Жазу таңбалары және олардың түрлері.
Орфография және оның принциптері.
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері.
Тіл дыбыстары, олардың түрлері (дауысты, дауыссыз, дифтонгтар, дифтонгоидтар).
Вокализмдердің жасалу орнына қарай түрлері.
Консонантизмдердің жасалу орнына қарай түрлері.
Дифтонгтар мен аффрикат дыбыстардың айырмашылықтары.
Сөйлеу органдарының актив және пассив қызметтері.
Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі. Фраза, мелодика.
Темп, такт.
Сингормонизм, ассимиляция.
Фонетикалық процесстер.
Фонема.
Екпін және оның түрлері: динамикалық, квантативті, музыкалды, фразалық, логикалық, байлаулы (тұрақты) және еркін екпіндер.
Буын және оның түрлері.
Орфоэпия, тілдегі орны (мәні).
Позициялық өзгерістер: редукция, элизия, диэреза, эпентеза, метатеза, апакопа, т,б.
Сөз, оған тән белгілер.
Сөздің лексикалық мағыналарының типтері (номинативті, фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты).
Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдері.
Табу сөздер мен эвфемизмдер, десфемизм.
Сөздің лексикалық мағыналарының түрлері (омомним, синоним, антоним) жасалу жолдары.
Көпмағыналы сөздер.
Сөздің ауыс мағынасының жасалу тәсілдері.
Тілдегі сөз типтері (мәнді сөздер, есімдіктер, сан есімдер, көмекші сөздер, одағай сөздер).
Омомним мен полисемияның айырмашылығы.
Антонимнің стилистикалық қызметі.
Сөздік қор мен сөздік құрам, оның толығуы мен дамуы.
Кірме сөздер, олардың ену жолдары.
Арнаулы лексика. Термин жәене терминология.
Диалект сөздер.
Актив және пассив лексика.
Бейтарап лексика.
Кітаби лексика.
Әдеби тіл лексикасы және диалектілік лексика.
Сөздің экспрессивтік-эмоционалдық бояуы.
Варваризмдер.
Сөздік құрамның жалпы сипаты.
Қазақ терминологиясының қазіргі дамуы.
Кәсіби сөздер мен диалект сөздер.
Архаизмдер мен историзмдер, олардың айырым белгілері.
Жалпы тілдік және жеке авторлық қолданыстағы неологизмдер; окказионализмдер.
Этимология. Этимологиялық зерттеудің принциптері мен тәсілдері.
1.8.2. 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:
Фразеологизмдер және оған тән белгілер.
Фразеологизмдердің түрлері.
Фразеологизмдердің пайда болу, шығу негіздері.
Фразеологизмдердің шығу төркіні
Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі бірліктері (морфема, сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем)
Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі.
Деривациялық және реляциялық мағына.
Морфемалар, олардың түрлері.
Түбір және аффикстер
Сөздіктердің типтері мен түрлері.
Түркі халықтарына ортақ сөздер.
Академиялық, энциклопедиялық сөздіктер.
Түсіндірме сөздіктер.
Фразеологиялық, омонимдер, синонимдер, антонимдер сөздігі.
Орфографиялық сөздік.
Терминологиялық, диалектологиялық сөздіктер.
Аударма сөздіктер.
Тұрақты тірекстердің белгілері.
Тұрақты тірекстердің түрлері.
Аффиксация тәсілдері.
Ішкі флекция тәсілі.
Қосарлану тәсілі.
Бірігу тәсілі.
Көмекші сөздер тәсілі.
Сөздердің орын тәртібі.
Екпін және интонация тәсілдері.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, семантикалық, синтактистік тұтастықтары.
Қазақ тіліндегі грамматикалық мағына білдіру тәсілдері.
Демеуліктер, олардың мағыналық түрлері.
Грамматикалық категориялардың түрлері
Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы.
Етістікке тән категориялар: жақ, шақ, рай, етіс.
Септік категориясы.
Етіс категориясы, түрлері.
Рай категориясы, мағынасы, түрлері.
Сөздерді топтастыру принциптері
Сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы: субсантивтену, адъективтену, прономиналдану, адвербиалдану, вербалдану.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары.
Сөз тіркесі, оған тән басты белгілер.
Сөз тіркесінің түрлері.
Сөздердің байланысу тәсілдері:
А) синтетикалық
Ә) аналитикалық
Сөз тіркесінің сөзден және сөйлемнен айырмашылығы.
Сөз тіркесіне тән белгілер.
Сөйлем және оған тән белгілер.
Сөйлемнің құрастырушы сыңарларының сипатына қарай бөлінуі:
Сөйлем және байымдау
Тілдерді зерттеудің салыстырмалы әдісі.
Тілдердің генеологиялық топтастырылуы.
Тілдерді типологиялық топтастырылуы.
Түркі тілдерінің классификациясы. (Н.А.Баскаковтың клацификациясы бойынша).
1.8.3 Емтиханға дайындық сұрақтары:
Тіл қандай құбылысқа жатады?
a) Биологиялық
b) Таптық
c) Қоғамдық
d) Психикалық
Субстрат құбылысына нені айтуға болады?
a) қос тілділік құбылысын
b) көп тілділік мәселесін
c) жеңілген тілдің қалдығы
d) бір тілдің үстемдігін
Оның пікірінше, тіл де тірі организмше туады, өседі, қартайып тозады, өледі.
a) М.Горький
b) Ж.Ж.Руссо
c) К.Маркс
d) А.Шлейхер
Бұл теория бойынша табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналған. Бұл қай теория?
a) Ж.Ж.Руссо “Эмоциональды теория”
b) Л.Нуаре, К.Бюхер “Еңбек айқай теориясы”
c) Августин, Г.Лейбниц “Дыбысқа еліктеу теориясы”
d) “Қоғамдық шарттасу теориясы”
“Тіл – көркем әдебиеттің бірінші элементі”
a) К.Маркс
b) М.Горький
c) Ф.Энгельс
d) А.Шлейхер
“Тіл – ойдың тікелей шындығы”
a) К.Маркс
b) М.Горький
c) Ф.Энгельс
d) А.Шлейхер
Дифференциялаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңба қайсы?
a) сөздер
b) сөз тіркестері
c) сөйлемдер
d) морфемалар
Тілдің қарым-қатынас жасауға бағытталған қызметі қалай аталады?
a) коммуникативтік
b) эмоциялық
c) экспрессивтік
d) психикалық
Тілдің қызметін ата.
a) Экспрессивті, номинативті, коммуникативті.
b) Номинативті, коммуникативті
c) Қатынас құралы, ойды жарыққа шығарудың құралы, экспрессивті қызметі
d) Ойды жеткізуші – ақиқат шындық.
Әрі дифференциялаушы, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар қайсы?
a) Фонема
b) Морфема
c) Сөздер, сөз тіркестері
d) Сөйлем
Тілдің адамның сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі қалай аталады?
a) номинативті
b) коммуникативті
c) экспрессивті
d) прогрессивті
Тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпы қалай аталады?
a) ассимиляция
b) диссимиляция
c) диахрония
d) синхрония
Дифференциялаушы қызметі басым тілдік таңба қайсы?
a) Морфема
b) Фонема
c) Сөздер
d) Сөйлемдер
Тіл білімінің психологиямен байланысы неден көрінеді?
a) ойлаудан
b) Көруден
c) Сөйлеуден
d) Ымдаудан
Тіл білімі мен логикаға ортақ категория.
a) Сөз
b) Мағына
c) Ұғым
d) Сөйлем
Сөздің шығу төркінін зерттейтін тіл білімінің саласы.
a) Морфология
b) Ономастика
c) Семасиология
d) Этимология
Тіл білімі мен физиология ғылымдарының байланысы қай аспектіден көрінеді?
a) фонологиялық
b) семпотикалық
c) артикуляциялық
d) фонетикалық
Тіл білімі мен тарих ғылымдарының байланысы көбірек көрінетін ғылым саласы.
a) фонология
b) стилистика
c) лексикология
d) морфология
Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының байланысына көбірек бейім ғылым саласы.
a) Семасиология
b) Ономасиология
c) Стилистика
d) Фразеология
Тіл білімі мен археология байланыстарын көбірек көруге болатын ғылым саласы.
a) Ономастика
b) Топонимика
c) Графика
d) Орфография
Тіл біліміне тән термин сөздердің қатарын көрсет.
a) Архитектор, филармония, роман, алгебра
b) Айналым, қосымша құн, материя
c) Дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем
d) Үстеу, әдебиет, мәдениет, бастауыш
Антропонимика нені зерттейді?
a) Жер-су аттарын
b) Фразеологиялық оралымды
c) Кісі аттарын
d) Жалқы есімдер
Графика деп нені айтамыз?
a) Әріптердің рет-ретімен орналасқан жиынтығы;
b) Сөздердің дұрыс жазу нормаларының жиынтығы
c) Белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы;
d) Сөздерді дұрыс айту нормаларының жиынтығы
Транскрипция сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәл көрсету ме, әлде сөзді бір алфавиттен екінші алфавитке аударып жазу ма?
a) Көрсету
b) Жазу
c) Көрсету де, жазу да.
d) Аударып жазу
Суретке негізделген жазу түрі.
a) Пиктографиялық
b) Семиотикалық
c) Буын
d) Әріптік
Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздердің қатарын анықтаңыз.
a) Бүрсігүні, шекара, күздігүні
b) Жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас
c) Әркім, кейбіреу, асшы, әлдеқашан
d) Ленинград, штаб, устав, географ
З, У, О таңбалары жазудың қай түріне жатады?
a) Пиктографиялық
b) Идеографиялық
c) Буын
d) Әріп
Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөздердің қатарын анықта.
a) Сәнқой, тас жол, ұшсын, Қазанқап
b) Білезік, биыл, белбеу, отағасы
c) Қантесер, түнеугүні, торалат
d) Башшы, асшы, ащы, ашшы
Жазудың неше түрі бар?
a) 3
b) 5
c) 6
d) 4
Морфологиялық принцип бойынша сөз қалай жазылады?
a) айтылуы бойынша
b) түбірі сақталады
c) шығу төркініне қарай
d) дәстүр бойынша
Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді тап
a) көмекей
b) көзүлдірік
c) көтеріліс
d) көктем
Дәстүрлі принципке сай жазылып тұрған сөзді көрсет.
a) Ұшқыш
b) Бояу
c) Айуанат
d) Тұзшылар
Дауыссыздардың үндесуін қалай атаймыз?
a) Вокализм
b) Сингармонизм
c) Консонантизм
d) Ассемиляция
Тіл дыбыстарын дауыстылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын белгі.
a) Акустика
b) Ассемиляция
c) Сингормонизм
d) Буын құрау қызметі
Фраза дегеніміз не?
a) Ең кішкене фонетикалық единица
b) Дауыс ырғағының көтерілуі немесе бәсеңдеуі.
c) Бір екпінге бағынған бөлшек
d) Пауза арқылы ажыратылатын ең ірі фонетикалық единица
Лебізді екпін деп қандай екпінді айтамыз?
a) Дауыс шымылдығының дірілінің жиеленуіне негізделген екпін
b) Бір буынның басқа буындардан айрықша күшті айтылуына негізделген екпін.
c) Сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылуына негізделген екпін.
d) Басқа буындардың ішінен бір буынның құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуына негізделген екпін.
Лабиаль дауыссыздарды көрсет:
a) т,д,с,з,н,л;
b) ч,ш,р,ж;
c) к,ғ,х,һ;
d) м,б,п
Альвеоярлы дауыссыздарды көрсет:
a) я,м,н,ң;
b) ч,ш,ж,р
c) һ;
d) к,ғ,х.
Протеза құбылысына ұшырап тұрған сөздердің қатарын көрсет.
a) факті, киоскі, пропускі, танкі
b) ылай, ышкап, ыстақан
c) литір, метір, тырақтыр
d) орнын, аулы, ернінен, мұрнына
Такт дегеніміз не?
a) сөйлеудің темпі
b) фразаның бір екпінге бағынатын бөлшегі
c) сөйлеудің үдемелілігі
d) сөйлеудің әуені
Денталь дауыссыздарды анықта
a) к, г.
b) һ
c) л, н, й, д
d) т, д, с, з, н, л.
Прогрессивті-регрессивті ассимиляцияны табыңыз.
a) бұрын, қарлығаш
b) сөнбе, мінбе
c) күмістен, іліммен
d) алтын қақпа
Фонема деп нені айтамыз?
a) Тіл дыбыстарын айтамыз
b) Сөздің сыртқы тұлғасын өзгертетін дыбыс
c) Сөздің мағынасын өзгертетін дыбыс
d) Сөздің сыртқы тұлғасы мен мағынасын өзгертуге себепті болатын тіл дыбыстары
Тіл арты дауыссыз дыбысты тап:
a) о, ө, у, ұ, у.
b) г, к.
c) т, д, с, ш, ж.
d) ғ, қ, х.
Дауыссыз дыбыстары буын құрайтын тілдердің қатарын көрсет.
a) қазақ, қырғыз, татар, қарақалпақ
b) орыс, украин, беларусь
c) чех, серб
d) жапон, корей, якут
Логикалық екпін деп қандай екпінді айтамыз?
a) Бір буынның басқа буындардан айрықша күшті айтылуы.
b) Дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделінетін түрі.
c) Дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы.
d) Бір сөздің басқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылуы.
Дауыстылардың үндесуі қалай аталады?
a) Архаизм
b) Неологизм
c) Сингармонизм
d) Фразеологизм
Диэреза құбылысын тап.
a) прогресс
b) процесс
c) процестің
d) прогресске
Лингвальдық сингармонизм қандай тілдерде кездеседі?
a) орыс, украйн, белорус, чех
b) болгар, словак, поляк
c) қырғыз, якут
d) қарақалпақ, ноғай, қазақ, татар
Метатеза құбылысына ұшырап тұрған сөздер қатарын анықта.
a) Бахт-бақыт – бақ, тахт-тақ
b) Торат, келалмады, қайнаға
c) Добра, тамға, маңлай, қапқан
d) Іреніш, ырақмет, ылас, ышкаф
Вокализм дегеніміз не?
a) Қатаң дауыссыздар
b) Ұяң дауыссыздар
c) Дауысты дыбыстардың жүйесі
d) Дауыссыз дыбыстардың жүйесі.
Тоникалық немесе музыкальды екпін қандай тілдерге тән?
a) қазақ, қырғыз, қырақалпақ
b) өзбек, ұйғыр, ноғай
c) қытай, корей, жапон, дүнген
d) орыс, болгар, словак, поляк
Қазақ тіліндегі дифтонгтарды көрсет
a) е,ю,я
b) ый,ій,и
c) е,о,ө
d) а,ә,ұ,ү
Мелодика дегеніміз не?
a) Сөйлеудің шапшаң немесе баяу болуы
b) Фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі
c) Дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе бәсеңдеп барып көтерілуі
d) Пауза арқылы ажыратылатын ең ірі фонетикалық единица
Фарингаль дыбыстарды тап.
a) һ
b) к,г.
c) м,б,п.
d) с,т,з.
Элизия дегеніміз не?
a) Дыбыстардың көмескіленуі
b) Дыбыстардың аралығына қосалқы дыбыстардың кірігуі
c) Дыбыстың сөздің соңынан қосылуы
d) Дыбыстардың мүлдем түсіп қалуы
Орфоэпия деп нені айтамыз?
a) Сөздің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы
b) Сөздің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы
c) Сөздің дұрыс тасымалдануы
d) Сөздің дұрыс буынға бөлінуі
Дыбыстау мүшелерінің қызметін қалай атайды?
a) Интонация
b) Сенсация
c) Артикуляция
d) Аффиксация
Консонантизм деп нені айтамыз?
a) Дауыссыз дыбыстардың жүйесі
b) Дауысты дыбыстардың жүйесі
c) Ашық дауыстылар
d) Жіңішке дауыстылар
Лабиальдық сингармонизм қандай тілдерде басым?
a) қырғыз, якут
b) қазақ, башқұрт
c) қарақалпақ, ноғай
d) хакас, қараим, шор
Эпентеза деп нені айтамыз?
a) Дыбыстардың көмескеленуі
b) Қосалқы дыбыстардың сөздің алдынан қосылуы
c) Дыбыстардың орын ауысуы
d) Қосалқы дыбыстардың екі дыбыстың аралығынан келіп кірігуін айтамыз.
Эпентезаны табыңыз
a) киоск, танк
b) шкаф, лақ
c) грамды, процестің
d) метр, литр
Қате буын түрін көрсет
a) ашық
b) бітеу
c) жабық
d) тұйық
Мұрын жолды дауыссыздарды көрсет
a) қ,к
b) м,н
c) л,р
d) с,т
Ант, өрт, бұлт, тарт, қант сөздері қай буын түріне жатады?
a) ашық
b) тұйық
c) жабық
d) бітеу
Лабиалдық сингармонизм қай сөздерде байқалады?
a) қазы, қаймақ, дос, жолдас
+b) үйрек, түлкі, өмір, орын
c) кітап, мейрам, бөкебай
d) Ақбала, Қарагөз, Амангелді
к,г дауыссыздары жасалу жағынан қандай дыбыстарға жатады?
a) тіл ұшы
b) тіл ортасы
c) тіл алды
d) тіл арты
Омофондар дегеніміз не?
a) Біркелкі жазылып, түрліше айтылатын сөздер.
b) Айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер.
c) Біркелкі айтылып, бірақ түрліше жазылатын сөздер.
d) Айтылуы әр басқа, бірақ мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәндес сөздер
Синхрониялық лексикология деп нені айтамыз?
a) Сөздік құрамның белгілі бір дәуірдегі қалпын көрсететін сала.
b) Туыстас тілдердің сөздік құрамын салыстыра отырып зерттейтін сала
c) Зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебін қарастыратын сала.
d) сөздердің шығу төркінін қарастырады
Метафораны тап.
a) Жиырма жеті жасында
Әбдірахман көз жұмды /Абай/.
b) Адам – керуен, өмір – жол,
Ешкімге жат із емес.
c) Енді біразда Жұманның қазаны түсірілмек, жұрт асқа әзірлене бастады.
d) Мал семірер ақ пенен ас көбейсе /Абай/.
Эвфемизммен берілген сөйлемді көрсет.
a) Мұны әлділер деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады.
b) Ұлы кеуденің ыстық демі тоқтады.
c) Атам қазақ үйіне кірген ұзын мұрттың да басына ақ құйып шығармай ма?
d) Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам.
Архаизмдерден тұрған қатарды анықта:
a) Әңгелек, бәдірен, күләбі, әсел.
b) Құлапара, тасаттық, ұрын келу, барымта.
c) Зоотехник, оптика, оттегі, тон ішік.
d) Әдебиет, мәдениет, аят, әділет, жәннат.
Синонимдік қатармен берілген сөйлемді анықта.
a) Ақылдасып, кеңесіп, шүйіркелесіп істеген іс қандай жақсы.
b) Біздің үйден дәм тат.
c) Бақырды тат баспасын, күтіп ұста.
d) Бала бар даусымен бақырды
Термин сөздерден тұрған қатарды көрсет.
a) азанда, ауқат, тақта, жұпта, шаппа.
b) мамыр, жандарал, атаман, жәшік
c) ащы ішек, қан айналым, ұйқы безі.
d) ащы үн, ащы шындық, ащы сөз.
Табуды тап.
a) Қорлық өмірден ерлік өлім артық
b) Жеті ата, ата мекен, ата қоныс, ата жау
c) Бұл күнге малға шапқан ит-құс, қарақұлақтан басқа, ел ішінен шыққан ұры-қарылар да көбейіп кетті.
d) Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман.
Сөз дегеніміз не?
a) Тілдің ары қарай бөлшектенуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі.
b) Дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.
c) Коммуникативті қызметі бар синтаксистік единица.
d) Тек грамматикалық мағынаға ие тілдік единица
Сөздік құрам деп нені айтамыз?
a) Түбір сөздің жиынтығын
b) Архаизмдерді
c) Неологизмдерді
d) Тіліміздегі барлық сөздердің жиынтығы
Туынды мағынада жұмсалып тұрған сөзді анықта.
a) Атаң мен әкең жете алмаған арманға бұл күнде сен жетіп едің.
b) Ғұрып бойынша күйеу ата сыйлайды ғой
c) Ата жағынан қуғанда мен Әлтидің туысымын.
d) “Балаға ақылын бұрын бермей, ашуын бұрын берген атадан бала үлгі ала алмайды”,- дейді Абай.
Омографтар деп нені айтамыз?
a) Біркелкі жазылып, түрліше айтылатын сөздер.
b) Мағыналары қарама-қарсы сөздер.
c) Активті қолданыстан шығып қалған сөздер.
d) Жаңа ұғымды білдіретін сөздер
Метонимияны тап.
a) Қырдың гүлі – қыр қызы.
b) Исатай басшы білсін деп, Ауыр әскер қол тұрды.
c) Тәртіпті класс – мектеп абыройы
d) Аузын басып ұмтылайын деп еді, қамап сірескен мылтық, қамшы, қылыш жібермеді.
Семасиология нені зерттейді?
a) жалқы есімдер
b) сөздердің шығу тегін
c) Кірме сөздердің ену тарихы мен жолдары
d) Сөздердің мағынасын, өзгеру жолдарын
Неологизмдерден тұрған қатарды анықта
a) Кемпірауыз, там, сым, торлама, кәді
b) Морфема, изафет, омофон, диалект
c) Сәнхана, мөлтекаудан, ғарышжай, асаба
d) Сауға, підия, зікір, жылу жинау
Антонимді тауып астын сыз
a) Көптің аты- көп, біріне-бірі сүйеу, демеу, күш-қуат қой.
b) Әрі итерсең аунайды, бері итерсең аунайды, түр-түсі түгелдей анасынан аумайды.
c) Дүние, әлем, ғалам, жер жүзі, жаратылыс, табиғат, көмір, ғұмыр.
d) Ол – ауылдың қадірменді адамы, жас шопандардың ақылшысы, ұстазы.
Диахрониялық лексикология деп нені айтамыз?
a) Сөздік құрамның тарих бойында дамуы.
b) Сөздік құрамның белгілі бір дәуірдегі қалпы.
c) Әрбір тілдің сөздік құрамы мен дамуын, өзіндік ерекшеліктерін қарастыратын сала.
d) Туыстас тілдермен салыстыратын сала
Тура мағынасында тұрған сөзді анықта.
a) Ақ пен қызыл атысқан
Елдің іші жау еді.
b) Ата-ананың ақ батасын алсын деді.
c) Ақ жүрек адал адамдардың аңғал істеріне күлесің.
d) Ақ Айман абұйыр мен ұят керек.
Синекдоханы тап.
a) Қазынаға салмағы керек болса, маған тұяғы да керек.
b) Шығанақ Құрманғазыны тарта отырып сөйледі.
c) Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің
d) Нәрестенің дүниеге келгеніне үйі мәз болып жатыр.
Плеонастикалық сөз тізбегін тап.
a) Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ
Наданның көзін жойып, көңлін ашпақ.
b) Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
c) Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
d) Адам - әлемнің әрі мен сәні.
Сөздік қор дегеніміз не?
a) Тек қана түбір сөздердің жиынтығы
b) Түбір сөздер мен туынды сөздердің жиынтығы
c) Кірме сөздер.
d) Тұрақты сөз тіркестері
Ауызекі тіл арқылы енген кірме сөздерден тұрған қатарды көрсет.
a) Бөкебай, бөз, сіріңке, көпес, бөтелке
b) Проза, пион, физика, лекция, вольт
c) қараша, ақпан, қыркүйек, қазан
d) үй, баспана, бала, аға
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
a) метафора
b) метанимия
c) синекдоха
d) антоним
Тілдің сөздік құрамы нені қамтиды?
a) төл сөздерді
b) кірме сөздері
c) фразеологизмдерді
d) барлығын
Дәуірі өтіп, ескі заманмен жоғалған сөздер қалай аталады?
a) архаизмдер
b) историзмдер
c) неологизмдер
d) кәсіби сөздер
Көп мағыналы сөздердің омонимнен айырмашылығы
a) әр сөз табына қатысты
b) бір сөз табына қатысты
c) еш айырмашылығы жоқ
d) белгілі бір сөз таптарына қатысты
Термин сөздерді тап.
a) ақыл, ауа
b) екіден, үштен
c) теңеу, синус
d) қыс, жаз, күз
Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер
a) фразеологиялық, аударма, терминологиялық, диалектологиялық сөздік
b) фонетикалық, орфографиялық сөздік
c) этимологиялық, тарихи сөздіктер
d) энциклопедиялық, иллюстративті сөздік
Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер
a) фразеологиялық, аударма, терминологиялық, диалектологиялық сөздік
b) фонетикалық, орфографиялық сөздік
c) этимологиялық, тарихи сөздіктер
d) энциклопедиялық, иллюстративті сөздіктер
Фразеологиялық тұтастықпен берілген қатарды анықта.
a) Екі көзі төрт болу, қолқа салу, мойны жар бермеу.
b) Мақтамен бауыздау, сайдың тасындай, көк жон.
c) Бейбіт қатар өмір сүру, ерді намыс өлтіреді, бас жарылса бөрік ішінде.
d) соқырға таяқ ұстатқандай
Фразеология нені зерттейді?
a) Сөздердің мағынасын, семантикалық заңдылықтарын.
b) Сөздердің шығу төркінін.
c) Тұрақты сөз тіркестерін.
d) Жалқы есімдер.
Фразеологиялық бірліктен тұратын қатарды көрсет.
a) Екі езуі екі құлағына жету, асыл адам айнымас, достың сырын досқа шеш.
b) Жерден жеті қоян тапқандай, таяқ тастам жер, төрт құбыласы түгел.
c) Көз салу, тіс қаққан, қолқа салу, бел буу.
d) Мидай дала, қыпша бел, шалқар көл.
Фразеологиялық тізбектен тұратын қатарды тап
a) Жердің сәні- егін, ердің сәні – білім, білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
b) Кірпік қақпау, тілі тию, көзін жоғалту
c) Жұмыртқадан жүн қырыққан, қу бастан қуырдақ ет салған.
d) Ну орман, ит көйлек, құла түз, қызыл алаң
Синонимдес фразеологиялық оралымдарды анықта.
a) ит арқасы қиянда, таяқ тастам жер
b) қу бастан қуырдақ ет алған, жұмыртқадан жүн қырыққан
c) алыс,қашық, шалғай
d) ертелі-кеш, алыс-жақын, ілгері-кейінді
Сөз табы дегеніміз не?
a) Грамматикалық мағынасымен, коммуникативтік қызметімен және құрылымдық үлгісімен сипатталатын синтаксистік единица;
b) Мағыналық және грамматикалық жақтан өзара байланыста болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.
c) Дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын, құрылымдық тұтастығымен дараланатын единица.
d) Сөздердің лексикалық мағына ыңғайластығымен, морфологиялық тұлға және синтаксистік қызметінің ұқсастығына қарай топтасатын сөздердің тобын айтамыз.
Түркі тілдерінде грамматикалық мағына берудің ең өнімді тәсілі қайсы?
a) Ішкі флекция
b) Сөздердің орын тәртібі
c) Интонация
d) Аффиксация
Адвербиалдану процесіне ауысып тұрған сөз табы бар сөйлемді анықта.
a) Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
b) Отыз екіні төртке бөл.
c) Екеуінің әңгімесінен жарасымды әзілдер жарқылдайды
d) Сансыз жұлдыздар жымыңдайды
Сан-мөлшер категориясы нені білдіреді?
a) Қимыл, іс-әрекеттің уақытқа қатысын көрсетеді.
b) Бір сөздің есімге немесе етістікке қатысын білдіреді.
c) Даралық ұғым мен көптік ұғымды ажыратады.
d) Іс-әрекет пен істі істеушінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз не?
a) Сөздің негізгі мағынасы.
b) Лексикалық мағынаны саралай, нақтылай түсетін мағына
c) Лексикалық мағынаға қарама-қарсы мағына.
d) Сөздің денотаттық мағынасы.
Күрделі сөз тіркесі деп қандай тіркесті айтамыз?
a) Әр басқа ұйытқы сөздерге тіркелетін әр түрлі байланыстарға негізделген тіркес.
b) Бір еселі, екі еселі, үш еселі байланыстарға негізделген тіркес.
c) Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен жасалып, бір ғана ұйытқы сөзге тіркелетін тіркес.
d) Мағыналық және грамматикалық жақтан өзара бірлікте болатын толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.
Етістікке тән категориялар қамтылған қатарды көрсет.
a) сан-мөлшер, септік
b) жай септеу, тәуелді септеу
c) жақ, шақ, етіс, рай
d) шырай, тәуелдену
Субстантивтену процесіне ауысып тұрған сөз табы бар сөйлемді көрсет.
a) Қазір цехта жиырма бес адам
b) Ешкім ешкімге көңіл бөлмеген.
c) Сондықтан күркеде дыбысыңды шығармай отырасың.
d) Тек дымың ішіңде болсын.
Вервалдану процесіне ауысып тұрған сөз табы бар сөйлемді анықта.
a) Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды.
b) Қай сала, қай қырға келсең де, бір жаңа кітап ашқандай боласың.
c) Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады
d) Жан сүйген еңбегің – жан рақаты.
Көмекші сөздермен берілген қатарды тап.
a) Тапқыш, бөлме, демалыс, өрмек.
b) Оят, оян, апар, әкел, әкет.
c) Және, шейін, соң, -ау, -мыс, -деді.
d) Ол, әлдекім, ешкім, шіркін, барша.
Орыс тілінде кездесетін көмекші эффикстердің қатарын көрсет
a) Диахрония, синхрония
b) Деривациялық, реляциялық
c) Префикс, инфикс, суффикс
d) артикль, предлог
Сіңісу құбылысы арқылы қалыптасқан сөздердің тобын көрсет.
a) менің, соның, оның, сенің
b) шекара, асатаяқ, өнеркәсіп
c) бұрын, биыл, әкел, қарақұс
d) балапан, Екібастұз, оралман
Адъективтену процесіне ауысып тұрған сөз табы бар сөйлемді көрсет.
a) Лаксис кішкентай, ауыр және тік бақайлау адам екен.
b) Ол кісіні мен де бұрыннан білуші едім
c) Абай кіргенде, әр столдың айналасында екіден, үштен отырып, кітапқа үңілген адамдарды байқады.
d) Ол маған өткір көзімен шаншыла қарады.
Сөздерді топтастыруда қандай принциптер басшылыққа алынады?
a) Предикативтілік белгілі мен коммуникативтік қызметі
b) Категорияльдық мағынасы мен морфологиялық, синтаксистік белгілері
c) Фонетикалық, этимологиялық, иероглифтік принциптері
d) Генеологиялық, фонетикалық, семантикалық принциптері
Сөздердің аналитикалық формасы қалай жасалады?
a) Сөздердің бірігуінен
b) Аффиксация арқылы
c) Атауыш сөздер мен көмекші сөздердің тіркесінен
d) Сөздердің қосарлануынан
Морфологиялық тәсіл арқылы туған сөздердің қатарын көрсет.
a) тасбақа, қайната, аққұба, қарылғаш
b) көрініс, тапсырма, көздеу, биші
c) ине-жіп, отыра қалды, асхана, білезік
d) қапысын табу, мізбақпау, айта бер.
Рай категориясы қай сөз табына тән?
a) Етіс
b) Етістік
c) Зат есім
d) Есімдік
Қазақ тіліне тән грамматикалық мағына білдіру тәсілін көрсет.
a) Қосарлану, ішкі флекция, артикльдер
b) Екпін, сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер
c) Сөздердің қосарлануы, бірігуі, орын тәртібі және көмекші сөздер арқылы
d) артикльдер, предлогтар арқылы
Тікелей объектіні білдіретін қай септік?
a) Атау септік, жатыс септік
b) Ілік септік, көмектес септік
c) Барыс септік
d) Табыс септік
Атауыш сөздермен берілген қатарды анықта.
a) Ерте, көрші, бота, ыстық, қара, кетті
b) Отыр екен, түйе үстінде, ішке қарай
c) Осы шың, он саусақ, әттең, япырай
d) уһ, ойпырмай, тарс-тұрс
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған сөздер тобын көрсет.
a) Сорғыш, шалғы, сәнқой, жемқор
b) Жігермен, мән-жай, түрегел, биыл
c) Қарылғаш, боз торғай, із-түссіз, майшабақ
d) бүгін, биыл, басшы
Морфема дегеніміз не?
a) Заттың, құбылыстың, іс-қимылдың атауы
b) Ары қарай бөлшектенуге келмейтін ең кіші мағыналық единица
c) Түбір мен жұрнақтың қосындысы
d) Өз алдына дербестігі жоқ, тек түбірге жалғанып белгілі бір мағынаға ие болатын бөлшек.
Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы
a) деривациялық
b) реляциялық
c) артикуляциялық
d) ассемиляциялық
Сөз түрлендіруші аффикстердің грамматикалық мағынасы
a) деривациялық
b) реляциялық
c) артикуляциялық
d) ассемиляциялық
Сөзді басқа тілдік единицалардан ажырататын неше белгісі бар?
a) 4
b)5
c) 6
d) 3
Сілтеу есімдігінің септелу түрін көрсет.
a) ертеңге дейін, машинамен
b) бұған, онымен
c) да, де, және
d) сегізде, бірде
Сөздердің байланысуының неше түрі бар?
a) 9
b) 4
c) 5
d) 7
Жанаса байланысқан қатарды көрсет
a) Ауыл адамы, күміс қоңырау, суда жүзу.
b) Әдейі келу, дереу жеткізу, шапшаң қимылдау.
c) Орындалған арман, бақытты балалық, білімді адам
d) Отпен ойнама, малды теппе, табалдырыққа тұрма
Сөйлемге қандай қызмет тән?
a) экспрессивті
b) номинативті
c) коммуникативті
d) контексті
Қабыса байланысқан сөз тіркесі бар сөйлемді тап.
a) Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр.
b) Бұл оқиғаның аяғы айға жуық созылады.
c) Келе жатқан Бөжей, Байсал, Байдалы екен.
d) Еңбек етуді сүйіңдер.
Матаса байланысқан сөз тіркесі деп қандай байланыстың түрін айтамыз?
a) ұйытқы сөз бағыныңқы сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын талап ететін байланыс.
b) Бағыныңқы сөздің ұйытқы сөзбен жалғаулықсыз қатар тұруы арқылы байланысуы.
c) Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің ыңғайына, грамматикалық мағынасы мен формасына бағынып, соның жетегінде байланысуы.
d) Басыңқы сөз бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасымен үйлесіп, тиісті формада байланысуы.
Сөйлем басқа тілдік единицалардан қандай белгілері арқылы ажыратылады?
a) Дыбысталу мен мағынаның бірлігінен, құрылымдық тұрақтылығымен, белгілі бір сөз табына қатыстылығымен, даяр қалпында қолданылуымен ерекшеленетін единица.
b) Сөйлеу кезінде конструкциялануы, фразеологиялық единицалардың жасалуына негіз болуы, мағыналық және грамматикалық жақтан байланысты сөздердің тіркесінен құралған единица.
c) Құрылымдық жүйесінің болуы, предикативтілік, объективті-модальдылық және субъективті-модальдық мағыналарының болуы, белгілі бір интонациямен айтылып, коммуникативтілік қызмет атқаратын единица.
d) Мағына тұтастығымен, құрамы мен құрылымының тұрақтылығымен, даяр қалпында қолданылуымен, сөйлеу кезінде конструкцияланбауымен ерекшеленетін единица.
Сөздердің байланысу тәсілдерін көрсет.
a) Апакопа, метатеза, дивреза, қиысу
b) Қабысу, жанасу, меңгеру, қиысу
c) Метафора, метонимия, синекдоха
d) Интонация, орын тәртібі, шылаулар, жалғаулар
Сөздің синтаксистік шартты мағынасын тап.
a) Ақ көйлек, жас бала, қызыл жебе
b) Оқы, жаз, кел, бара жатыр;
c) Хан емессің, қасқырсың.
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың. Махамбет
d) Көзге түртсе, көргісіз, су жаңа, таяқ тастам жер.
Сөйлемге тән басты белгі.
a) Ішкі флекция
b) Интонация
c) Аффиксация
d) Сенсация
Ертең театрда спектакль болады.
Айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем?
a) хабарлы
b) сұраулы
c) лепті
d) бұйрық мәнді
Синтаксистік шартты мағынадағы сөзді тап.
a) Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?! (С.Т.)
b) Гималай – көктің кіндігі.
Гималай – жердің түндігі. (І.Ж.)
c) Ақтар қашып, қызылдар қуған күн еді.
d) Сендей нарқоспақтың баласы,
Оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай,
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетті демес ем. (Махамбет)
Дүние жүзіндегі тілдер генеологиялық жағынан қанша үлкен топтарға топтастырылады?
a) 9
b) 7
c) 10
d) 8
Араб тілі типологиясы жағынан қандай типті тілдердің тобына кіреді?
a) даралаушы
b) полисинтетикалық
c) флективті
d) агглюнативті
Түркі тілдері типологиялық жағынан қандай тілдер тобына жатады?
a) флективті
b) агглюнативті
c) даралаушы
d) полисинтетикалық
Типологиясы жағынан агглюнативті типке жататын тілдердің тобын анықта.
a) орыс, грек, араб, неміс
b) қытай, бирма, тибет, вьетнам
c) индеецтер, чухот, коряк
d) монғол, угро-фин, түркі
Түркі тілдерінің батыс хун бұтағына кіретін тілдердің тобын көрсет
a) қарлұқ, ұйғыр-оғыз, оғыз, қыпшақ.
b) бұлғар, қарлұқ, қырғыз-қыпшақ.
c) қарлұқ, оғыз, қыпшақ, бұлғар.
d) қырғыз-қыпшақ, ұйғыр-оғыз, қыпшақ
Тілдердің генеологиялық классификациясы неге негізделеді?
a) қарым-қатынасқа
b) географиялық орналасуына
c) сөздің құрылысына
d) шығу төркінінің бірлігіне
Орыс тілі типологиясы жағынан қандай типті тілдердің тобына кіреді?
a) агглюнативті
b) даралаушы
c) Флективті
d) полисинтетикалық
Типологиясы жағынан флективті типке жататын тілдердің тобын анықта.
a) угро-фин, түркі, монғол
b) орыс, араб, неміс, грек
c) вьетнам, қытай, тибет
d) чукот, индеецтер, коряк
Түркі тілдерінің шығыс хун бұтағына кіретін тілдердің тобын көрсет.
a) Оғыз, ұйғыр-оғыз
b) Бұлғар, қырғыз, қыпшақ
c) Қырғыз-қыпшақ, ұйғыр-оғыз
d) Қарлұқ, қыпшақ, балғар
Агглюнативті тілдерде түбірге жалғанатын қосымшаның тәртібін көрсет.
a) септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғаулары жалғанады
b) көптік, жіктік, тәуелдік, септік
c) септік, көптік, жіктік, тәуелдік, жұрнақ
d) жұрнақ, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғанады
Дүние жүзіндегі тілдер типологиясы жағынан қалайша бөлінеді?
a) флективті, аффикстендіруші, түбір тіл
b) түбір тіл, аморфтік тіл, агглюнативті
c) даралаушы, полисинтетикалық, агглюнативті, флективті
d) флективті-агглюнативті, түбір тіл
150. ҚР Тіл Туралы Заңы қашан қабылданды?
a) 1991
b) 1993
c) 1989
d) 1995
Достарыңызбен бөлісу: |