Орындаған: Шахтанова Айдана Тобы: пмно-19-5



Дата07.02.2022
өлшемі48,83 Kb.
#82442
Байланысты:
Шахтанова Айдана ұлыс

    Бұл бет үшін навигация:
  • ҰЛЫС

Орындаған:Шахтанова Айдана Тобы: ПМНО-19-5

ҰЛТ

  • Посткеңестік елдерде этнос пен ұлтты бір ұғым деп түсінсе, батыста ұлт дегенді азаматтық деп есептейді.
  • Бірақ, бұл жерде де түрлі түсінік бар. Мысалы, АҚШ-та ұлт деп этностарды да айта береді.
  • Францияда ­ nationalité – азаматтық пен ұлт мағынасында қолданылады. Францияда мигрант азаматтық алған соң осы елдің ұлты болып саналады.

ҰЛЫС

  • Еуропалық ғылыми дәстүрге сай ұлыс дегеніміз таза саяси құрылым есептеледі.
  • Бұл ұғым XVI ғасырдың басында Батыс Еуропада пайда болды және кейінірек енгізілген "ұлттық мемлекет" терминімен байланысты. Бұған дейін Батыс Еуропа аумағында көптеген халықтар тұрды, олар капитализм кезінде мемлекеттерге бірігіп, ұлт құра бастады.
  • Ұлттық мемлекеттер идеясы, яғни нақты ұлт пен оның тарихи территориясы негізінде құрылған мемлекеттер ХХ ғасырдың басындағы батыстану кезінде барлық жерде пайда бола бастады.

Жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралар бар қазақтың бір қазақ ретінде ұйысуына негіз болатыны анық. Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Елдің мәңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа ұласып, буындар бірлігін сақтаушы болатын сабақтастықта жатыр. Сондықтан ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жүйелі жаңғырту жүзеге асырылуда. Ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұрасын белсенді түрде меңгеру, ұлттық намыс пен жігерді, ұлттық рухты асқақтата түсу ұлттық генетикалық код негізін құрайтын мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрдің, ұрпақаралық сабақтастықтың сақталу жолдарын негіздейді.Елбасы айтқандай «Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет» [1]. Мәдени мұра бағдарламасы аясында елiмiздiң тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру жөнiнде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк мұражайларда екi миллионнан астам мәдени құндылықтар сақталуда. Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық бiлiмнiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. Мәдени мұра бағдарламасы халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құрды. Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрінен көп ілгері болып келді, оның тұнып жатқан асыл маржандарын толықтай жинақтап қазіргі жастарға жеткізу жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет