Қылмыс жасалу орны - төтенше жағдайлар жарияланған жерлер.
380-бап. Билік өкіліне қатысты күш қолдану
Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі - өкімет өкілдерінің дұрыс басқару кызметі.
Қосымша тікелей объектісі олардың өзінің жэне жакын туыстарының өмірі мен денсаулығы.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мына эрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:
а) билік өкілінің өзіне немесе оның жақын туыстарына катысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану;
б) осы көрсетілген адамдарды күш қолданбақ болып қорқыту;
в) аталған адамдарга қатысты өмірі мен денсаулыгына қауіпті күш қолдану.
Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның өзінің немесе жақындарының өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолдануга жәбірленушінің киімін жырту, оларды сабау, денесіне жеңіл жаракат келтіру, бостандығын шектеу, өміріне немесе денсаулығына қауіп келтірмейтін жағдайда жэбірленушінің ағзасына есеңгірететін нэрселер егу сияқты әрекеттер жатады.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты олардың өміріне немесе
денсаулығына қауіпті күш қолдану - (ҚК-тің 380-бабы 2-тармағы) осы кылмыс кұрамының ауырлататын түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |