалық-қабырға демін дамытуды қарапайым жаттығулар жасаудан бастаған жөн.

Шалқалай жатып, мұрын арқылы терең демаламыз. Сіз ауаның өкпенің төменгі жақ бөлігіне қалай толтырылғанын, қарындағы бұлшықеттердің қозғалысын, қабырғаның майысуын сезіне аласыз. Осыны түрып жасап көру керек. Бұнда ауаның өкпенің тек төменгі жақта жинақталуын қадағалап, оның кеуде қуысыныңжоғарғы бөлігіне өтуіне жол берілмеуі тиіс. Ауаны әрдайым төменге қарай жіберу керек.

Дем шығаруды жаттықтыру үшін жаттығулар жасаған жөн.

Мұғалімдердің арасында табиғатынан берілген орнатылған дауысты адамдар болады, бірақ олар көп кездесе бермейді. Жақсы қойылған дауыстың өзі де арнайы жаттығуларсыз уақыт өткен сайын бұзылады, ескіреді, сапасы кемиді.

Дегенмен, әрбір адам қуатты, ырғақты, өзгермелі дауысқа ие деп айтуға болады.

Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.

Генераторлық бөлік дыбыстардың шулы және тональды ажыратылуын қамтамасыз етсе, энергшетикалық жүйе (кеірдек, мұрын қуысы, ауыз қуысы) сөздің қуаттылығы мен ұзақтығын белгілейді. Ал резонаторлық жүйе (сыртқы дем алу механизмі) дыбыстың жасалуына қажетті ауаның жылдамдығын және көлемін қамтамасыз етеді.

Педагог дауысының ерекшелігі қандай? Бұл, ең алдымен, дауыстың қуаттылығы. Дауыстың естілуінің маңызды шарты – оның ұшқырлығы. Бұл терминмен ғалымдар дауысты белгілі бір қашықтыққа жіберу және оның қаттылығын реттеуді белгілейді.

Дауыстың қозғалғыштығы, өзгермелілігі де ерекше мәнге ие, яғни оны жеңіл өзгертуге, оны мазмұнға, тыңдаушыларға бағындыру іскерлігі. Дауыстың қозғалғыштығы оның биіктік бойынша өзгшертілуімен анықталады. Биіктік – дауыстың тональдық деңгейі. Диапазон – адамның дауысы жете алатын түрлі биіктіктегі дыбыстардың жиынтығы. Оның шегі ең жоғарғы және ең төменгі тондармен анықталады. Дауыс диапазонының тарылуы бір сарындылыққа әкеледі. Ал бір сарынды дауыс қабылдауды тежейді, ұйқы келтіреді. Тембр – дыбыстың реңі, айқындығы, жұмсақтығы, жылылығы, даралығы. Дауыс шығаруда әрдайым бір негізгі тон және бірқатар обертондар қатысады, обертон – бұл негізгі тонға қарағанда биіктеу қосымша дыбыстар. Осы қосымша дыбыстар неғұрлым көбірек болса, соғұрлым адамның даусы ашық, қанық, әдемі болады.

Аталған дауыстың қасиеттері арнайы жаттығулармен жасалады. Дауысты тәрбиелеу – жеке және көп еңбектенуді қажет ететін үрдіс. Ол қатаң жеке-дара әдістемені және арнайы тәжірибелі мамандардың бақылауын талап етеді. Эксперимент жүзінде дәлелденгені, төмен деңгейлі дауыстарды балалар жақсы қабылдайды, ұнайды.

Мұғалім үшін анық айту – кәсіби қажеттілікі. Себебеі ол педагог сөзін оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді.

Дикция – бұл сөзді, буынды, дыбысты айтудағы анықтық және айқындық.

Дикция тұтас сөйлеу аппаратының энергетикалық және біріккен жұмысына бағынышты. Сөйлеу аппаратына ерін, тіл, тіс, азу, таңдай, кішкентай тілше, кеңірдек, дауыс желбезектері енеді.

Кемшіліктер – ыслдап сөйлеу, сақауланып сөйлеу, сөздің солғындығы, түсініксіздігі, тез сөйлеу, «тістеніп» сөйлеу, сөздің соңғы буынын немесе әріптерді (дауысты, дауыссыз) жеп қойып сөйлеу.

Дикцияны түзету үшін, ең алдымен, артикуляцияны, яғни сөйлеу органдарының қозғалысын өңдеу қажет.



Ырғақ – сөздің, буынның, үзілістің ұзақтығы мен жылдамдығы. Сөздің жылдамдығы мұғалімнің жеке қасиеттеріне, оның сөзінің мазмұнына, ситуацияға байланысты.

Сөздің жылдамдығы минутына 110-115 сөз (ағылшындарда – 120-150 сөз, орыстарда – 120 сөз). Бірақ, эксперимент көрсеткендей, 5-6 сыныптарда мұғалім минутына 60-тан, ал 10- сыныпта 75 сөзден артық сөйлемеуі керек.

Кейбір сөздерді дыбыстау ұзақтығы олардың ұзындығына ғана емес, сөздің сол контекстегі мәніне байланысты. Сөз неғұрлым маңызды, мәнді болса, сөйлеу де соғұрлым жай, ұзаққа созылады.

Материалдың қиын бөлігін мұғалім жаймен айтса, әрі қарай сөзін тездетуге болады. Белгілі бір қорытынды (анықтама, ереже, принцип, заң) жасалатын шақта сөз міндетті түрде жайлап айтылады.

Сонымен қатар оқушының қозу деңгейі де есепке алынады. Оқушы неғұрлым қозулы болса, соғұрлым сөйлеу жай айтылғаны жөн.

Сөйлеуді мәнерлеуде логикалық және психологиялық үзілістерді пайдаланған дұрыс. Логикалық үзіліссіз айтылған сөз – сауатсыз, психологиялық үзіліссіз - өлі тіл. Үзіліс, жылдамдық және мелодиканың жиынтығы сөздің интонациясын құрайды.

Мұғалімнің дауысы ашық, қанық, айқын, назар аудартатындай, ойға, іске шақыратындай болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет