Барлығы – 180сағат



бет17/29
Дата09.11.2016
өлшемі2,48 Mb.
#1323
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

Дәрістің мазмұны


1.Психодиагностика мәселелері және оларды шешу

2.Псиологиялық қызметті құру туралы қаулының көкейкестілігі

3. Ресейде және Қазақстанда психодиагностиканың даму жағдайы

Мақсаты: Психодиагностиканың Рессейде және Қазақстанда даму жағдайы және қазіргі заманда психодиагностика мәселелерінің шешілуі жөнінде түсінік беру.

Қазіргі заманғы психология түрлі жолдармен адамдардың іс- әрекетіне өз әсерін тигізеді. Осы жолдардың бірі бұл түрлі категориядағы тұрғындарға тікелей түрде психологиялық көмек көрсету болып табылады. Арнайы дайындық алған психолог балаларды тәрбиелеудегі ата- аналарға, отбасылық дағдарыс жағдайына ұшыраған жұбайларға, тұлғалық даму жағдайы бұзылған адамдарға, жастарға мамандық таңдауда, басшыларға қарым-қатынас стиль әдістерін қалыптастыруда және тағы да басқалай жайттарға психологиялық кеңес көмегін беруге қабілетті келеді. Психологиялық кеңес беру тек қана психологиялық білімге таңдау, талқылауға ғана негізделмейді (отбасылық және өндірістік, ішкі және тұлғааралық дау-жанжалдар), сонымен бірге кеңес беру үрдісінің білім заңдылығына, оның стратегиясы мен тактикасына негізделеді. Психологиялық көмек әсіресе туындаған қолайсыз жағдайды тиімді шешу жолын қарастырады. Туындаған қолайсыздық қоршаған орта өмірін тұтастай қанағатсыздыққа әкелуі ықтимал, ал ол кейде уайым-қайғыға соқтыратын болады. Мұндай жағдайда жай ғана кеңес берумен шектеліп қоймай,сонымен бірге психотерапевтік көмек те көрсетіледі. Егерде адамның уайымы ауру жағдайында көрінсе, ол дәрігерге жүгінеді, мұнда психотерапевтік көмек медициналық сипатта көрініс береді.Көптеген жағдайларда психотерапевтік көмек беру бірнеше сипатты талап етеді . Өзінің мақсаты мен формасына қарай психотерапевтік қызмет ауруларды емдеумен байланысты келеді. Ол әңгіме,пікірталас, ойын формасында жүргізіледі. Бұл адамды уайымнан арылту және оның болу себептерінен құтқаруға бағытталады.

Психологиялық көмек беру қандай формада жүргізілмесін психологиялық кеңес беру формасында немесе медициналық емес психотерапевтік формада болсын, олар жалпылама сипатты меңгереді.

Жеке даралық бағыттылық дегеніміз –көмек өтінген тұлға әлеміне терең түрде ену, араласу оның сезім уайымдау, ортамен қарым-қатынас құрылымынан, ішкі әлемін тану. Мұндай араласу жиі жағдайда арнайы психодиагностикалық әдістерді қолдануды талап етеді.

Жалпы тұрғыда психодиагностика психологиялық диагноз қою болып табылады. «Диагноз» термин нақты объект жағдайын анықтауда , оның қалыпты даму қызметінің кез-келген бұзылуын танып білумен түсіндіріледі. Диагностикалық зерттеу –ғылыми зерттеуден ерекше маңызды сипат алады. Психолог-зерттеуші танымал емес заңдылықты іздей отырып, танымал эмпирикалық тұтастықты және зерттелушінің жекелей өзгешелігін қолданады . Психодиагностика практикасында осы жекелей өзгешелік және эпирикалық тұтастық зерттеудің объектісі болып табылады.Психодиагностикалық міндеттер әртүрлі жолдармен шешіледі. Мұндай жолдардың бірі-зерттеушіні ұзақ уақыт бақылау оған көмек ету барысында (кеңес беруде психотерапияда) жүргізу.

Басқалай жолы – зерттелушіні шынайы өмір жолында бақылап отыру. Мысалы: баланың мінезін балабақшада бақылау .Осындай жолдар зерттелуші жайында өте құнды мәліметтер беретін болады, бірақта әркез ол ақпаратты бірден бермейді . Сондықтан да психодиагностикада арнайы психодиагностикалық әдістемелер таңдалынып алынған, оларды тек қана кеңес беру және психотерапия сфераларында емес, барлық жағдайларда нақты индивидтің немесе топтың қандайда болмасын психиканың ерекшеліктерін қажетті кезде бағалауға мүмкіндік береді . Бұл әдістемелер мынадай ерекшеліктерді меңгерген:



  1. қысқа уақыт аралығында салыстырмалы түрде диагностикалық ақпаратты жинақтауға мүмкіндік береді

  2. адам туралы жалпы ақпарат емес оның қандайда ерекшеліктерін (интеллект, үрейлену, өзіндік қатынасы, әзіл-сықақ сезімі, тұлғалық сипаты т.б.) ұсынады.

  3. индивидті басқалармен салыстыра отырып, ақпарат түрінде беріледі

  4. психодиагностикалық әдістемелер көмегімен алынған ақпарат таңдау құралдарының араласуымен индивидтің іс-әрекетін, қарым-қатынасын, дамуын шолуға мүмкіндік береді.

Психодиагностиканың құралдары мен принциптерін ұстану диагностикалық әдістемелерді нақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұнда әдіснамалық және теориялық тұрғыдан негіздеу тест сенімділігі мен валидтілігін тексеру жалпы психодиагностикаға енгізіледі.

Біздің елімізде бұл аймақтағы білім дамуы бірден жүзеге аспады. 20-30ж. аралығында психодиагностиканың интенсивті дамуы, сосын бақылаусыз,кәсіби емес және кең түрде тесттердің қолданылуымен тоқтатылып, кеңестік қалыс қалумен белгіленді. Бұл 70 және 80 жылдарға дейін созылды. Бұл бағытта үлкен жұмысты В.М.Бехтерев атындағы Ленинградтың психоневрологиялық институттың ғылыми ұжымы жүргізді. Арнайы психодиагностикаға арналған басылымдар мен монографиялар шығарылды. Шетелдік басылымдар орыс тіліндегі оқырмандарға жеткілікті түрде аударылып ұсынылды. Қайтадан жалпы психодиагностиканың іргелі сұрақтары жетілдіріліп жасалды. Ұжымның мүшелері өз еңбетерінде жалпы психодиагностиканың бөлімдерін оқырмандарға мазмұнды жеткізе алды.Әдебиеттерде психодиагностиканың тарихи мен теориялары қамтылып, психодиагностиканың құралдарын жасау мен тексеру тәсілдері толықтай сипатталды . Әдебиеттердің тарауларында психодиагностиканың жекелей психикалық жағына сипаттама берілді. Бұған: тұлға сипаты, мотивация, тұлғааралық қарым-қатынас қабілет, сана және өзіндік сана болды.Әр тарауда психодиагностиканың нақты арналған маңызды әдістемелер авторлардың ұсынылуынан талапқа сай толықтай мазмұндалған. Психодиагностика әдістемелері өзгеруінің сенімді құралы ғылым мен практикадағы көптеген зерттеулердің қарқынды дамуымен байланысты келді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жеке даралық бағыттылық дегеніміз не?

2. Қазіргі уақыттағы өзекті психодтагностикалық мәселелер.

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

7 дәріс



Тақырып: Псиодиагностикалық әдістемелер мен әдістерге сипаттама

Дәрістің мазмұны

1.«Психодиагностикалық әдістемелер» түсінігі


2. Психодиагностика әдістеріне жалпы сипаттама

3. Псиодиагностика әдістемелеріне қойылатын талаптар



Мақсаты: Психодиагностиканың 50-60 жылдары Рессейде даму жағдайы және оның сол кезеңдегі уақиғалармен байланысы жөнінде тарихи түсінік беру.

Қазіргі таңда практикада көптеген психодиагностикалық әдістер құрылған. Психодиагностика ХХ ғасырдың басында ғылым ретінде танылып, қазіргі заманға лайықты дамыған ғылым болып ұсынылып өзіндік талаптар қабылданды .



Психодиагностиканың әдістерінің жалпы кестесін төмендегідей үлгіде ұсынуға болады:



ӘДІСТЕР




зерттеу




психодиагностикалық

Психодиагностикалық әдістемелерге қысқаша сипаттама.



Бланкілі әдістемелер--әдістемелердің ішінде көпшілігін құрайды. Мұнда зерттелушіге пікір немесе сұрақтар топтамасы ұсынылады. Алынған жауап бойынша зерттелушінің психологиясы анықталынады. Бұл әдістемелер қолдануға және нәтижесін өңдеуге қарапайым болып келеді.

Сауалнамалы әдістемелер- қолданылу бойынша екінші орын алады. Мұнда зеттелушіге ауызша сұрақтар қойылады, олардың жауаптары белгіленіп дәлелденеді.

Суретті психодиагностикалық әдістемелер – суреттерден құралады, яғни ол тақырыпты немесе кездейсоқ сипатта болуы мүмкін. Кейде зерттелушінің дайын сурет бейнесін интерпретациялау тәсілі де қолданылады.

Проективті әдістемелер –бланкілі, сауалнамалы, суретті болып келуі мүмкін. Бұл топтағы әдістемелер валидті және ақпаратты ретінде жиі қолданалады.

Объективті манипуляция әдістемелер зерттелуші міндетін шешуде оған шынайы формадағы заттар ұсынылады, зерттелуші оларды жинау, жасау, құрау, дайындау т.б. орындауы тиіс.

Психодиагностика әдістемелерінің жіктелуін кең түрде мынадай критерияда ұсынуға болады:




Критериялар

Әдістемелер аты

Қысқаша сипаттама

Тесттік міндетті қолдану типі бойынша

Сауалнама

Бекітілімді

Өнімді
Әрекетті физиологиялық


Зерттелушіге арналып сұрақтар қолданылады.
Зерттелушіге келісетін немесе келіспейтін пікір немесе бекітілім қолданылады.
Зерттелушінің өзіндік шығармашылықты қолдануы ( вербальді, бейнелі материалды).
Практикалық әрекет орындау тапсырмасы.
Организмнің физиологиялық немесе мағыналы емес денелік реакцияларын психодиагностика жүргізу негізінде талдау.

Қолданылатын тесттік материалдың жолдары

Саналы
Бейсаналы

Зерттелушінің санасына әсер ету

Адамның бейсаналық реакциясына бағытталуы


Зерттелушілерге берілетін тесттік материалдың формасы бойынша

Бланкілі

Техникалық


Сенсорлы

Тесттік материал немесе басқа белгілер формасында (сурет, сызба т.б.)


Тесттік материал аудио, видео немесе кино формаларда және т.б. техникалық құралдар
Тесттік материал тікелей сезім мүшелеріне әсер етуге бағытталған ықпалдар түрінде.

Психодиагностиканың нәтижелері жайында қорытындылар жасауда қолданылатын мәліметтердің сипаты бойынша.


Объективті

Субъективті




Экспериментатордың немесе зерттелушінің санасына және тілегіне бағыттайтын көрсеткіштерді қолдану.
Экспериментатордың немесе зерттелушінің санасына және тілегіне бағынышты көрсеткіштердің болуы.

Әдістемедегі тесттік нормалардың болу





Тесттік нормалардың болуы.

Тесттік нормалардың болмауы.



Әдістеменің ішкі құрылымы бойынша

Моноөлшемді

Көполшемді



Мұнда бір ғана сапа диагностикаланады және бағаналады.

Адамның бір немесе типті психологиялық қасиеттерінің бір уақытта психодиагностикалауға және бағалауға арналуы.



Экспериментталдық мәліметтерді талдау типі бойынша

Сапалық

Сандық


Диагностикаланатын қасиет белгілі ұғымдар арқылы суреттелінеді
Диагностикаланатын қасиет берілген адамның даму деңгейін, басқа адамдармен салыстыру арқылы суреттелінеді



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Әдістеме дегеніміз не?

2. Әдіс дегеніміз не?

3. Әдістерге қандай талаптар қойылады?

4. Проективті әдістер дегеніміз қандай әдістер?

5. Әдістер қандай критьерилер бойынша жүктеледі?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

8 дәріс



Тақырып: Проективті әдістер

Дәріс мазмұны:

1. Проективті диагностиканың тарихы.

2. Проекция психологиялық феномен ретінде.

3. Проективті әдістемелер және олардың түрлері.



Мақсаты: Проективті әдістер, оның даму тарихы жөнінде түсінік қалыптастыру және проективті әдістемелерге сипаттама беру.

Алғаш рет проекция процесін американ психологы Генри Мюррей бейнеледі. Ол проекцияны адамның өз қажеттілігі, қызығушылығы, барлық психологиялық ұйымдығы ықпалығымен әрекет етуге деген табиғи теңденуші ретінде қарастырды. Оның айтуынша проекция процесінде қорғаныш механизмі көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.

Психологиялық әдістеменің белгілі бір типін білдіру үшін проекция ұғымын алғаш рет 1939 жылы Л.Франк қолданды. Ол тұлғаны проективті зерттеудің негізінде жатқан 3 негізгі принципті көрсетті:


  1. тұлға құрылымында немесе ұйымындағы әмбебап бағыттылығы. Дәстүрлі психометриялық процедураға қарағанда, тұлға қабілетпен белгі тізбегі ретінде емес, өзара байланысты процестер жүйесі ретінде қарастырылады.

  2. Проективті тұрғыда тұлға қажеттілік, эмоция және жеке тұлғалық тәжірибе негізінде ұйымдасқан динамикалық процестердің салыстырмалы тұрақты жүйе ретінде қарастырылады

  3. Бұл индивид өмірі барысында әрдайым белсенді тұрақты әрекет етеді, «индивидтік ішкі әлемі жүйесін құрады, бағыттайды,бұзады, өзгертеді және аударып отырады». Әр бір жаңа әрекет индивидтің әрбір эмоция көрінісі, оның қабылдауы, сезім, сөйлеу, қозғалыс акті, тұлға белгісін көрсетеді. Бұл үшінші және негізгі теоретикалық жағдай, әдетте «проективті болжам» деп аталады.

Барлық проективті әдістеме үшін ортақ белгі болатын:

  1. анықтамалғандық, қолданыс стимулдардың әр мәнді болмауы

  2. жауапты таңдаудағы шектің болмауы

  3. зерттеуші жауабын «дұрыс» және «қате» ретінде бағалаудың болмауы

Л.Франк проективті әдістеменің классификациясын (жүйесін) жасады:

  1. конститутивті зерттелушіне қандайдаараморфты материал ұсынылып, оған мән беруге тиіс

  2. конструктивті. Безендірілген ол бөлшектер ұсынылады да (адам және жануар фигурасы, өмір сүру орнының моделі) одан мағынаға не тұтас нәрсе жасап және түсіндіру қажет.

  3. интерпретативті. Қандайда болмасн бір жағдаят немесе жаңалыққа интерпрецация жасап, талдау қажет. Тақырыптық апперцепция тесті – осы әдістеме түрінің жақсы мысалы.

  4. катартикалық – ерекше ұйымдастырылған жағдайда ойын іс-әрекетін жүзеге асырылу ұсынылады.

  5. рефрактивті. Тұлға ерекшеліктерін жасырын мотивтерді зерттеуші қарым-қатынас тәсіліне мысалы сөйлеу, жазу сияқты еріксіз өзгерістер бойынша диагностикалауға тырысады.

  6. экспрессивті. Зерттелушінің еркін немесе тапсырылған тақырыпқа сай бейнелеу іс-әрекетін жүзеге асыру, «үй-ағаш-адам» әдістемесі.

  7. импрессивті. Бұл әдістеме ұсынуға тізбектегі стимулды таңдау нәтижесін зерттеуге негізделген. Зерттелуші өзінің қалаған, ұнаған стимулын таңдайды.

  8. Аддитивті. Бұл әдістемеде зерттелушіден бастамасы бар сөйлемді әңгіме немесе тарихты аяқтау талап етіледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Проекция термині нені білдіреді?

2. Проекция терминін ғылымға енгізген ғалым?

3. Проективті әдістерге қай әдістер жатады?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

9 дәріс



Тақырып: Тесттердің сенімділігі мен валидтілігі

Дәріс мазмұны:

1. Психологиялық шкала.

2. Тесттік нормалар және оны тексеру.

3. Тест сенімділігі мен валидтілігі.



Мақсаты: Психологиялық шкала, тесттік нормалар, тест сенімділігі мен валидтілігі және оларды тексеру жолдары жөнінде біліммен қаруландыру.

Диагностикада түрлі математикалық түсініктер мен әдістерді қолданамыз. Бұлар диагностикалық тест кезінде түрлі өлшеу шарасын қамтиды. Өлшеу дегеніміз- бұл белгілі бір ережеге сәйкес сан объектісімен немесе оның қасиетін есепке алу болып табылады, яғни сан қасиеті мен объект қасиетінің өзара кейбір сәйкестігін құрайды. Сәйкестік сипатына сәйкес түрлі өлшеу деңгейлері анықталды:



  1. Номинальды өлшеу – объектінің белгілі сапасын сан және белгі арқылы білдіруді айтады. «Сан» номинация қызметін атқарады. Сан бұл жағдайда атау ролін атқарады. Номиналды өлшеу арқылы әр объект тобы түрлі атаулармен аталады.

  2. Ординалды өлшеу – барлық объект белгісіне арналған жалпы мәнділіктің артуы не азаюымен сәйкес объектіні ретке салу болып табылады. Мұндай өлшеу объектіні анықтауға мүмкіндік береді, яғни объект қатарының орта жағдайын білу, объект белгісінің үлкен және кіші пайызын санау болыптабылады.

  3. Интервалды өлшеу – кезінде өзара объект арасындағы айырмашылық белгілі интервалмен бағаланады.

Кез келген психологиялық зерттеу немесе диагностика түрлі себеп бойынша жақсы немесе жаман болып көрінеді. Диагностикалық шаралар сапасына арналған көрсеткіштер қатарынан көрінеді: валидтілік, анықтық, сенімділік, объективтілік. Бұлардың әрқайсысы белгілі өлшемдік диагностика сапасын сипаттайды.

Валидтілік – ол нені өлшеуге арналған, соны ғана өлшейтін тест. Бұл оның сипаттама деңгейі. Мысалы: егер тест оқушылардың психикалық тұрақтылығын өлшеуге бағдарланса, ол тек осы айнымалыны өлшеу керек,басқаша болмауы тиіс. 100Ғ бұл талапты таратуға әрқашан мүмкіндік болмайды, бірақ та бұған қажетті түрде ұмтылу қажет.

Валидтілік және сенімділік өзара ара қатынасты, яғни пән және өлшеу объектісі ретінде көрінеді. Сенімділік – объектіні өлшеу ара қатынасының шара тұрақтылығының көрсеткіші.

Валидтілік – заттарды өлшеу ара қатынасының тұрақтылығын, яғни объект қасиетінің өлшеу нәтижесінің тұрақтылық сипаттамасы. өлшеу шарасы сенімді. Анықтылық - өлшеу шараларының тұрақтылығы. өлшеу сапасының қатынастарының ара қатынасы.

Критериальды валидтілік – ағымдағы еңгізілген кешенді сипаттама. Өлшенетін құбылыстың белгілі шеңберіндегі критериясын шолу және дәл түрде бағалау диагнозын қою. Критерий сапасы тест нәтижесінің тәуелсіз зерттеу сапасының өлшемімен байланыссыз: қандай да іс-әрекеттің жетістік деңгейі, қабілеттілік дамуының деңгейі, жеке тұлғаның белгілі бір сапасының айқындалуы т.б. критериалдық валидтілік зерттелетін құбылыстың жағдайының кешенді қатынасын білуге арналады. Сонымен бірге оның жағдайының болашағына негізді шолуға арналады. Қандай да болмасын критерий бойынша валидизация қарама-қарсы топтарды білу әдісімен тиімді келеді. Мысалы: интеллект тест критериалдық валидтілігі жас бірдей ақыл ойы кеміс балалармен қалыпты балалардың көрсеткіштерін салыстыру.

Консруктілі валидтілік – тест нәтижесіндегі репрезентация деңгейін сипаттайды, бұл негізгі тип болып табылады. Мұндай конструкт практикалық немесе вербальдық интеллект, эмоциональдық тұрақсыздық, интроверсия, сөзді түсіну, зейіннің аударылуы т.б. Басқаша айтқанда конструктілі валидтілік психологиялық құбылыстың теориялық аймағын сипаттайды, яғни сәйкес тесті өлшеуге бағытталады. Конструктілі валидтілік мәнді шарасы психологиялық феномен бекітімінің біртіндеп ұқсастығы мен айырмашылығын өлшенетін жаңа тестіні таныспен салыстыру болып табылады.

Мазмұнды валидтілік – психикалық қасиеттер аймағында өлшенетін тест тапсырмалардың мазмұнының репрезентативті деңгейін сипаттайды. Шындыққа сай келетін немесе жақын келетін іс-әрекетті өлшеуге арналған тест мағынасын қарастырады.

Диагностиканың сапалық өлшемінің тағы бірі – сенімділік. Тест сенімді болып есептеледі. Егер әр зерттелушіні тағы да тестілеу кезінде көрсеткіштер дәл солай болуынан көрінеді.

Психометрика терминінде сенімділіктің 2 маңыздылығы бар.


  1. Ішкі келісімділік бойынша сенімділік.

  2. Ретестовтік сенімділік.

Анықтама мен басшылыққа сәйкес болуы. Алғашқыдай дәл сол зерттеушіге дәл аталған тестті қайталап ұсыну. Бұл жолды анықтау сенімділігі өзіне есеп беруді қажет етеді, зерттелуші өз жауаптарын қабылдап және есінде сақтап оларды екінші рет қолданады. Сондықтанда екіншілей тестілеу алғашқыға қарағанда уақыт интервалы аз болып келеді.

Сенімділікті бағалау әдістері:



  1. қайталап тестілеу

  2. паралельді тестілеу.

  3. келісімді тестілеу.

  1. Қайталап тестілеу – бұл сол тестіні сол зерттелушіге өткізу.

  2. Екі тестінің эквивалентті формасын қолдану.

Келісімділікті бағалауға арналған тест екі бөлімге бөлінеді

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Валидттілік дегеніміз не?

2. Сенімділік дегеніміз не?

3. Валидтіліктің түрлерін атаңыз.

4. Сенімділікті бағалау әдістері?

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

10 дәріс



Тақырып: Тесттерді құру технологиясы мен оларды бейімдеу.

Дәріс мазмұны:

1. Тестілеу нормалары және олардың репрезентативтілігін тексеру.

2. Тестерді құрастырудың негізгі кезеңдері.

3. Тестті стандартизациялау ұғымы.



Мақсаты: Тесттердің құрылу технологиясы және оларды бейімдеу жөнінде түсінік беру.

Басым қабілеттерді зерттеудегі практикалық қажеттіліктер ХХ ғ. басыма қарай жеке ерекшеліктерді зерттеу проблемасы түрінде ғылыми сипатқа келеді. Бұл мәселе алғашқы тестілердің қайда болуына түрткі болды. Белгілі ағылшын ғылыми Ф.Гальтон 1884-1885 ж.ж. бірқатар тәжірибелі сімақтан өткізеді. Оның лабораториясына келген 5 жастан 80 жас аралығындағы адамдар азғана төменге өзінің дене қасиеттерін (күшін, реакция жылдамдығын және т.б.), ағзаның кейбір физиологиялық мүлекішіліктерін, психикалық қасиеттерін тексере алды –барлығы 17 көрсеткіш бойынша. Ф.Гальтонның айтуынша , ойлы және шебер текстілеу практикасы –бұл қиял емес : ал экспериментті қажет етеді Ф.Гальтонның үлесін физика ғылымда Г.Галилейдің алатын орнымен көрсетуге болады.

ХІХ ғ. соңына қарай көптеген ғылымдар экспериментті- ғылымның шынайы біргетасы ретінде қарастырады.

Дж. Кэттел 1890 ж. адам психикасының қасиеттерін зерттеуге арналған 50 лабораториялық тестілер жинағын шығарады.

ХХ ғ. 20-шы жылдары сан мен өлшемді қолдана отырып зерттеуге арналған спецификалық бағышты тудыру қажеттілігі сезіледі. Психологияда бұл психометрия, биологияда-биометрия, экономикада-экометрия және т.б. Бұнда социяметрияны да жатқызуға болар еді , бірақ Дж. Морено және Г.Гурович оны қарапайым әдіске жатқызады.

Ф.Гальтон мен Дж. Кэттелдің алғашқы басылымдары көп ғалымдардың көнілін аударды. Бұл тестілеу идеясы ,біреулер жақтаса (Г. Мюнстерберг, С.Крепелин, В.Онри, А.Бине Дж.Гилберт және т.б.), кейбіреуі оған күмәнін жасырмады (В.Вундт)

Тестілер қолданбалы психологияда өз орнын тапты.

30 ж. тестілерді көптеген елдер өз практикасында қолдана бастайды. Мысалы, Францияда оларды дефектологиялық және кәсіптік бағдарлау мақсатында, АҚШ-та жұмысқа, жоғары оқу орнына қабылдауда, оқушылар мен студенттердің білімін тексеруде, әлеуметтік психологияда зерттеулерде, ал КСРО-да білім беру саласында және кәсіптік таңдау аясында қолданған.

Тест психологияда және т.б. ғылымдарда қолданылатын ғылыми негізделген эмпирикалық зерттеудің әдісі.

Тестілер қазіргі уақытта әдістемелік құралдардың дамыған, жетілдірілген түрі болып саналады. Оның көмегімен теория мен практиканың байланысы, жинақталған ақпарат пен белгілі стандарттар сәйкестігі жүзеге асырылады.

Тестінің сенімділігі анықталады:


    1. Қайта тестілеумен;

    2. Бір тестінің паралельді бірнеше формасын қолданумен;

    3. Корреляция коэффицентінің мәні.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Тестті стандартизациялау дегеніміз не?

2. Тесттердің құрастырылуы неше кезеңнен тұрады?

3. Тестілеу нормалдары дегенімі не?

4. Тестілеу нормаларын атаңыз?

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

11 дәріс



Тақырып: Мотивацияны психодиагностикалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет