С) Негізгі сұрақтар:
1. Қоғамдық- саяси ғылымдардың құрамы
2. Басылымдардың түрі мен типтері.
Мазмұны: Қоғамдық- саяси әдебиттер-бұл басылымдар мен әлі жарияланбаған құжаттардың жиынтығын құрайды. Бұл құжаттарда әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани өмірдің құбылыстары, қоғамдық зерттеулердің тәжірибелері тұжырымдалады.
Қоғамдық саяси әдебиет-бұл қоғамның ғылымдар саласындағы документальды коммуникация жүйесінің басты компоненті болып саналады. Бұл әдебиет қоғамдық ғылымдармен саяси білімдерді таратуда үлкен роль атқарады, мұнымен қатар, осы саладағы библиографиялық іс-қызметтің қоғамдық- саяси әдебиеттерінің библиографиялау объектісі болып саналады.
Басылымдардың түрі мен типтері.
Қоғамдық- саяси ғылымдардың түрі мен типтері саналуан. Олардың қатарына: ғылыми әдебиеттер, ғылыми-көпшілік, бұқаралық-саяси әдебиеттер, оқулықтар, кәсіптік- өндірістік әдебиеттер, анықтамалық әдебиеттер жатады.
Ғылыми әдебиеттердің қатарына- монографиялар, жалқылама әдебиеттер, мақалалар, баяндамалар, диссертациялар жатады.
Ғылыми- көмекші әдебиеттерде – көпшілік оқырманға арналған қоғамдық ғылымдардың жетістіктері насихатталады.
Бұқаралық- саяси әдебиеттер- актуальды тақырыптарға арналған брошюралар түрінде шығарылады.
Оқулық әдебиеттер – қоғамдық ғылымдар бойынша оқулықтар, оқулыққа қосымша құралдар, оқу құралдарын айтуға болады.
Кәсіптік- өндірістік әдебиеттер- методикалық құралдар, мұғалімдерге арналған лекциялар курсы және т.б.
Анықтамалық әдебиеттер- энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |