Бюджетті (сметаны) қалыптастыру орталығы және сметалық периодтар
Сметаны қалыптастыру орталығы – сметаны қадағалау жүйесінің жұмысын жузеге асыру мақсатында құрылған ұйымның бір бөлігі. Ондай орталықтарды құру кезінде басқарудың жауапкершілігін назарға алу қажет.
Сметалық кезең – бұл бюджет қалыптасатын уақыт аралығы және ол қадағалаудың негізі болып табылады. Кезең ұзақтығы төмендегілерге байланысты:
Бизнес табиғаты – кеме құрастыру мен электр қуатымен қамтамасыз етуде сметалық кезең 10 жылдан 20 жылға дейін барады және бұл үйреншікті жағдай. Ал жеңіл өнеркәсіп түріне сметалық периоды бір жылдан аспауы тиіс.
Смета қалыптасатын компанияның бөлігі – капиталдық шығындар бойынша смета, өндіріс көлеміне қарағанда,көбінесе, ұзақ уақытта қалыптасады.
Бақылау негіздері – көптеген компаниялар сметалық периодты12 ай деп алады, бірақ сонымен қатар, жылдық бюджет кварталға немесе айларға бөлінеді.