Барлығы – 45 сағат



бет12/12
Дата23.08.2017
өлшемі2,55 Mb.
#25488
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Әдістемелік нұсқаулар: тест, сұрақ-жауап, пікірталас, т.б.

Әдебиет:

1 . Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.

2 . Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.

3 . Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі . - А, 1986.

4 . Аханов К . Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996.

5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.

6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005.

7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.

8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - А.,1998.

9. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.

10. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения граматики. - М., 1961г. стр 25.

11. Қазақ тілі энциклопедия. – А., 1998.

12. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.

13. Милославский И . Г . Морфологические категории современного русского языка. - М., 1981.

14. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты. - А., 1997.

15. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.

16. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. - А., 1971.
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.


    • Курстык жұмыстар жоспарланбаған

    • Лабораториялық сабақтар жоспарланбаған


9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.
Студенттер білімін білімін тақырыптар бойынша тексеру

және емтихан сұрақтары:

1-7 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:




  1. Грамматиканың екі саласы - морфология, синтаксис туралы не білесіз?

  2. Грамматика нені зерттейді?

  3. Қазақ тілі грамматикасының бірліктері.

  4. Қазақ тілі грамматикасының зерттелуі.

  5. Тілдегі сөздер сөйлемде қалай қолданылады?

  6. Грамматиканың міндеттілік, қарама-қарсылық белгілері не?

  7. Грамматикалық мағына және лексикалық мағына, айырмасы, байланысы.

  8. Грамматикалық форма және грамматикалық мағына деген не?

  9. Грамматиканың лексикология, фонетика, стилистикамен байланысы.

  10. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасы..

  11. Лексика-семантикалық тәсіл; Морфологиялық не синтетикалық тәсіл; Синтаксистік не аналитикалық тәсіл.

  12. Сөздің морфологиялық құрылымы.

  13. Жұрнақ, жалғау түрлері

  14. Нөлдік жалғау түрлі категорияға қатысты ма?

  15. Нөлдік форманы зерттеген ғалымдар.

  16. Көптік жалғаулар, ерекшелігі.

  17. Сөз таптары туралы түсінік.

  18. Сөзді таптастыру принцптері..

  19. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары.

  20. Түрік изафеті және оның ерекшелігі.

  21. Қазақ тіліндегі жақ категориясы

  22. Жіктік жалғауларының ерекшелігі.

  23. Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі

24. Зат есімнің категориялары және ерекшеліктері (Септік категориясы оның ерекшелігі; Тәуелдік және көптік категориялары).

25. Зат есімнің жіктелуі.

26.Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшелігі.

27. Сын есімнің ерекшелігі, түрлері.

28. Сын есімнің семантикалық сипаты.

29. Сын есімнің құрылымдық түрлері.

30. Зат есімнің синтаксистік қызметі.

31. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

32. Сын есімнің шырай категориясы.
8-15 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:
1. Сан есімнің түрлері, ерекшеліктері.

2. Есімдік, лексика-грамматикалық сипаты.

3. Есімдік, прономиалдану процесі

4. Есімдіктерің синтаксистік қызметі.

5. Есімдіктің түрлері, айырмашылықтары.

6. Етістік сипаты.

7. Етістіктің есім сөздерден айырмашылығы.

8. Етістіктің морфологиялық сипаты.

9. Етістіктің категорияларына жалпы сипаттама, түрлері мен ерекшеліктері.

10. Болымды – болымсыздық категориясы туралы түсінік, сөз таптарындлағы көрінісі мен олардың ерекшелігі.

11. Салт – сабақтылық категориясы оның етіс категориясына қатысы.

12. Етіс категориясы туралы түсінік.

13. Етістіктің етіс категориясының салт сабақтылық категориясына қатысы.

14. Есімшенің түрлері мен тұлғалары.

15. Көсемшенің түрлері мен тұлғалары.

16. Есімше мен көсемшенің айырым белгілері.

17. Рай категориясы туралы түсінік.

18. Рай категориясының етістіктің категорияларына ара қатысы.

19. Етістіктің каузатив формасы.

20. Шақ категориясы.

21. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мәселесі.

22. Үстеу, түрлері, сипаты.

23. Үстеулердің қалыптасу тарихынан не білесіз?

24. Еліктеу сөздер, түрлері.

25. Еліктеу сөздердің семантикалық, морфологиялық, фонетикалық сипаты.

26. Еліктеу сөздердің түрлері, олардың ерекшелігі.

27. Одағай, сөйлемдегі алатын орны.

28. Одағайлардың лексика–грамматикалық ерекшеліктері.

29. Шылаулар және олардың түрлері.

30. Модаль сөздер.


1 Емтиханға дайындалатын сұрақтар:
Көптік жалғау ненің көрсеткіші?

А) Етістіктің болымсыздық категориясының.

В) Сын есімнің шырай категориясының.

С) Зат есімнің сандылық категориясының.

Д) Зат есімнің тәуелдік категориясының.

курс бойынша жазу жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндамалар, курстық жұмыстар)

1 .Грамматиканың лексикологияның фонетика, стилистикамен байланысы.

2. Шырай категориясының зерттелуі, ғалымдар көзқарастары, талас пікірлер.

3. Рай категориясының етістіктің категорияларына ара қатысы.

4. Күрделі сөздер және олардың түрлері.

5.Түрік изафеті және оның ерекшелігі.

6.Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі

7.Болымды – болымсыздық категориясы туралы түсінік, сөз таптарындлағы көрінісі мен олардың ерекшелігі.

8. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мәселесі.
СӨЖ тақырыптары жоспарланбаған.
11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

Білімді бағалау схемасы


A-

3,67

90-94

өте жақсы

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлық


Тапсырмалар

1 Тұғын ненің жұрнағы?

+a) есімше

b) етіс


c) рай

d) көсемше

2 Меншік иесінің көп екендігін білдіретін тәуелдеу түрі:

a) оңаша


+b) ортақ

c) екеуі де

d) жартылай оңаша

3 Тәуелдеулі зат есімдерге жалғанатын барыс септік жалғауы:

a) –а, -е

b) –ға, -ге

c) –қа, -ке

+d) –а, -е, -на, -не

4 Заттың бет жағына, алдыңғы жағына жақын мекенді білдіретін көмекші есім.

a) арты


b) асты

+c) алды


d) үсті

5 Субстантивтенбей тікелей өзінің негізгі мағынасында тұрған сын есімге тіркесетін септеулік шылаулар:

a) тәрізді, арқылы

b) бойы, жөнінде

+c) сияқты, тәрізді

d) жайлы, жайында

6 –ажақ; -ежек; ненің жұрнағы?

+a) есімше

b) зат есім тудырушы

c) сын тудырушы

d) етіс тудырушы

7 Туынды сын есімдерді тап.

a) ақ, сары, уайымшыл

+b) балалық, аудандық, үйлі

c) жақсы, қысқа, таулы

d) ірі, тік, жылы

8 Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар:

a) –лық, -лік, -ынды, -інді

b) –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш

c) –шақ, -шек, -ша, -ше

+d) –дық, -дік, -тық, -тік, -лы, -лі

9 Күшейтпелі шырай бар мысалды /сөйлемді/ тап:

a) Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті артық, бәйге алмаған жүйріктен белі жуан бесті артық /М/.

b) Сүйкімді менен артық жан табылар /А/.

c) Бұдан артық қараңғы бұрышты қой қорадан ғана табарсың /Мұст/.

+d) Жеңеше-ау, көзің тіп-тік сөзің аптық.

10 Күшейтпелі шырай қатысқан сөйлемді көрсет:

a) Сүйкімді менен артық жан табылар

b) Үлкен өткір қоңырқай көздері ерекше ажарлы

+c) Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай

d) Бұл ат – аттың жүйрігі

11 Сан есімдер іштей мағыналық және морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сәйкес неше топқа бөлінеді?

a) 4

b) 3


c) 7

+d) 6


12 Дара есептік сан есімдерді тап.

+a) он, жиырма, отыз

b) бір, жиырма үш, үш жүз

c) отыз, қырық төрт

d) мың бір жүз елу

13 -лік қосымшасы жалғанғанда бір сан есімінен қандай сөз табы жасалады?

+a) зат есім

b) сын есім

c) сан есім

d) етістік

14 Қандай реттік сан есім алғы, алғашқы, әдепкі, әуелгі деген сөздермен синонимдік мағынада қолданыла алады?

a) екінші

+b) бірінші

c) төртінші

d) бесінші

15 -ер қосымшасы қандай сан есімге тән?

a) екі, үш

b) бір, төрт

c) алты

+d) бір


16 Бөлшектік сан есімдер дегеніміз –

a) белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі, реттік жүйесін белгілейді

b) сан мөлшерін жинақтап көрсетеді

c) өзара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіреді

+d) белгілі бір заттар мен құбылыстардың үлесін, бөлшегін білдіреді

17Көптік мағынаны білдіреп тұрған зат есімдерді тап:

a) Тайбурыл, Байшұбар

b) дүкен, үй, мұғалім

c) аю, балықшы

+d) құрал-сайман, үйір-үйір, жіп-шуда

18 Қай септік жалғауы сөзге қосылған кезде грамматикалық тәуелділікті білдіреді?

a) атау


+b) ілік

c) барыс, көмектес

d) жатыс

19 Туыстық жақындықты білдіріп тұрған жалғаулы сөзді көрсет.

a) Асқардың кітабы, жолдасымның үйі

b) Мұнайдың қалдығы, тұздың ерітіндісі

c) Кітаптың мұқабасы, адамның келбеті

+d) Досымның әйелі, егіздің сыңары

20 Тәуелдік жалғаулы зат есімнен кейін жалғанатын табыс септік жалғауы:

a) –ны, -ні

b) –ды, -ді

+c) -н


d) –ты, -ті
Студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет сұрақтар

  1. Қазақ тілі грамматикасының зерттелу тарихы.

  2. Морфология саласын зерттеуші ғалымдар және олардың еңбектеріне шолу.

  3. Өтілген тақырып бойынша студенттерге бақылау сұрақтарын қою

  4. Қазақ тілі грамматикасының зерттелу тарихы.

  5. Морфология саласын зерттеуші ғалымдар және олардың еңбектеріне шолу.

  6. Өтілген тақырып бойынша студенттерге бақылау сұрақтарын қою

  7. Лексика-семантикалық, аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, ерекшеліктері.

  8. Қазіргі қазақ тіліндегі нөлдік морфема, зерттелуі.

  9. Атауыш, көмекші, одағай сөздерге көркем шығармадан 15-15-тен мысал табу, оның ерекшелігін түсіндіру.

  10. Осы көркем шығармадан 3 сөйлемді ала отырып, құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылымын анықтау, талдау.

  11. Өтілген тақырып бойынша студенттерге бақылау сұрақтарын қою


«Білімді бағалау схемасы»




Бағалау критериясы

Бағалау түрі

Апталар

%

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы (СОЖӨЖ)

1

28

++

++

++

++

++

++

++

++

++

++

++

++

+

+

++

2

Жеке жұмыс (реферат)

1

4




+




+













+




+













3

Бақылау жұмысы (тест)

5

10
















+






















+




4

Коллоквиум 1


5,5

5,5



















+

























5

Коллоквиум 2


5

5











































+

6

Зертханалық сабақта белсенділік

0,5

7,5

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

7

Емтихан




40




8

Қортынды




100

Барлық семестр уақытында 2 рубеждік бақылау (7-ші – 15 – ші жұмада). Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек.


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет /жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша/.
Сабаққа қатысуы: Сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.
Аудиториядағы жағдайы: Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:

  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

Өз пікірін дәлелдесе;

Сабаққа белсенді қатысса;

Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса


Үй тапсырмасы: Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген

уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.


Жеке тапсырма: Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Бақылау жұмысы: Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.
12. Сабақтарда қолданылатын бағдарламалы және мультимедиялық құралдар жоқ

13. Арнайы жабдықталған аудиториялар мен лабораториялар жоқ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет