Басқару жүйесі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету керек:
шығындарды сатылған өнім көлемі мен тауарлы- материалдық қорлар арасында ішкі және сыртқы есептілікті дұрыс көрсету мақсатында және құжаттандыру үшін бөлу;
дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпаратты дайындау және ұсыну;
жоспарлау, бақылау жүргізу және ұйымның жұмысын бағалау қаржылық жағдайын анықтау мақсатында қажетті ақпаратты дайындап ұсыну.
Басқару есебінің алдына қойған мақсаттарын орындау үшін төмендегідей талаптарды ескеруіміз қажет:
Таза пайданы есептегенде, есептіліктің негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып, шыққан шығын мен түскен табысты салыстырып отырған жөн.
Сатылған өнімнің өзіндік құны сатылған өнім көлемі мен оған жұмсалған шығындар деңгейімен анықталады.
Өнімнің бірнеше түрі шығарылғаны жөн. Ассортимент көп болған жағдайда тауарлы-материалдық қорлардың өнімге апарылу құнының базасын анықтап алу қажет. Үстеме шығындар базасы да алдын-ала анықталып қойылғаны жөн.
Шығындар жөнінде нақты ақпарат. Бағаны дайындау, шығындар бағытының тенденциясын анықтау және өнімнің өзіндік құнын есептеу.