Барлығы – 135 сағат


Тақырып: Қазақстан республикасында коммерциялық банкті құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы



бет9/15
Дата29.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#35753
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Тақырып: Қазақстан республикасында коммерциялық банкті құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Коммерциялық банктерді құрудың тәртібі

2. Банктерді қайта құру: ерікті және еріксіз

3. Банкті консервациялау



Дәрістің мақсаты: коммерциялық банктерді құрылу тәртібін меңгеру

Дәріс мазмұны:

1. ҚР -дағы «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР ның Заңының 15- бабына сәйкес банктер АҚ нысанында құрылады. ҚР Азаматтық кодексінің 85- бабына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға – акционерлік қоғам болып танылады.

Банктер құрылтай шарты негізінде құрылады, өзінің жарғысы және ҚР- заңнамасына сәйкес әрекет етеді. Банк оның жарғысында жазылған атауды өзінің атауы ретінде пайдаланады.

Банктің атауында «банк» сөзі немесе одан шығаратын туынды сөз болуы тиіс.

Ұлттық банктен басқа банкке «ұлттық», «орталық» деген сөздер оның атауында кез келген тілде толықтай немесе қысқарған түрде пайдалануға тыйым салынады.

Барлық банктерге өзінің атауында «мемлекеттік» деген сөзді пайдалануға тыйым салынады.

Еншілес банктер өзінің атауында бас банктің атауын пайдалануға міндетті.

Банк құру жөніндегі құрылтай шартында қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәліметтерден басқа міндетті түрде:



  • толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерін қоса құрылтайшылар туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркелгендігі жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшін): аты-жөні, азаматтығы, тұрғылықты жері мен жеке басын куәландыратын (жеке адамдар үшін) құжат деректері;

  • акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Банктің жарғысы қолданыстағы заңнамаларда көрсетілген мәліметтерден басқа міндетті түрде мыналарды қамтуы тиіс:

1. банктің толық және қысқартылған атауы;

2. банк қорларын пайдаланудың түрлері мен тәртібі туралы мәліметтер;

3. банк органдарының шешім қабылдау тәртібі;

Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы. Өтініш қазақ немесе орыс тілінде беріледі және онда өтініш берушінің мекен – жайы көрсетілуі тиіс. Өтінішке мына құжаттар қоса тіркеледі:

1. жаңадан құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау хаттамасы;

2. құрылтайшылар туралы жалпы мәліметтер, құрылтайшы заңды тұлғалардың соңғы екі есеп беру күніндегі қаржылық есептілігі, құрылтайшының қаржы жағдайының сәйкестігі туралы аудиторлық ұйымның есебі;

3. банк заңнамаларының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау үшін ұсынылатын адамдар туралы мәліметтер;

4. жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі жөніндегі ереже;

5. жаңадан құрылатын банктің несие клиенті жөнінде ереже;

6. жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызметінің бағыты мен ауқымын ашып корсететін бизнес жоспары, қаржылық перспективасы (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы жылындағы пайда мен зияндар есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары);

7. ұсынылған бизнес жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткізген әзірлік шаралары жөніндегі есеп;

8. өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беруге өкілеттігін растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат.

Уәкілетті орган банкті ашуға рұқсат беру туралы қажетті шешімдерді қабылдау үшін қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұрауы мүмкін.

Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініш өтінішті қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде қаралады.

Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Ол хабарлама өтініште көрсетілген мекен-жайға жіберіледі.

2 .ҚР Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес заңды тұлғаны қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің және меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшыларының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұғаның құрылтай құжатқа уәкілдік берген органның құрылтайшының шешімі бойынша, не болмаса заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.

Банктерді ерікті қайта құру уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады.

Банкті ерікті қайта құруды жүргізуге рұқсат алу үшін өтінішті беруге негіз болып аталған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі табылады.

Банкті ерікті қайта құруды жүргізу туралы өтінішке келесідей құжаттар қоса тіркеледі:

1.Банкті ерікті қайта құру туралы жоғарғы органның шешімі;

2.Банкті ерікті қайта құрудың болжамды жағдайын, нысанын, тәртібі мен мерзімін сипаттайтын құжат.

Банкті ерікті қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтініш ол қабылданған күннен бастап екі ай ішінде қаралады.

Банкті еріксіз қайта құру ҚР-дағы «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңында көзделген ерекшеліктерді есепке ала отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес со шешімімен жүргізіледі.

Сот банкті еріксіз қайта құру не банкке қатысты реабилитациялау рәсімдерін жүргізу туралы мәселені тек уәкілетті органның тиісті қорытындысы негізінде шешеді.

Банкті еріксіз қайта құру реабилитациялық рәсімдер үшін міндетті шарт – банктегі барлық депозиттерді мүдделі тұлғаларға еріксіз қайта құру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде қайтарып беру болып табылады. Бұл шартты орындамау банкті еріксіз таратуға әкеліп соқтырады.

Банкке қатысты реабилитациялық процедура сот шешімі бойынша банктердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және анықталған кемшіліктерді түзету үшін, сондай- ақ ҚР Заңнамасында көрсетілген шарттар мен талаптарды орындау банкті еріксіз қайта құру жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізіледі.

Банкті еріксіз қайта құруға кеткен барлық шығындар оның қаражаты есебінен жүргізіледі.


3.Банктің қаржы жағдайын сауықтыру және оның қызметінің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті орган банкке консервациялау жүргізуге құқылы.

Банкті консервациялау дегеніміз – уәкілетті органның шешімі бойынша банкке қатысты қолданылатын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық, техникалық және өзге де мәжбүрлеу шараларын рәсімдеу болып табылады.

Банкті консервациялау – банк жүйесі мен мемлекет экономикасы үшін жеткілікті дәрежеде маңызды қиындықтарды банк бастан кешкен жағдайларда жеке меншік капиталдың жеткілікті деңгейін нақты қалпына келтіру мүмкіндіктері пайда болған кезде жүргізілуі мүмкін. Банкті консервациялау сол банктің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Банк мынадай негіздер бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкін:

1. өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің қатарынан үш ай орындалмауы кезінде;

2 . ҚР-дағы «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңында көрсетілген негіздер бойынша банкті консервациялау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол төмендегі мәселелерді қамтуға тиіс:

1. банктің атауы және оның орналасқан жері;

2. банкті консервациялау туралы шешімнің негіздемесі

3. консервация күшінің басталуы мен мерзімі;

4.банк қызметіне қойылатын шектеулер тізбесі;

5. уақытша әкімшіліктің дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушыларының фамилиясы, аты, әкесінің аты;

6. консервациялау режимінде тұрған банктің басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есеп,табыстары туралы декларация және т.б мәліметтер әзірлеу және осы құжаттарды,мәліметтерді уақытша банк басқармасына тапсыру туралы нұсқама;

7. уақытша басқаруға берілетін ұсыныстар;

Консервациялау кезеңін белгілеу және банктің басқарушысына тағайындау туралы шешім банк органдары мен оаның акционерлерінің көзқарастарына жіберіледі.

Банктің бұрынғы басшылығы уақытша басқарушыға қабылдау- беру актісі бойынша мөрді, мөртабанды, бланкілерді, құндылықтарды, сейфтердің кілттерін, сондай- банктердің мүлкі мен құжаттарын береді.
Тақырып: Коммерциялық банктер қызметтерін макроэкономикалық деңгейде реттеудің мәні және мазмұны

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Ақша нарығының түсінігі,ақша операциялары.

2.Мемлекеттің монетарлық саясаты.Концепциялау аспектісі.

3.ҚР-ның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.



Дәрістің мақсаты: Банктердің ел экономикасына әсерін білу

Дәріс мазмұны:

1.Ақша нарығы экономикадағы жеке тұлғалар мен меншік иелерімен мемлекеттен бөлінетін тауарлар мен қызметтердің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қол емес сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Ақша нарығының құрылымы активті бөлігі және пассивті бөлігі болып бөлінеді.

Активті бөлігіне:шаруашылық айналысына нақты қызмет ететін ақшалай құралдар жатады.

Пассивті бөлігіне:ақшалай қор және есеп айырысу құралдары ретінде потенциалды қызмет ететін шоттағы қалдықтар жатады.

Міне,сондықтан да ақша массасының құрылымы барынша қиын.Іс жүзінде кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы келісімнің негізгі бөлігі тіпті бөлшек сауда да дамыған нарықтық экономикада банк шоттарын пайдалану жолымен жүргізіледі.Нәтижесінде банктік ақша эрасы депозиттер пайда болды.Олар:чектер,несие және депозиттік карточкалар.Есеп айырысудың бұл құралдары қолма-қол емес ақшамен қызмет етуге мүмкіндік береді

Тауарларға немесе қызметтерге ақы төлеуде сатып алушы чектік несие карточкаларын пайдалана отырып,өзінің депозитінен сатушының шотына сатып алу соммасын аударуға және қолма-қол түрінде беруге бұйрық береді.

Сонымен,ақша нарығы дегеніміз – Ұлттық несие және депозит жиынтығы,Орталық банк ,коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру операцияларын жасайды.

2.Мемлекеттің монетарлық саясаты – мынадай 2 бағытта жүргізіледі:

1.Ұзақ мерзімді (толық жұмысбастылық)

2.Қысқа мерзімді (айналымдағы ақша массасының белгілі бір деңгейін қолдау,сондай-ақ есептік ставкамен банк резервтерін арттыру)

Монетарлық саясатты жүргізуші болып елдің Орталық банкі табылады,ал обьектісі болып ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс табылады.

Ақшаға сұраныс проценттік ставкамен номиналды табыс арасындағы тікелей байланысты білдіреді.

Көптеген жылдар бойы экономистер арасында ақша-несие саясатының тұтастай ел экономикасының әсері туралы таластар жүргізілуде.Бұл таластар 2 концепцияны білдіреді:

1.Жаңа Кейнсиандық концепция.

2.Монетарлық концепция.

Кейнсиандықтар ақша-несие саясатын салық-бюджет саясатымен салыстырғанда экономиканың жалпы жағдайлары ақша ұсынысына тәуелді деп көрсетеді.

Монетарлықтар – ақша-несие саясатын елдегі баға деңгейінің күрт өсуімен байланысты деп көрсетеді.

3.Қазақстан Ұлттық Банкі – ҚР-ның ақша-несие саясатын белгілейтін және оны жүзеге асыратын орган болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының мақсаты – бұл ҚР-ның Ұлттық валютасының тұрлаулылығын,оның сатып алу қабілетімен басты шетел валюталарына қатысты бағамен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі айналыстағы ақша жиынтығының бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің өсуінің нысаналы бағдарларын белгілей алады.

Ақша-несие саясатының негізгі құралдары:

1.Қазақстан Ұлттық Банкінің кредиттер бойынша банктерге беретін сыйақы ставкаларының деңгейі.

2.Қазақстан Ұлттық Банкіне депозитке енгізілген,соның ішінде тартылған қаражаттың мерзімі,көлемі және түрлері бойынша саралау мүмкіндігін қоса алғанда ең төменгі міндетті резервтер нормативі.

3.Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сату бойынша ашық нарықтағы операциялар.

4.Банктерге несиелер беру.

5.Валюта нарығындағы интервенсиялар.

6.Ресми есептеудің дисконттық ставкасы.

7.Ерекше жағдайда кредиттік операциялардың кейбір түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкалары.Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасын,сондай-ақ олар жүргізетін операциялар бойынша басқа да сыйақы ставкаларын белгілейді.

Ақша нарығының жалпы жай-күйіне несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа,инфляция мен инфляциялық күтулер деңгейіне қарай қаржыландырудың ресми ставкасы белгіленеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі сыйақы ставкасы саясатын мемлекттік ақша-несие саясатын жүзеге асыру шеңберіндегі сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал ету үшін пайдаланады.

Резервтік талаптар.Банктер беретін кредиттер көлемін реттеу мақсатында банктің өз міндеттемелері бойынша төлемсіздік қаупін төмендету,сондай-ақ банктің салымшылары мен акционерлерінің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі резервтік талаптар тетігін пайдаланады.Резервтік талаптар нормативі банктің алдындағы міндеттерді қоспағанда міндеттемелердің жалпы соммасын проценттер ретінде есептеледі.

Ашық нарықтағы операциялар.

Ашық нарықтағы операциялар – деп қайталама нарықта ақша жиынтығының көлемін реттеуді айтады.

Қазақстан Ұлттық Банкі ашық нарықтағы операцияларды қазынашылық вексельдерін ,мемлекеттік облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу-сату жолымен жүзеге асырады.

Ресми есептеу ставкасы.Қазақстан Ұлттық Банкі ресми есептеу ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі ресми есептеу ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне,сондай-ақ несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа қарай анықтайды.


Тақырып: Банктік ресурстарды құрау коммерциялықөздері.Пассивтік операциялар.

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Банктік ресурстар түсінігі, несие ресурстары

  2. Банктік ресурстарды қалыптастырудың негізгі көздері

  3. Пассивтік операциялар

Дәрістің мақсаты: Банктердің ел экономикасына әсерін білу

Дәріс мазмұны:

1. Банк ресурсы банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады, әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады. Банк ресурстары дегеніміз – банктің қарамағындағы және олар несие операцияларымен басқа да актив операциялары үшін пайдаланатын қаражат жиынтығы.

Банк ресурстарын банктің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды.

Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады.

Пассив және актив операциялары бір – бірімен тығыз байланысты. Мысалы, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктердің актив операцияларды жүргізгендегі мүмкіндіктерін анықтайды.

Несие ресурстары дегеніміз – несие беру, салымдарды орналастыру, бағалы қағаздарды, сондай- ақ басқа да банк операцияларын жүзеге асыру үшін банктің меншікті және тартылған қаражаттары есебінен құралады.


2. Банк ресурстарының қалыптасуының негізгі көзіне – банк клиенттерінің салым ақшалары жатады.. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие жүйесінің сенімді болуы үшін қажет.

Банктің озіндік қаражатына – жарғылық және резервтік қорлары, сондай-банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінген пайдасы жатады.

Банктің жарғылық қорына акционерлер ақшаны салу мен (акция) жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін иеленіп отырады.

Коммерциялық банктердің резервтік қоры түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдар есебінен құралады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қоры шамасының 25-100% құрайды.

Коммерциялық банктер өзіндік қаражатының айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптасатын сақтандару резерві жатады.

Сақтандыру резервтері банк құнды қағаздарының нақты құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындайды.


3. Банктердің экономикадағы маңызын олардың жүзеге асыратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінде мынадай топтарға бөлінеді:

1. пассив (қаражат тарту) операциялары;

2. актив (қаражат орналастыру) операциялары

3. актив-пассив (делдалдық-комиссиондық) операциялар

Банктердің пассив операциялары банктердің өзіндік қаражаты және клиенттердің салымдары есебінен құралады.

Пассив операциялары дегеніміз- банктің өз қарауына әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.

Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі. Себебі, актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларына мыналар жатады:

1. салым қабылдау;

2.клиенттерге шот ашу;

3.өзінің бағалы қағаздарын шығару;

4. банкаралық несие алу;

5. репо операциялары;

6 . евро валюталық несие алу;
Тақырып:. Банктің меншікті капиталын басқару

Қарастырылатын сұрақтар:

астырылатын сұрақтар: Меншікті капитал түсінігі және оның түрлері

Банктің меншікті капиталының атқарылымы

Банк капиталын реттеуші көрсеткіштер

Дәрістің мақсаты: Банктердің ел экономикасына әсерін білу

Дәріс мазмұны:


  1. Меншікті капитал – коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының

қажетті бөлігі. Ол акционерлік, жеке меншік немесе шектелген жауапкершілікті серіктестік нысанында құралады.

Жарғылық капитал түріндегі банктің меншікті капиталы банкті құрудың алғашқы сатысындағы міндеттілігі болып табылады.

Банктердің өндірістік кәсіпорындардан айырмашылығы оларда ресурстар сұранымының 1/5 бөлігі, ал өндірістік кәсіпорындарда 2/3 жоғары меншікті капитал есебінен жабылады.

Ресурстарға сұранымның жабылынуына меншікті капиталдың қатысуының мұндай қатынасы:



  1. елдің салымы мен депозит түріндегі ірі қаржылық қорды тарта білуіне байланысты болса;

  2. ғимарат, құралдар және басқа да материалдық құндылықтар тәрізді кәсіпорын активтеріне қарағанда әр түрлі талаптар түріндегі банк активтерінің көп жағдайда өтемпаздығы және тез өткізілетіндігіне байланысты. Сондықтан банктер мен басқа да кредиттік мекемелер өнеркәсіп кәсіпорындарымен салыстырғанда меншікті капиталы мен активтерінің арасындағы шағын қатынастарды қолдай алады.

Соған қарамастан, банктің меншікті капиталы банк жұмысының

тұрақтылығы мен оның тиімділігін қолдауда ерекше маңызға ие.

Акционерлік капитал түрінде құрылған банктің алғашқы сатысындақалыптасатын меншікті капитал банк қызметінің алғашқы сатысында өте қажет болады. Әрі қарай да, операциялық кеңейтілуіне негізделген оның барлық қызметі меншікті капиталдың көлеміне тікелей байланысты.

Банктің белсенді операцияларын қаржыландыруға меншікті капиталдың үлесі онша үлкен болмауына қарамастан ол белсенді операциялардың өсуіне жағдай тудырады.




  1. Банк капиталының бірінші атқарылымы – қорғаушылық. Ол салым

салушылар мен кредит берушілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ете отырып, ағымдағы залалдарды жабу жолымен жүзеге асырады. Сөйтіп, банк меншікті капитал есебінен банк жабылған жағдайда салымшыларға өтемақы төлей алады, сондай-ақ өзініңң төлем төлеу қабілетін қамтамасыз ете алады.

Банктің меншікті капиталының келесі атқарылымы – реттеушілік болып табылады. Ол мемлекет және қоғамның банктердің іс жүзіндегі заңдар мен ережелерге сай тұрақты қызмет көрсетуіне мүдделі екеніне байланысты.

Меншікті капиталдың қалыптасу ережесімен белгілетіндері:


  • банк қызметін жүргізу құқығынан лицензия үшін жарғылық капиталдың төменгі көлемі;

  • бір қарыз алушының кредиттік сомасының шегі;

Банк капиталы бұл атқарылымды оның көлемі жеткілікті болғанда ғана орындай алады.

Банк капиталының жеткілікті болуына бәрінен бұрын банктердің өздері мүдделі болады. Өйткені бұл ірі салымшыларды тарту үшін және оның активтерінің өсуінің қолдау үшін қажет болады. Одан басқа банктің салымшылары мен кредит берушілері үшін банктер үшін осы банкте депозиті барлар үшін банк акционердері мен бақылаушы оргадар үшін қажет болады.




  1. Банк капиталының реттеуші рөлі келесі көрсеткіштерге қатынасы бойынша жүзеге асырылады:

  1. банк көлемі;

  2. тәуекелді активтердің көлемі;

  3. қауіпті активтердің көлемі;

  4. банктің күтілетін өсуі;

  5. басқару сапасы;

Банктің көлемін анықтау кезінде бірнеше операциялар орындалады:

  • алғашқы капиталдың коэффициенті, оның төменгі деңгеймен салыстырылады.

  • белгілі бір кезеңдегі жиынтық капиталды көлемінің деңгейінің төмендеуі анықталады.

  • аталмыш банктің коэффициенті басқа банктегімен, банк тораптарының деректерімен салыстырылады.

Тәуекелді активтерді талдау кезінде аталмыш банктің тәуекелді

активтерінің коэффициенті мен сондай-ақ басқа банктің коэффициенті салыстырудан өтеді, сонымен қатар пренттерге талдау жасалады.

Қауіпті және толық қанды емес активтерді талдау кезінді өлшемді жіктелімді көрсеткіштер, жіктелімді көрсеткіштер және тренттер есепке алынады.

Банктің күтілудегі өсуі банктің келешектегі дамуы мен жоспарлары меншікті капиталдың көлемінің сөзсіз өсуін болжайды.

Осы мақсатта жиынтықты капиталдың өсу жылдамдығы мен банк активтерінің өсуінің жылдамдығы және кезеңдегі өзгерістер салыстырылады.

Меншікті капиталды басқарудың сапасы таратылған капиталдың акционерлермен қатынастарын анықтаумен бағаланады.


Тақырып: Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару.

Қарастырылатын сұрақтар:

  • депозиттер түсінігі және түрлері

  • депозиттік операциялар субъектілері және объектілері

  • депозиттік саясат

Дәрістің мақсаты: Банктердің ел экономикасына әсерін білу

Дәріс мазмұны:

Депозит сырттан қаражат жинаудың негізгі көзі және банктің пассив операцияларының басты бағыты.

Депозит сөзі латын тілінен шыққан, яғни сақтауға берілген зат деген мағынаны білдіреді.

Депозит дегеніміз банк мекемелеріне сақтауға берілген ақша сомасы. Ол бойынша салымшы белгілі бір пайыз алады.

Депозиттің қолма-қол ақшадан айырмашылығы немесе артықшылығы қандай да бір пайыз әкеледі. Ал кемшілігіне келсек депозит капиталдың әдетте әкелетін пайызымен салыстырғанда төменгі деңгейде пайыз әкелетіндігі болып табылады.

Депозиттеу немесе депозитке салу дегеніміз бағалы қағазды, ақшаны және тағы басқаларды мемлекеттік мекемелерге сақтауды табыстау.

Депозитария дегеніміз (француз тілінен шыққан, яғни сақтауға зат берген тұлға деген мағынаны білдіреді.) депозиттер сеніп тапсырылған заңды немесе жеке тұлға.

Депозиттік банктер- негізінен салым түрінде алынатын ресурстар есебінен пайдаланушылар мен ақша операцияларын жүргізетін банктер.

Депозиттік институттар дегеніміз халықтан салымдар қабылдайтын коммерциялық банктер мен жинақ ақша мекемелері кіретін делдалдар.

Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерейлер бойынша жіктеледі:

1. Алыну формалары бойынша;

2. Салымшылар категориясы бойынша;

3. Мақсатты бағыты және табыстылық дәрежесі бойынша.

Алыну формасы бойынша екі топқа бөлінеді.



  1. Қажет уақытында талап ететін депозиттер-белгісіз уақытқа салымшылардың салған ағымдағы есепшоттағы болатын ақшалай қаражаттары. Олар банкті алдын-ала ескертусіз кез-келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін.

Бұл депозит түрі шоттарда сақталатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:

1.Қорлар мен ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, консерндардың және басқа да заңды тұлғалардың ағымдық шоттағы қаражаттары.

2.Экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынща арнай шоттағы қаражаттар.

2. Мерзімді депозиттер- анық белгілі-бір мерзімі бар және ол бойынша тұрақты пайыз төленетін және мерзімінен бұрын алуға шек қойылған депозит түрі.

Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, қорлар мен ұйымдардың банктерде шоттарға алдын-ала белгілі бір мерзімге әдетте бір айдан кем емес орналастырылған қаражаттарын білдіреді.

Мерзімді салымдар екіге бөлінеді:



  1. Меншікті мерзімді салымдар

  2. Кері алуы туралы ескертуі бар мерзімді салымдар

Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын-ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді.

Депозиттердің алыну формалары бойынша бөлінуі.

Банк депозиттерінің портфелі келесі факторларға тікелей байланысты:


  1. Клиенттердің қызмет депозиттері бойынша қызметке сұраныс

  2. Пайыздық сыйақы түріндегі қаржы табу тәсілі

  3. Балансталмаған өтімділік тәуекелінің деңгейін реттеу

  4. Банк депозиттерінің жалпы сомасындағы бір салымшының үлесін белгілеу

  5. пайыздық тәуекелді басқару

Қазақстан аумағында алғашқы жинақ кассасы 1888 жылы Верный қаласында ашылды.

Қазақстан Республикасында Депозит нарығының қалыптасуын және дамуын негізгі үш топқа бөлеміз:



  1. 1994-95 жылы. Бұл кезең жинақтау үшін қолайлы мүмкіндіктер туған Қазақстандағы депозит нарығының бастау алған кезі

  2. 1996-98жылы. 1996 жылы инфляция деңгейі 26-28%-ға тең болды. Банктің депозиттік пайызының қалыптасуының екі мөлшері болды: инфляция деңгейінжабушы пайыз және салымшының қаржысын пайдаланғаны үшін төленетін үстемақы пайызы. Осы кезең аралығында банктердегі депозиттер 16%-ды құрайды.

  3. 1999-2000озиттік нарық дамуыныңтағы бір баспалдағына көтерілді. Банктік қызмет көрсету деңгейі көтеріліп, клиенттің мұқтаждықтары ескерілді. 1999 жылдың сәуір айынан бастап 2000жылдың ақпан айлар арасында депозиттер көлемі 2,4 есеге өсті. Жалпы тұрғындардың депозит көлемі 94%-ды көрсетті.

Депозиттік операциялар дегеніміз ақшаларды салымға тарту немесе оларды өзге банктерге несие қаржылық институттарға салым ретінде орналастыру жөнінде банктік немесе өзге несие мекемелерінің операциялары.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозит деп несие қаржылық немесе банктік мекемелерге сенім білдіріп сақтауға берілген ақша қаражаттарды немесе бағалы қағаздарды айтады.

Салымдар мен депозиттер қарыз капиталы нысанында болады және банк ресурстарының бөлігі болып есептеледі.

Депозиттік операциялар обьектілеріне банктің депозиттік шоттары және ондағы салымдар жатады, ал субьектілеріне жеке және заңды тұлғалар сондай-ақ салым салыңған банк, банк филиалдары мен өкілдіктері жатады.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру әрбір банк пен несие ұйымдарына өздерінің депозиттік саясатын жасауды ұсынады.

Депозиттік саясат дегеніміз банк ресурстарын қалыптастыру, жоспарлау және реттеу бойынша банк қызметінің түрлерін, тапсырмаларын, мазмұнын анықтауға бағытталған коммерциялық банктердің іс-шаралар жиынтығы.

Коммерциялық банктің депозиттік саясатын тиімді жүзеге асырылуының жасалуының ақырғы мақсаты бұл банк шығындарын минимизациялау арқылы ресурстық база көлемін кеңейту және тәуекелдің барлық түрін ескере отырып, өтімділіктің қажетті түрін ұстап тұру.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының негізгі элементтері:



  1. депозиттік портфельдің негізгі бағыттарын жасау бойынша банк стратегиясы.

  2. Ресурстық базаны қалыптастыру ұйымдастыру бойынша банк тактикасы

  3. Депозиттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылау

Әлемдік тәжірибені ескере отырып коммерциялық банктердің депозиттік саясатын қалыптастырудың қазіргі моделі жасалынған.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет