Барлығы – 135 сағат



бет5/15
Дата29.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#35753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ОЖСӨЖ мазмұны


1. Конспект бойынша сабақ айту

2. Баяндама жасау



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2
СӨЖ мазмұны

1. Баяндамаға дайындалу

2. Конспект жазу

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2
16 дәріс

Тақырып: Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері

Дәріс мазмұны:

Орта және шағын кәсіпкерлерді несиелеудің жалпы және жеке тәртібі. Жеке кәсіпкрлерді несиелеудің объектілері мен субъектілер, несие беруді өтіну арызы және несиелік шарттың мазмұны. Кәсіпкердің бизнес жоспары сауда саттық кәсіпорындарын несиелеудің ерекшеліктері, несиелеу объектілері, несие мөлшерін есептеу тәртібі. Шаруа қожалықтарын несиелеу тәртібі және несиелеу объектілері: мал шаруашылығы мен ет шаруашылығы шығындарын несиелеу, яғни жем-шөп дайындау, тыңайтқыштар сатып алу, жанар-жағар майлар сатып алу, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер сатып алу, негізгі табынды жасақтауға жұмсалынатын шығындарды несиелеу. Ауыл шаруашылық фермелерін несиелеудің шет елдік тәжірибелері және несиені қамтамасыз ету формалары, тікелей және жанама несиелеу, вексельдерді есептеу.

Қазақстан вексель бағдарламасын қалыптастыру, коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын жанама несиелеуі, вексель айналысы, банктердің коммерциялық вексельдерді кепілге ала отырып клиенттерге несие беру – тәртібі. Қазақстанда бірінші класты эмитенттер: «Қазақтелекеом» АҚ, «ҰАК Казатомпром» АҚ, «Қазақстан темір жолы» РМК, т.б. Бұл эмитенттердің вексельдеріне қатысты Ұлттық банктің қайта есептеу саясаты.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2
9 апта

17 дәріс



Тақырып: Тұтыну несиесі және ипотекалық несие

Дәріс мазмұны:

Жеке тұлғаларға берілетін несиенің әлеуметтік маңызы және азаматтардың мәдени-тұрмыс қажетін өтеудегі алатын орны, несиелеу объектілері. Тұтыну несиесі және оның объектілеріне байлангысты классификациясы, тұтынушыларды жанама және тікелей несиелеу. Тұтыну несиесін кепілдікке беру тәртібі мен кепілдіктің сапасын, бағасын және өтімділігін бағалауға қойылатын талаптар.

Тұтыну несиесінің формалары мен түрлері: қамтамасыз етілуіне байланысты (қозғалмайтын мүлікпен, яғни ипотекамен, бағалы қағаздармен, кепілдемемен) және несиелеу субъектілеріне байланысты. Қазақстандағы ипотекалық несиелеу жүйесі және оның үлгілері. Қазақстандық ипотекалық компания және оның әріптес банктері. Банктердің жеке тұлғаларға несие беру тәртібі мен несиелеу объектілері: азаматтардың кезек күттірмес мұқтаждарын өтеу, тұрғын үй салу немесе күрделі жөндеулер жүргізу, ұзақ тұтынатын жеке меншік мүліктер сатып алу т.б. Коммерциялық банктердің несие алатын жеке тұлғаларды әлеуметтік және экономикалық жағдайына байланысты топтауы, жеке азаматтарға кешенді қызмет көрсететін коммерциялық банктердің орталығы. VIP клиенттер, клиентуралық нарықты сегменттеу.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2,10,11
9 семинар

Тақырып: Тұтыну несиесі және ипотекалық несие

1.Тұтыну несиесі: әлеуметтік-экономикалық мәні, түрлері, берілу мақсаттары

2.Ипотекалық несие түсінігі, мәні және ерекшеліктері

3. ҚР ипотекалық несиелендіру жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы қызметі

4. Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін дамытуда шетелдік тәжірибені қолдану

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2,10,11

ОЖСӨЖ мазмұны


  1. Баяндама жасау

  2. Тақырып бойынша сөзжұмбақтар тапсыру және оларды топ пен шешу

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2,10,11
СӨЖ мазмұны

  1. Тақырыпқа қатысты баяндама дайындау (тақырыбы №9 пунктте көрсетілген)

  2. Сөзжұмбақтар құрастыру, дәрісті, ұсынылған әдебиеттерді оқу

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2,10,11
18 дәріс

Тақырып: Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері: акцептік несие, акцептік-рамбурстық несие, экспортердың импортерды несиелеуі және импортердың экспортерды несиелеуі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиені қамтамасыз ету формалары: коносамент, варрант, тратта, банк депозиттері, тауарларды сақтау жөніндегі қоймалардың қолхаты. Сыртқы экономикалық қатынастарда пайдаланылатын несиелерді қамсыздандыратын және кепілдендіретін Халықаралық экспорттық – импорттық қаржы агенттері. Несие валютасы, валюталық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, ұлттық ақша бірлігімен несие беру, валюталық депозиттермен қамтамасыз етілген несиені беру және өтеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеумен байланысты проценттік ставканың қалыптасуы. Импортерлер мен экспортерларға несие берудің халықаралық деңгейде есеп айырысу формаларымен, банкаралық кепілдік берудің технологиясымен және ақша нарығының қаржы инструменттеріне деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен тығыз байланыстылығы.



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2,10,11
10 апта

19 дәріс



Тақырып: Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару

Дәріс мазмұны:

Банктің активтік операцияларының нәтижесінде «активтер портфелінің» және оның құрамдас бөлігі «несиелік портфельдің» қалыптасуы. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару проблемаларының біртұтастығы. Несиелік портфельді қалыптастырудың алға шарттары. Несиелік портфель және несиелік портфельді басқарудың түпкі мақсаты, бағыты, әдістері. Несиелік портфельді басқарудың негізгі кезеңдері: 1. жекелеген клиенттерге берілген несиенің сапасын бағалаудың критерийлері – мақсаты, несиенің түрі, мөлшері, мерзімі, клиенттің несиелік қабілеті, меншіктің қай формасына және экономиканың қай саласына жататындығы, несиенің уақытында қайтарылуын қамсыздандыру дәрежесі; 2. берілген несиені проценттік тәуекелдеріне қарай топтау; 3. несиелік портфельдің сапасына қарай құрылымын анақытау; 4. несиелік портфельдің құрылымының және құрамының өзгеруіне ықпал ететін факторларға талдау жасау; 5. несиелік тәуекелдер нәтижесінде орын алатын шығындарды өтеу үшін резервтер құрау. Несиелік портфельді басқарудың құрамдас бөлігі - несиелік тәуекелдерді басқару.



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2
10 семинар

Тақырып: Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару

  1. Несиелік портфель және несиелік портфельді басқарудың түпкі мақсаты, бағыты, әдістері.

  2. Несиелік портфельді басқарудың негізгі кезеңдері

  3. Несиелік портфельді басқарудың құрамдас бөлігі - несиелік тәуекелдерді басқару.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет