Барлығы – 135 сағат



бет13/15
Дата29.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#35753
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Банк маркетингісі.
Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр.

Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месропотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.

Мәселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады.бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру , сатып алушының тауарды қайтіп беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принсиптері пайдаланылды.

Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетингтің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж.) жасады. Тек техникалық білімі болса да, ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен оларды таңдау секілді қазіргі заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі «Интернешнл Харвестер» фирмасының өркендеуіне әкелді.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бұл үлгі – тауар (product), баға (price), нарық (place), пайда (profit) – негізгі төрт элемент бойынша «4-Р» атауына ие болды.

Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50-ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттыратын сала ретінде әйгілеген жарнама компаниясынан кейін ене бастады.

1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.

Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі ретінде тәсімделуімен сипатталды. Бүгінгі таңда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.

Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласына енуіне не себепкер болды?

Американдық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.

Маркетинг – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағынын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.

АҚШ-та маркетингке жұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының, шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы мракетингтің маңыздылығын көрсетеді. әлбетте өндіруші тек асаа қажет жағдайда ғана мұндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндіруші) нарықтан өз орнын алып, бәсекелестік күресте басқаларын төтеп беруі тиіс.

70-ші жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті қажеттілігін тудырды.

Бәсекелестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды.

Оның негізгілері:

1. Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мендамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуына, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.

2. Барлық елдерде банктерге бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.

3. Банк индустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы). Банк көрсететін қызмет спектрі ұлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.

4. Ақпараттық технолнгияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.

5. Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бәсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсетулер нарығындағы бәсекелестік өнеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда (кейін) пайда болса, банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патенттік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.

6. Мемлекеттік реттеумен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында бағалық бәсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ рпоцент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жоғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады. Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.

Әрине, бұл тек банктік қызмет көрсету нарығының және ондағы банк маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бәсекелестіктің жалпы даму заңдылығы ғана.

Осы тенденциялардың дамуы нәтижесінде қаржылық қызмет көрсетулер мен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі тұрпатқа (типке) айналды. Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа несие институттарының арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті. Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін әрі жаңа позицияны жаулап алуы үшін өздері жүргізіп отырған несие саясытын тұрақты түрде ырықтандырып отыруғажәне осыған орай қатердің көбісін өз мойындарына алуға мәжбүр. Қатердің көбеуі де коммерциялық банк табысының азаюына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты банктер маркетинг стратегиясын жасауға, жаңа қызмет түрлерін игеруге, әрбір клиент үшін күресуге ұмтылады.

Әрине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдамалы принциптерін өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты, міндеттері, әдістері мен тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде бірдей, яғни, біріне-бірі ұқсас сәйкес болып келеді.

Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама берейік.

Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге әрі пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулай алу кез келген нарықтың мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуде, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг (интегрированный маркетинг) басымдыққа ие болып келеді.

Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық

банктер салымшылардың қаражатын тартуға ғана мүдделі емес, сонымен

қатар олар тартылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б несиелеу

арқылы белсенді пайдалануға да мүдделік танытады. Бұл маркетингті

коммерциялық банктердің салымшалармен қатынасында және несие

саламында кешенді түрде даматудыңқажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың

мақсаттары әр түрлі:бірінші –банкке клиентті салымшы ретінде

тарту;екінші-банк үшін ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпеі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға-табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады.

Бүтінде маркетинг-бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшілерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз өніміне емес,клинеттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге-шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клинетке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын аңықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете білу керек.

Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптері мынадай:

1.Нақты нарықтық мақсатқа-барлық бан жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.

2.Маркетинг-бұл кешенді міндеті баржүйе (жоспарлау талдау,реттеу және бақылау).

3. маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.

4. Маркетингті нақты іс жүзіне асыраудың негізгіне қабылданған маркетингілік шешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.

5.Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақты түрде ынталандарып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.

6.Маркетингті ұжымды қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.



Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:

  1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.

  2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.

  3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.

  4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты техникалық тәсілдермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болды.

Жаңа тәсілдеменің негізінде “Барлығы клиент үшін” дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде:ең алдымен-клиент пайдасы, содан кейін-банк мүддесі. Клиентке бағдарлану-жетістікке жеткізетін басты фактор.

Банктегі маркетингтің негізгі принциптері:

1.Қаржы нарығында орвн алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

2.Көрсетілген қызметтің ауқымы,құрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.

3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.

4. Несиегерлермен әрі салышылармен ынтымақтастық құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде банк өтімділігін қамтамасыз ету.

Бұл міндеттер сәтті шешім табатын болса банктің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарады.

Маркетингілік қызметті ұйымдастырудың негізгі элменттері :


  1. Нарықтың жағдайын және оның даму келешегін кешенді түрде зерделеу арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге сатып алушының әлеуетті сұранысын жедел әрі шынайы анықтау.

  2. Өнімнің жаңа үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың көптеген талап-тілегін қанағаттандыратын тиісті қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру.

  3. Өндірісті және қаржыландыруды үйлестіру әрі жоспарлау.

  4. Өнімді өткізудің және бөлудің оңтайлы жүйелерін құру әрі жетілдіру.

  5. Барлық қызметті өткізуді ұлғайту шараларының аясында өзгерген жағдайларға сәйкес жүйелі түрде реттеу әрі түзету.

Маркетингінің құрамдық элементтері мен әр түрлі шараларында оның бірнеше түрі болады.

Банк маркетингісінің тәсілдері:

  • киенттермен тіл табысу;

  • акционерлерге дивидендтерді және пайдалы қызметті қамтамасыз ету;

  • өзге несиелік және банктік емес мекемелердің өнімдерімен салыстырғанда банк қызметін пайдалану барысында клиенттерге артықшылықтар тудыру;

  • банк жұмыскерін қызмет көрсетулерді өткізуге материалдық тұрғыдан мүдделі етіп қою.

Клиентпен тіл табысу аясында банк маркетингісі белсенді маркетингке және бәсең маркетингке айналады.

Белсенді банк маркетингісі мыналарды:

  • тікелей маркетингті, яғни, поштаны, телефонды және теледидарды пайдаланатын белсенді жарнаманы;

  • халықтың арасында, оның ішінде, көшеде сауалдама жүргізуді;

  • әлеуетті клиентпен жеке тіл табысуды, оның қажеттілігін зерделеуді, оның ішінде, оның кажеттілігін банк жұмысының процесінде зерделеуді;

  • жекелеген маркетингілік проблеманы талқылау үшін банк ұйымдастыратын пікірталас клубына ұқсас клубты білдіретін «фокус-групп» құруды қамтыды.

Бәсең маркетинг – банктің қызметі мен жағдайы, оның қызмет пайдасы туралы материалдардың баспасөзде жариялануы. Нарықтағы өз орнын нығайтқысы келетін банктер маркетингтің осы екі тәсілін пайдалануы керек.

Қазіргі заманғы банк іс-тәжірибесінде, әсіресе клиентке дербес қызмет көрсетуде айрықша көңіл бөлінеді. Тікелей маркетинг бағдарламасының негізгі мақсатына бұл келешегі зор, яғни, перспективалық клиентке көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беріп қана қоймай, оны дереу әрекетке жетелеу жатады.

Тікелей маркетинг жүзеге асырылғанда клиентке дербес қызмет көрсетуге айрықша көңіл бөлінеді. Бұл маркетинг тәсілі клиенттер үшін жаңа қажеттіліктерді тудыруға бағытталған, өйткені буклеттерді және басқа да жарнамалық ақпараттарды жөнелту, сондай-ақ телебағдарламаларға хабарламаларды қосу және тікелей маркетинг объектілерінің мекен-жайы банк картотекаларының негізінде жасалады.

«Фокус-тобына» кеңірек тоқталу қажет. Ол клиентпен жеке қатынасқа құрылған маркетинг әдісін дамытудың маңызды факторы болып табылады. «Фокус-топ» клиенттің талап-тілегін анықтауға бағытталған әрі белгілі бір проблематика бойынша өткізіледі.

Атауынан көрініп тұрғандай, топтың назары бір тақырыпқа ауады және шоғырланады. «Фокус-топ» банктің 8-10 клиентінен жасақталады. Талқыланған проблема күрделі болған жағдайда топқа банк сарапшысы кіреді. Пікірталасты төреші басқарады. Ол (төреші) мамандығы бойынша маркетинг саласындағы психолог, зерттеуші болуы мүмкін.

Төреші топқа банк қызметінің жаңа өнімі бойынша іскерлік жоспарды, назар аударған тақырып бойынша зерттеудің нәтижесін қамтитын, талқылауға арналған негізгі материалдыбереді. «Фокус-топ», мысалы, жаңа қызмет түріне нарықтық сұранысты қалай анықтауды, оны зерделеудің әдістерін, жаңа өнімді ұсынудың қаншалықты мақсатқа лайықты болатынын,оны нарықта жылжытудың шартын,жарнамалау тәсілін, оған клиентурасының қалай қаратынын және т.б талқылайды. Проблемаларды талқылау бойынша пікірталастың нәтижесі оны қалай шешуді болжап береді.Маркетинг бойынша мамандардың одан ары жұмыстарын жалғастыруына қажетті материалдарға пікірталастың магнитофондық және бейне жазба (видеозапись) түрлері жатады.

Банк жұмысы туралы қоғамның пікірін білу үшін “имидж ревизиясы”немесе оны тұтынушының көзінше бағалау әдісі қолданылады.Ревизия көпшілікке сауалнама жүргізу арқылы және сегментті түрде жүзеге асырылады. Көшедегі жүргіншілерден қысқа сұхбат алады. “Имидж ревизиясының” басты мақсаты – жарнамаға кеткен шығыстардың ақталғанын немесе ақталмағанын аңықтау.

Коммерциялық банктер өз өнімдерін нарыққа жылжытудың жаңа әдістерін әзірледі. Сатуға қолайлы жағдай тудыру бойынша бағдарламаның қаншалықты сәтті жүзеге асырылғанын бағалауда бірқатар жалпылама көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен, бұл дербес банк бөлімшесінің қызметкерлерін қамтитын «пайда орталығының» банкте болуы әрбір мұндай орталық сатуды дамыту бойынша өзіндік бағдарламаларын әзірлнйді. Маркетингілік бағалау істелінген жұмысты анықтайды.



Банк маркетингісінің құрамдық бөліктері:

  1. нарықты тануға қажетті ақпараттарды алу (жинау);

  2. тауарларды зерделеу және оның бағаларын анықтау (тауар-баға);

  3. көрсетілетін қызметтерді өткізуді ұйымдастыру.

Ақпаратты алу (жинау) мақсатына коммерциялық банктің нақты (игерілген) әрі әлеуетті нарығын анықтау, оның қажеттіліктері мен алдан күткендерін зерделеу жатады. Нарық сипаттамасы үшін банкте тиесілі жалпы үлес оның ішінде, қарыздар мен депозиттердің үлесі және жекелеген қызмет көрсету түрлері нарығының үлесі анықталады әрі коммерциялық банк нарығымен салыстырылады. Нарықты детальды түрде зерделеуде оның сегментациясының маңызы зор.

Банктік қызмет көрсету нарығының және оның әлеуетті тұтынушыларын зерделеу үшін банктер тұрпаттандыру және сегменттеу секілді өнеркәсіп маркетингісінің дәстүрлі тәсілдерін пайдаланады.

Тұрпаттандыру тұтынушылырдың тобын әлеуметтік сипаттамаларына қарай, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторлар бойынша анықтауды ұйғарады. Тұрпаттандыру құралы ретінде сараланған табыс және тұтыну балансысының талдауы, жинақтамалық зерттеуі пайдаланылады.

Нарықтық сегменттеу нарықты тұтынушылар сұранысының өзіндік ерекшелігімен де, ұсыныстың өзіндік ерекшелігімен де сипатталатын жекелеген учаскілерге бөлуді ұйғарады.

Сегменттеудегі мақсат – жекелеген тұтынушы тобының көрсетілетін нақты қызмет түріне қатынасын анықтау. Банктер нақты сегменттерге бөлу арқылы көрсетілетін қызметке қатысты ұсынысты тұтынушыларға және әлеуетті нарықтарға сәйкес реттеуге әрі ұзақ мерзімді нарықтық стратегияны әзірлеуге мүмкіндік алады.

Банктер нарықты екі принцип бойынша сегменттейді:



  • өнімдікке ( несиелік қызмет көрсету нарығы, операциялық қызмет көрсету нарығы, инвестициялық қызмет көрсету нарығы, сенімгерлікпен қызмет көрсету нарығы);

  • клиенттікке ( жылжымайтын мүліктің меншік иелері, корпорациялар, үкіметтік нарық, сенімгерлікпен қызмет көрсету бөлімінің клиенттері)

нарықтың жекелеген сегментін бөліп алудың мағынасы: банк өзінің күш-жігерін нарыққа жұмсамай, белгілі бір сегментке ғана бағдарланады.

Тұрпаты бір қызмат көрсетулерге сұранысы бар әрі олардың ақысын төлеуге дайын клиент топтары, әдетте, нарық сегменті, деп аталады. Банктер нарықты сегменттей отырып, мынадай алғышарттарға сүйенеді:



  • нарық сегменті айтарлықтай нақты кескінге ие блоуы керек;

  • әр түрлі сегмент туралы жиналған ақпарат оларды талдауға әрі бағалауға жеткілікті болуы тиіс;

  • таңдап алынған сегмент банкке біршама пайда әкелетіндей болуы қажет;

  • іріктелген сегменттерде банктің қызмет көрсетулерді жылжытуға қажетті арналары және жарнамасы болады және т.б.

Нарықты сегменттеу – банктік қызмет көрсетудің үлкен іс-тәжірибесін және білімін қажет ететін күрделі әрі еңбек сыйымдылығы бар процесс. Сегменттеудегі мақсат – қандай да бір тұтынушылардың тобын белгілі бір нарыққа бөліп қана қоймай, сонымен бірге, банктің осы қызмет түріне әр түрлі талап қоя алатын тұтынушылар мен пайдаланушыларды іздеп табу.

Нарықты сегменттеу банктік қызмет көрсетулерді жылжыту ісінде ешқандай нәтиже бермейтін тұтынушылар тобының, әдетте, логикалық және статистикалық талдауына айналмауы керек.

Сегменттеу – бір жолғы емес, тұрақты процесс, өйткені нарықтағы жағдай, тұтыну және тұтынушылардың әдеттері, сондай-ақ банктік қызмет көрсетулердің жиыны өзгеріп отырады.

Маркетологтар әдетте сегменттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оның бірнеше белгілерін бөліп көрсетеді.

Нарықты сегменттеудің негізіне банктік қызмет көрсету сипаты (несиелік, операциялық, инвестициялық, басқадайлары), клиентуралық белгі (заңды және жеке тұлғалар, корпорация, корреспондент-банктер, үкімет) жатады.

Сонымен қатар географиялық, демографиялық, психомәдени және мінез-құлық (бағыттық) сегменттеулерде пайдаланылады.

Кәсіпорын нарығын сегменттеу барысында кәсіпорынның ауқымы, қызмет саласы онда жұмыс істейтін жұмысшылыр саны, басшының деңгейі және сұраныс сипаты (бастапқы немесе қайталама) ескерілді.

Географиялық сегменттеудің бірлігі ретінде елдер, аумақты географиялық учаскілер, экономикалық аудандар қалалардың ықшам аудандары алға шығады. Банк ең алдымен жуық нарықты зерделейді. Географиялық сегменттеу кәсіпорындар мен жеке тұлғалар нарығын зерделеуде қолданылады.

Демографиялық сегменттеу жеке тұлғалар нарығымен байланысты. Бұл сегменттеу халықты әлеуметтік-кәсіби жағынан (жер шаруашылығымен айналысушыларға, жұмысшыларға, қызметкерлерге, еркін кәсіп иелеріне, дәрігерлерге, сәулетшілерге, заңгерлерге және жеке іспен айналысатын өзге де тұлғаларға, персоналға қызмет ететін жоғары және орта буын басшыларына) бөлуге, сондай-ақ жасына, жынысына, отбасы жағдайына, табысына, білім деңгейіне қарай негізделеді. Банк мүдделілік танытқан халық тобын бөліп алады да, олармен салым ақшаны барынша көп тарту үшін, несиені ұтымды орналастыру үшін және т.б. үшін жұмыс істейді.

Демографиялық сегменттеудің құнды қағаздар нарығын дамытуда маңызы зор, өйткені, бұл жағдайдағы коммерциялық банктің негізгі салымшыларына халық жатады.

Психомәдени сегменттеу жеке тұлғаның банк көрсететін белгілі бір қызметке қатысты мінез-құлқын ескереді. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктеріне және әлеуметтік жағдайына тәуелді болады. Бұл арада тұрақты белгілер халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарын біріктіреді.

Мінез-құлықты сегменттеу банк клиентінің досьесін – банк арқылы өткен шот пен операция жағдайын зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Халықты француздық банктер мінез-құлқы бойынша былайша жіктейді:


  1. Бүгінгі күнмен өмір сүретін, яғни ертеңгі күнін ойламайтын адамдар.

  2. Авантюристер.

  3. Пайдаланушылар, яғни мінез-құлықтарында бәсеңдік танытатын, алайда материалдық құндылықтарға құрметпен қарайтын реалистер.

  4. оқиға ортасында жүруді қалайтындар.

Нарық жағдайы туралы ақпараттарды зерделеудің негізінде коммерциялық банктер өз стратегиясын жасайды. Бұл стратегиялар әр түрлі болуы ықтимал:

  • игерілген қызметтерді өзінің ескі клиенттеріне сату;

  • ену (кіру) стратегиясы (бұрынғы қызметтерді жаңа клиентке ескі нарықта сату);

  • даму стратегиясы (ескі қызметтерді жаңа нарықта сату);

  • жаңа қызметтерді өткізу стратегиясы (жаңа қызметтерді игерілген ескі нарықта сату);

  • әртараптандыру (жан-жақты дамыту) стратегиясы (жаңа қызметтерді

  • деңгейі жоғары тұрпат болып табылады.

Банк маркетингісінің екінші құрамдық бөлігі (тауарды зерделеу және оның бағасын анықтау (тауар-баға)) көрсетілетін қызметтердің сипатын және олардың бағасын зержелеуді ұйғарады. Бағаны анықтау үшін көрсетілетін банк қызметінің түріне қарай өзіндік ерекшелігі бар олардың нарықтағы қалыптасу заңдылығын білу керек.

Маркетингтің үшінші бөлімінде (қызметтерді өткізуді ұйымдастыру) банк көрсетілетін қызметтерді өткізудің шарттарын зерделеуде бағдарланады. Оның қатарына банктің бөлімдері мен филиалдарын орналастыру туралы дұрыс шешім қабылдау, несие мекемесінің тұрпатын таңдау, банктің ішкі құрылымы, персоналдың міндеттері және т.б. жатады.



Банктің маркетинг стратегиясы. Нарықтағы жетістік, маркетингтің үлкен жетістігі ахуалды жүйелі түрде ұғуға, банктің күщ-жігерін нақты үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді дәл белгілеуге және жетістіктерді бағалаудың ең жетілген әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың сапасымен анықталады.

Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспардың негізгі элементі болуы тиіс. Банктің маркетингілік стратегияны әзірлеудегі нақты жұмысының негізгі кезеңдері қандай?

Бұл саладағы жоспарлау банктің күшті және әлсізжақтарын, банк өз қызметінде алдағы 3-5 жыл ішінде кездестіруі мүмкін қолайлы және жағымсыз факторларды детальді түрде талдай алатын экономикалық болжау бойынша тәжірибелі мамандарды жасақтаудан басталады. Бұл арада банк жұмыс істейтін орта мен жағдай тиянақты талданатын болады. Саяси және экономикалық факторлардың ықтимал ықпалы, банк заңдарының ықтимал өзгерістері, технологиялық және әлеуметтік факторлар қарастырылады.

Сонымен қатар соңғы 2-3 жыл ішіндегі банк қызметінің пайдасы, активтегі табысы, операциялардың өскен мөлшері, басқа банктермен салыстырғандағы банкаралық нарықтағы позициясы, төленген дивидендтердің мөлшері, жұмыскерлердің саны мен кәсіби дайындық деңгейі және өзге де шешуші көрсеткіштері паралельді түрде талданады.

Бұл материалдар 3-5 жылдан кейін қайталануы мүмкін ағымдағы ахуал мен банктің жағдайын сипаттайтын құжаттың негізін құрайды.

Стратегиялық міндеттерді анықтағаннан кейін топ банктің ағымдағы жағдайынан алға қойылған мақсатына жылжудың желісін қалыптастырады. Банк басқармасының қарауына және бекітуіне ұсынылатын баяндама жасалады. Міндеттердің бекітілуі мен оның көрініс табуы жыл сайынғы нақты сандық көрсеткіштерге түрленіп отырады.

Осылайша маркетинг стратегиясын әзірлеудің кезеңдері сызба түрінде былайша көрсетуге болады. (2-сурет)


Бақылау көрсеткіш-терінің жиынтығы




Ағымдағы маркетингілік ахуалдың баяндалуы (жай-жапсары)




Қауіп –

қатер мен ықтимал-

дықтар тізбесі





Міндеттер мен пробле-малар тізбесі




Марке-

тинг страте-

гиясы





Әрекет ету бағдарламасы




Бюджеттер



Бақылау

тәртібі

2-сурет Маркетингті әзірлеу кезеңдері.

Маркетинг стратегиясын банк мақсатына маркетинг құралдары арқылы қол жеткізудің ең жақсы жолы ретінде анықтауға болады. Маркетинг стратегиясының сәтті жүзеге асуы мынадай факторларға байланысты:



  • банктің ұйымдық құрылымында банк бизнесінің, маркетингтің жаңа формаларды әзірлеумен айналысатын стратегиялық тұрғыдан дамытудың арнайы тобын құру;

  • стратегиялық жобаларды жүзеге асырушы жұмыскерлерді ынталандыратын арнайы жүйелерді ұйымдастыру;

  • стратегиялық жоспарлаудың артықшылықтарына банк басшылығын иландыру, яғни стратегиялық жоспарда қарастырылатын міндеттердің басымдықтарына банк басшылығының мүдделілік деңгейін көтеру;

  • банктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру қызметіне барлық деңгейдегі барлық басшыларды тарту;

  • стратегиялық жоспарлы бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы, яғни қалайша орындалып жатқаны жөнінде оған жауапты барлық тұлғалар үшін ақпарат жүйесін ұйымдастыру;

  • нақты бақылау жүйесін қалыптастыру.


6. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиеттер



Коммерциялық банктерді және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы


1. Банк жүйесі. Екі деңгейлі банк жүйесінің қызмет ету механизмі мен құрылымы.

2. Банктердің негізгі қызметтері.

3. Банктің қызмет етуін қалыптастыру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі.




3,5, 15,20.




Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға руқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату.


1. Банк қызметін лицензиялау

2. Банктерді тарату: ерікті және еріксіз тарату

3. Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар




2,10,17,22

3

Коммерциялық банктер қызметтерін макроэкономикалық деңгейде реттеудің мәні және мазмұны


1.Ақша нарығының түсінігі, ақша операциялары.

2.Мемлекеттің монетарлық саясаты. Концепциялау аспектісі.

3.ҚР-ның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.




2,12,14,16,23.


4

Банктік ресурстарды құрау коммерциялықөздері.Пассивтік операциялар.


1. Банктік ресурстар түсінігі, несие ресурстары

2. Банктік ресурстарды қалыптастырудың негізгі көздері

3. Пассивтік операциялар




3,5,7,18,20.

5

Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару


1. Депозиттер түсігнігі және түрлері

2.Депозиттік операциялар: субъектілері және объектілері



  1. Депозиттік саясат түсінігі



4,6,8,11.

6

Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және банкаралық несиелік ресурстар.


  1. Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын коммерциялы қөздері және олардың түрлері

  2. Облигациялар, купондық облигациялар эмиссиясы, бакн акцептерін сату, өтімділігі жоғары және бірінші кластық эмитенттердің вексельдерін қайта есептеу, репо және кері репо келісімі арқылы қаражат тарту.

  3. Коммерциялық банк қызметтеріндегі бакнаралық несиелеудің ролі Қазақстан Республикасындағы банкаралық несие нарығының қалыптасуы және оның ұйымдастырылу формаларымен субьектілері



12,22,25.



7

Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері.


1. Бакнтік несиелеу жүйесі туралы түсінік және оның негізгі элементтері.

2. Несиелеу принциптері, несиені беру және қайта өтеу механизмі.

3. Несиенің қайтарымдылығы, ақылылығы, мерзімділігі, материалдық қамтамасыз етілуі.




22,23,24.


8

Кепіл несиені қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы кепіл болушылық, кепілдік


1. Кепілдің сапасы туралы түсінік және кепілді сараптау.

2. Кепілдің сапасын анықтайтын коммерциялықөрсеткіштер.

3. Бағалы қағаздарды кепілге алу үшін банктер тарапынан қойылатын талаптар, вексельді кепілге алу, құқықты кепілге алу.

4. Кепілді бағалаудың әдістері





2,3,6,8,9,12,17.


9

Тұтыну несиесі және ипотекалық несие


1.Тұтыну несиесі: әлеуметтік-экономикалық мәні, түрлері, берілу мақсаттары

2.Ипотекалық несие түсінігі, мәні және ерекшеліктері

3. ҚР ипотекалық несиелендіру жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы қызметі

4. Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін дамытуда шетелдік тәжірибені қолдану





12,22,23,26.


10

Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару


1. Несиелік портфель және несиелік портфельді басқарудың түпкі мақсаты, бағыты, әдістері.

2. Несиелік портфельді басқарудың негізгі кезеңдері

3. Несиелік портфельді басқарудың құрамдас бөлігі - несиелік тәуекелдерді басқару.




12,13,16.


11

Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары


1. Лизинг операцияларының субъектілері мен оьъектілері, лизинганың функциялары.

2. Лизинг операцияларының элементтері. Лизинг түрлері

3. Траст операцияларының дамуының экономикалық алғы шарттары. Траст операцияларының түрлері және субъектілері

4. Факторинг туралы түсінік, факторинг операцияларының түрлері

5. Форфейтинг операцияларының түрлері және оларға байланысты несиелік тәуекелдер, несиелей тәртібі.




11,13,14,20.


12

Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару


1. Коммерциялық банктердің валюталық операцияларының түрлері

2. Шет ел валюталарымен айырбас операциялары

3. Валюталық бақылау.

4. Валюталық саясат және оның түрлері мен формалары.





2,11,13,15,16,22,24


13

Тақырып: Банктік менеджмент және банктік маркетинг


1.Банк менеджментінің ерекшеліктері, мақсаты, бағыттары

2. Банк маркетингісі. Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптер

3. Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары

4. Банк маркетингісінің тәсілдері





11,12,15,16,17, 22


14

Банктің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктің шығысы мен кірісін талдау

1. Банктің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері

2. Банктің шығысы мен кірісін талдау





14,16,18,20,22,24,29.

15

Банктік қадағалау


1. Банктік қадағалаудың мақсаты

2. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері

3.Банктік қадағалауды ұйымдастырып, жүзеге асырушы органдар және олардың коммерциялық банктерге ықпал ету тәсілдері




4,6,8.




7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНГША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

7.1. Теориялық білімді меңгеру үшін әдістемелік нұсқау

«Банк ісі» курсы экономикалық ғылымның маңызды бөліктерінің – базалық оқу пәні болып табылады. Қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерделетін «Қаржы менеджменті»- арнаулы пән және оның мақсаты – теориялық курс. Ол болашақ қаржыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және сол сияқты басқа оқу пәндерімен қосылып, ақша-несие қатынастарының, банктік қызмет теориясының және ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.



7.2. Семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау

Семинар сабағы оқу сабағын өткізудің неғұрлым кең қолданылатын нысаны болып табылады. Ол пәнді оқытудың негізі және неғұрлым күрделі мәселелерін игеруге мүмкіндік береді.

Семинар сабағының негізгі тапсырмалары мыналар:


  • дәрісте берілген студенттің өз бетінше жұмыс істеу бырсында игерілген теория және тәжірибе сұрақтары бойынша білімді тереңдету;

  • әдебиеттер мен басқалай ақпараттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру;

  • қарастырылатын мәселелерге сәйкес талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;

  • материалдың игерілгендігіне бақылау жасау.

Студент семинар сабағына қатысу үшін оған алдын- ала дайындықпен келуге, әдеби шолу жасап, тапсырманы орындауға міндетті.

Семинар сабағына студенттер қаржының көптеген анықтамалары мен, қаржылық бақылау, қаржылық басқару түрлерімен, бағалы қағаздарды жетілдіру нысандарымен танысады. Практикалық оқып-үйренуге бастайтын, сондай-ақ қаржы заңдылықтарын қамтамасыз етуге комплексті шаралар қолдану көзделеді.



7.3. СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар

  1. СӨЖ орындауға дайындық кезінде ойлау, әр түрлі нұсқаулар ұсынып және оларды шетел тәжірибесімен салыстыру қажет.

  2. Жеке және топ презентациясын жүргізу кезінде міндетті түрде тақырып сұрақтарын бөлу керек, ойды мазмұндау формасын табу және көрсетілім пособияларын қолдану қажет. Презентация тақырыбының логикалық моделін құрастыру қажет, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдері.

  3. Реферат жазу барысында келесідей талаптар қойылады: жоспар және қолданылған әдебиеттер тізімімен басылымды түрде минималды 10 бет. Реферат орфографиялық қатесіз және бет параметрлері сақталу қажет.

(А 4 беттің барлық жағынан 2 см)

7.4. Рефератты жазу үшін әдістемелік нұсқау

Бірнеше тақырыпты еңбектерді шолу немесе белгілі бір тақырып бойынша бірнеше автордың пікірі, қандай да бір тақырыпты, сондай ақ бір ойшылдығ еңбегін талдау реферат болып табылады. Реферат кітапханадағы белгілі бір оқулықтар негізінде жазылады. Реферат комьпютерде 14 шрифтпен жазылады, 1,5 интервалымен, жан жақтары сол жағы- 3 см, оң жағы-1,5см, жоғарғы және төменгі жағы 1,5 см. Жалпы бет көлемі – 13-15бет. Кіріспе- 1,5 бет, негізгі бөлім- 10-12 бет, қорытынды бөлім-1,5 бет. Кіріспе 3 беттен бастап нөмірленеді.

Реферат құрылымы:


  1. Титуль беті

  2. Жоспар

  3. Кіріспе

  4. Негізгі бөлім (2-3 сұрақтан) тұрады

  5. Қорытынды бөлім

  6. Пайдаланылған әдебиеттер (3-4 әдебиет кем дегенде)

7.5. СӨЖ мен ОЖСӨЖ-ін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

1 апта

Тақырып: Қазақстан республикасында коммерциялық банкті құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:

1. Коммерциялық банктер: мазмұны, мақсаты мен нарықтық экономикадағы ролі

2. Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері

3. Коммерциялық банктердің құрылу, қайта құрылу және тоқтатылу тәртібі

4. Банктік лицензия түсінігі

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005, Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж., «Лицензиялау туралы» Қазақстан республикасының заңы
2 апта

Тақырып: Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық негіздері.

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:

1. ҚР да банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар;

2.Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен ережелері, инструкциялар, статистикалық және бухгалтерлік есеп беру үлгілерін дайындау құқығы

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
3 апта

Тақырып: Коммерциялық банктердің қызметтерін реттеу үшін қолданылатын экономикалық нормативтер

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша және жазбаша

Сұрақтар:

1) Коммерциялық банктердің қызметтерін пруденциялыдқ реттеудің негізгі принциптері.

2)Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі коммерциялық банктерді рекаитализациялау, бакнтердің рейтингісін анықтаудың американдық «САМЕТ» жүйесі.

Тапсырмалар: Реферат жазу және оны қорғауға дайындалу

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, ұсынылған әдебиеттерді оқу, сұрақтарға конспект жазу, реферат тақырыбы 9 пунктте көрсетілген

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
4 апта

Тақырып:. Банктің меншікті капиталын басқару

ОЖСӨЖ мақсаты: Осы тақырыпқа бойынша үй тапсырмаларын тексеру, түсінбеген сұрақтарды студенттермен талқылау

Өткізу түрі: Ауызша, жазбаша

Сұрақтар:


  1. Меншікті капитал түсінігі және оның түрлері,

  2. Банктің меншікті капиталының атқарылымы,

  3. Банк капиталын реттеуші көрсеткіштер

Тапсырмалар: Баяндама жазу

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, ұсынылған әдебиеттерді оқу, сұрақтарға конспект жазу, баяндама тақырыбы 9 пунктте көрсетілген

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
5 апта

Тақырып: Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Оның құрылуы мен дамуы

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:

1. Депозиттерді сақтандыру жүйесі және депозиттердің сақтандырудың шетелдік тәжірибесі. 2. Депозиттерді ерікті сақтандыру, міндетті түрде сақтандыру, мемлкеттік сақтандыру, жеке сақтандыру, аралас түрде сақатндыру. 3. «Қазақстанның жеке тұлғаларының депозиттеріне кепілдік беру қоры» ЖАҚ оынң негізгі қызметі , құрылтайшысы.



Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
6 апта

Тақырып: Активтер және коммерциялық банктің активтік операциялары мен активтік портфелі

ОЖСӨЖ мақсаты: Өткен тақырыптарды еске түсіру үшін бақылау жұмысын тапсыру

Өткізу түрі: жазбаша

Тапсырмалар: Бақылауға дайындалу

Әдістемелік нұсқаулар: Бақылау жұмысын жазу үшін 12 дәрісті оқу, ұсынылған әдебиеттерді оқу

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
7 апта

Тақырып: Заңды тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру

ОЖСӨЖ мақсаты: Үйге берілген тапсырманы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау

Өткізу түрі: ауызша

Сұрақтар:

  1. Несиелік процес және несиелеу кезеңдері:

  2. Несиелік құжаттамалар және олрадың түрлері, несиені пайдалану мақсаты, кепілге қоятын мүліктің тізімі, клиенттің құрылтайшылық құжаттары, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формалары, бизнес жоспар және т б

  3. Клиенттердің несиелік қабілетін бағалаудың шет елдік тәжірибелері.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
8 апта

Тақырып: Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

1. Орта және шағын кәсіпкерлерді несиелеудің жалпы және жеке тәртібі



  1. Шаруа қожалықтарын несиелеу тәртібі және несиелеу объектілері

  2. Ауыл шаруашылық фермелерін несиелеудің шет елдік тәжірибелері және несиені қамтамасыз ету формалары, тікелей және жанама несиелеу, вексельдерді есептеу.

Тапсырмалар: «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдлау» тақырыбына баяндама дайындау

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу және баяндама жасау үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу,
9 апта

Тақырып: Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

  1. Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі

  2. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері

  3. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиені қамтамасыз ету формалары: коносамент, варрант, тратта, банк депозиттері, тауарларды сақтау жөніндегі қоймалардың қолхаты.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
10 апта

Тақырып: Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

  1. Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік.

  2. Коммерциялық банктердің эмитент реттіндегі және делдал ретіндегі операциялары.

  3. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару, банктердің инвестициялық портфелінің диверсификациясы, банктер инвестиция жұмсайтын бағалы қағаздардың түрлері, олар бойынша табыс мөлшерін есептеу тәсілдері, инвестициялық портфельдіің типтері, инвестициялық портфельді басқарудың Г. Марковиц ұсынған әдісі, қор индексі Доу Джонс.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
11 апта

Тақырып: Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері

ОЖСӨЖ мақсаты: Түсінбеген сұрақтарды студенттермен бірге талқылау, СӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды қабылдау, сөзжұмбақтар тапсыру және оларды топ пен шешу

Өткізу түрі: ауызша, пікірталас

Тапсырмалар:

  1. Баяндама жасау

  2. Сөзжұмбақтар құрастыру

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, ұсынылған әдебиеттерді оқу, сөзжұмбақ құрастыру үшін терминдер жинау, сипаттама беру, тақырыпқа қатысты баяндама дайындау (тақырыбы №9 пунктте көрсетілген)

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
12 апта

Тақырып: Банктердің баланстан тыс операциялары

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

  1. Банктердің баланстан тыс операциялары

  2. Үкіметке кепілдік беру, кепіл болушылық, қаражатпен қамтамасыз етілмеген аккредитивтер, кепілдік және кепіл болушылық.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
13 апта

Тақырып: Коммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілетін басқару

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Сұрақтар:

  1. Банктің өтімділігі туралы түсінік және оны анықтаудың көрсеткіштері

  2. Банктің өтімділігін басқару теориялары

  3. Банктік тәуекелдер және оларды макро және микродеңгейде басқару.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
14 апта

Тақырып: Банктің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктің шығысы мен кірісін талдау

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Тапсырмалар: Есептер шығаруға дайындалу

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты толық қамту үшін студент дәрісті, берілген әдебиеттер мен қосымша материалдар оқу қажет.

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
15 апта

Тақырып: Банктік қадағалау

ОЖСӨЖ мақсаты: Дәрісте үлгерілмеген сұрақтарды талқылау, үй тапсырмаларын тексеру

Өткізу түрі: жазбаша және ауызша

Тапсырмалар реферат дайындау

Әдістемелік нұсқаулар: дәрісті қайталау, сұрақ бойынша конспект жазу және реферат жасау үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл, Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995ж
8.ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ПРОЕКТ (ЖҰМЫС) ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бұл пән бойынша қарастырылмаған


9.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.



9.1. СӨЖ материалдарының түрлері, келесі құжаттарды қамтиды:

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

9.2. СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары,глосаррий),

  • ғылыми жобаны өндеумен (проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

9.3. Өзіндік жұмысты істеу кезінде студенттерге қойылатын талаптар.

  • Мәтінмен жұмыс істей білу

  • Білімді қарым қатынас жасауға бейімділік

  • Өзіндік ұйымдастыру

  • Жоғары білімділік пен ой-өрістің кеңдігі

9.4. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама)

  1. Қазақстан Республикасының несие жүйесі және оның дамуының негізгі кезеңдері

  2. Несие тәуекелі және оларды басқару

  3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

  5. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

  6. Банктің валюталық операцияларын ұйымдастыру және реттеу

  7. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары

  8. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

  9. Банк борышкерінің несиені өтеу қабілеті және оны анықтаудың әдістемесі

  10. Халықаралық валюта-несие мекемелерінің қызметтері және ролі.

  11. Коммерциялық банктің ресурстары

  12. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің қызметтері мен операциялары

  13. Банктік қызметтер және оны жетілдіру жолдары

  14. Коммерциялық банктің белсенді операциялары

  15. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің Қазақстанның несие жүйесіндегі ролі

  16. Құнды қағаздардың коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіндегі ролі

  17. Пластикалық карточкалармен есеп айырысу және олардың түрлері

  18. Коммерциялық банктердің несие операциялары (коммерциялық банк негізінде)

  19. Депозиттік операциялар және оларды жетілдірудің жолдары

  20. Коммерциялық банктердегі банктік қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы және жетілдірілуі

  21. Коммерциялық банктердің операциялары және оларды жетілдіру жолдары

  22. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіруі

  23. Заңды тұлғаларды несиелендіру және оны жетілдіру жолдары

  24. ҚР-ғы тұтынушылық несиелендірудің ұйымдастырылуы және жетілдірілу жолдары

  25. Ипотекалық несиелендіру жүйесі - экономикалық-әлеуметтік дамудың құралы ретінде

  26. Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті

  27. Қазақстан Республикасы қаржылық нарығын қадағалау мен реттеу жөніндегі агенттіктің қызметі


10.ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРІ (ЕГЕР ПӘН БОЙЫНША ҚАЖЕТ БОЛСА)

Бұл пән бойынша қарастырылмаған


11.СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ

11.1. Білімді бағалау схемасы

Бағалау критерийлері

Бағалау түрі

балл за работу

Орындалған жұмыс көлемі

Дәрістегі белсенділік

100

30

Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)

100

15

СОӨЖ-дағы белсенділік

100

45

СӨЖ орындауы

100

45

Жеке тапсырмалар

100




Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

N

Ағымдық бақылау

100

2

Емтиханға жіберілетін рейтинг

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы

Қорытынды бақылау (емтихан)

(Р1+Р2)/2




Қорытынды

Ағымдық бақылау * 0,6




Жеке тапсырмалар

100*0,4




Рубеждік бақылау

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже






11.2. Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 пайыздық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.



Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.

Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек.

Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.

Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.

Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
11.3. Бақылау тапсырмалары

  1. Коммерциялық несие болып:

А) кез- келген несие

Б) банк несиесі

В) сатушының сатып алушыға несиесі табылады


  1. Бірінші талап бойынша қайтарылған қысқа мерзімді несиенің түрі:

А) жедел ссуда

Б) ипотекалық несие

В) онкольдық несие

Айналым құралдарын несиелендірумен байланысты, сауда-комиссиондық операциялардың әртүрлілігін көрсететін несие формасы:



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет