5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Грамматикалық форма дегеніміз не?
Грамматикалық тәсіл дееніміз не?
Нөлдік форма дегеніміз не?
6.Пайдаланатын әдебиеттер
Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - А.,1998.
Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.
Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики М . 1961г. стр 25.
Қазақ тілі энциклопедия. – А., 1998.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1956, 1993.
Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – А., 1999.
Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.
Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.- А., 1997.
Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.
Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. - М.,1933.
Сарыбаев Ш.Х. Табыс жалғаудың тасалануы. –Халық мұғалімі. - 194О.№3.
Төлеуов Ә. Кейбір көрсеткіштердің тасалануы, тасаланбауы. Қазақстан мұғалімі. 1960. 7 январь, № 2.
3.Тақырыбы: Сөз және оның морфологиялық құрылымы.
2.Қарастырылатын сұрақтар:
Морфема және оның түрлері
Жұрнақ және жалғау түрлері.
3.Дәрістің мақсаты: Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматика теориясының өте-мөте маңызды проблемаларының бірі болып саналады. Біз өткен лекциялардың бірінде дүние жүзі тілдері 4-ке бөлінеді деп айтқан болатынбыз. Дүние жүзі тілдерін бұлай бөлу олардың тілдік құрылымының, ең алдымен ондағы сөздердің морфологиялық құрылымының әр басқа болу фактісіне негізделген. Әр түрлі тілдердің морфологиялық құрылысын анықтап және салыстыра отырып әр тілдік топтардың өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін анықтауға болады.
4. Дәріс мазмұны: Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматика теориясының өте-мөте маңызды проблемаларының бірі болып саналады. Біз өткен лекциялардың бірінде дүние жүзі тілдері 4-ке бөлінеді деп айтқан болатынбыз. Дүние жүзі тілдерін бұлай бөлу олардың тілдік құрылымының, ең алдымен ондағы сөздердің морфологиялық құрылымының әр басқа болу фактісіне негізделген. Әр түрлі тілдердің морфологиялық құрылысын анықтап және салыстыра отырып әр тілдік топтардың өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін анықтауға болады.
Әр сөздің өзіне тән мағынасы болатыны секілді, грамматикалық құрылысы да болады. Мысалы: Ғашықтың тілі – тілсіз тіл деген сөйлемді алып көрелік. Осы сөйлемде үш тіл деген сөз бар. Олардың бір ғана лексикалық мағынасы бар. Ал осы тіл сөзі қажетіне қарай өзгертіліп қолданылған.
Тіл – заттың атын білдіретін негіз.
Тілі – осы сөздегі –і бөлшегі осы сөзді бөгде адамға телу үшін
қолданылып тұр.
Тіл- сіз бұл бөлшек тіл сөзін жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр.
Бұл бөлшектер, сонымен қатар, сөзге азды-көпті өзгеріс енгізіп, оның құрамын өзгертіп тұр. Тіліміздегі сөздердің мағынасына лексикалық жағынан немесе грамматикалық жағынан өзгеруі, сөдің бөлшек-бөлшек болып бөлінуі – тіліміздің табиғатына тән заңды құбылыс.
Сөздің лексикалық не грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай жеке бөлшегін морфемалар деп атайды.
Жеке сөздер сияқты, морфемалардың да өзіне тән ішкі мазмұны (мағынасы) мен сыртқы формасы (дыбыстық жамылғышы) болады.
Әдеттте, грамматикалық оқулықтарда морфемаға сөздің мағыналы ең ұсақ бөлшегі деп анықтама беріледі. Сөздің құрамындағы морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөледі.
Түбір морфема да, қосымша морфема да одан әрі бөлшектенуге келмейді деп түсіндіріледі.
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектенуге келмейтін ең түпкі негізі. Түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема болмаса, қосымша морфеманың бірде-бірі немесе бірнеше қосылып келіп мағыналы сөзді жасай алмайды.
Түбір морфема жеке тұрып та семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндайда түбір морфема сөздің мағынасы бірдей болып шығады. Мысалы: бас,тіл, жол, кел деген сөздер осындай сипатқа ие. Ал бастық, тілші, жолаушы, клісім түрінде келетін болса, онда құрамында түбір морфемасы да, қосымша морфемасы да бар сөздер болып шығады. Бұл сөздерге түбір морфема мен сөздердің мағынасы бірдей емес.
Түбір морфема дара түрде де (жол, көр, ал...), қосымшалы түрде (басшы, қолтық, баспа), қайталанып та (тау-тау...), басқа түбір морфемалармен бірігіп келіп те (белбау, басқұр...), тіркесіп келіп те (қара сұр, он екі), жұмсала береді.Сондай-ақ, қайталанып, қосарланып, бірігіп, тіркесіп келген морфемаларға қажетінше қосымша морфемалар да жалғана алады. Мысалы: қап-қаптан, қора-қопсыдан, он екісін т.б.
Қосымша морфемалар деп түбір морфемаларға қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз.Мысалы: аш-түбір морфема, ал ашты деп айтсақ, оған өткен шақ мағынасы үстемеленіп тұр, аштық десек, өткен шақтық мағынамен қатар, қимылды бірнеше субьекті істегені туралы көптік, 1 жақтан істелінгені туралы жақтық мағына үстемеленіп тұр. Бұлар қосымша морфемалар.
Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды.Сондықтан, олар түбір морфемасыз, өз алдына, дербес жұмсала алмайды. Бірақ, түбір морфемаға үстеме мағына жамайды.
Қосымша морфеманың өз алдына дербес қолданыла алмайтындығы, тек түбірге тіркестіріліп жұмсалатындығы қосымша морфеманың дыбыстық жағынан тұрақсыз екендігін, яғни өзі жалғанатын түбірдің ыңғайына қарай өзгеріп, үндесіп отыратындығын да көрсетеді. Мысалы: -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -лі жұрнақтары айналып келгенде бір-ақ қосымша морфема –лы – ның варианттары ғана.
Қосымша морфема мен түбір морфеманы бір-бірінен ажырататын мынадай белгілер бар:
Түбір морфема мен қосымша морфема бір-бірімен байланыссыз емес. Түбір морфемаға кез-келген қосымша морфема жалғана бермейді. Мысалы: -ған, -ген морфемасы зат есім, сын есім секілді сөз таптарына жалғанбайды.
Түбір морфемаға өзгермей, өзінің бастапқы формасын сақтап отырады да, қосымша морфема түбір морфемамен дыбыстық жағынан үйлесіп, үндесіп отырады.
Бір түбір морфемаға керегінше бірнеше қосымша морфема жалғай беруге болады. Алайда, олар қалай болса солай тіркесе бермейді, белгілі бір жүйе бойынша, заңдылық негізінде жалғанады.
Бір түрлі қосымша морфема түрлі түбірге қосылса да, оларға түрлі-түрлі мағына үстемейді, тек бір ғана жалпы мағына үстейді. Мысалы: көр-іп, кел-іп, ал-ып, айт-ып т.б. сөздердегі – ып морфемасы бір ғана көсемшілік мағына үстеп тұр.
Сонымен, түбір морфема мен қосымша морфеманың арасында айырмашылықтар бар:
- түбір морфемада дербес лексикалық мағына болады да, қосымша морфемада ондай мағына болмайды, тек жалпы мағына болады.
Қосымша морфеманың абстракталы (жалпы) мағынасы түбір морфемамен тіркескенде ғана анықталады.
Түбір морфеманың саны қосымша морфемаға қарағанда әлдеқайда көп болады.
Қосымша морфемалар ( екінші сөзбен айтатын болсақ, АФФИКСТЕР. Бұл термин латынның ‘‘affuxus’’ – «жалғанған», «қосылған» деген сөзінен қалыптасқан). Өзіне тән тиісті жүйесі болады.
Қосымша морфемаларды әдетте, қосымшалар деп атайды.
Қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарында қосымшаларды ЖАЛҒАУ және ЖҰРНАҚ деп екіге бөліп жүр. Ал жұрнақтарды сөз тудыратын және сөз түрлендіретін (форма тудыратын) деп бөліп жүр.
Проф. А.Қалыбаева қазақ тіліндегі қосымшаларды үшке бөледі және өзінің «Қазіргі қазақ тілінің морфемалық жүйесі» деген еңбегінде қосымшаларды төмендегідей етіп бөледі:
Сөз тудыратын жұрнақтар.
Форма тудыратын жұрнақша.
Сөздерді байланыстыратын жалғау.
Қосымшаларды бұлай бөлу мәселесіне келген кезде тіл ғылымдарының бәрі бір келісімге келе бермейді. Белгілі лингвист Ы.Е.Маманов қосымшаларды тек екі түрге ғана бөлуге болады деп тұжырымдайды: а) сөз тудыратын жұрнақтар, б) форма тудыратын қосымшалар. Соңғысының құрамына жұрнақ та, жалғау да кіреді деп есептейді. Себебі, жалғау да түбір морфемаға жалғанған кезде, сөздің тек формасын ғана өзгерте алады. Сондықтан, оларды осылай атаған дұрыс деп санайды.
Сондай-ақ, Маманов жалғаудың берілген анықтамасына да күмән келтіреді. «Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаның түрін жалғау деп атаймыз» деген анықтама берілген оқулықтарда. Бұл анықтама бойынша, жалғау сөз бен сөзді жалғастырып тұрады. Мысалы: Мен көше-ге бардым. Мен көше-ге әке-м-мен бардым. Осы сөйлемдерде жалғау шын мәнінде сөз бен сөзді байланыстырып тұр. Ал, мынандай сөйлемдерді алып көрелік:
1.Оқушылар мектепке кірді. Оқушы мектепке кірді. Бұл мысалдардан көрініп тұрғандай, көптік жалғауы сөз бен сөзді байланыстыра алмайды екен. Яғни, көптік жалғауын жалғамасақ та, оқушы деген сөз өзінен кейінгі сөздермен байланыса алады екен. Осыдан көрініп тұрғандай, жалғауларға берілген анықтамада да шарттылық сипат бар.
Сонымен, қазақ тіліндегі қосымшалар екі үлкен салаға бөлінеді екен, жұрнақтар және жалғаулар.
Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған мағынаны деривациялық мағына деп атайды да, ал форма тудыратын жұрнақтар арқылы жасалған грамматикалық мағынаны реляциялық мағына деп атайды.
ЖҰРНАҚТАР. Жұрнақтар лингвистикада «суффикс» деген терминмен белгіленеді. Латынның ‘‘suf’’- «соң» және ‘‘fux’’- «жалғанған» деген сөздерінің негізінде қалыптасқан.
Қызметі жағынан жұрнақтар екіге бөлінеді: сөз тудыратын жұрнақтар және форма тудыратын жұрнақтар.
а) сөз тудыратын жұрнақтар белгілі бір сөздерге жалғанып, басқа лексикалық мағыналы сөз туғызады. Мыс, қой-шы, қойма-шы, тік-ін, тік-іс, тік-ін-ші т.б. Сөз тудыратын қосымшалар, әдетте, лексикалық категория болып есептеледі. Бұл – заңды құбылыс. Сөз тудыратын жұрнақ сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып келеді. Ал сөздің өзіне тән мағынасын тіл ғылымының лексика саласы қарастырады. Ендеше лексикалық категорияның қатарына қосылатын осы жұрнақты неге морфологияда қарастырып отырмыз деген сұрақ тууы мүмкін.
Сөз тудыратын қосымшалар түбірге қосылғанда сөздің тек лексикалық мағынасын ғана өзгертіп қоймайды, сонымен қатар грамматикалық мағынасын да өзгертеді. Мысалы, құр-етістік. Осы сөзге сөз тудыратын жұрнақ жалғасақ құр-ыл-ыс түрінде болып келеді. Міне, осы сөзде тек лексикалық мағына ғана өзгермей, сондай-ақ грамматикалық мағына да өзгеріп тұр. Яғни, бұрын етістік болған сөз енді жұрнақтың қосылуы нәтижесінде зат есімге айналып отыр. Сондықтан қашан да болсын әрбір жұрнақ белгілі бір грамматикалық категорияның көрсеткіші болып қызмет етеді.
Қазақ тілі жалғамалы (аглютантивті) тіл болғандықтан, сөз тудыратын жұрнақтар да, форма тудыратын қосымшалар да түбір морфемаға бірнеше болып келіп жалғана алады. Мысалы, тіг-ін-ші-лік, оқы-у-шы-лар-мыз-дай т.б.
б) форма тудыратын жұрнақтар бұл жұрнақтардың сөз тудырушы жұрнақтарға қарағанда мағынасы, табиғаты басқаша болып келеді. Сөз тудырушы жұрнақ жалғанған сөзге сәл ғана қосымша мағына үстейді. Мысалы, қой-төрт түлік малдың бірі, ал қойшы осы малды бағатын адам. Ал егер қойлы десек қойы бар, қой-дай десек қойға ұқсссаған деген түсінік туады. Соңғы сөздерде жаңа мағына туып тұрған жоқ. Тек сол қой сөзіне байланысты сәл ғана өзгеріс бар деп айтуға болады.
Форма тудыратын жұрнақтарды мағыналары мен қызметтері жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын екі арасындағы категория деп қарастыруға болады. Осылай деп айта отырып, форма тудыратын жұрнақтар жалғаулардан гөрі сөз тудыратын қосымшаларға жақынырақ деп айта аламыз. Себебі, форма тудыратын қосымша түбір морфемаға сәл де болса жаңа мағына үстейді.
Қосымшалардың суффикс пен жалғаудан басқа өзге тілдерде кездесетін ( мысалы, орыс тілінде, латын тілінде, индонезия тілдерінде) префикс, инфикс деген түрлері де бар.
Префикс – түбірдің алдынан келетін қосымша. Бұл орыс тілінде көп кездеседі. Мыс, ходить-приходить, сходить, уходить, входить, выходить т.б. Қазақ тілінде префикстер жоқ. Тек кейбір иран тілінен енген сөздерде кездесетін бей, -би префиксі кездеседі. Мыс, таныс-бейтаныс, саясат-бисаясат т.б.
Инфикс – түбірдің ішінде қойылатын қосымша. Инфикс латын, тагаль (индонезия тілдеріне енетін тіл.) тілдерінде кездеседі.
Құрылымның ерекшелігіне, құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді.
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін, бір бүтін жұрнақты айтамыз.Мыс, -шы,-ші, -ым, -ім, -қыш, -кіш, -шық, -шік сияқты жұрнақтардың қай-қайсысы да мағынасы мен тұлғасы жағынан бір тұтас жұрнақтар.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі не одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтарды құранды жұрнақтар деп атайды. Мысалы, - шылық, -шілік, -ыңқы, -іңкі, -сыра, -сіре т.б.
Жұрнақтардың ішінде айтылуы бірдей, таңбалануы бірдей, бірақ мағынасы мен қызметі басқа, яғни туынды мағыналары бір-бірімен байланыспайтын жұрнақтар да бар. Мыс, қатына деген сөзге – с жұрнағын жалғаған кезде екі мағыналы сөз туындайды.
айтыс – зат есім; 2) айтыс – етістік. Міне, бұл жұрнақ- омоним жұрнақ.
Қазақ тіліндегі омоним жұрнақтар о баста бір негізден тараса керек. Бұл қосымшалардың конверсиялану құбылысы. Енді – шы, -ші жұрнағы туралы да бірер сөз айта кетелік.
ат-шы, етік-ші, мал-шы, жазу-шы – зат есімдер
аунақ-шы, тықыр-шы, тыпыр-шы – етістіктер
3.қой-шы, байқа-шы, көр-ші, кел-ші – қалау райлы етістіктер.
Бұл жұрнақтар – омоним жұрнақтар.
Мағынасы мен қызметі жағынан бір-біріне ұқсаса, өзара мәндес жұрнақтар да бар. Оларды синонимдес жұрнақтар деп атайды. Мыс,
-қыш, кіш, ғыш, гіш;
-шақ, шек, қақ, кек, ғақ, гек;
-қыр, -кір, -ғыр, -гір;
Жасқаншақ-жасқанғыш, қызғаншақ-қызғанғыш, ұрыншақ-ұрынғыш, ұялшақ-ұялғыш деп айтуға болады. Сондай-ақ, білгір – біл-гіш, ұшқыр-ұшқыш деп айтуға болады. – ша, -ше жұрнағы мен-шік, шық жұрнағы да синонимдес болып келеді. Мыс, төбе-шік, көл-шік, үй-шік, деп те, қобди-ша, өзен-ше, күрек-ше деп те айтуға болады. Екі жұрнақта кішірейту мағынасын беріп тұр.
-кер, -гер, -кеш, -шы, -ші жұрнақтары да синонимдес бола алады: жұмыскер-жұмысшы, қызметкер- қызметші, арбакеш –арбашы, суреткер –суретші т.б.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы жұрнақтар да бар.Оларды антонимдес жұрнақтар деп атайды. Мыс,1/ -лы, -лі, -ты, -ті, -ды, -ді белгілі бір заттың не құбылыстың барлығын білдірсе, -сыз, -сіз жұрнағы керісінше, сол заттың жоқтығын білдіреді: сулы –сусыз, малды-малсыз, көрікті-көріксіз, қарлы-қарсыз.
Жұрнақтар жоғарыдағы топтардан басқа шығу тегіне қарай төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар болып та бөлінеді.
Қалыптасу уақытына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді. Сөз тудыру қабілетінің сақталу- сақталмауына қарай тірі жұрнақтар және өлі жұрнақтар болып саналады. Сөз тудырудағы және форма тудырудағы қызметіне қарай өнімді және өнімсіз жұрнақтар болып дараланады.
Сөйтіп, жұрнақтардың шығу төркіндеріне де даму және қалыптасу тарихында да, беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінде де қаншалықты ерекшеліктері мен өзгешеліктері бола тұрса да, олар без берекет, бытыраңқы осымшалар емес, бір үлкен жүйеге сарқылатын және сол жүйеден ұя-ұя болып тарайтын категория болып табылады.
ЖАЛҒАУЛАР. Қосымшалардың бір түрі – жалғаулар.
Жалғаулар жұрнақтарға қарағанда бірнеше ерекшеліктерімен дараланады.
Жалғаулар өзі тіркесетін сөзге лексикалық мағына үстей алмайды, тек оларға грамматикалық мағына үстей алады.
Жалғаулар жалғанған сөзге мағына үстей алмайды, олар тек сөз бен сөз байланыстыратын қызмет қана атқарады.
Жұрнақтармен салыстырғанда, жалғаулардың қолданылу өрісі мен шеңбері анағұрлым кең. Жалғаулар белгілі бір сөз табына енетін сөздердің бәріне бірдей, талғамай жалғана береді. Қазақ тілінде септік, көптік , тәуелдік жалғаулары зат есім сөздердің бәріне дерлік жалғана береді. Сондықтан, оның қолданылу өрісі, аясы әлдеқайда кең деп айта аламыз.
Жұрнақ жалғанған сөзге қиюласып кірігіп кетеді де, ал жалғаулар жалғанған сөзбен кірігіп, жымдасып кетпейді. Жалғау аффикстік морфеманың сөзге жалғанып, соған ілесіп жүрген қосалқы элементі екені аңғарылып тұр.
Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Яғни, олар жалғанатын сөздің дыбыстарының әуеніне сәйкес не жуан, не жіңішке, сондай-ақ, құрамындағы дауыссыздары да қатаң, ұяң, үнді болып келіп отырады. Мыс, - лар, -лер, -дар, -дер, -тар,-тер, немесе -дың, -дің, -тың, -тің, -ның, -нің т.б. Мұндай өзгеру жұрнақтарда да кездеседі. Алайда, жұрнақтардың бәрі бірдей олай өзгере бермейді. Сингоманизм заңына бағынбайтын –хана, -кеш, -пар, -қой сияқты жұрнақтарда тілімізде кездеседі. Ал жалғаудардың түрі біреу-ақ, ол көмектес септік жалғауы -мен, -менен, -пен, -пенен, -бен, -бенен.
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: к.ж., т.ж., с.ж., ж.ж. Осы төрт жалғаудың әр қайсысына тән өзіндік грамматикалық формалары және сол мағыналары мен формаларына сай, олардың өзіндік қызметтері бар.
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Морфема дегеніміз не?
Жұрнақ, қандай белгілер тән?
Жалғауға тән белгілер, олардың түрлері?
6.Пайдаланатын әдебиеттер
22. Төлеуов Ә. Септік көрсеткіштері қандай жағдайда тасаланады? - Қазақстан мектебі, 1963. № 11.
23. Исаев С. Нөлдік форма. - Қазақ грамматикасы. 2002.
24. Оралбаева Н.О. Проблемы нулевой формы и нулевого слова в грамматическом строе тюркских языков СССР. - М., 1976.
25. Балтабаева Ж. Семантика-стилистические функции неоформленного родительного и винительного падежей в казахском языке. - Диссертация кандидата филологических наук. - Алма-Ата, 1983.
26. Омарова А. Қазіргі қазақ тіліндегі нөлдік морфема. - А, 2004.
27. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики. - М., 1961.
28. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове² вопросы грамматического строя². - М., 1955.
29. Милославский И . Г . Морфологические категории современного русского языка. - М., 1981.
30. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – А., 1992.
4.Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары жүйесі.
2.Қарастырылатын сұрақтар:
Сөзді таптастыру принцптері.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары.
3.Дәрістің мақсаты: Сөз таптарын анықтау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең, жете зерттеу үшін өте керек. Сондықтан сөздерді лексика-грамматикалық сыр-сипатын айқындау грамматиканың ең негізгі мәселесі болып табылады.
4. Дәріс мазмұны: Тіл білімінде ерте кезден бастап сөздерді атаушы немесе негізгі сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы қалыптасқан.
Сөз таптарын анықтау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең, жете зерттеу үшін өте керек. Сондықтан сөздерді лексика-грамматикалық сыр-сипатын айқындау грамматиканың ең негізгі мәселесі болып табылады.
Атаушы сөздер қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа белгілердің, іс-әрекеттің атаулары болатын толық лексикалық мағынасы бар сөздер жатады. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау, яғни тіреу есебінде қызмет етеді. Сондықтан оларды кейде негізгі сөздер деп те атайды.
Көмекші сөздерде атаушы сөздердегідей дербестік болмайды. Лексикалық мағыналарының әлсіреп күңгірттенуі және ондай мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес мүше бола алмауы көмекші сөздерді сипаттайтын және оларды атаушы сөздерден ажырататын белгілер болып табылады. Тіл білімінің тарихында сөз таптарының табиғаты туралы әр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары лексика-грамматикалық категория болып саналса, екіншісі бойынша сөз таптары формальдыграмматикалық категория, ал үшінші бір көзқарас бойынша, сөз таптары сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
Сөз таптарының табиғатын толық тану үшін әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен дұрыс.
Енді осы пікірлердің әрқайсысына тоқталып өтейік. Сөз таптарын лексика-грамматикалық категорияға жатқызатындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері бойынша топталып, соған сәйкес белгілі бі сөз табына телінеді деп түсіндіреді.
Бұл пікірді көпшілік белгілі ғалымдар мақұлдайды. Мысалы: орыс тілінің көрнекті маманы А.А. Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табы сөздің негізгі лексикалық мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, граммматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Зат есімдерге заттың атауы мағынасы және жекеше-көпшелік, септік, тәуелдік мағыналары тән. Ал, етістіктерге қимылдың атауы болатын лексикалық мағына мен грамматикалық мағына болып саналатын болымсыздық, етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар тән болып келеді.
Орыс тіл білімінде сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп санайтын пікірді қуаттайтын ғалымдар қатарында акад. В.В.Виноградов та бар. Бұл ғалымдардың осы пікірі сайып келгенде И.А.Бодуен де Куртенэ мен Л.В.Щербаның сөз таптары туралы көзқарасына барып тіреледі.
Акад. И.И.Мещанинов та сөз табын сөздердің мағыналары мен формаларының өзара ұштасуы деп қарайды. Осы пікірді Н.С.Поспелов та қолданды.
Сөз таптарын грамматикалық категория деп қарайтын ғалымдар да бар. Олардың қатарына О.П.Суникті, А.А.Реформатскииді жатқыызуға болады. Суник сөз таптарын ажыратуда негізге алынатын белгі лексикалық мағына емес, әр сөз табына тән жалпы грамматикалық мағына деп санайды. Оның пікірінше, заттылық зат есімге тән, оны басқа сөз таптарынан ажырататын басты, жалпы грамматикалық мағына болып саналады. Ал жалпы грамматикалық мағына сол сөз табының лексикалық мағыналарында да, синтаксистік қызметінде де көрінеді дейді.
Осындай пікір А.А.Реформатскийдің еңбектерінде де көрініс табады.
Біздің байқауымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп санайтын пікір, ғылыми жағынан құнды сияқты көрінеді.
Сонымен, сөз таптарын бір-бірінен тек грамматикалық ерекшеліктері жағынан емес, сондай-ақ лексикалық мағынасы жағынан ерекшеліктерін ескере отырып ажырату керек деген бір топ ғалымдардың /басым көпшілігінің/ пікірін дұрыс деп есептеуге болады.
Орыс пікірдің негізінде, қазақ тіліндегі сөзқдерді топтастырудың принциптеері туралы мәселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуде бір-біріне таяныш болатын тірек- семантикалық белгі. Осы семантиккалық белгі сол сөздерді одан әрі іштей топтастыруға да бірден-бір сенімді тірек болады.
Тілдегі барлық сөздерді топтастырғанда мынадай екі принципті басшылыққа аламыз:
1. Барлық топтастыратын сөздер сөздік құрамға енеді. Қай сөз табына енсе де, сөздердің лексикалық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздің лексикалық жағын ескеру деген сөз олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Сондықтан, әрбір сөз табына енетін сөз лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс.
2. Сөздерді грамматикалық жағынан топтастыру, олардың түрлену, өзгеру жүйесін, сөздердің тіркесу мүмкіншіліктерін, сөйлемдегі синтаксистік қызметін, тағы басқа осы сияқты мәселелерді анықтау тәрізді міндетке бағытталу керек. Бұл принциптер тікелей грамматикада қарастырылатын мәселелер. Ендеше, қандай болмасын сөздің, сөз табына топтастырылғанда, грамматикалық жақтары ескерілуі керек.
Міне, сөздерді топтастыру принциптері дегеніміз- осылар. Яғни, тілдегі сөздер сөз табына топтастырылғанда екі белгісіне қарай басшылыққа алынып айырылады: лексика-семантикалық жағы және грамматикалық /морфологиялық және синтаксистік/ жағы.
Осы принциптен сөз табы деген ұғым лексика-грамматикалық деген қосарланған компоненттердің жиынтығы деген түсінікке алып келеді.
СӨЗ ТАБЫ деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.
Қазқ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау процесінде осы үш белгіні бәрін іздеп /яғни, лексика-сематикалық, морфологиялық және синтаксистік/, осы жоғарыдағы принципке үнемі сүйенудің қажеті жоқ. Себебі, кейбір сөздерден осы үш белгінің бәрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе үш белгінің бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип ретінде, тіпті кейде қолдануға да болады.
Мысалы, одағай сөздерді анықтауда оның морфологиялық белгісін іздеудің тіпті қажеті жоқ сияқты. Немесе көмекші сөздерді соның ішінде шылауларды анықтауда олардың семантикасын, сөзбен, сөйлеммен тіркесу ерекшеліктерін ған негізге алып, морфологиялық белгісін іздеудің қажеті жоқ секілді. Ал, кейде екі белгінің бірін ғана басшылыққа алу, яғни таңдау кезі де келіп қалатын уақыты болды.Мысалы, тілімізде омоним сөздер көп кездесіп отыратыны кім-кімге де белгілі жәй. Ондай кезде сөзді анықтайтын басты белгі оның мағынасы, яғни семантикасы болмақ.
Мысалы, Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Тойға барсаң тойып бар, деген халық арасына кең тараған екі сөйлемді алайық. Осы сөйлемдерде бір-бірімен омонимдес көш-көшкен, тойға-тойып сияқты сөздер бар. Әрқайсысы әр сөз табына жатады. Оны біз өте оңай ажырата аламыз. Себебі, әр сөз тек өзі жататын сөз табының грамматикалық категориясын қабылдап, түрленіп тұр.
Екінші мысал, Бөлмеге жарық түсті. Ол жарық бөлме. Түйеге ауыр тең буылған.Тең құрбының алды бол. Осы сөйлемдердегі тең, жарық сөздері бірде зат есім, енді бірде сын есім болып тұр. Оны біз мағынасынан, әсіресе семантикалық белгісінен ажырата аламыз.
Үшінші мысал, 1. Хасеннің басынан қалпағы ұшып түсті.
2. Қаратаудың басынан көш келеді.
3. Жұмысты басынан осылай ұйымдастыруы керек еді.
Осы сөйлемдерде үш басынан деген сөз бар. Бір жағынан, олардың арасында мағына байланысы бар секілді. Тереңірек анализ жасап көрелік. 1- сөйлемде басынан сөзі өзінің тура мағынасында қолданылып тұр. 2-сөйлемде мағынасы солғылданып, дербес сөйлем мүшесі болмай, күрделі мүшенің сыңары болып тұр. Яғни, осы сөйлемдегі басынан сөзі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал, 3-сөйлемдегі осы сөз лексикалық мағынасы жағынан, қызметі жағынан да өзгеріп, тіпті басқа сөз табына
Достарыңызбен бөлісу: |