Басқару қызметінің түрлері (қызметі) және оларға сипаттама.
Орындаған: Шахтанова Айдана
Тобы: ПМНО-19-5
Жоспары:
- Жұмыскерлердің лауазымды бойынша қызметтері
- Жобалау, ұйымдастыру,бақылау, талдау жасау, міндет қою.
- Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні.
Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету. “ Мақсаттылық” анықтамасы басқару міндетін – ұжымның алдына қойған мақсатына жетуіне қамтамасыз етуді көздейді, оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті. “Жүйелік анықтамасы” үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Әрекеттің осындай міндеттері бірізділігін басқару процесі деп атайды. Әр түрлі деңгейде басқару процестердің күрделігіне және алуан түрлігіне қарамастан, Д.Н.Бобрышев осы категорияға басқару процесіне біршама жалпылама анықтама берді.
Жоспарлау'>Басқару
Басқару қызметінің түрлері
Ұйымдастыру
Ынталандыру
Бақылау
Жоспарлау
Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі:
Стратегиялық жоспарлау – «стратегия» дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Жоспарлау функциясы
Тактикалық жоспарлау – барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады. өйткені мұың өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап, алуға байланысты.
Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу.
Бизнес-жоспар – жоспарлау жүесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе жол.
Менеджер үшін ынталандыру қажеттілігі адамдардың дұрыс немесе
теріс реакциясы пайда болуына байланысты мәселе. Егер де осы
қойылған сұраққа жауап оң болса, өндіріс жоғарылайды, ал теріс болған
жағдайда өндіріс іркіледі. Менеджердің тұрақты мақсаттарының бірі —
өнімділікті және орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып
табылады. Тиімділікті өсірудің шегі бар, бірақ еңбек бірлігінің
құндылығын үнемдеуге әрбір қызметкерге шаққандағы өнімді арттыру
арқылы жетуге болады.
Ынталандыру қызметі
Белсенділікті арттыру үшін ынталандыру әдісі қолданылуы керек. Оның арқасында қызметкердің жұмысы бір нәрсеге негізделеді. Ынталандыру тікелей объектінің, яғни қызметкерлердің жұмысына әсер етеді.
Мотивация (Ынталандыру)
Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістеріне келесі ынталандыру тәсілдері кіреді:
Сендіру тәсілі;
Имитациялау тәсілі;
Ұсыныс тәсілі;
Қатысу тәсілі;
Сенім тәсілі;
Мәжбүрлеу тәсілі.
Қоғамдағы экономикалық байланыстың дамуы мен өндірістік масштабтың өсуі басқару процесін қиындатты. Нарықтық байланыста дамығанға дейін басқару функциялары универсалды сипатқа ие болды.
Қоғамдық процестерді басқару адамның қарым-қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Басқарушылық қарым-қатынастар бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша адамдармен байланыстары. Басқарушылық қарым-қатынастар экономикалық әлеуметтік, саяси және басқа да қоғамдық қатынастармен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |