«Бақсы және тылсым күш иелері»
Қазақ халқының көрнекті ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы-ның (1858–1931) есімі еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап шынайы мәртебесіне көтеріліп, тарихта лайықты орнын ала бас-тады. Кезінде социалистік идеология қудалаған, теріс бағалаулар берілген талай ұлт саңлақтарының тарихи сана тұрғысынан өзінің лайықты бағасын алатын кезі келді. Дара тұлғалардың рухани тарихымыздағы орнын анықтайтын ойшыл-дың өмірі мен қызметі туралы еңбек гуманитарлық кеңістіктегі заңды құбылыс деуге болады. Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының кемеңгер әрі аяулы перзенті.
Исламның бес парызы, біреуі – иман,
Таппайды бұл бесеуін, дүние жиған.
Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін, жанын қиған .
Мәшһүр Жүсiптің өмірбаяны қызыққа толы болған. Бұхарда Мәшһүр Жүсіп шығыс медицинасымен және адамзаттың санасы жете бермейтін тылсым күштердің ілімімен әуестенеді. Оған мына екі уақиға куә болса керек:
• Біріншісі - белгісіз бір ақсақалдың моншаға түсіруі. Бiрде монша iздеп көшеге шықса, алдынан бiр ақсақал адам кез болып: - Жүр, балам, мына жерде монша бар, - деп бастай жөнеледi. Сәл жүрген соң шағындау, көзге қораш бiр моншаға әкелiп кiргiзiп, Мәшһүр Жүсіпті шешiндiрiп, арқа-басын ысып, кәдiмгiдей жуындырады. «Е, осындайды кәсiп етiп жүрген бiр мүсәпiр екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр атамыз қызметi үшiн деп шалға ақша ұсынса, ол алмайды. Iшiнен: «Апырмай, шайхы адам екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр Жүсіп рақметiн айтып, сәл былай ұзай бере артына қараса, монша да, жаңағы шал да жоқ. Бұның не керемет екенiн түсiне алмаған ол ертеңiнде медреседегi ұстазына баян етедi. Ол қуана тыңдап: «Балам, құдай жарылқаған екен, сенiң барғаның Қожа Бахауеддиннiң моншасының орны едi. Саған назары түсiп, шомылдырған өзi болар, сiрә. Ендi саған қасиет қонды, аузыңнан шыққан сөздiң бәрi лепес, қабыл болады!» - деп, қолын жайып батасын берiптi.
• Екіншісі - жұма күні намаз уақытында сол ақсақалдың жерге «Жетпіс үш, жетпіс үш» - деп жазып, көзден ғайып болуы. Бұхарда оқып жүрген Мәшһүр Жүсіп бiрде жұма намазынан келе жатса, үстiнде қара шапаны, қолында аса таяғы бар ақсақал адам алдын кес-кестей бередi. Үлкен кiсi ғой, жолын кеспейiн деп, Мәшһүр Жүсіп бөгелiп, қол қусырып сәлем бередi. Әлгi ақсақал сәлем аларда қолындағы аса таяғын жерге шанша салады. Басында темiрi жоқ жаңағы таяқ жерге қадала кiрiп, дiрiлдеп тұра қалса керек. Кенет таяғын қайтадан қолға алған қария Мәшһүр Жүсіпті үш айналып, о жер, бұ жерiнен таяғымен түрткiлеп, «жетпiс екi, жетпiс үш» деп керi айналып жүре бередi. Аң-таң болған Мәшһүр Жүсіп мына кiсi маған 72-73 сағатта өлесiң деп кеттi ме деп айран-асыр болады. Үйге келiп ұйқыға жатқан соң түсiне аруақтар кiрiп, мазасын алып шығады. Сөйтiп, шалдың айтқан 72-73 сағатынан аман-сау өтедi. Ендi 72-73 күнде дәмiм таусыла ма деп, күн санауға айналады. Бұдан да сау-саламат өткесiн, ғұмырының 73 жыл боларына сенедi. Аталмыш оқиғалардан кейін Мәшһүр Жүсіп ақ десе алғыс, қара десе қарғыс болып, айтқан сөзі лепес болады екен.
Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіп бар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: "Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызып емес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алып тұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады" деген екен.
Мұның себебін сұраған ауылдастарына: "Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын. Мен өлген соң қатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақ түгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер", – деп 1931 жылғы ашаршылықты күні бұрын болжаған екен. Расында сопы жан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітін дайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀
Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай деп жалғайды: "Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады" деп болжаған екен.⠀
Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.
Олар: өзінің өлімі, ашаршылық, 70 жыл атейстік компартия, 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀
Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман 2021 жылдың соңына келіп тұр екен. Билікке адал сүт емген, халқына қайырлы басшылар келеді деп болжаған екен.
Философия, саясаттану және дінтану институты мамандары дайындаған "Мәшһүр Жүсіп Көпеев" жинағында оның әулиелік қыры мен болжамы туралы кеңінен айтылған.
Өзі өлерден бір жыл бұрын, яғни, тірісінде өз зиратын өзі қаздырған Мәшһүр Жүсіп: "Мен өлгеннен кейін ...жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ... Көпейұлы Жүсіпке Құдай рахмет айтасың. Маған келіп бата жасамақ түгілі әркімнің басына "тұрымтай тұсында" заман болады. Мен көрмеймін, сендер көресіңдер", - деп айтса керек. Дана бабаның "маған келіп бата жасамақ түгілі әркімнің басына "тұрымтай тұсында" заман болады" деген сөзі тұтас бір халықтың тоз-тоз болып кетуіне әкеп соққан 1930 жылғы Орталық комитеттің "Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылуына көмек шаралары туралы" қаулысын меңзеп тұрғандай.
1930–1932 жылдары Қазақстандағы әйгілі ұлы жұт, аштық жайлағаны мәлім. Осы аштықтың салдарын көре білген Мәшһүр Жүсіп бір жыл бұрын өзінің асын бергізіп, жаназасын оқытып, жоқтау айтқыздырған.
Бұл жайында ақын Дихан Әбілев естелігінде: "Біз барғанда Мәшекең болашақ мовзолей-зиратының астыңғы қабатынан лайықталатын бөлме - өзі жататын орнын қазып жатқандардың қасында тұр екен. "Қазыңдар! Терең қазыңдар! Мәшһүр қашып кете алмайтындай етіп қазыңдар! - деп сылқ-сылқ күлді де, - Кең қазыңдар! Он-он бес адам сыятындай кең болсын. Кірпіштері берік қалансын", - деген көрінеді.
Тірлігінде ұры-қарылардың, озбыр, қиянатшыл, аюмінез әкімдердің қара халыққа жасаған қиянатын қызыл тілмен қылыштаған Мәшһүрдің шатағы аз боп па? Тірімде тістері батпаған сол сойқандар мен көз жұмғасын өш алуға үстімнен арыз жаудырып, Мүңкір-Нәңкірге тергеттірмей қоймас. Сонда менің
мұндағы дұрыстығымды қорғауға бірнеше періштелер келер. "Кең қазыңдар" деп Мәшекең сылқ-сылқ күліп тұрады екен.
Мәшһүр Жүсіп 1931 жылы 27 қарашада қайтыс болған. Бейіті 2 бөлмелі үй түрінде салынған. Төргі үйінде шкаф тұрыпты, ондағы екі қатарда араб-парсы тілінде жазылған 60 кітап жиюлы тұрған. Шкафтың үстінен тірі күнінде қолданған ер-тоқым орын алыпты. Үйдің оңтүстік жақ қабырғасында қойдың 40 кәрі жілігі ілулі тұрыпты (діни жолмен қарағанда, 40 жілік күзетші болу керек). Осы төргі үйдің астын биіктігі 2 метр, ұзындығы да сондай өлшемде терең етіп қаздырған екен. Мәшһүр Жүсіптің денесі осы айтылған жерде жатыпты. Сақал-шашы сол қалпында, денесі сары екен. Тірі күнінде толық адам болған болу керек. Кейде сүйегі өте көтеріңкі, іші аздап қабысыпты. Сол жақ аяғы кішкене семіңкірейін депті, өйткені сол аяғының өкшесін (етін) бірдеңе жеген сияқты.
Ауыз үйде түрлі ыдыс-аяқтары тұрыпты: самауыр, шыны аяқ, тәрелке, ақ шәйнек, қасық, суқұйғыш, ет салатын ағаш табақ, тайқазан, оқтау, орамал, тұз, үгулі насыбай, балта, күрек, шымшуыр, шелек, сыпырғыш, пышақ, қайрақ, біз, дойбы, ара темір, кекпір. Осы заттардың барлығы биік үстелдің үстінде жиюлы тұрған. Келген-кеткен жолаушылар тамағын істеп ішіп, әлгі заттарды пайдаланып, қайтадан орнына жуып-тазалап қояды екен. Ауыз үйдің төр жақ қабырғасында ұзыны мен көлденеңі жарты метрдей жұқа тас ілулі тұрған. Бұл тас бейіт салатын жерді қазып жатқанда табылыпты. Сол тасқа Мәшһүр Жүсіптің өзі "Жетпіс үшке жеткенше балталаса да өлмеймін, жетпіс үштен әрі сүйресең де бармаймын" деген сөзді жазып, "мен өлгеннен кейін іліп қойыңдар" деп тапсырған.
Атамыздың кесенесі 1977 жылы жаңартылды. Ал 2006 жылдың күзінде қазіргі кесене ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |