Барлығы – 180сағат



бет104/191
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#35981
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   191

Дәріс мазмұны:


1. Интеллект құрылымының иерархиялық теориясы
2. Терстоун бойынша интеллект моделі.
3. Гилфорд бойынша интеллект моделі.
Мақсат: Интеллекті диагностикалау әдістерін терең меңгерту мақсатында оның құрылымы жөнінде түсінік беру, интеллект модельдерінің ерекшеліктерін ашу.

  1. Интеллект құрылымы ``қандай?``деген сұраққа жауап беруге тырысатын көптеген теориялар кездеседі. Соның бірі-Спирмен ұсынған интеллект моделі. 1904жылы Спирмен келесі постулаттарды (сипаттауды қажет етпейтін болжам) құрастырды: интеллект адамның басқа да тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді емес, интеллект өзінің құрылымына басқа да сапаларды (қызығушылығы, жетістіккежету мотивациясы, үрейленушілік және т.б) қоспайды. Интеллект ақыл-ой энергиясының жалпы факторы ретінде көрініс табады. Спирменнің көрсетуі бойынша кез-келген интеллектуалды процестің жетістігі жалпы факторға, қабілетке тәуелді болады. Сондықтан да ол интеллектің генерарлы факторы G фактор мен арнайы қабілеттің көрсеткіші болып табылатын S факторын анық көрсеткен. Генералды фактордан кейін негізгі топтық факторлар орын алады. Топтық факторлардың өзі вербальді-қайта жасалу және практикалық-механикалық факторлар деп бөлінеді. Вербальді-қайта жасалу факторы вербальді және есептік субфакторлардан тұрады, ал практикалфқ механикалық фактор механикалық-ақпараттық, кеңістіктік субфакторлардан тұрады. Иерархияның төменгі деңгейіне арнайы факторлар жатады. Спирменның көзқарасы бойынша әрбір адам жалпы интеллектінің белгілі бір деңгейімен сипатталады және бұған осы адамның қоршаған ортаға бейімделуі тәуелді болады.Сонымен қатар, барлық адамдарда нақты бір міндеттерді шешуде көрінетін әртүрлі деңгейде дамыған арнайы қабілеттерді болады.

2. 1938 жылы Терстоун статистикалық факторлы әдістің көмегімен интеллектінің әртүрлі жақтарын зерттейді және оларды алғашқы ақыл-ой потенциалдары деп атады.
Ол мынадай потенциаларды көрсетті:

  1. Есептеу қабілеті, яғни сондықтан жұмысына оырып арифметикалық амалдарды орындау

  2. Вербальды икемділік, яғни сөз арқылы ақыл-ой деңгейін көрсету

  3. Вербальды қабылдау

  4. Кеңістіктегі ориентация, яғни кеңістіктегі нәрселерді формалды қабылдап, түсіндіре алуы

  5. Ес, есте сақтау қабілеті

  6. Ой қорытындыларын жасауға қабілеттілігі

  7. Түрлі заттар, суреттер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды жылдамдықпен қабылдау

3. Кеттел моделі интеллектуалдық қабілеттің 3 жағын көрсетті:
1) Жалпы 2) Парциалды 3) Операция факторлары
Кеттел екі факторды бөліп «байланысты» интеллект және «еркін» интеллект деп атады. «Байланысты» интеллект факторы жеке тұлғаның бүкіл өмір жолындағы әлеуметтану процесі кезінде алынған білімі мен интеллектуалдық дағдысының жиынтығы. «Еркін» интеллект факторы үлкен ми жарты шарларының қыртысының «үшінші ассоциациялы» аймағының жалпы дамуымен сипатталады.
Парциалды факторлар үлкен ми жарты шарлары қыртысының сенсорлы және моторлы аймақтарының даму деңгейімен анықталады.
Операциялық факторы нақты есептерді шешуде алынған дағдылар.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет