Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет104/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   199
Байланысты:
pub2 167

Cerambycidae, Lestidae жатқызылды. Сонымен қатар тұщы су қоймасының омыртқасыздарының 
түрлік қатынастарының көрсеткіштері беріліп, су омыртқасыздарының алуантүрлілігі бойынша 
пайыздық қатынасы көрсетілді. Көрсеткіштері бойынша Gammarus sp. (35%), P. marginata (20%), S. 
pedemontanum (20%), I. pumilio (15%) және O. cancellatum (10%) болып, осы өңірдің негізгі түрлерін 
құрады.
Түйін сөздер: Үржар өңірінің тұщы су қоймалары, омыртқасыздар, буынаяқтылар, түрлік 
құрамы. 
Тұщы су қоймаларының омыртқасыздары – омыртқасыздардың ішіндегі экологиялық 
жағынан алуан түрлі және саны жағынан едәір басым болып есептеледі. Су 
омыртқасыздары барлық дерлік тұщы су қоймаларында таралған. 
Шығыс Қазақстан облысындағы Ұржар ауданының фаунасы аса зерттелмеген 
аймақтар қатарына жатады. Жер беті сулары Балқаш – Алакөл алқабына жатады. 
Тарбағатай жотасы мен оның сілемдерінен бастау алатын Ай, Қаракөл, Үлкен текебұлақ, 
Үржар (Өржар), Қатынсу, Еміл, Шағантоғай және т.б. өзендер кіреді. Ауданның батыс 
жағында Шыңқожа, Кенжебай, Қолдар және т.б. шағын көлдер бар [1]. 
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының 
омыртқасыздарының түрлік құрамын анықтау, экологиялық сипаттамалар беру. 
Зерттеу материалдары. Зерттеу жұмыстарына материалдар 2016-2019 жылдардың 
жаз, күз мезгілдерінде жинастырылды. Зерттелген өзендер – Қусақ, Көлденең, Шошқалы, 
Қатынсу, Үржар, Егінсу, Еміл, Шағантоғай өзендері сияқты, көптеген әртүрлі мөлшердегі 
тоғандар. Тұщы су қоймаларының буынаяқтыларының өкілдерін анықтау мақсатында 
бірнеше анықтағыштар мен ғылыми еңбектер пайдаланылды [2-7]. 
Зерттеу нәтижелері. Үржар өңірінде су қоймаларының буынаяқтыларының фаунасы 
өзінің алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының буынаяқтылар 
өкілдерінің тізімі 1-ші кестеде келтірілген. 
Кесте 1 – Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының буынаяқтылары 
Отряды 
Тұқымдас 
Түрі 
Саны 




Тұқымсыз сүліктер – 
Ahyncholdellea 
Жұтқыншақты сүліктер – 
Herpobdellidae 
Кішкентай жалғанпілләлі сүлік 
Herpobdella octoculata 

Еттұмсықтылар 
Rhynchobdellae 
Еттұмсықты сүліктер
Rhynchobdellidae 
Шиырша сүлігі 
Glossiphonia complanata 

Haplotaxida 
Түтіктілілер 
Tubificidae 
Кәдімгі түтіткті құрт 
Tubifex tubifex 

Өкпелі ұлулар 
Pulmonata 
Тоспа ұлулар 
Limnaeaidae 
Құлақты тоспа ұлуы Limneae 
auricularia 

Шарғы ұлуы Planorbidae 
Шарғы ұлуы Pl. corneus 

Тоған ұлулары 
Lymnaeidae 
Жұмыртқа тәріздес тоған ұлулары 
Lymnaea ovata 

Veneroida 
Шаровкалар- 
Sphaeriidae 
Sphaerium corneum 

Бүйіржүзгіш 
Amphipoda 
Бүйіржүзгіштер Gammaridea 
Бүйіржүзгіш Gammarus sp. 
∞ 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
186 




Өрмекшілер Aranea 
Су өрмекшісі Agelenidae 
Су өрмекшісі Argyroneta aquatica 

Tetragnathidae 
Тетрагната-өрмекшісі 
Tetragnatha 

Кенелер 
Acarina 
Су кенесі 
Hydrachnidae 
Географиялық кене 
Hydrachna geographica 

Көктемдіктер Plecoptera 
Перлидтер Perlidae 
Perla marginata 

Taeniopterygidae 
Қоңыр көктемдік 
Nepheolopteryx nebulosa 

Біркүндіктер 
Ephemeroptera 
Oligoneuriidae 
Oligoneuriella pallida 

Baetidae 
Ақ құйрықты біркүндік 
Baetis binoculatus 

Біркүндік 
Heptageniidae 
Нәзік біркүндік 
Heptagenia coerulans 

Epeorus torrentium 

Ecdyonurus fluminum 

Инеліктер Odonata 
Нағыз инеліктер
Libellulidae 
Жолақты инелік 
Sympetrum pedemontanum 

Қоңыр инелік 
Orthetrum
brunneum 

Жалпақ инелік 
Libellula depressa 

Торлы инелік 
Orthetrum cancellatum 

Sympetrum flaveolum 

Orthetrum albistylum 

Жебелі инеліктер 
Coenagrionioidae 
Ischnura pumilio 

Көгілдір инелік 
Enallagma cyathigerum 

Люткалар
Lestidae 
Sympecma paedisca 

Aeshnidae 
Aeshna juncea 

Anax parthenope 

Қосқанаттылар Diptera 
Арыстанша шыбындар 
Stratiomyidae
Қарапайым арыстанша шыбын
Stratiomya chamaeleon 

Соналар Tabanidae
Кәдімгі сона Haematococcus pluvialis 

Хирономустар 
Chironomidae 
Chironomus piger 

Chironomus plumosus

Chironomus 
behningi 

Масалар 
Culicidae 
Шиқылдақ немесе кәдімгі маса 
Culex pipiens 

Aedes cinereus 

Anopheles maculipennis 

Мухи береговушки 
Ephydridae
Coenia polustris 

Ephedra sp. 

Шіркейлер 
Simuliidae
Simula ornatum

Қаттықанаттылар 
Coleoptera 
Сүңгуір қоңыздар Dytiscidae
Шұбар сүңгуір қоңыз
Palaeopsychops maculatus

Сүңгуір қоңыз 
Hydroporus sp. 

Мұртшалылар (ағашкескіштер) 
Cerambycidae 
Жиекті сүңгуір қоңыз 
Dytiscus marginalis 

Жылтыр кеуделі ұзын мұртты қоңыз 
Tetropium castaneum 

Жартылай қатты 
қанаттылар Hemiptera 
Ескекшілер Corixidae
Sigara fallen

Сызықты корикса 
Sigara striata 

Notonecta glauca 

Су сары 
шаяндары Nepidae 
Су сары шаяны Nepa cinerea 

Жүзгіш қандалалар 
Naucoridae 
Naucoris
cimicoides 

Су өлшегіш қоңыздар 
Gerridae 
Кәдімгі тоған су өлшегіші 
Gerris lacustris 



ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
187 
Тұщы су қоймаларын зерттеу барысында сүліктер класынан Herpobdellidae, 
Rhynchobdellidae тұқымдастары тіркеліп Herpobdella octoculata, Glossiphonia complanata 
түрлері анықталды. 
Буылтық құрттар типінен Tubificidae тұқымдасы анықталып, су қоймаларының түбінен 
Tubifex tubifex түрі тіркелді. 
Былқылдақ денелілер типінен 4 тұқымдас анықталып, соның ішінде Limnaeaidae 
тұқымдасына Limneae auricularia, Planorbidae тұқымдасына Pl. Corneus, Lymnaeidae 
тұқымдасына Lymnaeao vata және Sphaeriidae тұқымдасына Sphaerium corneum түрлері 
жатқызылды. 
Буынақтылар отрядының саны жағынан жиі кездескен бүйіржүзгіш Gammarus sp. өкілі 
тіркелді. Негізгі тіршілік ету ортасы тоқтаған және баяу ағатын тұмалар болып табылады. 
Өрмекшілер отрядының тобына Agelenidae мен Tetragnathidae тұқымдастарына 
жататын өрмекшілер тіркелді. Кенелер отрядынан Hydrachnidae тұқымдасына жататын 
географиялық кенесі H. geographica тіркелді.
Бунақденелілер класы. Көктемдіктер отряды өкілдерінің дернәсілдері әдетте тоқтаған, 
ағыны баяу су қоймаларында және Еміл, Шағантоғай өзендерінде байқалды.
Біркүндіктер отрядына жататын 5 түрі тіркелді. Олар зерттелген су қоймаларының 
негізгі өкілдері. Олардың ішінде O. pallida түрі ұсақ су қоймалары мен Қусақ су өзенінде жиі 
тіркелді.
Инеліктер отрядының өкілдеріне кадастр құру барысында 11 түр өкілдері анықталды. 
Соның ішінде S. flaveolum, S. pedemontanum, O. cancellatum және I. pumilio басым екені 
байқалды. 
Жартылай қаттықанаттылардан зерттеу барысында жиналған коллекцияның ішінен 6 
түрі анықталды. Осы түрлердің ішінен S. fallen және N. glauca түрлерінің саны жиі тіркелетіні 
байқалды.
Үржар өңірінің су қоймаларында қосқанаттылар отрядын зерттеу барысында 
хирономидтер, арыстанша шыбындар, қансорғыш масалар, шіркейлер өкілдері есепке 
алынды. 
Қаттықанаттылар отрядының өкілдері сирек кездестірілді, олар көбінесе су түбінен 
анықталды. Соның ішінде бұл отрядтың 4 түрі кездестірілді. 
Зерттеу нәтижелері бойынша Үржар өңірінде түщы су қоймаларының буынаяқтылар 
типіне жататын 21 тұқымдасқа жататын 43 түрі анықталды.
1-суретте 
тұщы 
су 
қоймасының 
омыртқасыздарының 
түрлік 
қатынасының 
көрсеткіштері берілген. Суретте көрсетілгендей алуантүрлілік көрсеткіштері бойынша 
Gammarus sp. (35%), P. marginata (20%), S. pedemontanum (20%), I. pumilio (15%) және O. 
cancellatum (10%) болып, осы өңірдің негізгі түрлерін құрайды.
Сурет 1 – Тұщы су қоймасының омыртқасыздарының түрлер қатынасының көрсеткіштері 
Бұл өңірдің негізгі түрлеріне I. pumilio (2-сурет), Hydroporus sp. (3-сурет), Ch. рlumosus 
(4-сурет), O. рallida (5-сурет), ал сирек кездесетін түрлерге N. glauca, H. geographica, D. 
marginalis жатады.
Қорытынды. Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының омыртқасыздарының ішіндегі 
буынаяқтылар типін зерттеу барысында үлкен алуантүрлілік байқалды. Үржар өңірінің кілтті
түрлеріне инелік I. pumilio, Hydroporus sp., Ch. рlumosus, O. рallida. Сирек кездесетін түрлерге 
N. glauca, H. geographica, D. marginalis жатады.
Сурет 2
Сурет 3
Сурет 4
Сурет 5 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
188 
Әдебиеттер 
1. Белевич О.Э. Стрекозы рода Aeshna (Odonata, Anisoptera) Палеарктики. Автореф. на соис. уч. 
степ. канд. биол. наук. – Новосибирск, 2005. – 23 с. 
2. Бұланова З. Үржар ауданының алар асулары // Уақыт тынысы. – 2009. – 28 наурыз. – Б. 12-15. 
3. Казенас В.Л. Насекомые Казахстана (основные отряды). Серия «Животные Казахстана в 
фотографиях». – Алматы: Нур-Принт, 2014. – 147 с. 
4. Казенас В.Л., Маликова Е.И., Борисов С.Н. Насекомые Казахстана. Стрекозы. Серия «Животные 
Казахстана в фотографиях». – Алматы: Нур-Принт, 2014. – 176 с. 
5. Чаплина И.А. Фауна и экология стрекоз Казахстана. Автореф. на соис. уч. степ. канд. биол. наук. – 
Новосибирск, 2004. – 23 с. 
6. Шакирзянова, М. С. Материалы о кровососущих двукрылых насекомые некоторых районов 
Восточного Казахстана / М. С. Шакирзянова. - С.235-240. 
7. Семенченко К.А., Абе X., Боескоров Г.Г. Новые данные по фауне водяных клещей (Acari, 
Hydrachnidia, Halacaroidea) Республики Саха (Якутия) // Зоол. журн. 2010. Т. 89, № 2. С. 167-177. 
 
БЕЗПОЗВОНОЧНЫЕ ПРЕСНЫХ ВОДОХРАНИЛИЩ УРДЖАРСКОГО РАЙОНА 
Т.Т. Қурмашев, М.Ғ. Қуанышбаева 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет