Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет193/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   199
Байланысты:
pub2 167

Түйін сөздер: бухгалтерлік есеп, капитал, прогрессивті, инвестиция, салықтар, 
заңнамалар, құнсыздану, жалпы экономикалық ахуал. 
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң өзгерістер 
бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған ережелерді жасау кезінде 
елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық 
шекарадан тыс жерлерде кеңейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу 
процесі нығаюда. Капитал нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін 
инвесторлардың жоғары дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және 
өтімділігіне сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының 
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін маңызды емес 
стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту 
арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға себепші 
болады. 
Бухгалтерлік есеп тек қана шаруашылық қызметін көрсетіп қана қоймайды, сонымен 
қатар оған әсерін тигізеді. Ол басқару үдерісінің бөлігі бола тұра кәсіпорынның ағымдағы 
қызметін бақылауға; оның стратегиясын мен тактикасын жоспарлауға; ресурстарды оңтайлы 
пайдалануға; қызмет нәтижелерін өлшеуге және бағалауға; шешім қабылдау кезінде 
субъективтілікті болдырмауға мүмкіндік беретін маңызды ақпараттар береді.
Есеп тауарлы-материалды құндылықтардың, ақша қаражаттарының сақталуын, 
олардың дұрыс пайдаланылуы мен өзіндік құнды төмендетудің қосымша қорларын 
анықтауды жүйелі бақылаудың маңызды құралы болып табылады. 
Бас 
есепші 
мен 
есепшілер 
аппараты 
атқарылып 
отырған 
шаруашылық 
операцияларының негізділігі мен заңдылыңына бақылау жасап отырады, сондай ақ 
төлемдер мен қаржылық тәртіптіліктің сақталуын қатаң қадағалап отырады.
Нарықтық экономика талаптарына сай бухгалтерлік қызмет мамандарының ролі де 
артады. Осыған байланысты олардың дайындығы да жақсаруы тиіс. Бухгалтерлік есеп 
маманы шаруашылықтың тиімді жүргізілуіне септігін тигізуі, шаруашылық ахуалына тез әрі 
қателеспей бағдарлануы, нарықтың жағдайды және оның тенденцияларын түсінуі керек. 
Жаңа экономикалық талаптарда шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп 
жеделірек, көп еңбекті қажет етпейтін болуы тиіс, материалды ресурстардың үнемді 
пайдалануын, шығындардың қысқаруын, тиімділіктің артуын қамтамасыз етуі керек.


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
376 
Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын жетілдіру үшін оның 
жеделділігі мен талдамалылығын көтеру керек. Ол үшін құжаттау үдерісін ЭЕМ өңделуі үшін 
автоматтандырылу талаптарына сай реттелуін, сәйкестендірілуін және стандартталуын 
жүзеге асыру керек. Құжаттау жүйесіндегі алғашқы есеп құжаттарын айтарлықтай деңгейде 
қарапайымдандыру үшін, оны машиналы тарату құралдарымен біріктіру үшін, оларды 
жасақтаудың оңтайлы кезеңділігін таңдау үшін сәйкессіздікті есепті автоматтандыру 
құралына қарай жою қажет. Ақпараттарды жинауға, тіркеуге, жинақтауға, сақтауға, өңдеуге 
және таратуға жұмсалатын уақытты және еңбекті қысқарту автоматтандыру талаптарына сай 
тікелей шаруашылық операцияларды жетілдіру үдерісінде жаңашыл құралдарды кеңінен 
қолдану арқылы қол жеткізіледі. Есептеу техникаларының жасалған құралдары және 
алғашқы есептік ақпараттарды тіркеудің арнайы әдістемелері мәліметтерді жинақтауды қағаз 
құжаттардың үзінді көшірмелерін жасау кезеңінен аттап жүзеге асыруға мүмкіндік береді [1].
Есептік жұмыстарды автоматтандыру үшін ЭЕМ-ді пайдалану заманауи есептеу 
техникаларының пайдалану мүмкіндіктеріне жауап беретін және осы техника негізінде пайда 
болған жаңа технологияларды есепке алатын есептің автоматтандырылған нысанын енгізу 
қажеттіліктен туындап отыр. Есепті автоматтандыру оның әдістемелерін одан әрі дамытуды, 
бухгалтерлік регистрлардың заманауи нысандарын қолдану, экономикалық мәліметтерді
енгізу мен өңдеу технологиялық үдерісті жасақтау, құжат айналысын қысқарту, 
ақпараттардың тұрақты ауқымын құрастыруды талап етеді.
Есептеу техникалары құралдарын пайдалану персоналды компьютер базасында 
автоматты жұмыс орындарын (АЖО) құруға мүмкіндік береді. Бухглатер ұйымы (АЖО) есеп 
жұмысын одан әрі жетілдірудәің маңызды қоры болып табылады, шағын кәсіпорындарды 
басқаруда есепті ақпараттарды қолдану мүмкіндігін арттырады. Қазіргі таңда компьютерлік 
техника мен қолданбалы бағдарламалардың орасан зор түрлері бар.
Шаруашылықтың жаңа талаптарында жедел есеп пен жоспарлы тапсырмалардың 
орындалуы мен пайданы өткізуді бақылау маңызды ролді атқарады. Есеп әдістемесі мен 
технологиясын жетілдіру маңызды бағыттарының бірі болып шаруашылық тәжірбиесінде 
ақпараттарды ауытқу әдісі бойынша есепке алу табылады. Бухгалтерлік есеп әдістемесін 
дамыту, оның әдістемесі мен ұйымдастырылуын жақсарту, және ақырында, шаруашылық 
механизмді жетілдіруде есеп пен бақылаудың ролін арттыру осы саладағы ғылыми 
зерттеулерді жылдамдату және олардың нәтижелерін шағын кәсіпорын жұмыстары 
тәжірбиесінен кеңінен енгізуді талап етеді.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп пен есептілікті дүниежүзілік стандарттарға қарай 
бейімдеу бухгалтерлік есеп мамандарын дайындауға жаңа талаптар қояды. Бухгалтерлік 
есепті жетілдірудің маңызды шарты мынада оның негізіне барлық тұрғындарды оқыту. 
Бухгалтерлік есепті жетілдіру мен оны дүниежүзілік стандарттарға қарай бейімдеудің 
маңызды бағыттарының бірі – есепті механикаландыру мен автоматтандыруды арттыру, ал 
ол тіркеу бағдарламаларын жасақтау және бухгалтерлік мәліметтерді өңдеу [2]. 
Бухгалтерлік есепті басқару жүйесін жетілдіру үдерісінде мемлекеттік (ҚР Қаржы 
Министрлігі) және қоғамдық бірлестіктер (бухгалтерлер, аудиторлар ассоциациясы) 
қатысуымен жүзеге асырылуы керек.
ШОК қолдаумен айналысатын көптеген ұйымдардың болуы, және де олардың бір 
бірінің қызметін қайталауы және өзара бәсекелестігі ШОК үшін қарапайым әрі түсінікті қолдау 
жүйесінің дамуына кедергі болып отыр. «Даму» қоры өзінің жылдық есептілігінде 
Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту жолында негізгі мәселе ретінде біртұтастықтың және 
қолдаудың орталықтандырылған жүйесінің жоқтығын атап өтті: «Шағын және орта бизнес 
үшін жасақталған бағдарламаларға көп жағдайда көңілдің толмауы оның нашар жүзеге 
асырылуы мен бақылаудың болмауында емес, анық мақсаттылық пен мақсаттың дұрыс 
қойылмауында болып отыр. ШОК қолдау бағдарламаларын жоспарлау мен жасақтауға 
жауапты мемлекеттік мекемелердің жетіспеушілігі осы жасақталған бағдарламалардың 
кейбіреулерінің алға қойылған мақсаттарға жетпеуі басты себептердің бірі болып табылады. 
Екінші себебі, Қазақстанда барлық сызықтық мекемелердің күш жігерлерінің 
үйлесімділігіне жауап беретін, және олардың дамуына үлес қосатын мемлекеттік 
мекемелердің болмауы. Бұндай мекеме тек қана үйлестіріп қана қоймай, сонымен қатар 
ШОК үшін жасақталған мемлекеттік бағдарламаларды жаңадан бағдарламалар құрып және 
олардың орындалуын бақылап отыруы керек. Осы мақсатқа жету үшін ең қолайлысы болып 
қазіргі таңда жұмысты бір бөлігімен айналысатын, бірақ ШОК үйлестіру мен дамуын 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
377 
бағдарламалауға уәкілеттілігі жоқ – Экономикалық даму және сауда министрлігінің жанынан 
құрылған кәсіпкерлікті дамыту департаменті табылады». 
Мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидасы шағын бизнесті әкімшілік-директивті реттеудің 
біртіндеп қысқаруы және нарықтық шаруашылықты жүргізудің барынша жақсы экономикалық 
және құқықтық талаптардың болуы тиіс. Шағын кәсіпкерлікті салалық, географиялық, ұлттық, 
тарихи ерекшеліктерді және дәстүрді, сондай ақ шетелдік тәзжірбиені есепке ала отырып 
олардың өз беттерімен дамуға және бәсеке қабілеттілігін жақсартуға ынталандырылуы 
керек. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін өз бетінше әрекет ету және кәсіпқорлық таныту үшін 
оның нысандары мен әдістерін таңдау еркіндігін беріп, тең дәрежеде шаруашылық 
мүмкіндіктерін жасау керек. Бұл қолдау адал бәсекелестіктің туындауына, меншік иелері мен 
кәсіпкерлердің көптеген топтарының қалыптасуы, федеральды, аймақтық және жергілікті 
деңгейде шағын кәсіпкерлік дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру; шағын кәсіпкерлік 
қызметтерінің басымдылық түрлерін дамыту; инвестициялық ресурстарды жинақтау және 
оларды 
басымды 
бағыттарда 
пайдалану; 
маңызды 
халық 
шаруашылығының 
бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруда шағын кәсіпорындардың қатысуы, сондай 
ақ мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнімді жолға қою мен жұмысты орындау; шағын 
кәсіпорынның өндірістік қорларын жетілдіру; прогрессивті технологияларды және жаңа 
техниканы енгізу; шағын кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлікпен байланысты коммерциялық және 
қаржылық тәуелділікті азайту есебінен тұрақты әрекет етуін қамтамасыз етуді атап өткен 
жөн.
Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаржылық, материалды-техникалық 
және ақпараттық ресурстарға, даярлауға, қайта даярлауға және басшылардың, шағын 
кәсіпорын мамандары мен қызметкерлерідің біліктілігін арттыруға, шағын бизнес қызметінде 
сыртқы экономикалық көмек, соның ішінде шетел елдерімен сауда, ғылыми-техникалық, 
өндірістік, ақпараттық байланысқа мүмкіндік алуға жеңілдік талаптары қажет, содай ақ 
шетелдік инвестицияларды тарту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің, олардың 
қызметтерін 
лицензиялада 
және 
мемлекеттік 
статистикалық 
есептілікті 
ұсынуда 
жеңілдетілген тәртібін орнату. [3] 
Шағын бизнестің жаңадан қалыптасып құрылу кезеңінде мамандардың дайындығы 
мен біліктілігін арттыру, нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, экономикалық және құқықтық 
ақпараттармен қамтамасыз ету, кеңес беру, қаржылық мекемелер жүйесін дамыту, қызмет 
көрсетуші кәсіпкерлер, сондай ақ өндірістік-техникалық орталықтар, бизнес-инкубаторлар, 
технопарктер, лизингтік фирмалар желілері, соның ішінде өндірісті қайта құрылымдау және 
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің босаған өндірістік алаңдары мен қондырғыларын артынан 
сатып алу тәсілімен жалға бер, реакциялық үдерістерді тездету маңызды мәнге ие.
Шағын кәсіпкерлікке шынайы қолдау көрсету мемлекеттік бюджет қорында жоқ көп 
мөлшердегі ақша тұрады. Ал несиелік ресурстар мардымсыз емес. Коммерциялық банктерге 
тоқталып өтетін болсақ, олардың беретін мерзімі мен бағасы бойынша жеңілдетілген 
несиелері оларға белгілі бір дәрежедегі экономикалық жеңілдіктермен байланысты болуы 
керек. Дегенмен де қазіргі таңда коммерциялық банктер айтарлықтай көп пайызбен және аз 
ғана уақытқа несие беру мүмкін болатын салық жеңілдіктерінен бас тартудан тиімдірек 
болып отыр. Қаржылық, экономикалық және саяси талаптар пайда мөлшерінің 
тұрақтылығына кепіл болған жағдайда ғана жеке капитал тұрақты және айтарлықтай 
дәрежеде инвестициялық көз болуы мүмкін. Қазақстанда бұндай жағдай жоқ, және жақын 
арада болуы да беймәлім, сондықтан өндірісте көп көлемдегі жеке инвестициялар болады 
деп күтуге болмайды.
Шағын кәсіпорындардың техникалық қатынастары – бұл үлкен мәселе. Олардың 
көпшілігі жұмысты бейберекет жасайтындықтан еңбек, материалды және қаржылық 
ресурстарды тиімсіз қолдана отырып, күрделі технологиялық және экономикалық 
мәселелерді шеше алмайды. Барынша аз уақыт ішінде оларды жоғары ғылыми-техникалық 
әлеуетті конверцияланған қорғаныс өнеркәсібі көмегімен заманауи қондырғылармен – 
машиналар, құралдар, саймандар жиынтығымен қамтамасыз етуге болар еді, ал ірі 
өндірістік-шаруашылық кешендер үшін дайын өнімнің жиынтық элементтерін құрайтын 
жабдықтаушылар ретінде алатын шағын кәсіпорындар әрекет ете алар еді.
Бұл бөлшекті және технологиялық мамандандырылуыды одан әрі дамытуға, сондай 
ақ қазіргі заманауи негізде қоғамдық өндірісті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ірі және 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
378 
шағын кәсіпорындар арасындағы кооперациялар өнімді тарату мен күрделі бұйымдарды 
жөндеу салаларын таратуда дами алады [4].
Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту мақсатында 
Батыста кеңінен тараған және барынша экономикалық эффект беретін ірі және шағын 
фирмалар («фрэнчайз») арасындағы келісімшарт негізіндегі қарым-қатынас жүйесін, әсіресе, 
сауда мен қызмет көрсету саласында пайдалануға да болар еді. Ірі басты фирма шағын 
фирмаға ақылы түрде өзінің технологиялық сызбаларын және тауар маркасын 
пайдаланудың ерекше құқығын береді, ал қажет болған жағдайда жеңілдік талаптарымен 
несиелер де береді, әртүрлі кеңес беру қызметтерін көрсетеді, қондырғыларды жалға береді 
және тағы басқалары, мұндай серіктестік жүйесі екі тарап үшін де тиімді болып табылады. 
Шағын кәсіпкерлік қызметі ең біріншіден, жергілікті нарыққа, аймақтық мәселелерді 
шешуге бағытталған. Шағын бизнес жергілікті шаруашылықтың оңтайлы құрылымын 
қалыптастыру мен әрбір жеке аймақтың дамуын есепке ала отырып, оны қаржыландырудың 
негізгі базасы болып табылады. сондықтан да шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету, ең 
алдымен, аймақтық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Оны біртұтас орталықтан реттеп отыру 
басымдылықтың жекелеген бағыттары немесе халық шаруашылығы кешені бойынша мүмікн 
болып отыр. Жергілікті билік өкілдері өз қаржылық және материалдық мүмкіндіктерін,
жалпыға мәлім қажеттіліктерін, қызмет ету салалары және меншік нысандары бойынша 
ресурстарды пайдаланудың барынша тиімді бағыттарын, кәсіпкерлік қызметті реттеу үшін 
қажетті әкімшілік және экономикалық тетіктерді жақсы біледі.
Билік пен кәсіпкерлер арасындағы қарым қатынас сияқты мәселе де бар. Бұл мәселе 
туралы екі түрлі пікір қалыптасқан. Оның біреуі – биліктегілер бизнесті дамыту үшін ештеңе 
жасамайды. Екіншісі-кәсікерлер билік ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана алмайды. Көпшілік 
жағдайда таразы басында екінші пікір басым түседі. Мысалы, Еуропада ең бірінші көзге 
түсетін нәрсе бұл бизнесмендердің билікке деген қарым қатынастарының белсенділігі және 
олардың 
қоғамдағы 
өз 
орындарын 
қорғай 
алатындықтары. 
Тәжірбиеден 
көріп 
отырғанымыздай, техникалық прогресс тұтынушылық қажеттілікті барынша қанағаттандыру 
кезінде қазіргі таңда көбіне шағын кәсіпорындардың жұмыстарының тиімділігін анықтайды. 
Жаңалықтарды енгізу, технологиялық өзгерістердің жинақылығы, ізденістерді енгізу, қызмет 
көрсету саласының жұмысбастылықтың жылдам өсуі, бір жағынан, бағаның төмендеуіне 
соқтыратын, ал екінші жағынан, тұтынушы жоғары сапалы өнім мен қызметті ала алуына, 
мемлекет үшін салық түсімдері түріндегі көптеген қаражаттар алуға мүмкіндік беретін өткір 
бағалық және бағалық емес бәсекелестік – осының бәрі ел экономикасына шағын 
кәсіпорындардың қосар үлесі [5].
Жеке кәсіпкерлікті құру оңай өйткені ол іс жүзінде ешқандай заңды және 
бюрократиялық кедергілер мен осымен байланысты шығындар тудырмайды.
Жеке кәсіпкер – өз өзіне қожайын және әрекет ету еркіндігіне ие. Өз кәсіпорынының 
қызметі нәтижесінің сәттілігіне қарай жеке кәсіпкердің табатын табысы оның одан әрі де 
жұмысын тиімді жасауына күшті ынталандырушы күш болып табылады.
Дегенмен де, кәсіпкерлік ортаны талдай отырып, мемлекеттің және Республиканың 
көптеген субъектілерінің осы мәселелерге басты назар аударуына қарамастан шағын 
кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіруші мынадай себептер қатарын табуға болады.
Біріншіден, 
елде 
орын 
алған 
күрделі 
экономикалық 
ахуал, 
шаруашылық 
байланыстардың үзілуі, пайыздық мөлшерлемелердің жоғары деңгейі, кәсіпкерлердің 
құқықтық қорғалуының әлсіздігі. 
Екіншіден, 
кәсіпкерлердің 
ұйымдастырушылық-экономикалық 
және 
құқықтық 
білімдерінің төмен деңгейі, шағын бизнесте де, сондай ақ мемлекеттік секторларда қажетті 
іскерлік этиканың, шаруашылық мәдениеттің болмауы. 
Үшіншіден, 
кәсіпкерлікті 
тек 
қана 
делдалдықпен, 
сату 
– 
сатып 
алумен 
байланыстыратын тұрғындардың белгілі бір бөлігінің теріс қарым – қатынасы. 
Төртіншіден, 
аймақтық 
деңгейдегі 
кәсіпкерліктің 
дамуын 
реттеудің 
ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерінің дұрыс өңделмеуі.
Бесіншіден, шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауы механизмінің әрекетінің әлсіздігі.
Орын алған экономикалық ахуал шағын кәсіпкерлікке барлық бағыттар бойынша кері 
ықпалын тигізеді. Өндірістің барлық факторларындағы құнсыздану мен бағаның өсуі көптеген 
шағын кәсіпорындарды банкроттық шегіне әкеп соқтырады. Бағасы үнемі өсіп тұратын 
шикізаттар, материалдарды және басқаларын тұтынатын, тұрғындар үшін тауар өндіру мен 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
379 
тұрмыстық қызмет көрсету саласында қызмет ететін кәсіпорындар ең бірінші орында тұрады. 
Салық прессі шағын бизнес саласындағы өндірістік кәсіпорындарға үнемі қысым көрсетіп 
отырады. Осындай қалыптасқан экономикалық жағдай кәсіпкерлік қызметпен айналысуға 
деген ынтаны басады, кәсіпкерлік жігерді әлсіздендіреді. Әлеуметтік сауалнама мәліметтерін 
жалпыламалау арқылы Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту ассоциациясының 
«Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік. Қиындықтары мен перспективалары» тақырыбындағы 
аналитикалық баяндамада біздің еліміздегі шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселелері 
тұжырымдалған: 
− салықтар; заңнамалар; құнсыздану; жалпы экономикалық ахуал;
− жеткізу; тапшылық; несиені алу қиындықтары және жоғары несиелік мөлшерлеме; 
− серіктестердің, клиенттердің төлемқабілетсіздігі; банк жүйесінің жетілмегендігі; 
саяси ахуал; бюрократия; өндірістік алаңдардың, кеңселердің жетіспеушілігі; үкіметтің, 
биліктің әрекеттері; жемқорлық, пара;
− материлды базаның жетіспеуі; мемлекеттің қаржылық саясаты; өткізу; клиенттерді, 
тұтынушыларды іздестіру; шикізаттар мен материалдардың бағасының жоғары болуы; 
мемлекет, мемлекеттік кәсіпорындардың монополиясы;
− жалға алу қиыншылықтары; экономикалық байланыстардың үзілуі; ақпараттардың 
жетіспеуі;
− мәдениеттің, тәжірбиенің кемшілігі; серіктестердің міндетсіздігі; меншік мәселелері; 
кадр мәселелері; өз ақша қаражаттарының жетіспеуі;
− өндірістің тиімсіздігі; көп, орасан зор есептілік; жеңілдіктің болмауы; рэкет;
− инвестиция салудың пайдасыздығы; бәсекелестік; нарықтың жетілмеуі; батыстық 
серіктестердің сенімсіздігі; кәсіпкерлерге теріс көзқарас [6]. 
Отандық кәсіпкерлер кездесетін осы аталған мәселелер кәсіпкерліктің, соның ішінде 
шағын кәсіпкерліктің дамуына қажетті жағдайдың елімізде әлі қалыптаспағанын көрсетіп 
отыр. 
Әдебиеттер 
1. Бектемисова С.Ю. Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку. – 
Алматы. – 2010. 
2. Рахматуллина Р.Р. Бухгалтерский учет и формирование отчетности на предприятиях малого 
бизнеса [Электронный ресурс]: 2011. − 283 с. 
3. Қазақстан Республикасының Заңы Жеке кәсіпкерлік туралы (2009.20.02. берілген өзгерістер мен 
толықтыруларымен). 
4. «Справочник бухгалтера» − Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын қолдану жөніндегі 
әдістемелік стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар. 
5. Рахматуллина Р.Р. Бухгалтерский учет и формирование отчетности на предприятиях малого 
бизнеса [Электронный ресурс]: 2011. − 283 с. 
6. Комаров С.,Нурумов А. Большие проблемы малого бизнеса (О проблемах развития 
предпринимательства в Казахстане) // Казахстанская Правда. – 2011. − 21 июня. 
ПРОБЛЕМЫ ОРГАНИЗАЦИИ БУХГАЛТЕРСКОГО УЧЕТА НА МАЛЫХ ПРЕДПРИЯТИЯХ
И ИХ РЕШЕНИЯ 
А.Ж. Зейнуллина, А. Караман 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет