пәні
|
Еңбекке баулу
|
3 «Б» сыныбы
|
23 ақпан 2016 жыл
|
|
Тақырыбы
|
Ермексаздан Тайқазан жасау
|
Мақсаты
|
Тарихи тайқазанмен таныстыра отырып, оны ермексазбен жасап үйрету.
Ермексазбен жұмыс жасай отырып, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту..
Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.
|
Күтілетін
нәтиже
|
1. Тайқазан туралы мәлімет алады, оны жасап, безендіріп үйренеді..
2. Ермексазбен жұмыс жасай отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
3.Жұппен, топпен жұмыс жасай біледі.
|
Түйінді идеялар
|
Күнделікті өмірмен байланыстыру, тайқазанның тарихы туралы ой қозғайды, ізденеді.
|
Сабақтың формасы
|
топтық жұмыс,жұппен жұмыс,жеке жұмыс
|
Қажетті құралдар:
|
Алжапқыш, ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш, тақтайша, қол сүртетін сүлгі, безендіруге арналған материалдар (ұсақ моншақтар, ірі моншақтар, фольга, тастар, күріш)
|
Сабақтың әдісі
|
миға шабуыл
|
Ойлау деңгейі (Б.Блум бойынша)
|
мақсаты
|
Түрткі
( тапсырма, сұрақ, ресурс)
|
нәтиже
|
бағалау
|
мұғалімнің іс-әрекеті
|
оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
Топқа тең бөлінеді. Өтілген сабақтағы білімдерін еске түсіреді.
|
Психологиялық дайындық.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Интерактивті тақта
1-топ:«Қызыл» тобы
2-топ: «Сары» тобы
3-топ:«Жасыл» тобы
4-топ:«Көк»тобы
Ермексаздың ұнаған түстерін таңдау арқылы бөлінеді. Жуан,жіңішке сұрақтар
|
Жуан, жіңішке сұрақтарға жауап бере отырып өткен сабақты алған білімдерін еске түсіреді.
|
Жуан,жіңішке сұрақтарды фармативті бағалау
|
Топқа бөледі.
-Балалар, өткен сабақта біз қандай материалмен жұмыс жасап едік? (папье-маше)
-Онымен қалай жұмыстандық? Кім айтып берем дейді? (топқа бөлінгендегі түстердің суық не жылы түске жататындарын әр топтың өздерінен сұралады.)
|
Оқушылар өздері ұнатқан ермексазды таңдау арқылы( ) топқа бөлінеді
Ойланады, сұрақтарға жауап береді.
Топ басшысын сайлайды.
|
Түсіну
|
Қауіпсіздік ережелерін еске түсірту, қайталату.
Тайқазан туралы мәлімет беріледі.
|
«Миға шабуыл»
-Папье маше деген не?(одан заттарды қалай жасағандарын еске түсірту)
-Қандай ыдыс түрлерінің білесіңдер?
-Ыдыстардың адам өмірі ұшін пайдасы қандай?
«Ұйқасын тап» ойыны.
1.Қазан қайнап (тұрса)
Ақыл сайрап тұрады.
2.Ыдысын (көріп) –асын іш.
3.Қарны (ашқан) қазанға қарар.
Ребус шешу.
,,
Т
Киелі Түркістан қаласында қасиетті Тайқазан бар. Ол – Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан маңындағы Қарнақ қыстағындағы алып қазан. Әмір Темір Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне сый ретінде тарту еткен.Тайқазан 7 металл қоспасынан құйып жасалған.
Қосымша ақпарат ведеодан көрсетіледі. АҚТ
|
Өздері білетін қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді, қайталайды.
Тайқазан туралы біледі. Өздері білетіндерін ортаға салады.
Ойынды ойнай отыра берілген мақал-мәтелдің ұйқасын табады.
|
формативті бағалау
|
Ребустың шешуі бойынша мәлімет айтады.
-Тайқазан туралы не білесіңдер?
|
Ребусты шешіп, ол туралы мәліметті тыңдайды. Қосымша ізденіп келгендері бойынша айтады.
|
Қолдану
|
Мәтінді өз беттерінше оқып түсініп, талдауын бақылау. Жасалу жолдарын талқылау.
|
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
(слайд)
|
Мәтінді іштей оқиды,түсінгендерін жұппен, топпен талдай алады.
|
Мәтінді оқып, түсінгендерін айтуы:
түсінбеді-1
Жартылай түсінді-2
Толық түсінді-3
|
Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.
|
Мәтінді іштей оқып шығады,түсінгендерін жұппен, топпен талдайды. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
|
Талдау
|
Оқушыларға алдарында жатқан материалдарды қолдана отырып, өздеріне берілген тапсырманы орындауларына ықпал жасау.
|
Тайқазан жасау үшін ермексаз, Топпен жұмыс.
1-топ:
Тайқазанды қызыл түсті ермексазбен жасап, оны моншақтармен безендіру.
2-топ:
Тайқазанды сары түсті ермексазбен жасап, оны фольгамен безендіру.
3-топ:
Тайқазанды жасыл түсті ермексазбен жасап, оны күрішпен безендіру.
4-топ:
Тайқазанды көк түсті ермексазбен жасап, оны әшекей тастармен безендіру.
|
Тайқазанды ермексазбен ғана жасамай, сонымен қатар түрлі нәрселермен безендіру арқылы өткен сабақтағы білімдерін кеңейтеді.
|
Топпен жұмыс істеуі:
Жұмыс істей алмады-1
Жартылай жұмыстанды-2
Толық жұмыс істей алды-3
|
Есіңе сақта!
Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жабыспайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма! Әр топқа бірігіп тайқазан жасауды тапсырады. Бірақ әр топ әр түрлі етіп безендіреді.
|
Оқушыларға алдарында жатқан материалдарды қолдана отырып, өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
|
Жинақтау
|
Өз жұмыстарын жарнамалай отырып , оны сату үшін тырысады.
Дарындылықты анықтау
|
Интерактивті тақта
Әр топ оздерінің жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.
Аукцион ойнатылады.
Әр топ өз жұмыстарын жарнамалайды. Келген қонақтар дауыс береді.
Бес жолды өлең. (Тайқазан сөзіне)
|
Өз шеберліктерін сауда- саттық жағынан да көрсетеді.
|
Жұмыстарын жарнамалауы:
Жұмыс істей алмады-1
Жартылай жұмыстанды-2
Толық жұмыс жұмыстанды-3
|
Жарнама жасауларына мүмкіндіктер жасайды.
|
Өз жұмыстарын жақсы жақтарын көрсетуге тырысады.
Ойланады,жауап беруге тырысады.
|
Бағалау
|
Әрбір оқушының бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктерін, жұмыстанғанын анықтау
|
Бағалау парағы
Оқушылар сабақтың қалай өткендігін стикерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып тайқазанға жабыстырады.
|
Тайқазан туралы көбірек біледі.
|
Әр топтың бағалаушыларын тыңдау
|
Бүгінгі сабақты қалай түсінгендерін білу мақсатында интервью алу арқылы сұрақтар қою тапсырады
|
Қорғаушы қорғап болған соң сол топтың мүшесі басқа топ мүшелерінен интервию алады.
|
Рефлексия
|
|
|
|
|
|
|