Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет191/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   199
Байланысты:
pub2 167
1584443984376, 24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры, ЭИ ИУП рус 1-3 (1) (1), Әлеуметтану, Политология студенттерге 1-2 курс каз 200, КТП 34 сағат КжБН вариативті курс №415 бұйрық, ҒЫЛЫМИ СТИЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
сай, саяси-әлеуметтік, экономикалық жан-жақты баға бере отырып, терең тарихи баға беру.
Зерттеу архив материалдары негізінде жүргізілді. 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
371 
Түйін сөздер: транспорттық инфрақұрылым, автотранспорт, жолаушылар көлігі, 
қоғамдық көлік, жүк тасымалы, автопарк, КСРО, КазКСР, Орта Азия, Қиыр Шығыс, Семей облысы, 
материалдық-техникалық база, бесжылдық.
Отандық автотранспорт саласының қалыптасуы мен дамуының проблемалары қазіргі 
кезде ерекше маңызға ие болып отыр. Бұған себеп, көлік тасымалдау көлемінің жылдан-
жылға өсуі және бұл саланың өткені мен кеткені жайлы егжей-тегжейлі зерттеулердің аздығы 
деп білемін. Аталған саланың зерттелуі бұрыннан осы салада болып жатқан мәселелелердің 
қалай өрбігендігін, бұл күндері аталған саладағы өзекті сұрақтардың қалай шешіліп 
жатқанына көз жүгіртуге мүмкіндіктер береді. Авторанспорт саласы халықаралық және ішкі 
қатынастың негізгі түрі, сонымен қатар, жүк тасымалдау саласында да орыны ерекше болып 
табылады. Дегенмен қарастырып отырған тақырыбымызға байланысты зерттеулер жоқтың 
қасы. 
Транспорт саласының дамуы бұл елдің экономикалық дамуының бірден-бір 
көрсеткіші. Автотранспорт саласына қатысты жағдайға объективті тарихи баға беру әр 
аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық және заңдылық процестердің жүру 
ерекшеліктерін қарастыра отырып зерттелуі тиіс.. Архив материалдары негізінде көптеген 
қызықты фактілерге сүйене отырып объективті зерттеу жүргізілді. 
1917 жылғы төңкерістен кейін Кеңес Одағында жол құрылысының жағдайы 
айтарлықтай нашарлады. Жолдардың тығыздығы бойынша КСРО Батыс Еуропа 
мемлекеттерінен әлде қайда артта қалды және бұл алшақтық күшейе түсті. Мысалы, 
Кеңестік Ресейдің 10 мың тұрғынына 1,7 км. жол болды (салыстыру үшін: АҚШ-та − 450 км., 
Канадада − 760 км.). Техника жүре алатын жарамды жолдардың аз болуының және олардың 
нашар жағдайда болуы тарихи, географиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. 
сияқты себептермен байланысты еді 

1]. Ал Қазақстан КСРОның субъектісі бола тұра жол 
жағдайы тіптен нашар болды, автотранспорт жоқтың қасы еді . 
Жалпы Қазақстан бойынша автотранспорт сапасының төмендігін, эксплуатация 
мерзімінің сын көтермеуі жол сапасының болмауы, сондай-ақ елдегі көлік паркінің нашар 
жабдықталуымен де тікелей байланыстыруға болады. Мысал ретінде 1933 жылы 1 қаңтарда 
жолдарға тек 0,6%-ы ғана асфальт төселген болса, 0,8%-ы тас төселіп тегістелген, 98,6%-ы 
табиғи жол еді. 
Қазақстандағы жол проблемаларының дені материалдар мен құралдардың 
жетіспеушілігі, білікті жұмыс күшінің жоқтығы, жұмысты механикаландыру деңгейінің 
төмендігі және т.б. болды. 
Екінші бесжылдықта жол салу техникасы жабдықтарының жетілдірілуі және күрделі 
шығындардың артуы есебінен жол салу ауқымы едәуір кеңейді. Нәтижесінде 1930 
жылдардың ортасында Қазақстанда автомобиль көлігінің жалпы ұзындығы 100 мың км-ден 
асты, оның 97,3% табиғи жолдар, тас жолдар − 2,1%, асфальт жолдар − 0,6 % ғана құрады. 
Осылайша, екінші бесжылдықтың аяғында автокөлік жолдары Қазақстандағы ең өткір 
мәселелердің бірі болып қала берді. 
Қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты көлік қызметінің сервистік базасы 
автомобиль өнеркәсібінің қажеттіліктерінің тек 20%-ын қанағаттандыра алды, ал күрделі 
жөндеуді қажет ететін автомобильдердің қозғалтқыштары Мәскеуге, Ленинградқа, Харьковқа 
және басқа қалаларға жіберілді. Гараждардың жоқтығынан әрбір төртінші көлік ашық аспан 
астында тұрды 

2]. Жол сапасының төмендігі автокөліктердің қалыпты қызмет ету мерзіміне 
және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз етпеді. Бұның барлығы қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуына кері әсерін тигізді 
Соғыстан кейінгі кезеңде автомобиль көлігін халық шаруашылығына қарқынды енгізу 
экономикалық жоспарлау мәселелерін шешуді, тасымалдауды ұтымды пайдалану мен 
тарифтеу жүйесін мұқият жетілдіруді талап етті 

3].
Зерттеудің негізгі бағыты 1950-1960 жылдар болып отыр. Оған себеп қазақстанның 
бірден бір ірі аймағы Семей өңіріндегі өндіріс саласының дамуымен қатар халық саныныңда 
күрт өсуі автотарнспорт саласындағы туындаған проблемалар болды. Проблемаларды 
шешуде Республиканың күші жетппегендіктен Мәскеуден көмек сұрауға тура келген 
фактілерді кездестіруге болады [4].
Аталған кезеңде жалпыға ортақ автотранспортпен байланысты проблемалар тікелей 
экономикалық шығындарға, әлеуметтік стресспен ұштасып жатты, тіпті қоғамдағы 
шиеленістерді де туындатып отыруына итермеледі.


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
372 
Тақырыпты талдау барысында автомобильдің рөлі мен орнының мемлекеттің көлік 
жүйесіндегі және сәйкесінше әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістерді көруге 
мүмкіндік береді.
1960 жылдардың аяғында автотранспорт саласында болған өзгерістерді талдай 
отырып, өндіріс процесінде де, әлеуметтік салада да алдағы жылдармен салыстырмалы 
түрде оң көріністі де айтпасқа болмайды. Мысал ретінде жаңа қоғамдық көліктер мен ауыл 
шаруашылығы техникалардың жаңартылуы, қосалқы бөлшектерді жергілікті жерлерде 
маман-кадрларды даярлау жұмыстарын айтамыз. 
Семей Кеңес Одағы кезеңінде негізгі ерекше аймақ болып табылды. Осыған 
байланысты зерттеудің маңыздылығы Семей аймағының ерекшеліктерімен де байланысты 
екенін атап өткен жөн, ол ерекшеліктер территориалдық, экономикалық және әскери. 
Аймақтағы транспорт саласының дамуы геожағдаймен байланыстырылды, яғни Орта Азия, 
Сібір, Қиыр Шығыс, тіпті Азия мен Европаны байланыстырушы мақсаттар алға тартылған 

5].
1950-ші жылдары автотранспорт саласына көңіл бөлініп, материалдық-техникалық 
қамтамассыз ету жүзеге асырыла бастаған. Автотранспортты дамытудағы мақсат басқа 
аймақтармен қарым-қатынасын жүйесін жақсарту, тұрғындар мен өндіріс көздеріне 
материалдық қолдау көрсету дамытылды. Дегенмен әлі де мардымсыз қаржыландыру мен 
материалдық-техникалық жабдықтау, жүйесіз жүргізілген жұмыстар көптеген соылған 
проблемалар туындатты. Сондай өзекті проблемалардың бірі қоғамдық көліктердің жағдайы 
мен жолаушылар тасымалы болды.
Жолаушылар тасымалдау саласында үлкен проблема болды. Ірі қалалардың бірі 
Семейдің өзінде жолаушылар тасымалдау транспорты мүлдем жеткіліксіз болды. Тіпті 
қоғамдық көліктердің санын айтпағанда, бар техника қосалқы бөліктермен қамтамассыз 
етілмеді, тіптен қоятын арнайы тұрақтардың өздері болмады. Бұл жағдай қыс кезінде тіпті 
нашарлай түсті. Мысал ретінде 1955 жылы Семейдің атопаркінде 132 автокөлік, оның 35-і 
жеңіл көлік, 62-і жүк, 43-і жолаушылар таситын көлік болған. Жолаушылар тасымал көліктері 
қажетті автобустардың жартысын ғана қамтыды. Проблеманың күрт шиелнісуінен қала 
басшылығы Қазақ КСР Автокөлік және автомобиль жолдары министрлігінен Семейге 
қосымша 20 үлкен, 15 кіші автобустар cұраған. Бұл 50-60 жылдары халық саны күрт өсіп 
жатқан Қазақстан қалалары үшін үлкен проблемаға айналды. Автопарктер жоспарланған 
жылдық жоспрдың 1955 жылдың өзінде 124% пайызын орындады, яғни 7738 тасымалдау 
жоспраланған адамның орнына 9600 адам тасымалданған 

6]. Осындай халық санының 
өсуіне қарамстан қаладағы автопарктер жағдайы өзгеріссіз қалып отырды.
Қысы қатты Семейде аталған мезгіл қоғамдық көліктер қызметін мүлдем қиындатты. 
Гараждардың болмауы көліктің істен шығуына, қыздыру кеінде жанар-жағармайдың 
жоспардан тыс пайдаланылуына әкеп соқтырған. Аяз күндері жұмыс барысындағы қоғамдық 
көліктердің көптеп істен шығып отруы күнделіті жағдайға айналған. Негізгі проблема 
жүргізушілердің денсаулығының нашарлауы болды. Архив материалдарында осындай ауыр 
жұмыс жағдайында жұмысшылар денсаулығы күрт нашарлаған, мысалы 120 қызметкердің 
рентген қорытындысы бойынша 17-і өкпе ауыруына шалдыққан 

7].
Осындай қоғамдық көлік жағдайы жұмыс орындарының жұмыс режимі мен өндірістік 
жағдайына да кері әсерін тигізбей қоймады. Бір ғана Семейдегі кеме жөндеу зауытында 
қоғамдық көліктің тұрақсыз жұмысы нәтижесінде 20-30 адамға дейін жұмысқа кешіккен 
фактілер тіркелген. Осындай негізгі проблемалардан басқа, аялдамалардың болмауы, 
жолдардың нашар жағдайы т.б. сияқты басқада проблемалар орын алған 

8].
1960 жылдарыда республикадағы бірден бір ірі аймақ Семей автотарнспортпен 
қатамассыз ету толық қанды шешілмеді. Облыстағы халық саны 670 мыңнан асатын, 
негізінен ауыл шаруашылығы аймағы бола тұра Семей қаласы территориясында 49 
өндірістік өнеркәсіптер мен зауыттар болса, оның 8 Одақтық және Республикалық маңызда 
болған 

9].
Соған қарамастан ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдардың өзінде автотранспорт қызметі 
қажеттіліктің жартысына жуығын ғана қамтамассыз етті. Ерекше көңіл бөлінетін әскери 
саланың өзінде автотранспортпен қамтамассыз ету жеткіліксіз болды. Оған дәлел 1965 
жылы Семей партия обкомы әскери типтегі 134 жүк көлігін, 80 екі ості тіркеме, 25 жанармай 
таситын көлік пен жанармай автоцистернасын ҚазақССР Автотранспорт министрлігінен 
сұрауынан көре аламыз 

10]. Бұндай фактілер азаматтық салада да көптеп кездеседі. 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
373 
Қызметтік көліктермен мекемелердің қамтамассыз етілуі де көптген құжаттарда 
көрсетіледі. Уақытында қызмет көрсету, азық түлікпен қамтамассыз ету, халықтың өмір сүру 
жағдайын реттеу, мамндардың жеткізілуі, қылмыстың алдын алу сияқты көптеген 
жағдайларды шешуде территория жағынан үлкен аймақ үшін автотранспорт мәселесі 
маңызды болды. Мысалы, 12 аудандық прокуратураның 5-де қызметтік ранспорт мүлдем 
болмады. Қалғандарында 4 ГАЗ-69, 2 «москвич» автотранспорттары болған. Бар көліктің 
техникалық жағдайының нашарлығы немесе жанармайдың жеткіліксіздігі жайлы КСРО Бас 
Прокурорына бірақ баяндалған 

11]. Бұдан Республиканың өз үшімен аталған проблеманы 
шеше алмағандығын немесе материалдық жағдайының болмағандығын көреміз. 
Автотранспорт саласында жолдар және техниканың саны мен сапасын айтпағанда 
маман кадрлардың тапшылығы қатты сезілген. Маман кадрлардың жетіспеушілігі тың игеру 
кезінде қатты байқалды. Бұл проблеманы шешу мақсатында сыртан, яғни Кеңес Одағының 
басқа аймақтарынан әсіресе Ресей, Украина, Белорусия сияқты біршама жағдайы жақсы 
аймақтардан тартылды. Республика ішінде автомектептер, ПТУлар, автомеханиалық 
колледждер немесе қосымша мамандықтар ашыла бастады. Соның өзінде аталған 
проблема шешілмеді.
Аталған проблемалар БАҚ-на шықпады, үлкен мінбелерден айтылмады, тек ішкі 
құжаттар мен жоспарларда ғана көрсетіліп отырды. 
Алайда, осы және басқа да кемшіліктерге қарамастан, Қазақстанның көлік қызметі 
оның Кеңес Одағының басқа аймақтарымен қарым-қатынасын материалдық қолдау ретінде 
ғана емес, сонымен қатар облыстар, қалалар мен ауылдар, өнеркәсіп орталықтары мен ел 
ішіндегі ауылшаруашылығы арасындағы байланысты жақсартуға да үлкен көмегін тигізді. 
Сонымен қатар көлік қатынасы индустриялық еңбектің жетекші салаларының бірі бола 
отырып, сондай-ақ ұлттық жұмысшы табын және инженерлік-техникалық интеллигенцияны 
қалыптастырудың ірі экономикалық негізін қалады. 
Қорыта келе транспорт саласының дамуы күрделі қиындықтармен қатар жүретін ұзақ 
процесс болды. Дегенмен, автотранспорт қатынасы ХХ ғасырдың 30-жылдарында қалыптасу 
кезеңінен өтті. Осылайша, зерттеліп отырған кезеңде Семей өңірінде автотранспорт 
жағдайы іс жүзінде қанағаттанарлықсыз деңгейде еді. Автокөлік жолдарының жетіспеушілігі 
аймақтың нашар экономикалық дамуының басты себебінің бірі, сондықтан жол мәселесі 
мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі мақсатына айналды. ХХ ғасырдың 20-шы 
жылдарынан бастап аймақтағы жолдарды салу қаржыландырылмады, сондықтан жолдар 
көбінесе экономикалық негізсіз салынды. Осының бәрі республиканың автомобиль көлігі 
саласының баяу дамуына әкеп соқтырды. Транспорт саласының әлсіз дамуы елдегі 
материалдық-техникалық қамтамассыз етілуіне кері әсерін тигізді. Жалпы тұрақсыз жағдай 
автотранспорт саласының барлығына тән болды. Оған қоса материалдық-техникалық 
жабдықтар мен маман-кадрлардың тапшылығы реттелмеді. 
Қарастырылып отырған кезеңдегі өндіргіш күштердің өсуі көліктің жедел дамуын 
талап етті. Көлік қоғамдық өндірісті дамытудың бірі ретінде әрекет етті. Автотранспорттың 
дамуы ел экономикасының өркендеуіне елеулі үлесін қосты. 
Әдебиеттер 
1. Логинова Д.В. История становления и развития автотранспортной отрасли республики коми (1917–
1945 гг.): Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук. − Ярославль, 2015. 
– с. 236 
2. Социологическое строительство Казахской АССР, – с. 314. 
Вопросы экономики и организации автомобильного транспорта. М., 1955; Аксенова З.И. Вопросы 
экономики перевозок грузов. − М., 1964; Великанов Д.П. Эффективность автомобиля. − М., 1969; 
Технико-экономические проблемы организации работы автомобильного транспорта. − М., 1969. 
4. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру 
орталығы» КММ. Қ − 103 тізбе – 24 құжат − 53 118 п. 
5. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру 
орталығы» КММ. Қ-103 тізбе-21 құжат - 46. 41п6. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы 
«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ. Қ-103 тізбе – 13 құжат – 33. .19 п. 7. ШҚО 
мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» 
КММ. Қ-103 тізбе – 13 құжат − 33. 20 п. 
8. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру 
орталығы» КММ.. Қ-103 тізбе – 13 құжат − 33. 20 п. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
374 
9. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру 
орталығы» КММ. Қ-103 тізбе – 24 құжат – 53. 117 п. 
10. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру 
орталығы» КММ. Қ-103 тізбе – 21 құжат − 46. 30 п. 
11. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқамасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру 
орталығы» КММ. Қ-103 тізбе – 24 құжат − 53. 118 п. 
ИСТОРИЯ СТАНОВЛЕНИЯ И РАЗВИТИЯ АВТОТРАНСПОРТА В СЕМЕЙСКОМРЕГИОНЕ
(1950-1960 гг.) 
А. Каирбекулы, А.М. Мамырбеков, Р.Д. Ахметова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет