Құрманғазы − қазақ музыкасының классигі
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін қазақ халқының аяулы перзеттерін мемлекеттік дәрежеде ұлықтап ардақтау - бірден қолға алынған міндет болды. Осындай қамқорлық көзқарастың арқасында Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Махамбет Өтемісов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин мерейтойлары ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті.
Осы шаралардың ішіндегі ерекшесі - Құрманғазы бабамыздың тойы, бұл той елімізде тұратын барлық ұлт-ұлысқа ортақ өнердің тойы болды. Өйткені Құрманғазы мұрасы бүкіл адамзат ұрпағына тән өмірдегі түйіткілдер мен фәнилік һәм бақилық шындықтың куәгеріндей ұлы еді.
Құрманғазының 175-жылдығы Ресей жерінде (Астрахан жерінде және Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы концерт залында), Түркияның біраз қалаларында сонымен қатар көптеген достастық елдерінде үлкен салтанатпен өтті. Осы оқиғаға байланысты 1998 жылдың 27 қарашасьшда Алматы қаласында өткен салтанатты жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деді: «Құрманғазы арқылы қазақ даласын бүкіл планета таныды, ал біздің халықты әлем мойындады».
19-ғасыр - Ресей саясатында қазақ жерін колонияға айналдырудың әрі қарай жалғасқан кезеңі еді. Қазақ қоғамына ендеп кірген капиталистік өндіріс қатынасы рулық-билік жүйесіне құрылған дала заңымен шарпысқан заманды алып келді. Қалың бұқара орыс өктемшілігімен бірге байлар мен шенді-шекпенділердің қанаушылық қамытын басына киді. Осы тарихи факторлар халық санасын оята бастады. Соның салдарынан Арынғазы, Сырым, Есет, Бекет, Жанқожа, Досан, Жәуке, Исатай, Махамбет, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай сияқты халық батырлары көтерілістер ұйымдастырды.
19-ғасырдың есте қаларлық ерекшелігі өнер мен мәдениетке де қатысты болды. Осы ғасыр тарихи тайталастарға қарамастан ұлттық өнеріміздің шарықтап шыңға шыққан шағы болды. Халық арасынан шыққан біртума дарындар осы кезеңде емір сүрді. Жоғарыда аттары аталған бірсыпыра өнерпаздар шоғырымен бірге ел арасынан ауызша дәстүрді еміп өскен төкпе ақындар, сал-серілер мен әнші-өлеңшілер де халыққа таныла бастады. Олардың ішінен рухани байлығымыздың қазынасын толтырған толағай таланттар - Мұхит, Ақан сері, Біржан сал, Абай, Мәди, Үкілі Ыбырай, Естай, Жаяу Мұха, Әсет, Балуан Шолақтардың есімдері ілтипатпен аталады.
Осынау қазақ дарындарының ішіндегі өнердегі «жолы үлкендік» жоралғы сөз жоқ, күй атасы - Құрманғазы Сағырбайулына (1823-1889) тиесілі. Болашақ домбырашының жастық шағы Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық көтерілісіне дөп келіп, оның санасында бостандықты сүйгіш сезім түйін салды. Халық батырларының отаршылыққа қарсы күресі жас Құрманғазының халық мұң-зарын ертерек ұғынуына үлкен әсер етіп, намысын оятты. Ол үшін Исатай мен Махамбет еркіндік пен ерліктің символы (үлгісі) болды.
Дарын иесінің шабытын қозғаған халық арасына ауызба-ауыз тараған Махамбеттің өршіл поэзиясы еді. Туған халқы үшін жанын шүберекке түйген ақын өз арманын былай жырлады:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам - деп едім.
Жағалай жатқан сол жерге
Мал толтырсам - деп едім.
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық.
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік.
Теңдікті, малды бермедік,
Теңсіздік малға көнбедік!
Исатай мен Махамбеттің ерлігіне арнаған Құрманғазының «Жігер», «Кішкентай», «Көбік шашқан» сияқты күйлері халықтық ұранға айналды.
Мөлтек симфония сияқты бұл шығармаларында сазгер төзімді, тәкаппар халықтың бейнесін жасады. Күйлердің өн бойы сезімшіл экспрессия мен психологиялық шиеленістерден тұрады. Құрманғазының бұл туындыларына эпиграф ретінде «Сағынам аузыма алсам Исатайды» деген атақты Шернияз ақынның сөзіне жауап ретінде айтақан:
Исатай мен Махамбет
Өкіне ме екен, «өлдім» деп!
- деген өз өлең жолдарын алуға эбден болатындай.
Құрманғазы төкпе күй стиліндегі домбыра өнерінің ірі арнасының негізін салды және осы мектептің кәсіби шыңына шыға алды. Домбыра музыкасының тақырыптық аясы кеңейіп, жаңа соқпаққа түсті. Ол - 60 шақты күйдің авторы. Ұлы музыканттың жаңашыл қолтаңбасы оның әр күйінен, жалпы шығармашылық кейпі мен дыбысты еркін билеп-төстеген даңғайырлығынан анық білініп тұрады. Сазгер шығармалары от шашқан жанартау сияқты. Әсем мелодиялық өрім мен метрлік Құрманғазыньщ ерекше дарынының алдында оңай шешіліп отырды. Дала халқының өршіл тұлғасы жасалды. («Сары-арқа», «Балбырауын» сияқты күйлерінің ырғақтық екпінге құрылған күй композициясы мен формасы шын мәніндегі аспаптық өнердегі көркемдіктің шедеврлер үлгісі. Күй тақырыбы мен оның кейіптік (образдық) күрделілігі, өзі өмір сүрген замандағы адамдар бейнесі («Төремұрат»), туған жер табиғаты («Қызыл қайың», («Алатау»), философияяық толғаныс («Көбік шашқан»), қоғамдық-әлеуметтік мәселелер («Кішкентай») сияқты тақырыптар сазгердің шығармашылығының негізі болды.
№8 Дәріс.
Қазақтың жазба дәстүрлі кәсіби музыкалық өнерінің және Қазақстанның композиторлық мектебінің қалыптасуы
1. Еуропалық кәсіби музыкальщ өнердің қазақ жерінде қалыптасуына байланысты шаралар. Алзашқы музыкалық ұжымдар.
Қазақтың кәсіби музыкасының іргетасы қаланып, дәстүрлі соқпаққа түскен XX ғасырдың алғашқы жартысы мәдениетіміз тарихындағы өркендеу кезеңі болып табылады, осы жылдар аралығында кәсіби музыка өнерінің барлық жанрын игерген ұлттық композиторлық мектеп қалыптасты. Қазақ музыкасының жетістіктерін әлем таныды.
Қазақ халқының ежелден ауызша дамыған байырғы мәдениеті енді Еуропа кәсіби үлгісіне бағытталып, үлкен өзгерісті және музыкалық әрекетінің жаңа түрін игеруді талап етті. Осы тұрғыдан атайтынымыз:
а) көркем өнерпаздар ұжымының қызметінен және мәдениет орындарының жұмыс барысынан құрылған театрдың концерттік өмірі қалыптасты (тетрлар, концерттік залдар, филармониялар);
б) «композитор, орындаушы, тыңдаушы» үш тағанының әрқайсысы өзінің рөліне сай музыкалық өмірді құрады;
в) кәсіби музыкалық білім беру орындары ашылды;
с) еуропалық дәстүрді енгізу музыканың мәнерлеу тәсілдеріне ықпалын тигізді. Еуропа аспаптары, жанрлары мен құрылымы, енгізілген көп дауысты фактура қазақ музыкасын байыта түсті.
Кәсіби музыка мәдениетінің даму жолында ең басты мәселе музыкалық сауатты жою: музыкалық мектептер, техникумдар, ағарту институттары, муз студиялар ашылды. Ресей орталық қалаларьшда дарынды жастарға арналған ұлттық муз. студиялар ашылды.
1919 жылдан бастап Верныйда т.б. қалаларда ақын, әнші, күйшілердің фестивалі, слеттер, сайыстар, олимпиадалар, онкүндіктер өткізілді. Халықтың дәстүрлі шығармашылығы жаңа мәдениеттің құрылуымен қатар өзінің дамуын тоқтатпай, белгілі орындаушылар осы мәдениеттің қалыптасуының басықасында болды. (Мысалы: Қарақаралы халық әншілер байқауының жеңімпазы Ғаббас Айтбаев болды).
Фольклорлық кабинет ашылып, ұлттық музыка үлгілері жиналды және нотаға түсірілді.
Халық аспаптары (домбыра, қобыз) ладтық жүйеге лайықталды. Оның басы-қасында А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л,Хамидилер болды. Кейіннен халық ән, күйлері фортепианоға және басқа аспаптарға өңделді. Сөйтіп, халық әні 30-шы жылдары домбырамен емес фортепианоның сүйемелдеуімен концерттік сахнаға шықты.
1925 жылы алғашқы драмалық театр, Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында ашылып, 1929 жылы жаңа астана Алматы қаласына ауысты, музыкалық-драмалық театр атанды. Онда «Еңлік Кебек» (М.Әуезов, Д.Мацуцин; «Айман Шолпан» (М.Әуезов, Коцык пен Шабельский), «Шұға» (Б.Майлин, Коцык пен Шабельский). Осы музыкалық-драмалық театрдың алғашқы орындаушылары және қазақ опералық жанрының қалыптасуына үлкен үлес қосқан гтақты онер қайраткерлері: Иса Байзақов, Е.Өмірзақов, Әміре Қашаубаев, Қ,Жандарбеков К.Қ.Байсейітовтар, Манарбек Ержанов, Шара Жиенқүловалар.
1934-ші жылдардан қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің тарихы басталады. Алғашында ансамбль, кейіннен үлкен академиялық оркестрге дейін өскен оркестрді алғашқы құрушы - А,Жүбанов. Ол: «Біз тек қазақ күйлерінің өңдеуін ойнамаймыз, әлі әлемдік музыка шедеврлері де ұлттық аспаптардың үнімен естіледі», - деген. Оның айғағына біз себепкерміз.
Кәсіби жазба дәстүрлі музыкалық өнердің қалыптасуына себепкер болғанның ішінде халық ән-күйлерін нотаға түсіріп, әлемге әйгілі еткен музыкатанушы этнографтар. Әсіресе, А.Затаевичтің еңбегін атап өтеміз. Ол 1925 жылы «Қазақ халқының мың әндері» атты жинағын баспадан шығарып, оның кіріспесінде талдамалық мақала берді. Мұнда қазақ музыкасының жанрлары, орындаушылар туралы деректер берілген.
Кейіннен Б.Ерзакович, А.Жұбанов, Л.Хамидилердің де осы түрғыдан енгізген үлестерін ерекше атау керек.
2. Қазақстан композиторлық мектебінің қалыптасуы мен дамуы. Негізгі сатылыры.
Қазақ композиторлық мектебінің қалыптасуы туралы музыкатанушылар әртүрлі пікір білдіреді. Соның ішінде біз негізделген пікір өнертану ғылымдарының докторы Үмітжан Жұмақованың докторлық диссертациясында белгілеген сатылар. Біздің ойымызша, ол музыкалық өнердің даму жолын тарихи жағдайлармен ұштастырып, нақты көрсете білген. Жұмақова композиторлық мектептің келесі сатыларын атаған:
Бірінші - 1920 жылдардың ортасынан - 1950 жылдарды қамтиды. Кеңес мемлекетінің туындап, қалыптаса бастаған кезеңі. Бұл социалисттік идеология әсер етіп, өнер (тақырып, образ, жанр, әдіс) толығынан саяси шешімдерге байланысты болған уақыт. Композиторлық мектепті дэстүрлі ұлттық мәдениеттің қайраткерлері және еуропа музыканттары құрды. Осы кезеңде еуропалық негізгі жанрлар және осы мәдениет өмір сүре алатын барлық институттар қалыптасты. Осы сара жолды салып, ұлт мәдениеті тарихымен біте қайнасқан өнер қайраткерлері - А.Жұбанов, Е.Брусиловский, М.Төлебаев, Л.Хамиди - кәсіби музыканың негізін қалаушылар. Алғашқы ұрпақ композиторлар.
№9 Дәріс.
Қазақ операсының фольклорлық бастаулары
Қазақстанның ұлттық опера өнері - халықтың рухани қазынасын байытқан жаңа дәуірдің ерекше құбылысы. Ел басына нәубет туған кезең XX ғасырдың басында қазақ жеріне келген бүл элемдік мэдениет жауһары қейінгі онжылдықтарды орай өтіп, ұлтымыздың музыкалық мұрасының аса маңызды құрамдас бөлігі болып қалыптасты. Бұл жанрдың биік мазмұны орыс және еуропа мәдениеті үрдісі негізінде ұлттық фольклорымызды кең қолдана отырып, халықтық мұраны жаңғырту болып табылады. Қазақстанда операның рөлі қоғамдық мінбер ретінде, кеңестік мәдениет құруды белсенді бастаған социалистік кезеңмен бірге тез қарқынмен дами бастады.
Операньщ жан-жақты мумкіндіқтері туралы атақты опера өнерінің майталманы, ұлы орыс сазгері - ІХИ.Чайковский: «Опера, тағы да опера адам баласын бір-біріне етене жақын етеді, сіздің музыкаңызды тыңдарманмен туыстастырады, сіз тек қана шағын үйірмелердің емес, сәті түссе бүкіл елдің көзайымына айналуыңызға мүмкіндігіңіз туады», - деген пікір қалдырған. И.И.Чайковский айтып отырған «сәттің түсуі» біздің елімізге өткен ғасырдың 30-жылдарымен түспа-түс келді.
Қазақстанда операның бірден қаз тұрып кетуі қиынға соқты, оның жолын көптеген қиындықтар тосып түр еді. Жарты ғасырда жазылған 32 қазақ операсының бәрі бірдей табысты болған жоқ, кейбірінің сахналануы сәтсіздікке ұшырады, кейбірі репертуарға орныға алмады, ал басқа бірі қойылысымен ұмытылып кетті. Тек аз ғана бөлігі уақыттың қатал сынынан аман қалды, ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын қорына кіріп, классиқамызға айналды. Қазақстандағы опера жанрының бастауы мен дамуы бұрыннан қалыптасып қалған академиялық формалар мен әлемдік классикалық опера өнерінің ықпалында болды, оған дәстүрлі қазақ мәдениетінің жанрлық, кейіптік (образдық) түрлері кең қолданылды. Опера жанрының дамуы барысындағы негізгі бағыт - дәстүрлі жанрлар мен әншілік-аспаптық фольклор қалпындағы үлгілерді жаңаша түрлендіру болды. Бұлардың біте қайнасып, жарасым табуы музыкалық мәдениет деңгейінің дамуына тікелей тәуелді еді.
Өткен ғасырдың 30-40-жылдарында жазылған алғашқы операларға халықтық музыканы кең қолдану әдісі тарихтың көзімен қарағанда дұрыс болды, әрі өзін ақтай алды. Музыкалық фольклорды пайдалану Орта Азия елдерінде де (өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік) қолданылды, кейінірек бұл әдіс көркемдік, мазмұндық талаптардың өсуіне сай келе алмады, мүның өзі ұлттық опералық стилистиканың жаңаша жол іздеуіне түрткі болды. Осының салдарынан архитектоника, музыкалық драматургия мэселелері түбірімен өзгеріске ұшырады, әуендік-интонациялық қаңқа (структура), ладтық-ырғақтық қоғамдасу ұлғайтылды, жанрлық түбір дамытылды.
Опера өнерінің озық үлгілері қатарына республиканың халық әртістері, алғашқы ұлттық сазгерлер А.Жұбанов пен Л.Хамиди жазған «Абай» (1944), КСРО халық әртісі М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» (1946) опералары жатады, ұлттық опера өнерінің шын мәніндегі зүміреті болған бұл туындыларға кезінде КСРО-ның мемлекеттік сыйлығы да берілді (1949).
Музыкалық драматургияның жаңа сатысына қөтерілу жұмыстары осыдан кейін көп күттірмей басталып та қетті. Е.Брусиловскийдің «Дударай» (1953) операсы Мәриам Жагорқызының (Мария Рьгеина 1887-1950) осы аттас әнінің лейттақырыбы (лейттема) негізінде жазылды, автор тақырып пен сюжетті қабыстыра отырып, кейіпкерлердің психологиялық мінездері мен жекелеген жағдаяттарының баяндалуын шегіне жеткізе білді.
XX ғасырдың 60-80 жылдары опера түбегейлі өзгеріске тап болды. Бұл өзгеріс бәрінен бұрын сюжеттік-тақырыптық негізге қатысты, ендігі жерде шығарманың басты тұғыры ауызша поэтикалық фольклор - батырлар жыры, лирикалық-романтикалық және әлеуметтік тұрмыстық эпос мазмұнына құрыла бастады. Заманымыздың көрнекті жазушысы Мүхтар Әуезов былай деп жазды: «Халық - әнші, халық — ақын, көнеден жол тартқан шабытты поэтикалық қасиетінің арқасында өлмес мұралары – эпикалық поэмалар мен халық әндерін қалдырған, онда бүтін ұлттың төлтума рухы сақталған».
Халықтың эпикалық мұрасына бетбұрыс – Қазақстандағы опера өнерінің дамуындағы заңды құбылыс еді. Эпикалық сюжеттер мен образдарды игеру, олардың біртуар көркем әлеміне бойлау - қазақ операсының ұлттық бейнесі мен бағдарын айқындайтын басты қасиет. Эпикалық сарында жазылған опералар қатарында «Ер Тарғын», «Бекет», «Алпамыс», ал, балет саласында «Қамбар-Назым», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақсақ Құлан» сияқты шығармалар бар.
Қазақ операсының құндылығы мен тарихи маңызы оның ұлттық классикалық әдебиетпен тығыз байланыстылығында, қаһармандық пен лирика тақырыбы, тарихта болған оқиғалар және қиялды көкке өрлететін фантастика, сол заманның көкейкесті оқиғалары, бостандық үшін күрес сонымен бірге ұлттық мінез, тұрмыс пен талғам, бәрі де қазақтың жазба әдебиетіне сүйене құрылған. Осы саладағы еңбектер: Мұхтар Әуезовтен - «Абай», «Бекет», «Еңлік-Кебек», Бейімбет Майлиннен - «Жалбыр», Сәбит Мұқановтан -«Алтын астық», Ғабит Мүсіреповтен - «Амангелді», Сәкен Сейфуллиннен - «Көкшетау», Сұлтанмахмұт Торайғыровтан - «Қамар сұлу», Хамит Ерғалиевтан - «Махамбет» (опера либреттосына Махамбет Өтемісұлының жыр-толғаулары қолданылған) және басқалары.
№10 Дәріс.
Е.Г.Брусиловскийдің заманауи музыкалық мұрасы (1905-1981)
«Қандай музыка жасасам да - ол қазақша болып шығады...», -деген екен қазақ музыка мәдениетінің ардагері Евгений Григорьевич Брусиловский. Шындығында, нағыз халықтық әндерге айналып кеткен «Гүлденген Қазақстан», «Алтай», «Қос қарлығаш», «Шолпан» сияқты туындыларды басқа ұлт өкілі болғанына қарамастан дүниеге әкелген осы бір зиялы азамат болатын. Бұдан жарты ғасыр бұрын жазылған, бұл күнде халық әнінің классикалық үлгісі саналатын Қазақстан Әнұранының да бір авторы Е.Брусиловский еді. Қазақ музыкасын жанымен сүйген сазгер 50-жылдары жазылған «Дударай» операсының тұсаукесерінде орыс балықшылары мен оның революционер бастаушысы Артемнің өмірін қазақтарға қарағанда көмескі көрсеткен «ұлтшылдығы» үшін қатты сынға іліккенін көз көргендер кейінге дейін айтып жүрді. «Ешкіге ер салғандай» ерсілік - бірақ тарихи шындық!
Қазір осы оқиғалар орын атған алагеуім кезең тарих қойнауына сіңіп қетті. Бірақ біздің ұлтымыздың музыкалық классикасының іргетасын қалаған, рухани байлығымызды арттырған аға ұрпақтың ізгі жолы ешқашан санамыздан өшпеқ емес. Халыққа аянбай қызмет етіп, «жүректерінің әсем сұлулығын сыйлаған» (А.С.Пушкин), жаңаша мәдениет құрылысын салған Қазақстан енерінің көрнекті қайраткерлері - А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, Қ,Жандарбеков, К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Қожамияров, М.Төлебаев және басқа өнерпаздар шын мәнінде нағыз жұлдыздар шоғыры болды. Отандық мәдениеттің алғашқы қарлығаштары болу маңдайына жазылған осынау дарынды тұлғалардың өз мақсаттары болды, жаңалыққа құштарлық пен батылдық танытты.
Тарихи құбылыстардың қабылдануы мен бағалануы үшін уақыт керек екені белгілі, осы жағдайда ғылым (тарихи, өнертану) бастан өткерген оқиғалар мен фактілердің бірден-бір куәсі ретінде адами естеліктерге сүйенсе керекті. Бұл орайда XX ғасырдың 80-жылдарының басында музыкатанушылардың Бүкілодақтық ғылыми конференциясының мінберінен айтылған атақты ғалым, профессор
Е.Назайкинскийдің айтқанын келтіре кету абзал: «Қозғалыстағы музыкалық мәдениет - қомақты әрі мазмұнды әлем, адамзат естелігі адамдарға ғана қажет, оны зерттеу ісі маңызды мұрат болмақ».
Қазіргі қоғамдық өмірде әлеуметтік-тәрбие мәселелері алмағайып оқиғалармен жымдаса, ұшығып-ақ тұр. Үшінші мыңжылдықтың басында ұлтымыздың мәдени тарихы қиын-қыстау жагдайды бастан өткеруде. Бұған мысал ретінде ұлттық классиканың шедеврларын жасаған – А.Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, Қ.Мусин, Б.Байқадамовтардың шығармаларын бұқаралық ақпарат құралдары аз насихаттайтынын айтсақ та жеткілікті.
«Жақсының аты қалады, ғалымның хаты қалады» дейді халық даналығы. Брусиловскийдің ұлттық мәдениетке сіңірген еңбегі, музыка ғылымының қазақ топырағында дамуына тигізген септігі қазіргі көзбен қарағанда - ұланғайыр. Брусиловскийдің есімі Қазақстанда өткен ғасырдың 30-жылдарында танымал бола бастады. Оның жасампаз жұмысы жарты ғасыр толассыз жүрді, кейінірек Ресей жеріне (1970-жылдан бастап) көшкен сазгер қазақ тақырыбына музыка толғауын тоқтатпады, өзіне етене жақын болып кеткен кейіпкерлерді жаңаша дамыту жршсымен айналысты. Мәскеу қаласында оның екі симфониясы (біреуі шертпе қүйші Тәттімбет бейнесіне арналған), «Ақсақ құлан» балет-аңызы, «Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу» балеті (кезінде А.С.Пушкин қызығып бір нұсқасын жазып алған лиро-эпостық жыр), өзінің төл туындысы «Дударайдың» жаңа редакциясы және басқа шығармаларды дүниеге әкелді.
Ленинград консерваториясын жаңа бітірген дарынды жастың «кіші халықтарға мәдени көмек беру» саясатының себебімен қазақ жеріне келуі бізге тағдырдың сыйы болды десек артық айтқандық емес шығар. «Фортунадан бата алғанның жолы болады» (латын нақылы) деген сөзді бек ұстанған жас композитор өз мақсатын бірден түйсінді. Оның таңдауы тектен-тек емес еді, студент шағында-ақ болашақ сазгер қазақтың ән-күйлерімен А.В.Затаевич жинақтары арқылы таныс болатын, қазақ әуенінің сиқырлы сазы оны әуелден еліктіргенді. Уақыт-төреші көрсетіп отырғандай, Е.Брусиловский өзінің тарихи миссиясын адал атқарды.
Осы мәселені екшей қарасақ, сол кезеңді «Брусиловский дәуірі» деп батыл тұжырым жасауға болады, себебі қазақ музыкасының алғашқы кәсіби қадам жасауы барысында оның шапағаты тимеген сала жоқтың қасы - музыка, драма, кино мен театр, кәсіби орындаушылық, ұлттық композиторлық мектептің қалыптасуы, фольклортану мен музыкатану ғылымы, бәрі-бәрі оның құрметті атымен тығыз байланысты.
Композиторды шабыттандырған сол кездегі бай рухани аура болды - ол кезде халықтық музыкатербеу (музицирование) дәстүрі байырғылығын жоғалтпаған еді, музыкалық-поэтикалық бақ сынау үрдістерінің фольклорлық түрлері тірі болатын, осындай қолайлы орта Е.Брусиловскийдың озық өнер үлгілерін тікелей дарынды домбырашы, әнші, ақын адамдардың қатысуымен жазып алуына септігін тигізді. Бұлар - атақты күпшілер — Науша мен Махамбет Бөкейхановтар, О.Қабиғожин, Л.Мүхитов, әнші Ә.Қашаубаев, ақын И.Байзақов т.б. Осындай дарын иелерімен үзеңгі жолдас болған сазгер олардың асқан таланттылығын, сирек кездесетін табиғи дарындылығын кейін өз күнделігінде жазып қалдырды.
11 дәріс.
А.Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы
ҚазССР халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР Ғылым Академиясының академигі Ахмет Қуанүлы Жұбановтың (1906-1968) шығармашылық және қоғамдық қайраткерлігі Қазақстанның музыкалық мәдениетінің қалыптасу кезеңіне дөп келді. Халық өміріндегі әлеуметтік төңкерістер, қауымдық жаңару заманы басқа туған кезде ол халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі тәжірибесін шашау шығармай жаңа дәуірге жалғаған тұлғалы азамат.
А.Жұбанов 1906 жылы сәуір айының 29 күні қазіргі Ақтөбе облысы, Ақжар ауылында дүниеге келді, бұл жерде өзінің рухани ұстаздары саналған - Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сияқты саңлақ күйшілер туғаны белгілі. Оның рухани всуіне зор ықпалын тигізген өзінің туған ағасы көрнекті лингвист-ғалым Құдайберген Жұбанов болды. Оның жол сілтеуімен Ахмет Жұбанов Ленинград қаласына аттанады, консерваторияға түсіп әрі қарай аспирантурада Б.Грубер, А.Оссовский, Х.Кушнарев, Ю.Тюлин сияқты орыс музыкатанушыларынан білім алады.
1933 жылы республика үкіметі шешімімен Қазақстанға оралып музыкалық өмірге бел шеше кірісіп кетті: музыкалық техникумда сабақ берді, халық композиторларының шығармаларын жинап оларды өңдеумен айналысты, халық аспаптары - домбыра мен қобызды жетілдіру үшін эксперименталды шеберхана ашты, алғашқы ғылыми ойдың ошағы болған ғылыми-зерттеу кабинетін басқарды. 1934 жылы қазақтың халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды, әрі бас дирижері болды.
Отызыншы жылдар А.Жұбановтың композиторлық дарыны ашылған кезең ретінде айқындалады. Бұл уақытта ол «Сары» музыкалық-театрланған поэмасын жазды, сонымен бірге драмалық шығармаларға музыкалар, әндер, хорлар, қазақ халық аспаптары оркестрі үшін өңдеулер жазды.
Қырқыншы жылдардың басында тез танымал болған фортепианоға арналған циклді шығармалары «Тәжіктің он биі», «Қазақтың сегіз биі», «Қобызға арналған ария», «Би күйі» дүниеге келді, кейінгі кезеңде жазылған «Романс», «Жезкиік» те орындаушылар репертуарынан түспейтін көзайым туындылар ретінде бағаланды. А.Жұбановтың ұлттық бояуы қанық, мелодизмі шалқар музыкасы қазақ халқының рухани мәдениетінің ажырамас бөлшегіне айналды.
А.Жұбановтың көпжылдық ғылыми қайраткерлігінің жемісі ретінде сан-салалы зерттеу мақалалары, кітаптары, фольклорлық жинақтар және халық сазгерлерінің өмірінен деректелген бағалы монографиялары - «Ғасырлар пернесі» мен «Замана бұлбүлдары» қалды. Бұл еңбектерді қазақ музыкасының энциклопедиясы деп атауға толық болады. А.Жұбанов дүниеден қайтқаннан кейін «Ән күй сапары» мен «Өскен өркен» атты кітаптары шықты. А.Жұбановтың үлкен шығармашылық жетістігі Л.Хамидимен бірлесе жазған «Абай» операсы болды. Екінші «Төлеген Тоқтаров» операсы (бұл да Л.Хамидимен бірге) Кеңестер Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналды, мұнда Отан үшін отқа түскен батыр бейнесі сомдалды.
Талантты екі суреткердің музыкалық-сахналық жанрдағы қайраткерлігі өз жемісін беріп, ұлттық опера өнерінің шедеврі «Абайдың» жазылуына сеп болды.
Латиф Абдулжайұлы Хамиди (1906-1983) қазіргі қазақ музыкасының негізін қалаған алдыңғы буын өкілі. Композитордың дарындылығы оның табиғаттан дарыған тамаша әуезділігімен танылды, оның әуезінде қазақ, татар, орыс мәдениеттерінің әсем қосындысы ылғи білініп тұратын. Композитор «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» сияқты әндері арқылы қазақы әншіліктің классикалық жаңаша үлгісін жасады.
Л.Хамиди 1906 жылы 17 шілдеде Қазан губерниясына қарасты Бували, деревнясьшда дүниеге келді. 1926 жылы Ташкент ағарту институтын бітірді, 1932 жылы Мәскеу музыкалық техникумында түсіп, музыка теориясын профессор Б.Яровский сыныбынан бітірді, ал 1932 жылы Мәскеу консерваториясына қарайтын Татар опера студиясында профессор Г.Литинскийдің жетекшілігімен композиция мамандығьш оқыды. 1933 жылдан бастап оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанда жалғасты (Алматыға көшіп келді).
Л.Хамиди - музыканың бар саласында табысқа қолы жеткен сазгер. Оның қаламынан «Абай», «Төлеген Тоқтаров» (екеуі де А.Жұбановпен бірлесіп жазылған) опералары, «Жамбыл мен Айкүміс» бір актілі операсы, «Балбұлақ» опереттасы, екі симфониялық сюита, домбыра-прима мен оркестрге арналған концерт, театр қойылымдарына жазылған музыкалар, қазақ ұлт аспаптары оркестріне жазылған шығармалар, а,сареllа және сүйемелді хорға жазылған шығармалар, әндер мен романстар, халық әндері мен күйлерінің өңдеулері туындады.
Л.Хамиди шығармаларынан қандай жанрда болса да көркем әуенді, құрылымы түзік, гармониялық және полифониялық фактурасы жарасымды өзіндік үн, авторлық қолтаңба сезіліп тұрады.
Л.Хамиди мен А.Жұбановтың ең маңызды шығармашылық қайраткерлігі халықтың музыкалық фольклорын жинау және өңдеуден басталды, бұл кейіннен олардың сазгерлік стильдерінің қалыптасуына да ықпалын тигізген шарапатты іс болды. Осы орайда «Абай» операсын туындату барысында жазып алынған Абай әндерінің құнды ноталық жазбаларын айтуға болады. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, философ Абай Құланбаевтың 100-жылдығына арналған бұл опера жазылып бітісімен қазақ музыка мәдениетінің жауһарына айналды. XX ғасырдың қөрнекті қаламгері, «Абай» операсының либреттосын жазған әдебиет алыбы - Мұхтар Әуезов: «Абай - көреген көз, Абай - жомарт жүрек, Абай - халық даналығы», — деген еді.
Опера алғаш 1944 жылдың 24 желтоқсанында қойылды. Авторлар опера жанрының музыкалық драматургиялық және сюжеттік заңдылықтарын сақтай отырып, Абайдың нағыз шынайы бейнесін жасай алды.
Опера музыкалық лебіздің жинақылығымен және синтезділігімен ерекшеленеді, жалпы саз өрілімі либретто идеясына, оның шыншыл драмалық ойына сай келіп тұрады. Басты кейіпкер Абайдың музыкалық тілі айқын, оның ариялары мен речитативтері азаматтық интонацияға бай, шынайы әрі сезімшіл. Халық жанашырының ұлы да кемеңгер бейнесінің нанымды шығуына операға кіргізілген Абайдың өз эндері де әсерін тигізді. Бірде философиялы толғанысқа, бірде терең мұңды ойға, бірде тасқындаған қөңілге, бірде мейірімге жетелейтін Абай әндері операда айрықша түрленіп шыға келді, кәсіби композиторлық жазудың арқасында жеке және хор мен оркестрлік партияларға айналған соң олар опера мазмұны мен мәнін жан-жақты ашты.
Еске сала кету керек, Абай әндерін зерттеуді А.Жүбанов пен Л.Хамиди 30-жылдардан қолға алған болатын. 1939 жылы А.Жұбанов Абайдың немересі Мәкен Мұхамеджановадан ақынның 16 әнін жазып алды, Л.Хамиди болса ақын немересі Әкірам Искаковтан біршама әндерді нотаға түсіріп алған болатын. Екі сазгер де Абай тақырыбына мол дайындықпен келді, осы себептен операның көркемдік құрылымы Абай мелосымен барынша байытылды. Қойылым 111 ақт, 5 көріністен тұрады.
1-әрекет. 1-көрініс. Айдар мен Ажардың қашуы. Опера кіріспемен басталады, ондағы күрделі ырғақ пен аккордтық құрылғы мазасыздық туғызады, сюжеттердің шарпысуы басталады (түннің ішінде ат тұяғының дыбысы естіледі, Нарымбет пен оның шабармандары Айдар мен Ажарды қуып жетеді). Ғашықтардың сезімге толы дуәті шырқалады, олар өмірінің соңына дейін ажырамасқа сөз байласады. Драмалық шиеленістің ортасынан Абай шыға келеді де жастарға ара түседі. Абай арнясы ашу мен ызаға толы (3 бөлімді форма).
Достарыңызбен бөлісу: |