Барлығы – 60 сағат


Әдебиеттер: З.Қ.Тоқаев Жалпы және арнаулы гистология практикумы 5- 9 беттер Апта 12



бет3/4
Дата21.07.2017
өлшемі0,78 Mb.
#21421
1   2   3   4

Әдебиеттер:

З.Қ.Тоқаев Жалпы және арнаулы гистология практикумы 5- 9 беттер



Апта 12

Кредит сағат 1

Сараман №2

Тақырыбы: Эпителиальды ұлпалар

Мақсаты: 1. Ұлпа дегеніміз не екенін біліп алып оның пайда болуын және жіктелу негізін анықтап алу.

  1. Барлық эпителийлерге тән морфологиялық белгілерін ұғып алу.

  2. Бір қабатты эпителийдің, бір қабатты көп кірпікті эпителий мен көп қабатты эпителийдің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу.

  3. Бездердің морфологиялық жіктелуін және олардың секреция түрлерін ұғып алу.

Сараман сабақ мазмұны:

  1. тапсырма. Микроскоптың кішкене ұлғайтқышымен № 1 –ші микропрепараттан – жалпақ көп қабатты эпителийдің құрылысын қарап ағзаның қай жерінде орналасатынын айтып суретін салу.

  2. тапсырма. № 2, 3 микропрепараттан – бүйректің несеп түтікшесінің көлденең кесіндісінен биік призмалы және аласа призмалы эпителийлерді кішкене ұлғайтқышпен қарап айырмашылықтарын тауып, суретін салып алу қажет.

  3. тапсырма. № 4,5, 6 микропрепараттан мезотелий, өтпелі эпителий, кірпікшелі эпителий құрылыстарымен танысып, суретін салу.

  4. тапсырма. Безді эпителийдің құрылысын № 7 препараттан қарап танысу. Бездердің құрылысы мен секрецияның түрлерін жақсы айқындалған, түрлі-түсті көрнекті суреттерден мұқият қарау керек. Оқытушының көмегімен эндокриндік безхдердің қарапайым және күрделі болып бөлінетінін, әрі эндокриндік бездердің құрылысының ерекшеліктерін және секрециялардың мерокриндік, апокриндік және голокриндік түрлерінің белгілерін анықтау керек.

  5. тапсырма. Микроскоптың кішкене ұлғайтқышымен № 19 препараттан – жалпақ көп кабатты мүйізденген эпителийді көру керек. Бұл терінің сыртқы қабаты эпидермис. Осыдан бес қабатты тауып, әрқайсысының атауларын еске түсіріп, оларды үлкен ұлғайтқышпен қарау керек. Эпителиальды қабаттың жіңішке тілімінің суретін таблицадан салып қабаттарын белгілеу.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 9-23беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. Беттер

З.Қ.Тоқаев Жалпы және арнаулы гистология практикумы 23-26беттер


Апта 13

Кредит сағат 1

Сараман №3

Тақырыбы: Ретикулярлы және борпылдақ дәнекер ұлпа. Қан және лимфа

Мақсаты: 1. Ретикулярлы және қалыптаспаған ұлпалардың құрылысын, атақаратын қызметін және организмде қалай таралғанын меңгеріп алу.

  1. Қанның құрамын және атқаратын қызметін анықтап алу.

  2. Эритроциттердің, лейкоциттердің және қан пластинкаларының морфологиялық белгілерін зерттеу.

Сараман сабағының мазмұны:

1-ші тапсырма. № 8 препараттан мезенхиманың құрылысын қарап, ол қандай ұлпа екендігіне сипаттама жазып, суретін салу.

2-ші тапсырма. № 9 препараттан - сөл безіндегі (лимфа түйініндегі) ретикулярлы ұлпадан кішкене ұлғайтқышпен кесіндінің орта тұсында неғұрлым ашық боялған жерді тауып, оны үлкен ұлғайтқышпен қарау керек.

3-ші тапсырма. № 10 препараттан борпылдақ дәнекер ұлпаны кішкене ұлғайтқышпен қарап танысу және суретін салу. Қалыптаспаған борпылдақ дәнекер ұлпада клеткалардың бірнеше түрі болады. Тек екі түрі ғана үнемі көрінеді. Бұлар фибробластар мен гистиоциттер. Оларды № 11 препараттан қарап анығырақ танысу, суретін салу.

4 – тапсырма. № 12, 13 препараттардан бақаның және адамның қан жағындысынан кішкене ұлғайтқышпен айырмашылықтарын қарап, үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып, қан клеткаларының түрін тауып, таблицамен салыстырып, суретін салу.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 166-180 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

З.Қ.Тоқаев Жалпы және арнаулы гистология практикумы 26-28беттер



Апта 14

Кредит сағат 1

Сараман №4

Тақырыбы: Тірек-механикалық ұлпалар топтары

Мақсаты: 1. Гиалинді, серпімді және талшықты шеміршектердің құрылысын зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде екенін анықтап алу және организмнің қай жерінде орналасатынын білу.

  1. Сүйек ұлпасының құрылысындағы ерекшеліктермен танысып, олардың қайсысы қандай сүйектерді түзетінін анықтап алу.

  2. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысын меңгеріп алу.

  3. Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының құрылысындағы ерекшеліктерін айқындау.

Сараман сабақ мазмұны:

1-ші тапсырма. Шеміршек ұлпасының құрылысын, түрлерін № 20, 21, 22-ші дайын препараттан қарап суретін салу. Шеміршектердің сипаттамасын жазу.

2.-ші тапсырма. Сүйек ұлпасының құрылысын , құрамын, сүйектің дамуын № 23, 24 препараттардан қарап, суретін салу.

3-ші тапсырма. Бұлшықет ұлпасы және түрлерін № 28, 29 препараттан қарап, айырмашылықтарын анықтап, суретін салу.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 166-180 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

З.Қ.Тоқаев Жалпы және арнаулы гистология практикумы 26-37 беттер



Апта 15

Кредит сағат 1

Сараман №5

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің ұлпалары

Мақсаты: 1. Жүйке ұлпасының қандай гистологиялық элементтерден тұратынын және олардың даму көздері неде екенін ұғып алу.

2. Нейроциттердің морфологиялық белгілеріне және олардың рефлекторлық доғадағы орналасуына қарай жіктелуін ұғып алу.



Сараман сабағының мазмұны:

1-тапсырма. Жүйке жасушаларының құрылысын № 30 препараттан қарап танысу, суретін салу. Миелинді жүйке талшықтары, миелинсіз жүйке талшықтарын № 33, 34, 35 препараттардан қарап, айырмашылықтарын анықтау.

2– тапсырма. Рефлекторлы доға суретін салу

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 238-254 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М.215-238 Беттер

А.И.Новиков, Е.С.Святенко 149-166 беттер

З.Қ.Тоқаев Жалпы және арнаулы гистология практикумы 26-28беттер
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕ-РИАЛДАР: ҮЙГЕ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МӘТІНІ, ӘРБІР ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУ МАТЕРИАЛДАРЫ, РЕФЕРАТ Т.Б. ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР, ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ЖӘНЕ УАҚЫТ КӨЛЕМІ.
Реферат тақырыптары

1. Тері эпителийі

2. Ішек эпителийі

3. Без эпителийі

4. Ретикулалық ұлпа және қызметі

5. Дәнекер ұлпасы

6. Шеміршек ұлпасы

7. Сүйек ұлпасының қызметі және дамуы

8. Бұлшықет ұлпасының түрлері және қызметі

9. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы

10. Көлденең салалы бұлшықет ұлпасы

11. Жүрек бұлшықет ұлпасы

12. Жүйке ұлпасы және қызметі

13. Нейроглия – нерв ұлпасының көмекші және құрамды бөлігі

14. Нерв талшықтары

15. Тығыз дәнекер ұлпа

16. Борпылдақ дәнекер ұлпа

17. Эндотелий

18. Мезенхима

19. Эпителий немесе эпителиалдық ұлпа



20. Гистологияның даму тарихы

10. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРІ (ЕГЕР ПӘН БОЙЫНША ҚАЖЕТ БОЛСА.)

Жоспарланбаған
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ (БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА, ӨЗІН-ӨЗІ ДАЯРЛАУ СҰРАҚТАР ТІЗІМІ, ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТТЕР ЖӘНЕ Т.Б.)

Бағалау саясаты


«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:


Бағалау критерийлері

Бағалау түрі

Жұмыс үшін балл

Орындалған жұмыс көлемі

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)

100

15

Зертханалық жұмыста белсенділік


100

15

СОӨЖ-дағы белсенділік

100

15

СӨЖ орындауы

100

15

Жеке тапсырмалар

100

6

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

N

Ағымдық бақылау

100

2

Емтиханға жіберілетін рейтинг

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы

Қорытынды бақылау (емтихан)

(Р1+Р2)/2




Қорытынды

Ағымдық бақылау * 0,6




Жеке тапсырмалар

100*0,4




Рубеждік бақылау

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже




Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Экология бойынша бақылау жұмысы №1

Тест орындау

Тест сұрақтары:

1-нұсқа

Гистология пәні, ұлпа олардың жіктелуі


1. Жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін дамуын зерттейтін ғылым:

А. Гистология

В. Анатомия

С. Физиология

D. Цитология

Е. Эмбриология

2. Белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан клеткалар мен клеткааралық заттардың комплексі:

А. Ұлпа


В. Мүше

С. Ағза


D. Жасуша

Е. Аморфты зат

3. Ұлпалардың бірінші классификациясын 1853 жылы жасаған ғалым:

А. Франс Лейдиг

В. Роберт Браун

С. Дюбуа-Реймон

D. М.Шлейден

Е. Роберт Гук

4. Лейдиг пен Келликер ұлпаларды неше топқа бөлген:

А. 4


В. 5

С. 3


D. 2

Е. 6


5. Заварзиннің ұлпаларға жасаған топтамасында жалпы маңызды ұлпаға не жатады:

А. Эпителиальдық ұлпа мен дәнекер ұлпа

В. Бұлшықет пен нерв ұлпасы

С. Дәнекер ұлпа мен нерв ұлпасы

D. Бұлшықет пен эпителиальдық ұлпа

Е. Ретикулалық пен эндотелий

6. Шала жіктелген клеткаларды А.А.Заварзин қалай атаған:

А. Камбиялық клеткалар

В. Жүйке клеткалары

С. Эндодермалық клеткалар

D. Энтодермалық клеткалар

Е. Гистиоцит клеткалары

7. Заварзиннің ұлпаларға жасаған топтамасында «мамандалған ұлпаларға» не жатады:

А. Бұлшықет ұлпаларымен жүйке ұлпасы

В. Эпителиальдық ұлпа мен дәнекер ұлпа

С. Дәнекер ұлпа мен нерв ұлпасы

D. Бұлшықет пен эпителиальдық ұлпа

Е. Ретикулалық пен эндотелий

8. Гистология грек сөзі:

А. ұлпа


В. жасуша

С. мүше


D. ағза

Е. органоид

9. Ағылшын математигі 1665 ж. өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп клетка терминін енгізген ғалым:

А. Роберт Гук

В. Заварзин

С. Лейдиг

D. Дюбуа-Реймон

Е. М.Шлейден

10. Микроскопты алғаш құрастырған кім:

А. З.Янсен, 1590ж.

В. Заварзин, 1592 ж.

С. Р.Гук, 1665 ж.

D. Х.Гюйгенс1659 ж.

Е Л.Эйлер, 1620 ж.

11. Ресейдегі алғашқы гистологтар:

А. Н.М.Якубович

В. П.В.Горянинов

С. В.И.Беляева

D. И.И.Герасимова

Е И.Д.Чистякова

12. Метилин көгерткішін қолдануды ұсынған, Казан университетінің гистологы:

А. К.А.Арнштейн

В. П.В.Горянинов

С. В.И.Беляева

D. И.Д.Чистякова

Е. П.В.Горянинов

13. Гистология технологиясында қолданылатын бояғыш табиғи заттар:

А. кармин және гематоксилин

В. аналинді

С. фуксин

D. сафранин

Е метил көгерткіші

14.Биологияда, медицинада және ауыл шаруашылығында көп қолданылатын әдіс:

А. радиография әдісі

В. Ұлпаларды өсіру әдісі

С. Гистохимиялық әдіс

D. микрофотометрия

Е витальды бояу әдісі



    1. нұсқа

Эпителий ұлпасы

1. Эпителиальдық ұлпа басқалай қалай аталады:

А. Шекаралық ұлпа

В. Ішкі орта ұлпасы

С. Серозалық ұлпа

D. мамандалған ұлпа

Е. Жалпақ ұлпа

2. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаның алғаш рет терминін ұсынған ғалым Рюйеш. Ол қандай ұлпа:

А Эпителий

В. Дәнекер

С. Шеміршек

D. Сүйек

Е. Мезенхима

3. Эпителиальдық ұлпа клеткаларын қалай атайды:

А. эпителиоцит

В. Гранулоцит

С. Агранулоцит

D. Гистиоцит

Е. Эритроцит

4. Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларын, серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардың беттерін астарлап тұрады:

А Мезотелий

В. Бездік эпителий

С. Мезенхима

D. Тері эпителийі

Е. Ішек эпителийі

5. Эпителийдің құрылыс ерекшелігіне қарай түрлері:

А. Бір қабатты және көп қабатты

В. Көп қабатты және екі қабатты

С. Үш қабатты

D. төрт қабатты, бір қабатты

Е. қос қабатты

6. Эпителийде не болмайды:

А. Қан мен лимфа

В. Жүйке талшықтары

С. Секрет бөлу

D. Сіңіру функциялары

Е. Бездер

7. Эпителийдің онто және филогенетикалық классификациясын жасаған ғалым:

А. Н.Г.Хлопин

В. Заварзин

С. Лейдиг

D. Дюбуа-Реймон

Е. М.Шлейден

8. Эпителиальдық ұлпаның негізін не құрайды:

А. Клеткалар

В. Аморфты заттар

С. Талшықтар

D. Сұйық

Е. Тіндер

9. Базальдық мембрана арқылы диффузиялық жолмен қоректенетін қандай ұлпа:

А. Эпителий ұлпасы

В. Дәнекер ұлпасы

С. Бұлшықет ұлпасы

D. Сүйек ұлпасы

Е. Шеміршек ұлпасы

10. Эпителий үнемі сыртқы ортаның әсерінде болады. Осыған байланысты олардың қандай қабілеті жоғары:

А. Регенерациялық

В. Қорғаныштық

С. Трофикалық

D. Өткізгіштік

Е. Рефлекстік

11. «Щеткалық көмкерме» деп аталатын ішек эпителийінің клеткалары :

А. Сіңіруші

В. секреторлық

С. Цилиндр пішінді

D. Куб пішінді

Е. Үш бұрыш пішінді

12. Дәнді зона жалпақ клеткалардың неше қатарынан тұрады:

А. 3-4


В. 1-2

С. 5-6


D. 8-9

Е. 5-8


13. Жылтырлық қабатының клеткалары неше қатар құрайды

А. 2-4


В. 6-7

С. 5-6


D. 8-9

Е. 10-11


14.Теріде денемізді кеуіп кетіден, механикалық зақымданудан және микробтардың енуінен қорғайтын зат:

А. кератин

В. тропонин

С. тропомиозин

D. секреторлық

Е. сіңіруші клетка

15. Тармақталмаған бір ғана өзегі бар без:

А. Жабайы без

В. Күрделі без

С. Ішек безі

D. экзокриндік без

Е. эндоэпителиалдық без

16. Егер өзектің тармақталған жүйесі болса ол қандай без:

А. Күрделі без

В. Жабайы без

С. Ішек безі

D. эндоэпителиалдық без

Е. экзокриндік без

17. Секрет түзу тәсіліне қарай бездер нешеге бөлінеді:

А. 3


В. 5

С. 2


D. 1

Е. 8


18. Секреция процесі кезінде клетка толықтай бұзылып, өліп, ішкі құрылымы секретке айналады. Бұл қай без:

А. Голокриндік без

В. Апокриндік

С. Мерокриндік

D.Жабайы без

Е. Күрделі без

19. Секрет клеткалардың ішінде түзіледі де мембранамен қоршалған көпіршік түрінде клетканың бос бетіне бөлінеді. Бұл қандай без:

А. Мерокриндік

В. Жабайы без

С. Голокриндік

D. Күрделі без

Е. Апокриндік

20. Секрет түзілу кезінде цитоплазманың үстіңгі бөліктері бөлініп, секрет құрамына кіреді. Бұл қандай без:

А. Апокриндік

В. Мерокриндік

С. Голокриндік

D. Күрделі без

Е. Жабайы без

21. Секреттің химиялық құрамы әртүрлі. Осыған байланысты экзокриндік бездер төртке бөлінеді:

А. Белоктік, сілекей, аралас, май бездері

В. Май, сілекей, ұйқы, белоктік

С. Аралас, май бездері, ұйқы безі

D. Белоктік, сілекей, бауыр, жабайы без

Е. Сілекей, ұйқы безі, аралас безі, күрделі без

22. Ішек эпителийінің барлық клеткалары неше сағатта жаңарады:

А. 30-36 сағат

В. 2-3 сағат

С. 40-45 сағат

D. 20-25 сағат

Е. 6-9 сағат

23. Аналық жыныс безін қаптайтын, бүйректің жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердің ұсақ өзектерін астарлап тұратын эпителий түрі:

А. Бір қабатты куб пішінді

В. Көп қабатты

С. Целомдық

D. Бір қабатты цилиндр

Е. Көп қабатты куб пішінді

24. Ауызбен өңештің ішкі қуысын, қынапты, көздің мүйіз қабығының бетін, тік ішектің артқы бөлігін астарлайтын эпителий түрі:

А. Көп қабатты эпителий

В. Бір қабатты эпителий

С. Целомды эпителий

D. Бір қабатты цилиндр пішінді эпителий

Е. Көп қабатты мүйізделуші эпителий

25. Мүйізделген көп қабатты эпителий құрылысы мен қасиеттері түрліше қабаттардан тұрады. Осы аттарды үш зонаға біріктіреді:

А. Өсуші , дәнді , мүйізді

В. Дәнді , базальдық , жылтырақ қабат

С. Жылтырақ, базальдық, өсуші

D. Мүйіз, өсуші, дәнді

Е. жылтырақ, базальдық, дәнді




3 нұсқа

Бұлшықет ұлпасы

1.Бұлшықеттің неше түрі бар:

А. 3


В. 2

С. 4


D. 5

Е. 6


2. Бірыңғай салалы бұлшықеттің жиырылу қызметін қандай жүйке жүйесі реттейді

А. Вегетативтік

В. Соматикалық

С.Жұлын


D. Сопақша ми

Е. Вароли көпірі

3. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының құрылымдық элементі

А. Бірыңғай салалы ет клеткасы

В. Симпласт

С.Тропомиозин

D. Тропонин

Е. Саркоплазма

4. Бірыңғай салалы бұлшықеттің цитоплазмасының жуандығы 7 нм жіңішке филаменттерді қалай атайды.

А. Актиндік

В. Миозиндік

С. Сарколемма

D. Гликоген

Е. Симпласт

5. Бірыңғай салалы бұлшықет цитоплазмасында диаметрі 17 нм филаменттер:

А. Миозиндік

В. Актиндік

С. Сарколемма

D. Гликоген

Е. Симпласт

6.Әрбір жеке миофибрилла кезектесіп орналасатын учаскелерден тұрады.Олардың біріншілері күңгірт, екіншілері ақшыл, олар қалай аталады:

А. дискілер

В. талшықтар

С. клеткалар

D. ядролар

Е. митохондриялар

7. Аралық ферменттердің жуандығы:

А. 10 нм.

В. 15нм.

С. 17нм.


D. 20нм.

Е. 25нм.


8. Сомалық ет деп қай ұлпаны атайды:

А. Көлденең жолақты бұлшықет

В. бірыңғай салалы клетка

С. Жүректің ет ұлпасы

D. Жүректің ет клеткасы

Е. бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы

9. Көлденең салалы бұлшықеттің құрылымдық элементі:

А. Симпласт

В. Сарколемма

С. Актин


D. Миозин

Е. Саркоплазма

10. Саркоплазма дегеніміз:

А. Бұлшықет талшығының цитоплазмасы

В. Бұлшықет клеткасы

С. Бұлшықет ядросы

D. Бұлшықет белогы

Е. Бұлшықет талшығы

11. Көлденең жолақты бұлшықеттерді зерттеген анатомик:

А. П.Ф.Лесгафт

В. И.П.Павлов

С. С.И.Лебедкина

D. Н.Я.Герне

Е. Заварзин

12. Саркоплазмада қандай ерігіштік белок болады:

А. миозин

В. актин

С. тироксин

D. тропонин

Е. вазопрессин

13. Сарколеманың «саркос» деген грек тілінен қалай аударылады:

А. ет


В. қабықша

С.сіңір


D. талшық

Е. клетка

14.Бұлшықеттерді зерттейтін ғылым:

А. Миология

В. Остеология

С. Миокардия

D. Кардиология

Е. Ангиология

15. Миофибриллалардың жануарларда жуандығы қандай:

А. 0,5-2 мкм.

В. 2-2,5 мкм

С. 3–3,5 мкм

D. 4-4,5мкм

Е. 3,5-4мкм

16. Адам денесіндегі бұлшықеттер саны:

А. 600-ден астам

В. 200-ден астам

С. 300-ден астам

D. 100-ден астам

Е. 800-ден астам

17. Жаңа туған нәрестенің бұлшықетінің түсі:

А. Ашық қызыл

В. Күрең қызыл

С. Қошқыл қызыл

D. Шиедей қызыл

Е. Сарғылт қызыл

18. Біруақытта бірыңғай жұмыс атқаратын еттер қалай аталады:

А. синергистер

В. хронаксия

С. фиксаторлар

D. қатайтушы фиксатор

Е. локомоция

19. Бір-біріне қарама-қарсы жұмыс істейтін бұлшық еттер:

А. Антогонистер

В. Синергистер

С. Фиксаторлар

D. Қатайтушы фиксатор

Е. Локомоция

20. Бір қалыпты қимылсыз қатайтып ұстайтын еттер.

А. Фиксаторлар

В. Антогонистер

С. Синергистер

D. Локомоция

Е. Хронаксия

21. Бұлшықет жиырылуына қажетті энергия көзі:

А. гликоген

В. миозин

С. актин


D. тироксин

Е. тропонин

22. Күңгірт дискілерді қалай атайды:

А. анизатропты

В. изатропты

С. протофибрил

D. сарколемма

Е. гликоген

23. Жүрек бұлшықет клеткасы:

А. Миокард

В. Симпласт

С. Кардиомиоцит

D. Эндокард

Е. Эпикард

24. Бұлшықет талшығында көлденең жолақты қалай атайды:

А. Аралық жолақ

В. Орталық жолақ

С. Шеткі жолақ

D. Алдыңғы жолақ

Е. Медиальді жолақ

25.Жеке миофибрилладағы ақшыл дискілерді қалай атайды:

А. изотропты

В. анизотропты

С. А жолақтар

D. Н жолағы

Е. гликоген





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет