Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытып, мазмұнын жүйелі анықтауға, негізгі ойларын жеткізуге төсілдендіру



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі349,78 Kb.
#44328
түріСабақ
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш қыраны. Т Молдағалиев.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытып, мазмұнын жүйелі анықтауға, негізгі ойларын жеткізуге төсілдендіру.

Оқу нәтижесі: Өлеңді топ арасында оқиды, өзара талдайды, жүйелі ойларын көркем тілде жеткізеді.

Түйінді нәтижелер: Оқушылардың шығармашылығы артады, ойлау қабілеттері дамиды.

Әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, оқулық, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар көздерін жұмып, қиялға беріледі, армандайды.

Психологиялық дайындық: Бір – біріне жақсы тілектер айтады. Ғарышқа саяхат.

Топқа бөлу: Оқушыларды «Білгірлер», «Алғырлар», «Тапқырлар», «Зеректер» деп 4 топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабаққа берілген тапсырма бойынша топтасып жасаған «Асығым» атты жобасын қорғату. Осы тапсырманың аясында қазақ халқының ұлттық ойындарын атау; Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын талдау;

Видео көрсету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын тудыру.



СТО. Қызығушылығын ояту.

Сөзжұмбақ.

  1. Жер, Ай, Күн қандай денелерге жатады? (ғарыш)

  2. Жердің серігі? (ай)

  3. Ең үлкен ғаламшар? (юпитер)

  4. Ғаламшарлар не шығармайды? (жарық)

  5. Ғаламшар неге ұқсайды? (шар)



Ғ

а

р

ы

ш



а

й



ю

п

и

т

е

р

ж

а

р

қ

ы

р

а

ш



Жаңа тақырып.

Ғарыш қыраны. Т. Молдағалиев.


Деңгейлік тапсырма

Өтілетін жаңа тақырыпқа байланысты Т. Молдағалиевтің өмірбаяны, өлеңдері мен шығармалары және марапаттауларын дайындап әкелген оқушылардың шығармашылығы тексеріледі.


Мұғалім өлең шумағын оқиды. Мазмұнын ашады.
Жеке жұмыс.

«Командалық стратегия» ойыны.

Әр топқа екі шумақтан оқытып, жаттауға беріледі.

Қай түрде, қалай жаттайды өз еркінде болмақ.



Сергіту сәті.

Ұшқыш болу арманым

Құстай ұшұым келеді

Ғарышкер боп Талғаттай

Ғарышқа ұшқым келеді

Топпен жұмыс.

Өз қиялыңдағы ғарыш кемесін салуға, әңгімелеп беруге ұсынылады.


Қортынды.

«Болашақтағы армандарым» атты эссе жазу.



Үйге тапсырма. 1. Қосымша тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин, қазақ ғарышкері Токтар Аубакиров және Талғат Мұсабаев жайында мәлімет әкелу.

2. Түсіңде ұшқан кезің туралы қызықты әңгіме жаз.




1 Егіндікөл орта мектебі


Ашық сабақ

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Ғарыш қыраны

Өткізген: Абишева Ж.Б.

2016 жыл





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет