Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет188/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   199
Байланысты:
pub2 167

қалуына мүмкіндік берді. 
Түйін сөздер: Матуриди, Мауараннахр, Саманилер, Самарқан, әһлі рай, теология, қазылық. 
Мауараннах 
аймағы 
мен 
Самарқан 
шаһарының 
географиялық 
орны. 
«Мауараннахр» (رﮭﻧﻟا ءارو ﺎﻣ) ‒ Амудария (Жейхун/Оксус) өзеніне қатысты болып, араб тілінде 
«өзеннің арғы жағы» деген мағынаны білдіретін Орта азиядағы ортағасырлық тарихи аймақ 
атауы. Бұл атау арабтардың VII-VIII ғасырларда Орта азия аймағына жасаған жорықтарынан 
кейін, нақтырақ айтқанда IX ғасырдан бастап араб және парсы жазба деректерінде кездесе 
бастады. Амудария өзенінің шығысында орналасқан аталмыш тарихи аймақ Исламнан 
бұрын арабша дереккөздерде «Хайтал» (Хайатыла) парсы жазбаларында «Фараруд» деп 
кездессе, батыс дереккөздерінде «Transoxania» деп аталған. Кейіннен бұл атау Амудария 
мен Сырдария өзендерінің арасындағы аймаққа берілді. Ортағасырлық «Мауараннах» 
аймағына бүгінгі Өзбекстанның басым бөлігі, Тәжікстан мен Қырғызстанның батыс бөлігі, 
Түркменстанның шығысы мен Қазақстанның оңтүстік аймағының бір бөлігі кіреді. 
Хорасан мен Мауараннахр аймақтары VIII ғасырда мұсылмандардың иелігіне 
өткенде, Мауараннахр аймағы әу баста әкімшілік басқару жағынан Хорасанның бір бөлігі 
ретінде қабылданған. Кейін IX ғасырда Саманилер дәуірінде Хорасаннан бөлек өз алдына 
дербес аймақ болды. Орта ғасырда бұл аймақ орталығында Бұхара мен Самарқан қалалары 
орналасқан жері құнарлы Соғд жері, батысында Харизм (кейіннен Хиуа аталған), оңтүстігінде 
Сағаниан-Хуттал, Жейхунның жоғарғы жағы Бадахшан және солтүстігінде Ферғана мен Шаш 
аймақтарын қамтитын бес бірдей аймақтан тұратын. Парсы елі мен Тұран елінің 
ортасындағы бұл аймақ Ислам діні келгенге дейін кейде парсылардың иелігіне өтсе, кейде 
көшпенді түркі халықтарының иелігінде болған.
Аймақтың ең басты шаһарлары ретінде Самарқан, Бұхара, Термез, Нәсәф, Ходжент, 
Хиуа және Түркістанды атауға болады. Ал аймақтың саяси-экономикалық және мәдени 
орталығы Соғды жерінің батысы мен шығысында орналасқан Бұхара және Самарқан 
шаһарлары болған. 
Имам Матуриди өмір сүрген кезеңдегі аймақтағы саяси-экономикалық, ғылыми 
және діни ахуал. Арабтарда «әр ғалым өз заманының баласы» деген қанатты сөз бар. 
Осыған орай, имам Матуриді ғалым ретінде, исламның ой-пікір тарихына өшпестей етіп 
өзіндік таңба қалдырған біртуар тұлға ретінде тану үшін, сондай-ақ оның ілімін, алға тартқан 
пікірлері мен ғылыми тұжырымдарын дұрыс пайымдап, тиісінше түйсіну үшін алдымен оның 
туып өскен ортасы мен өмір сүрген кезеңін жақсы білу шарт. Әсіресе, ғалымның өмір сүрген 
кезеңінде орын алған саяси оқиғалар, әлеуметтік жағдай, діни ахуал және соның нәтижесінде 
туындаған психологиялық факторлар мен түрлі ой-пікірлерді анықтаудың маңызды екені 
даусыз. 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
361 
Имам Матуриди Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) туған көкесі Аббас ибн 
Абдулмутталиб ибн Хашимға телінетін (750-1258) жылдар аралығында ислам әлемін 
билеген Аббасилер халифаты дәуірінде өмір сүрді. Матуриди өмір сүрген кезеңде, Аббаси 
халифаты бұрынғы айбаты мен күш-қуатынан бірте-бірте айрылып, әлсірей бастаған шақ еді. 
Халифаттың әлсіреуі нәтижесінде оның құрамындағы орталықтан шалғай аймақтар бірінен 
кейін бірі әуелде жартылай, кейіннен толықтай саяси-экономикалық дербестік алып, халифат 
ішінен кішігірім мемлекеттер құрыла бастады. Осылайша, Аббасилер халифаты өздерінен 
бұрын ислам әлемін билеген Әділ халифалар мен Омаяттардан өз ішінде кішігірім дербес 
мемлекеттерге бөлінумен ерекшеленді [1]. Өйткені, орталық биліктің бірте-бірте әлісеуінен 
туындаған мұндай саяси құбылыс алдыңғы халифаттарда орын алмаған еді. 
Имам Матуриди туып-өскен Мауараннахр аймағы халифат орталығынан шалғай 
аймақтардың бірі еді. Матуриди осы аймақта бір ғасырдан астам уақыт билік құрған 
Саманилер әулетінің (875-999) дәуірінде өмір сүрді [2]. Саманилер әу баста халифат 
орталығына толық бағынса да, бірте-бірте жартылай, содан соң толықтай халифат ішінде өз 
саясатын жүргізетін өз алдына дербес мемлекетке айналды [3].
Деректерде Саман әулетінің парсылардан шыққан текті әулеттердің бірі болғаны 
жайлы айтылған. Саманұлдары Омаядтар халифатында исламды қабылдап, халифа 
Мамунның кезінде орын алған саяси оқиғаларға етене араласып, биліктің көзіне түседі. 
Артынша, Саманұлдарының барлығы халифа Мамун тарапынан халифаттың шығыс 
бөлігіндегі Мауараннахр және Хорасан аймағының белді қалаларына әкім болып 
тағайындалады[4]. Кейін олар Аббасилердің дәуірінде Хорасан мен Мауараннахр 
аймақтарын түгелдей билейтіндей үлкен күшке айналады. 
Саманиттер Аббаси халифатының тұсында орталық биліктен дербес болса да, 
Бағдаттағы орталық билікпен өте жақсы әрі тығыз қарым-қатынаста болды. Олар өздері 
сияқты халифаттан бөлініп шыққан Саффариттер, Зейдиттер және Фатимиттер сынды 
орталық халифатқа қарсы саясат ұстанған емес[4]. Мұның ең басты себебі, Саманилердің 
Аббасилер сынды Исламдағы суннилік бағытты ұстанғандығы деуге болады.
Матуриди өмір сұрген кезеңді бейбіт және бүлікшілдік белең алған кезең деп, екі 
бірдей кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бұлардың алғашқысы IX ғасырдың екінші 
жартысын қамтыған, аймақта саяси тұрақтылық пен тыныштық орнаған шақ еді. Осыған 
орай, тарихи деректерде Самарқан шаһары X ғасырдың басына дейін ұзақ уақыт бойы 
тұрақтылық пен тыныштық орнаған ғылыми орталық болған делінген [2]. Тіпті, сол уақытта 
Мауараннахрдың бас шаһарлары Бұхара мен Самарқан ғылым, мәдениет және өнерде 
халифат орталығы болған Бағдаттан асып түспесе кем болмаған [2]. Өйткені, ол уақытта 
Мауараннахрдағы саяси-экономикалық жағдай тұрақты еді. Ғылым, сауда-саттық және 
мәдениет салаларындағы жасампаздық пен тың идеялар билік тарапынан әркез қолдау 
тауып отырғандықтан, аймақта ғылым, эконмика және қорғаныс салалары бойынша едәуір 
жетістіктерге қол жеткізілді.
Осыған орай, Ибн Әсир хижри 279 таққа отырған, Саманилердің ең белді де, беделді 
әміршісі болған Исмайл ибн Ахмед жайлы: «Расында ол ғалымдар мен діндарларды жақсы 
көретін, оларды құрметтеп, сый-сияпатқа бөлейтін адамгершілігі мол жан еді», ‒ деген. Тағы 
бір жерде: «Расында ол өте парасатты, әділ, қоластындағыларға қайырымды да, мейірімді 
жан еді», ‒ деген[4].
Саманилер билік құрған кезеңде Хорасан мен Мауараннахр аймақтары толықтай 
мұсылмандардың билігіне өтті. Бұл аймақтардың Ислам әлемінің ең белді ғылыми, мәдени 
әрі әскери орталықтарының біріне айналуының нәтижесінде Ислам діні іргелес Түркістан 
жеріне де кең тарала бастады. Саманилер аймақта билік құрған кезеңде көптеген түркі 
тайпалары Ислам дінін қабылдады [5]. 
Саманиттер мемлекетінің астанасы Бұхара мен ең ірі қаласы Самарқан әсіресе, 
ғылым, ой-пікір, және жасампаздықта үлкен жетістіктерге жетті. Аббаси халифатының саяси 
тұрғыдан әлсіреуінің нәтижесінде Бағдат қаласы бұрынғыдай дүниенің түкпір-түкпірінен 
ғалымдар, ойшылдар, әдебиетшілер, өнертапқыштар, қолөнершілер сынды дарынды 
адамдар ағылып келетін жалғыз ғылыми әрі мәдени орталық болудан қалып, аталмыш 
аймақтар да ғалымдар мен дарынды жандардың қызығушылын оята бастады. Десек те, 
ескеретін бір жайт, Орта азияда қалыптасқан ғылыми орта Ислам әлемінің өзге аймақтарына 
қарағанда, ақыл-ой мен пәлсапаға көбірек көңіл бөлумен ерекшелетін. Бұл аймақтан шыққан 
әл-Фараби, Ибн Сина сынды философтардың еңбектері, сондай-ақ ақыл мен нақылды 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
362 
шебер үйлестіру арқылы кәләм ілімінің негізін қалаған имам Матуридидің, оның маңдайалды 
ізбасары Нәсәфидің еңбектері мен ғылымға қосқан елеулі үлесі осы сөзіміздің айғағы. 
Имам Матуриди өмір сүрген Саманилер дәуірінде (хижри III ғасырдың екінші жартысы 
мен IV ғасырдың алғашқы жартысында) Мауараннахрдың, соның ішінде Бұхара мен 
Самарқанның ғылым-білім мен Ислам мәдениетінің ошағына айналуына сеп болған бірқатар 
факторлар 
бар. 
Солардың 
ең 
елеулісі 
жоғарыда 
айтылғандай 
жергілікті 
билік 
басындағылардың ғалымдар мен ойшылдарға ерекше сый-құрметпен қарап, олардың ғылым 
және тәлім-тәрбиемен айналысуына барлық жағдайды жасауы еді. 
Осыған орай, Ислам тарихшылары Исламдағы жүйелі түрде діни тәлім беретін ең 
алғашқы медреселердің Мауараннахр жерінде пайда болғанын алға тартқан. Аймақтағы ең 
белді оқу орындары Самарқан мен Бұхарада орналасқан болатын. Хорасан мен 
Мауараннахрдың өзге аймақтарындағы халық балаларын осы шаһарлардағы медреселерге 
жіберіп оқытатын. Сондай-ақ Самарқанда Әбу Бәкр әл-Жузжани, Әбу Наср әл-῾Иядый және 
имам Матуриди сынды белді ғалымдар басшы әрі ұстаз болған «Дәр әл-Жузжания» деп 
аталған медресе, бүгінгі тілмен айтқанда ғылыми академия болған. Онда Әбу Ханифаның 
ілімі оқытылып, ой-пікірлері мен ғылыми тұжырымдары жан-жақты талқыға салынатын 
болған [6]. 
IV/X ғасырда өмір сүрген, Мауараннахр аймағы, соның ішінде Самарқан шаһары 
жайлы жазба деректер қалдырған ирандық географ ғалым әл-Истахри Самарқан шаһары 
мен халқын әбден мақтаған. Аймақта мұғтазилалық, каррамилер, шиғалар, харижилер және 
суннилер арасында пікірталастар жиі болатын. Мақдиси бұл аймақта сұлтанның 
ұйымдастыруымен өтетін кешкі пікірталас мәжілістерінің болғандығын айтқан және 
ханафилер мен шафиғилер арасындағы текетірестің, сондай-ақ каррамилер мен шиғалар 
арасындағы сенім мәселелеріне қатысты қызу пікірталастардың сұлтанның дәргейіндегі 
кешкі мәжілістерде өтетіндігін жеткізген. Сондай-ақ Мақдиси сол кезеңде аймақта 
антропоморфистер, қарматилер, рафизиттер және т.б. көптеген діни-саяси топтар мен 
философиялық ағымдардың болғандығын айтқан.
Бұл аймақта ой-пікірдің, ғылымның дамуына барлық жағдайдың жасалуы, сондай-ақ 
Ислам әлемінің өзге аймақтарында саяси қақтығыстардың түпкі себебі дін деп қабылданып, 
ғалымдардың билік тарапынан қатты қысым көруі бұл аймаққа өзге аймақтардан көптеген 
ғалымдар мен діни топтар өкілдерінің қоныс аударуына түрткі болды. Осыған орай, Аббаси 
халифатының батыс аймақтарында биліктен қысым көрген харижиттер, муғтазилиттер, 
муржиялар, сопылар, жаһмиттер, каррамилер, зейдиялар және исмайлиялықтар сынды 
діни-саяси топтардың белді өкілдерінің, тіпті, өзге дін өкілдерінің де орталық биліктің құрығы 
жетпейтін шалғай аймақтарға, әсіресе, Мауараннахр, Хорасан жеріне келіп, тұрақтауы, 
аймақта түрлі пікірдегі ғалымдар арасында діни-философиялық мәселер төңірегінде 
пікірталастардың жандануына және діни ілімдер бойынша ғылыми методологияның 
қалыптасуы мен ой-пікірдің дамуына сеп болды. 
Аббаси халифасы Мутәуәккилдің «Құранның жаратылып жаратылмағандығы» 
(халқул-Құран) мәселесіне қатысты белең алған бүлікті біржолата тоқтатып, сол бүлікті 
шығарған мұғтазилаларды хижри 234 жылдан бастап халифат орталықтарынан 
аластауының нәтижесінде, мұғтазилалар өздеріне бас сауғалайтын жер іздеп, ақыры осы 
аймақты паналаған еді. Әйгілі сопы Халлаж Мансур 309/922 жылы билік тарапынан өлім 
жазасына бұйырылып, өлтірілгеннен кейін оның жолын қуған муриттері де бас сауғалайтын 
жер іздеп, олар да самани әулетін пана тұтқан еді. Сондай-ақ Буәйһилер Бағдатты басып 
алғаннан кейін ол жерде шиғалардың ықпалы арта бастаған соң көптеген ғалымдар сол 
уақыттың өзінде Бағдаттан кем түспейтін ғылым мен мәдениеттің ошағы болған 
Мауараннахр аймағын паналауды ұйғарған еді. Сонымен қатар, халифаттың өзге 
аймақтарында, әсіресе, Бағдат маңайында өздеріне «зындық» деген айдар тағылып, 
мұсылмандардан көп теперіш көрген Мани дінінің өкілдері мұсылман елдерінің ішіндегі ең 
толерантты аймақ саналған Мауараннахр жеріне жаппай қоныс аударған. Осыған орай, 
Мауараннахр ғалымдарына исламның өз ішіндегі діни-саяси топтар және ағымдармен қатар, 
өзге діндерге және солармен бірге келген гностикалық ілімге төтеп берудің жолдарын іздеуге 
тура келді. Имам Матуридидің замандасы имам Әшғаридің және өзге де әшғари 
ғалымдарының еңбектерінде кездеспейтін бірқатар діни топтар мен пәлсапалық ағымдарды 
тілге тиек етіп, олардың пікірлері мен көзқарастарын сынап, теріске шығаруы ол өмір сүрген 
аймақта өзгеше бір ғылыми әрі мәдени ортаның болғанын көрсетеді.


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
363 
Міне осылайша, аймақтағы саяси-экономикалық тұрақтылық, мәдени ахуал, сондай-ақ 
сенім мен ой-пікір мәселесіндегі еркіндік пен толеранттылық өз елдерінде қысым көрген 
ғалымдар мен түрлі діни топтар өкілдерінің осы аймаққа келіп тұрақ тебуіне сеп болды. 
Соның нәтижесінде бұл аймақ әлемнің ең маңызды мәдени орталықтарының біріне айналды. 
Әрине, бұл құбылыстың аймақтағы діни наным-сенім мен ғылыми ортаға, сондай-ақ, саяси 
тұрақтылыққа да кері әсері болмады деп айта алмаймыз.
Дегенмен, кей уақыттарда саманұлдары сұлтандарының кейбір саяси және әскери 
бастамалары бұқара халықтың, соның ішінде көптеген ғалымдар мен жауынгерлердің 
наразылығын тудыратын болған. Мысалға, саманұлдары сұлтандары қараханиттер мен 
ғазнауилерге қарсы соғысу үшін ғалымдардан халықты соғысқа үндеуді талап еткенде, 
кейбір беделді ғалымдар керісінше, биліктің бұл саясатына қарсы пәтуә берген. Сондай-ақ 
деректерде сол кездерде кейбір түркі қолбасшыларының да саманұлдарына қарсы көтеріліс 
ұйымдастырғаны жайлы айтылған. Осыған байланысты, Ахмет Актың пікірінше, 
саманұларының аталмыш түркі қағанаттарына қарсы соғыс саясатына қарсы болған 
ғалымдардың да ханафи түркі ғалымдары болуы мүмкін. 
Нәтижеде, алғашқы кезеңдерде бұл аймақта ұзақ уақыт бойы ықпалды болған 
ханафилік жузжания мектебі өкілдерінің орнын, IV/X ғасырда алдымен дәстүршіл 
хадисшілерге (асхабул-хадиске) жақын мұсылмандар, ал одан кейін, белгілі уақытқа дейін 
ханафи-мұғтазилиттерге жақын мұсылмандар басты деуге болады[2]. 
Матуриди өмір сүрген кезеңнің екінші жартысына келсек, бұл кезең керісінше, саяси 
тұрақсыздық пен бүлікшілдік белең алған аласапыран шақ болды. IV/X және V/XI ғасырлар 
Аббаси халифатының едәуір әлсіреуінің нәтижесінде халифат орталығы Бағдатта Буәйһилер 
күшейе бастаған, Табаристанда Зәйдилер дербес мемлекет құрған, шиіттік бағыттағы 
Исмайлиттердің ішіндегі Қарматиліктер Орта Азияда, әсіресе, Мауараннахр аймағының 
белді шаһарлары Нәсәф, Самарқан және Бадахшанда Самани әулетіне айтарлықтай қауіп 
төндіретіндей дәрежеде күшейген және Исмайлиттер ішіндегі Фатимиттер Африканың 
солтүстігінде дербес мемлекет құрған тарихи оқиғаларға толы аумалы-төкпелі кезең. 
IV/X ғасырдың басында Саманилерге Бағдаттағы орталық билікке қарсы бас көтерген 
батынилік бағыттағы қарматилерге қарсы тұруға тура келді. Сонымен қатар, Саманилер дәл 
сол кезеңде құрылған шиғалық Фатимиттер династиясымен мен Иран мен Ирак жерінде 
едәуір күш алған шиғалық бағыттағы Буәйһилер династиясының саяси ықпалының астында 
қалды [2]. 
Мысыр жерінде шиғалық-исмайлиялық бағыттағы Фатимилер династиясы құрылған 
бойда, фатимилердің үгіт-насихатшылары Хорасан және Мауараннахр аймақтарында 
шиғалық сенім мен көзқарастарды жаюға қызу кірісті. Нәтижеде бұл аймаққа да шиғалық 
сенім мен көзқарастар кеңінен жайыла бастады. 
Сонымен қатар, IV/X ғасырдың алғашқы жартысында (хижри 334 жылы) Ахмад ибн 
Буәйһ бастаған шиғалық бағыттағы Буәйһилер халифат орталығы Бағдатты басып алып, 
өздеріндей шиғалармен қоса, мұғтазилаларға да саяси қолдау көрсете бастады. Мерчилдің 
пікірінше, Буәйһилер өздерінің Сасанилік ата дәстүрлерін қайта жаңғыртуды қалаған еді. 
Буәйһилердің әміршілері Адудуддәулә мен Имадудәулә Али өздерін әйгілі Баһрам Гурдың 
тікелей ұрпағымыз деп, Сасаниттердің патшалары сияқты өздеріне «шахиншах» 
(патшалардың патшасы) деген лақап қолданды. Сондай-ақ олар өздерін бағзы 
Сасаниттермен байланыстыратын арнайы шежірелер жазғызды. Бірақ олар халифаттың 
өзге аймақтарындағы суннилерге үкім жүргізу үшін суннилік бағытты ұстанатын Аббаси 
халифатының орталық билігін құлатпады. Буәйһилердің саяси алаңда күш алуы өздері 
сияқты Сасаниттердің ұрпағы болған Саманилердің мемлекеттік саясатына азды-көпті ықпал 
еткен болуы мүмкін [2]. 
Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай буәйһилер халифаттың шығыс аймақтардағы 
суннилердің ықпалын азайту мақсатында мұғтазилаларға саяси қолдау көрсетті. Мысалға 
Буәйһилердің заманында Әбу Али әл-Жуббаи (303/916) және Әбу Хашим әл-Жуббаи 
(321/933) сынды мұғтазилалардың атақты ғалымдарынан тәлім алған әл-Жассас (370/981) 
және Әбу Зәйд әд-Дәбуси (430/1039) сияқты ғалымдар мен олардың шәкірттері 
Мауараннахрдағы ханафилерге біраз уақыт ықпал етіп келді. Мұғтазилалық бағыттағы 
аталмыш ғалымдар әлбетте, өздері сынды мұғтазилалық сенімді ұстанған Әбу әл-Қасим 
әл-Кә῾бидің пікірлерін сынап, теріске шығару мақсатында қалам тартқан имам Матуридиді 
сынаған немесе ең кемінде оған және іліміне немқұрайлы қараған деуге болады. Міне 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
364 
осыдан кейін Ирак жерімен қоса, Хорасан және Мауараннахр аймағында да 
муғтазилиттердің де дін мен саясатқа азды-көпті ықпалы болды. Бұл жағдай 447/1055 жылы 
түркілердің ықпалымен Буәйһилер династиясы құлағанға дейін жалғасты деуге болады. 
Әдебиеттер 
1. әл-Матуриди, Әбу Мансур Мухаммад ибн Мухаммад. Тә’уиләт әһл әс-суннә / тахқиқ М. Бәсәллум. ‒ 
Бейрут: Дар әл-кутуб әл-‛илмия, 2005. ‒ Т. 1-10. ‒ 638 с. 30 б. 
2. Ак A. Büyük Türk Alimi Maturidi ve Maturidilik. ‒ İstanbul: Bayrak matbaası, 2008. ‒ 216 s. 28 б. 
3. Kutlu Sönmez. İmam Maturidi ve Maturidilik. – Ankara: OTTO, 2011. – S. 23 б. 
4. әл-Матуриди, Әбу Мансур Мухаммад ибн Мухаммад. Тә’уиләт әһл әс-суннә / тахқиқ М. Бәсәллум. ‒ 
Бейрут: Дар әл-кутуб әл-‛илмия, 2005. ‒ Т. 1-10. ‒ 638 с. 28 б. 
5. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. ‒ М.: Наука, 1963. ‒ Т. 1. ‒ 763 с. 76 б. 
6. Ибн Йахйа. Шарх жумәл усул әд-дин. ‒ İstanbul: Suleymaniye kütüphanesi, Şehid Ali Paşa böl., 
elyazma № 1648., ‒ 169 п. 

, 161 б. 
ПОЛИТИЧЕСКАЯ, ЭКОНОМИЧЕСКАЯ И РЕЛИГИОЗНАЯ СИТУАЦИЯ В РЕГИОНЕ МАВАРАНАХР 
ВО ВРЕМЯ АБУ МАНСУРА АЛЬ-МАТУРИДИ 
А.Б. Әкімханов, Н. Шәдекұлы, Ж.Т. Рахимгазиев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет