а) Өз бетімен тақырыпты меңгеру.
Етістіктерді салыстыру, мағынасындағы өзгешелікті тапқызу, қосымшалы етістікті сөз құрамына талдап, болымсыз етістіктердің жасалуы туралы қорытынды тұжырымдату
Сөйлемдерді көшіріп жазу, болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдап, жасалу жолын сызбаға түсірту.
б) Жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.
30- жаттығу. (Ауызша жұппен жұмыс)
Берілген етістіктерге сұрақ қойып, болымды екенін дәлелдеу, жұрнақ жалғап болымсыз етістік құрастыру
Көру диктанты (31- жаттығу)
Мақалдарды жатқа жазу, болымды, болымсыз етістіктердің астын сызу, сөз құрамына талдау.
1-нұсқа 1-мақал 2-нұсқа 2-мақалды
Атаңның баласы болма, Киіміңе мақтанба,
Адамның баласы бол. Біліміңе мақтан.
Терме диктант (32-жаттығу) Қазақтың тыйым сөздерін оқып,
етістіктерді табу, олардың болымды, болымсыз екенін ажырату
III кезең Нәтижеге бағытталған кезең
Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау, ашық журнал парағын толтыру)
1-деңгей
Семантикалық картаны толтыр:
(жаңа тақырып бойынша жұптасып, «Қайсысы артық?» ойыны негізінде 2 сұрақтан дайындау)