Барлығы – 180сағат


Тақырып:Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық сапалар диагностикасы



бет120/191
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#35981
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   191
Тақырып:Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық сапалар диагностикасы
1. Мектеп жасына дейінгі балалалардың жеке тұлғалық сапаларын диагностикалау.
2. Мектеп жасына дейінгі балалалардың қарым-қатынасын диагностикалау
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық сапалары мен қарым-қатынастарының диагностикасы және зерттеу әдістері жөнінде біліммен қаруландыру.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың тұлғасы біршама қалыптасады. Психика тұрғысынан баланың мектепке әзірлігінің тұлғалық құрылуында мектепке дейінгі мотивация орын алады. Л.Н.Божович өзінің теориялық еңбегінде бала тұлғасының қалыптасуында мотивациялық сфераның ролі зор екенін көрсете келіп, екі топ мотивін анықтап көрсетті:
1.Баланың басқа адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі. Олардың өзіндік бағалауы және тілегі.
2.Балалардың танымдық қызығушылықтары.
Танымдық белсенділік қажеттілігі және жаңа білім, іскерлік пен дағдыларды меңгеру барысында қалыптасатын болады.
Баланың тұлғалық әзірлігі эмоция сферасының даму деңгейін дамытуға ықпал етеді.. Іс-әрекеттер барысында бала әлеуметтік нормаларды игеріп, оның сезімі көрініс береді. Іс-әрекетте эмоция жағдайы өзгеріп отырады.. Жоғарғы сезім түрлері (адамгершілік, интеллектілік,эстетикалық ) қалыптасып көріне бастайды. Сонымен қатар тұлғалық әзірлік қатарына жаңа әлеуметтік ұстаным міндеттер мен құқықтарға ие , яғни оқушы деңгейін қабылдауға деген әзірлігі қалыптасады. Бұл тұлғалық әзірлік баланың мектепке, оқу әрекетіне, мұғалімдергежәне өзіне деген қатынасынан көрінеді.Тұлғалық әзірліктің құрамына мотивациялық сфераның да белгілі бір даму деңгейі енеді.Мектепте оқуға әзір балаларды мектептің сыртқы жағы (мектеп өмірінің атрибуттары-оқулықтар,дәптерлер) емес, жаңа білім алу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл олардың таным процестерінің дамуына байланысты келеді. Болашақ оқушы өзінің мінез-құлқын,танымдық әрекетін өнімді басқару қажет. Бұл балада мотивтердің иерархиялық қалыптасқан жүйесі болған кезде ғана мүмкін болады.Осылайша бала дамыған оқу мотивациясына ие болады. Тұлғалық әзірлік баланың эмоционалды сферасының да белгілі бір даму деңгейін қарастырады.Мектепте оқудың бастапқы кезеңінде балада жақсы эмоционалдық тұрақтылық деңгейі біршама болуы тиіс, себебі осының негізінде оқу әректінің дамуы қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде жаңа мотивтер түрі қажеттілік, қызығушылық, тілектер ерекше көріне бастайды. Барлық мотивациялық жүйелер бірнеше жағдайда жүреді. Балаларда қызығушылықтан туындаған мотивтер үлкен тұрақтылықты танытады. Мотивациялық қажеттілік және еріктік сфераны анықтауға арналған әдістемелердің бірі, танымдық қажеттілікті зерттеу В.С.Юриевичтің ұсынған мұғалімдерге арналған анкетасы болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға арналған білімнің бағыттылығын зерттеу анкетасы бекітілім-сұрақтар қатарынан тұрады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет