Педагогикалық қарым-қатынас құрыдлымы (В.А.Кан-Калик):
Болашақ қарым-қатынасты модельдеу (жобалау кезеңі).
Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру (коммуникативті шабуыл).
Дамып отыратын педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару.
Жүргізілген қарым-қатынас жүйесін талдау және оны келесі іс-әрекетте модельдеу.
Мұғалімнің қарым-қатынас стилі – бұл оның бағалауында, бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал ету тәсілдерінен, басқару стилінен көрінетін мұғалімнің балалаларға, оқушылар ұжымына деген көзқарасының, қарым-қатынасының сипаты.
Педагогикалық қарым-қатынас стилінде педагогтың коммуникативті мүмкіншіліктерінің ерекшеліктері, педагогтың шығармашылық даралығы, педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуінің сипаты, оқушылардың ерекшеліктері көрінеді. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейін, оның кәсіби біліктілігін айқындайды.
Басқару стильдерін алғашқы экспериментальдық психологиялық тұрғыдан зерттеуді 1938 жылы неміс психологы Курт Левин жүргізген. Зерттеу барысында қарым-қатынас стильдерін жіктеу енгізіліп, осы күнге дейін қолданылып келеді. Олар: авторитарлық, демократиялық және бейтарап.
Достарыңызбен бөлісу: |