4- cынып Қазақ тілі құпиясы Тақ: Ақыл жастан, асыл тастан



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі399,31 Kb.
#34614
  1   2   3
4- cынып Қазақ тілі құпиясы

Тақ: Ақыл - жастан, асыл - тастан.


Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».
Шаттық шеңбері
- Қайырлы күн, балалар!
- Қайырлы күн, достарым!
- Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
«Бес нәрсеге асық бол!» Арасанбай Естеновтің
• Өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал бүгін ақыл, ақылдылық, сондай - ақ бала кезен ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
- Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?
Мәтінмен жұмыс «Жиренше шеше мен Қарашаш сұлу» аңыз.
- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?
- Басқа балалардың іс - әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
- «Ақымақ жауынды күні суға түсер»деген халық мақалынан нені түсінуге болады?
- Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?
- Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма?
• Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан - жағына байыптап, барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.
Сахналау «Байлық, бақыт, ақыл» ертегі.
Автор, байлық, бақыт, ақыл, данышпан.
- Байлық, Бақыт, Ақылдың артықшылығы неде екен?
- Данышпан қандай ой түйіндеді?
- Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?
- Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Жүсіп Баласағұнидің «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл»
• Балалар сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.
Дәптерлеріне жазып алады
Тапсырма
1. Ақылды адам ерінбейді.
2. Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
3. Ақылдан жақын дос бар ма?
4. Ақыл озбайды, білім тозбайды.
Өзіммен - өзім
- Балалар, ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді «Өзін - өзі тану елінде»жүрміз деп елестетіңдер. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқор бола білетін, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішінде ең данасы, ең жомарты, ең ақылгөйі – Данышпан ата. Көз алдарыңа Данышпан ата сендерге сыйлық әкеле жатыр деп елестетіңдер. Ол сыйлықтың сендер үшін ең қымбат, ұмытылмас сыйлық екенін сезініңдер. Көзді ашып қараңдар.
Ойын – жаттығу. «Мен ақылды баламын, өйткені............................»
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабын»қолдарына кезек – кезек ұстап тұрып,
«Мен ақылды баламын, өйткені................» деп жалғастырады.
«Мен ақылды баламын, өйткені................» Ойланып сөйлеймін.
«Мен ақылды баламын, өйткені................»ашуланбаймын.
«Мен ақылды баламын, өйткені................»болашағыма ренжімеймін.
«Мен ақылды баламын, өйткені................»
Жаңа ақпарат
«Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет»
Дәптермен жұмыс
Дәптерге ақылды баланың бойында болатын қасиеттерді жазыңдар.
Дәптерде берілген үкінің тұмсығынан таралып тұрған парақтардағы бос жолдарға адамды ақылды, сүйкімді, әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазыңдар.
Қорытындылау.
Пішіндердің бөлігін тауып, мақал құрастырыңдар.
Ақыл азбайды, Білім тозбайды.
. Ақылды адам ерінбейді.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Ақылдан жақын дос бар ма?
- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл - жастан, асыл - тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған.
Жүректен жүрекке.
Данышпан атаның «Даналық кітабынан» өсиет сөздерді параққа жазып, әр баланың қолына береді.
- Данышпан атай сендердің әрқайсының бойларыңнан ақылдылықты көргісі келеді. Сендерге өз тілегін, батасын арнайы жіберіпті. Балалар Данышпан атаның тілектерін кезегімен оқып шығады. (Әр баланың ерекшелігіне қарай құрастырады)
- Еңлік
- Абылай
- Лұқпан
- Мөлдір қызым,
- Бексұлтан балам, сабақты жақсы оқ

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Құстардың көктемгі тіршілігі.


Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы, емдік қасиеттері туралы меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру.
3) Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд,«Құстар әлемі» бейнелі суреттер, жануарлар суреті бар буклет.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын түрлері, кубизм, венн диаграммасы, семантикалық карта, мәнерлеп оқып, сипаттау, салыстыру, топтастыру. (СТО), 5 жолды өлең, ақпараттық технология.
Типі: Жаңа сабақ.
Пәндік байланыс: Тіл дамыту, биология, көркем әдебиет, қазақ тілі, музыка.
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
1. Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Әрдайым көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Табиғаттай әдемі бол!
III. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мағынаны тану: Кубизм әдісі.
А) Сыныпты 3 топқа бөлу.
Б) Үй тапсырмасын «семантикалық карта» бойынша сұрау, сипаттау, салыстыру.
- Үйге не берілді?
«Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі»
Слайд №1.
1 - топ: Сипаттайды, анықтама береді.
2 - топ: Салыстырады, айырмашылығын, ұқсастығын, ерекшелігін айтады.
3 - топ: Пайдасын айту.
Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі:
Жыл мезгілі. Табиғаты. Қар ериді. Жер құрғайды Оянады. Балалайды. Көбейеді
Көктем
Наурыз
Сәуір
Мамыр
2 - топ салыстыру: Барлығы омыртқалы жануарлар, аяқтары төртеу, жабайы аңдар, өз беттерімен тіршілік жасайды, балаларын өздері туады, сүтпен емізеді.
Айырмашылықтары: Тұқымдары әр түрлі, әр түрлі тіршілік етеді, жемдерін өзі түрлі тәсілмен тауып жейді.
Пайдасы: Аңдар табиғатпен бірге байланысты. Құстар, аңдар болмаса табиғат құриды, аңдарды атуға болмайды. Табиғат құрыса адамға өте қауіпті.
Қоян, кірпі, аю туралы айту.
IV. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Қызығушылықтарын ояту. «Ойға шабуыл» Слайд №2
А) Жұмбақтар шешу. Б) Өзі сақ, өзі ұсақ,
Жер көкті кезіп, Шықылықтап тұрмайды.
Тамағын табады. Құйрығы ұзын, өзі ала,
Үйіме үйін, Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Балшықтан соғады. Ол не? (Қарлығаш)
Ә) Құстың мекені? (Ұя)
В) Тоқ - тоқ етеді, Г) Көлдің көркі, сәні екен,
Ағашты ояды. Ұшқанда сазды ән екен.
Тауысып қояды, Адамдар қорғап сақтаған,
Қандай құс орман - емшісі?(Тоқылдақ) Қандай құс - киелі құс?(Аққу)
Д) Қазақ халқы қандай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт.)

1 - топ: Аққулар.


2 - топ: Қарлығаштар. Сөзжұмбақтар шешу.
3 - топ: Қараторғайлар.
Слайд №3.
Қ А Р Л Ы Ғ А Ш
Ұ Я
С А У Ы С Қ А Н
Т О Қ Ы Л Д А Қ
А Қ Қ У
Б Ү Р К І Т

V. Жаңа сабақ: «Мағынаны ашу»


Осы құстардың өміріне қысқаша мінездеме беріп өтейік, ортаға ойымызды салайық. 3топ оқып немесе білгендерін айтады.
1 - топ: Аққулар.
2 - топ: Қарлығаштар. Туралы сипаттама береді.
3 - топ: Қараторғайлар
Мұғалім сөзі: Қыран құсы туралы не білеміз? Қыран қандай құс?
Қайда бейнеленген? Еліміздің рәміздерінде. Туымыздағы бүркіт бейнесі – тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған, қазақ елінің қыраны, еркіндік алған қайратты құс.
VI. Оқулықпен жұмыс.(Сабақты бекіту)
1. Оқушылар 1 - топ дауыстап оқу.
2. Оқушылар2 - топ сипаттаманы толықтыру, ерекшелігін айту.
3. Оқушылар 3 - топ1 - топтың сұрағына жауап беру.(Пайдасын айту)
Келесі кезең: Слайд бойынша.
1 - топ: «Халық болжамдарын айту»
 Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
 Торғай терезеге қонса, күн суытады.
 Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
 Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады; Аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады.
 Торғай ерте су ішсе, көктем ерте шығады.
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық,
Біз құстарша самғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық!
Слайд №4.
2 - топ: «Өз ұясына қондыр» ойыны. Әр құсты өз ұясына қондыру керек.
Слайд №5.
3 - топ: Ойын: «Қараторғайдың ұясын жасайық»
Шығармашылық жұмыс:
Слайд №6.
1. Құстардың үнін тыңдайық. (Сергіту сәті).
2. Осы әдемі сазды үнді тыңдай отырып, 5 жолды өлең, мәтін, сөйлем құрастырайық.
Слайд №7.
Құстар қанатты
досымыз орнатты
адамға ұясын
пайдалы құстардың
тосамыз аялап
көктемде табиғатты
асыға қорғаймыз
Слайд №8. Венн диаграммасы.
VII. Сабақты қорытындылау.
Жабайы құстар Үй құстары

1. Жерде, құрлықта, көкте өмір сүреді. 1. Екі аяқты. 1. Қолда күтіледі.


2. Өз бетімен тіршілік етеді. 2. Қанаттары бар. 2. Алысқа ұшпайды.
3. Далада мекен етеді. 3. Балапан басады. 3. Үйде мекендейді.
4. Пайда келтіреді.
5. Көбейеді

 Бүгінгі тақырып қалай аталады?


 Бүгін сабақта не істедік?
 Қандай құстар жыл құстары, жабайы құстарға қандай құстар жатады?
 Құстарды қалай қорғаймыз?
 Қалай көмек береміз?
VIII. Үйге тапсырма беру.
1 - топ: Шығарма шағын мәтін құрастыру. «Менің қанатты достарым»
2 - топ: Сурет салып әкелу, ұя салу.(Үй маңына, ағаш)
3 - топ: Туралы сипаттама береді.
IX. Бағалау. Әр топты бағалау.
X. Қоштасу. «Құстар қайтқанда» әнімен.

қсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
Би «Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.

1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Хор: «Наурыз той».

1-оқушы: Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
2-оқушы: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Көрініс: «Сүйінші»
Ата-ана сүйінші туралы мағлұмат береді.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.

Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Ол біріншіден арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса, «Ат ұстар» деп, қыз болса «қырық жеті» деп хабарлаған.

4-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы саналады.
Көрініс: «Шашу»
Келін түсіру тойында ауылдың әйелдері көштің алдынан шығып шашу шашады.
«Шашу» биі. Орындайтын қыздар тобы.
10-оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

11-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
12-оқушы: Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

13-оқушы: Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.

Киіз үй жабдықтары мен ұлттық тағамдарды таныстыру.
Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!
Айың тусын солыңнан,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
1-жүргізуші: Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.

2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ән: «Наурыз думан».

Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа,
Шаттық шеңбері
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын сұрау
«Мен мейірімді баламын» тақырыбында құрастырып келген әңгімелеріңді тыңдайық.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Жарайсыңдар, балалар, мен сендердің мейірімді істеріңді естіп, қуанып тұрмын. Адамға, қоршаған ортаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан,
Табылсаң болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан
- Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
- Ой қозғау
- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?
- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?
- Мұғалім толықтырады
- Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен
қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады, сыйластықтары артады.
- Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу
«Жан Ана» мәтінін әңгімелеп беру.
Сұрақ - жауап
- Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
- Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Дәйексөз
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.
Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»
деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал - мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.
Жақсылық қылсаң - жасыр,
Жақсылық көрсең – асыр.
Өзгеге жасаған жақсылығың,

Өзіңе жасаған жақсылығың
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
Өзіммен - өзім
- Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлығыңды көрсетіп жатырсыңдар.

Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.
- Жұмыстарын қорытындылау.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Ойын
Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастыру. Ең алдымен ұзындығы 5 - 6 метрге жететін жіп дайындап, оның екі ұшына да жіңішке, ұзындығы 25 - 30см таяқ байланады.. Жіптің қақ ортасын белгілеп, сол жерге басқа түсті жіп байлап қойылады. Ортаға екі бала шығады да, бір - бірінен алшақтап, жіпті кереді. Ойын бастаушы «бастаңдар» деп белгі бергенде әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез - тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.

Үй тапсырмасы
Дәптерде берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға төмендегі сұрақтарға жауап жазу
1. Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?
2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.
3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?
Жүректен - жүрекке
Барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне шығайық. Мына бір шумақ өлеңді қосылып айтайық және өзіміз жақсы көретін жандарға тілектерімізді білдірейік.

Оқушылар барлығы қосылып айтады.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен - кішіге
- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
- Талапты достарыма табыс тілеймін.
- Сыныптастарыма амандық тілеймін.
- Отбасыма бақыт тілеймін.

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
Түрі: интеллектуалды ойын
8 - 11 сыныптардан 4 - топ қатысады. Әр топта 4 оқушыдан болады.
Сайыстың барысы:
Мұғалім:
Құрметті оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! « Көшбасшы - биолог» атты 8 – 11 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарды таныстырып өтейін:
І - топ – «Білгірлер» тобы
ІІ - топ – «Тапқырлар» тобы

Сайыскерлер таныстырылады.


Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
Әділ қазылар алқасы таныстырылады.

Мұғалім:
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

Әр топқа ортақ 15 сұрақтан беріледі. Жылдам жауап берілген әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.


І - топ – «Білгірлер» тобына берілетін сұрақтар:
1. Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қайсысы?
2. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі?
3. Тек қайың, қарағай, шырша маңында өсетін саңырауқұлақтар?
4. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?
5. Пенициллин антибиотигі алынатын саңырауқұлақ?
6. Жасушаны алғаш көрген кім?
7. Амебаның қозғалуы?
8. Негізгі өсімдік жүйесінің ең жоғарғы сатысы?

9. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?


10. Төменгі сатыдағы өсімдік?
11. Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын арнайы тұтас табиғи аймақ?
12. Тек өсімдік жасушасында болатын денешік?
13. 20 - 30 метр тереңдікте өсетін балдыр?
14. Тостағанша гүлдің қай бөлігінде орналасқан?
15. Фотосинтез барысында өсімдіктерде қандай зат түзіледі?

ІІ - топ – «Тапқырлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Мүктерді зерттейтін ғылым?
2. Гүл дегеніміз не?
3. Туберкулез қоздырғышы?
4. Бір жасушалы саңырауқұлақ?
5. Қай балдырлар бір жасушалы?
6. Қағаз өндірісінде пайдаланылады?
7. Қарағайлы орманда өсетін қына?
8. Күлте ішінде орналасады?
9. Туберкулез қоздырғышы?
10. Бір гүлде аталық пен аналық болса, ол:
11. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы?
12. Топырақты азотты заттармен байытатын бактериялар?
13. Қыналар пішіндеріне қарай неше топқа бөлінеді?
14. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс?
15. Микроскоптың препаратқа жарық түсіретін бөлімі?

ІІІ - топ – «Білгірлер» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қоңыр балдырды ата?
2. Қай балдырлар көп жасушалы?
3. Грекше «Брион» қандай мағынаны білдіреді?
4. Тік сабақты өсімдікті тап?
5. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек?
6. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы?
7. Гүлдің ең негізің бөлімдері?
8. Тыныс алу мүшелерінің ауруына жатады?
9. Микроскоптың үлкейтетін екі шынысы бар бөлімі?
10. Өсімдікте жемістің түзілетін жері?
11. Қыналарға ең қажетті жағдай?
12. Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар?
13. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?
14. Ботаника зерттейді?
15. Хлорофилл орналасқан?

ІІ - топ – «Тапқырлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қызыл балдырды тап?
2. Порфира балдырын қай өндірісте пайдаланады?
3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
4. Жеуге жарамды саңырауқұлақты тап?
5. Грекше «Микос» қандай мағынаны білдіреді?
6. Аспергилл қандай саңырауқұлаққа жатады?
7. Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым?
8. Грекше « бактерион» қандай мағынаны білдіреді?
9. Паразит саңырауқұлақтарды көрсет?
10. Антарктидада қынаның қанша түрі табылған?
11. Жүйенің ең кіші бірлігі?
12. Көкек зығыры деп қай мүкті атайды?
13. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын өсімдік?
14. Тамырдың өзгерген түріне не жатады?
15. Қай өсімдікте тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кетеді?

ІІ кезең «Бәйге» кезеңінде әр топқа ботаника және зоология бойынша 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 2 ұпайдан есептеледі.
«Білгірлер» тобы

1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым: ботаника
2. Қазақстанның тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты? 1978 жылы
3. Қазақстанда қанша қорық бар? 10
4. Тек өсімдік жасушасына тән денешік. Пластидтер
5. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы: ұлпа
6. Жасыл эвглена ненің көмегімен қозғалады? Талшық
7. Денесі бір ғана жасушадан тұратын ағзалар: Қарапайымдар
8. Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабықша. Циста
9. Бунақденелілердің денесі: Бас, көкірек, құрсақ 

10. Ұлуларды қандай ғылым зерттейді? Малакалогия



«Тапқырлар» тобы
1. Өсімдіктің өсімді мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ
2. Жасушаны ашқан ғалым: Р.Гук
3. Жарықта өсімдік жапырағында жүретін үдеріс: фотосинтез
4. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы. Қосжынысты
5. Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады? Органикалық
6. Амеба ненің көмегімен қозғалады? Жалған аяқ
7. Шаян, өрмекші, бунақденелілердің денесіндегі су, газ өтпейтін қатты қабықша. Хитин
8.Күйіс қайыратын малдардың қарны неше бөлікті? 4
9. Өрмекшілердің денесі: Баскөкірек, құрсақ
10. Жәндіктерді қандай ғылым зерттейді? Энтомология

ІІІ кезең . «Кімнің еңбегі?». Бұл жерде ғалымдардың аты-жөнін табу керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай.


ІV кезең «Жұмбақтар» шешу. Мұнда өсімдіктер мен жәндіктер туралы жұмбақтар жасырынған. Әр дұрыс жауап үшін 3 ұпайдан беріледі.
1. Улы газ да, су да оның қорегі,
Тіршілікке қоректік зат бөледі.
Сары менен қызыл түске боялып,
Күздің ызғар суығынан өледі. (Жапырақ)

2. Тұщы су оның тұрағы,


Өзгеріп пішіні тұрады.
“Аяғының” саны көп,
Бірақ, жоқ оның “құлағы”. (Амеба)

3. Аналық та, аталық та бір гүлде


Ажырасып көрген емес, ол мүлде
Жарасымды жазылмайтын жұптары
Ондай гүлді көріп жүрміз әр күнде. (Қосжынысты)

4. Көзшесімен жарықты ол сезеді,


Талшығымен судың ішін кезеді.
Асқорыту вакуолі болмайды,
Тереңірек ойланып көр ол жайлы. (Жасыл эвглена)

5. Топырақтың арасында тұрағы,


Топыраққа құнар беріп тұрады.
Жаңбырдан соң жер бетіне шығады,
Ойланған жан оның мәнін ұғады. (Шұбалшаң)

6. Жер астында тұрағы,


Қорегін жұтып тұрады.
Сол қоректің нәрінен,
Жайқалады жапырағы. (Тамыр)

7. Жеп көріп ем өзін мен,


Жас шығарды көзімнен. (Пияз)

8. Жануарлардың денесінде болады,


Кейбір кезде адам қанын сорады.
Тойған кезде томпайып,
Құрсағы қанға толады. (Кене)

9. Жайлы, жұмсақ төсегім,


Домаланып өсемін.
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін? (Орамжапырақ)

10. Төрт қанаты тым әдемі өрнекті,


Тоқымайды бірақ олар өрмекті.
Ұшады олар қанаттарын себелеп,
Оның аты түрлі-түсті ... (Көбелек)


V кезең “Іздеу ұйымы” . Бұл кезеңде әр топқа өсімдіктер туралы қысқаша мағлұмат берілген, ол қандай өсімдік екенін табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
«Білгірлер» тобы

Маған гүлдің барлық бөліктері бекінеді. Мен гүлсағақтың жоғарғы жағының жуандаған жерімін. Пішіндерім алуан түрлі. Мен гүлдің қандай бөлігімін? (Гүлтабан)
«Тапқырлар» тобы
Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда? (Картоп)
«Білгірлер» тобы
Мен екі жылдық көкөністік дақылдардың маңыздыларының бірімін. Сыртқы келбетім қабыршақты құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті болып келеді. Мені шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады. Аршыған кезде көзді ашытып, жылатады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданылады. (Пияз)
«Тапқырлар» тобы
Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақылмын. Мені дәнді ботқа, палау жасауға пайдаланады. Қайнатпам - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Мені өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев. Сонда мен қай өсімдікпін? (Күріш)


Мұғалім: Сонымен сайыстың қорытындысын айту үшін әділ – қазыларға сөз кезегін берсек.
Мұғалім: Заман қанша қиын - қыстау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Үздік биолог танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола ма?
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Көшбасшы - биолог» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет