2 Күтім жасаудың орман өсіру шаралары
Орман шаруашылығы күтімдерін жүргізу кезінде орман екпеағаштары өсмінің мынадай кезеңдерін ескерген жөн.
Екпеағаштардың жерсіну кезеңі ( бастапқы 2-3 жыл) — өсімдіктердің дербес өсуімен сипатталады. Бұл кезеңде отырғызылған екпе көшеттерінің жерсіну үдерісі болады, жекелеген даналардың қурауы байқалады. Олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін агротехникалық күтімдер — арамшөптерді отау, топырақты қопсыту қажет.
Дербес өсу кезеңі ( 3-ші жылдан бастап 5-6 шыжылдар ), екпеағаштары бөрікбастарының қатарда және қатар арасында ішінара жымдаса бастауы тән. Бұл кезең әрбір өскіннің ылғал мен қоректік заттар үшін күресімен сипатталады. Арамшөп өсімдіктерінің екпеағаштардың өсуі мен дамуына зиянды әсерін жою үшін оларды агротехникалық күтімдер жүргізу жолымен жою қажет.
Жымдасу кезеңі ( 5-6 жылдан бастап бөрікбастар толық жымдасқанға дейін). Бұл кезеңде отырғызылған өскіндердің бқрікбастары толықтай жымдасады, сүрек ағаштарының шөптесін өсімдіктермен күрестегі өзара көмегі басталады. Агротехникалық кұтімдер тоқтатылады, орман екпелердің орманмен көмкерілген алаңға айналады, кұтімнің орман шаруашылығы шараларына кірісуге болады.
Сүрекдің қалыптасуы кезеңі — сүрек өскіндерінің өз арасындағы бәсекенің басымен, олардың өсу мен дамуы бойынша саралануымен сипатталады. Бұл кезең бір қатар жағдайларда мұндай бәсекелестік қорытындысы олардың сапының бұзылуы мен тіптен екпелердің қурап қалуына әкелуі мүмкіндігімен ерекше.
Бұл кезеңде бәсекелестікті төмендету үшін кесу арқылы күту — жарықтандыру және тазалау қажет.
Жарықтандыруды:
құрамы бойынша тұтастай аралас екпелерді қатарындағы қосалқы тұқымдылары мен бұталарын ішінара кесу;
ішінара екпелерінде құндылығы аз жас ағаштарды қайта құру кезінде басты тұқымды ағашқа көлеңке түсіретін қажетсіз тұқымды ағаштардың бұтақтарын кесу немесе дәлізді кеңейту арқылы.
Өскіндердің қоректену алаңын ұлғайту мақсатында отырғызу тығыздығы жоғары таза және аралас екпелерде тазалау жүргізу қажет.
7- дәріс Орман дақылдарының жобасы, олардың сапасын есепке алу және бағалау
Дәріс жоспары:
1. Орман дақылдарының жобасы
2. Орман дақылдарын техникалық қабылдау
3. Орман дақылдарын түгендеу
4. Орман дақылдарын орман көмкерген жерге ауыстыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 958 қаулысымен бекітілген. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидасына сәйкес Орман дақылдарын техникалық жобалауды осы салаға маманданған жобалау іздестіру ұйымдарымен орман иеленушілердің келісімімен жүзеге асырылады.
Жоба орман өсіру жағдайларын, орман екпелері алаңының санаттарын, топырақтың ылғалдылық жіне шымдалу дәрежесімен сипатын, түбірлер мен топырақ зиянкестерінің болуын нақтылау үшін алаңды міндетті түрде заттай зерттегеннен кейін жасалады.
Жобаны әзірлеу кезінде телімді заттай тексергеннен кейін екпелерді өсіру әдісі мен тәсілдері, топырақты өңдеу жүйесі, тұқымдық құрам, отырғызу орындарының саны, араластыру схемасы, екпелеріне жоспарланған күтімдер, екпелерін орманмен көмкерілген алаңға көшіру жылу туралы т.б. Мәселелер шешіледі.
Егер қылқан жапырақты тұқымды екпелерін өсіру жобаланса, онда жобада орман өрттері таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде көзделеді. Атап айтқанда, екпелер құрамына шаруашылық құндылығы бар жалпақ жапырақты тұқымдылар қоспасын еңгізу, блокаралық үзілімдер жүргізу, минералдандырылған жолақтар салу жоспарланады.
Орман екпелерінің жобасы маңызда техникалық құжат болып табылады, онысыз екпелерін отырғызуға тыйым салынады.
2 Орман дақылдарын техникалық қабылдау
Орман екпелерін техникалық қабылдап алу ағаштарды отырғызу немесе егу бойынша жұмыстарды орындаудың нақты көлемдері мен сапасын белгілеу және оларды жобаға сәйкестендіру мақсатында жүргізіледі. Оны ағаш отырғызу жұмыстары аяқталған сәттен бастап 10 күн ішінде жасалады. Ағымдағы жылы жасалған орман екпелерінің барлық алаңы техникалық қабылдауға жатады.
Екпелерде техникалық қабылдау жүргізу үшін Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме директорының бұйрығымен құрамында бас орманшы, орман екпелері инженері, бас бухгалтер және кәсіподақ ұйымының өкілі бар арнайы комиссия, ал орманшылықтарда — құрамына осы мемлекеттік мекеменің өкілі, орманшы, орман шебері, аралау инспекторы мен кәсіподақ ұйымының өкілі кіретін кіші комиссия құрылады.
Техникалық қабылдау жөніндегі жұмыстарды орманшылықтардың кіші комиссиялары тікелей жүргізеді.
Кіші комиссияның міндетіне орман екпелері телімдерінің дұрыс бөлінуі мен рәсімделуін, басты және жанама тұқымдылардың іріктелуін, екпелерді өсәру технологиясын, отырғызу ( егу ) тығыздығын, алаңдағы отырғызу орындарының орналасуын және ағаш отырғызу жұмыстарының сапасын тексеру кіреді. Орман екпелері телімінің нақты алаңы телімді бөлу кезінде жасалған сызбалар негізінде мен оны заттай тексеру арқылы нақтыланады.
Өсірілген екпелер бар телімдер заттай түрде бұрыштары бойынша бағаналармен шектелген болуы тиіс. Бағана ұзындығы 2м, диаметрі 12-16 см. Бағананың жоғары бөлігіне 2 еңісті « терезе » жасалады. « Терезенің » тегіс оймасында орамның нөмірі, телім нөмірі, іс-шара атауы, отырғызылған жылы, телім алаңы жазылады. Телімде ағаш тұқымдарын іріктеу дұрыстығы, олардың жобаға және өсу орны жағдайларының осы үлгісіне сәйкестігі тексеріледі.
Отырғызу орындарының нақты саны сынама алаңдарын салу әдісімен айқындалады, олардың мөлшерлері мынадай болуы тиіс: орман екпелерінің алаңы 3 га-ға дейін кезінде-телім алаңының 5%-ы, 4-5 га – 4%, 6-10 га-3% және 10 га-дан астам кезде - 2% . Сынама алаң тұқымдар араласуының толық циклін қамтитын сопақша тік бұрыш түрінде жасалады және бұрыштары кішкене белгілермен шектеледі. Салынған сынама алаңда кейіннен олардың санын 1 га-ға көшіру арқылы барлық отырғызылған өскіндердің тұтастай есебі жүргізіледі. Отырғызу ( егу ) орындарының саны бойынша жобадан ауытқу + 5-10 % шегінде рұқсат етіледі.
Жүргізілген ағаш отырғызу жұмыстарының сапасы тамыр жүйелерінің жабылу тығыздығы, екпе көшеттердің немесе көшеттердің тамыр мойыны жабылуының тереңдігі бойынша анықталады. Егер екпе егу арқылы өсірілген болса, онда орман екпелері телімдерінің әртүрлі бөліктеріндегі егу қатарларын қазу жолымен орман дәннің топырақта жабылу тереңдігі мен егу тегістігі тексеріледі.
Отырғызу ( егу ) тығыздығы бойынша талаптарға сәйкес емес, тұқымдық құрамы, технологиясы бойынша жобадан ауытқыған орман екпелерінің барлық телімдері қайта техникалық өабылдау арқылы түзетілуі тиіс және олар бұған дейін орман екпелерінің жұмыстарын орындауға еңгізілмейді.
Техникалық қабылдау нәтижелері бұл телімнің екпе жобасына қоса тігілетін арнайы актімен рәсімделеді. Актіде сапасыз орындалған жұмыстардың көлемі мен сипаты көрсетілген барлық жобадан ауытқулар белгіленеді. Техникалық қабылдау актісіне кіші комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Техникалық қабылдау актісінің негізінде барлық орманшылық бойынша екі данада жиынтық ведомсі жасалады, олардың бірі
дығын, алаңдағы отырғызу орындарының орналасуын және ағаш отырғызу жұмыстарының сапасын тексеру кіреді. Ормен екпелері телімінің нақты алаңы телімді бөлу кезінде жасалған сызбалар негізінде мен оны заттай тексеру арқылы нақтыланады.
Өсірілген екпелері бар телімдер заттай түрде бұрыштары бойынша бағаналармен шектелген болуы тиіс. Бағана ұзындығы 2 м., диаметрі 12-16 см. Бағананың жоғары бөлігіне 2 еңісті «терезе» жасалады. «Терезенің» тегіс оймасында орамның нөмірі, телім нөмірі, іс-шара атауы, отырғызылған жылы, телім алаңы жазылады. Телімде ағаш тұқымдарын іріктеу дұрыстығы, олардың жобаға және өсу орны жағдайларының осы үлігісіне сәйкестігі тексеріледі.
Отырғызу орындарының нақты саны сынама алаңдарын салу әдісімен айкындалады, олардың мөлшерлері мынадай болуы тиіс: орман екпелерінің алаңы 3 га-га дейін кезінде - телім алаңының 5ф>-ы, 4-5 га - 4%, 6-10 га - 3% және 10 га-дан астам кезде - 2%. Сынама алаң тұқымдар араласуының толық циклін қамтитын сопақша тік бұрыш түрінде жасалады және бүрыштары кішкене белгілермен шектеледі. Салынған сынама алаңда кейіннен олардың санын 1 га-ға көшіру аркылы барлык отырғызылған өскіндердің тұтастай есебі жүргізіледі. Отырғызу (егу) орындарының саны бойынша жобадан ауытқу ±5-10% шегінде рұксат етіледі.
Жүргізілген ағаш отырғызу жұмыстарының сапасы тамыр жүйелерінің жабылу тығыздығы, екпе көшеттердің немесе көшеттердің тамыр мойыны жабылуының тереңдігі бойынша аныкталады. Егер екпе егу аркылы өсірілген болса, онда орман екпелері телімдерінің әртүрлі бөліктеріндегі егу қатарларын қазу жолымен орман дәннін топырақта жабылу тереңдігі мен егу тегістігі тексеріледі.
Отырғызу (егу) тығыздығы бойынша талаптарға сәйкес емес, тұқымдық кұрамы, технологиясы бойынша жобадан ауытқыған орман екпелерінің барлық телімдері кайта техникалык қабылдау аркылы түзетілуі тиіс және олар бұған дейін орман екпелерінің жұмыстарын орындауға енгізілмейді.
Техникалық қабылдау нәтижелері бұл телімнің екпе жобасына қоса тігілетін арнайы актімен рәсімделеді. Актіде сапасыз орындалған жұмыстардың көлемі мен сипаты көрсетілген барлық жобадан ауытқулар белгіленеді. Техникалық қабылдау актісіне кіші комиссияның барлық мүшелері қол кояды.
Техникалық қабылдау актісінің негізінде барлық орманшылық бойынша екі данада жиынтық ведомсі жасалады, олардың бірі мемлекеттік мекеме комиссиясына жіберіледі, ал екіншісі жобалармен және актілермен бірге орманшылық істерінде сақталады.
Мемлекеттік мекеме комиссиясы орманшылықтың кіші комиссиялары ұсынған материалдардың дұрыстығын орманшылық бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 5%-ы көлемінде тексеруге құқылы. Бұдан кейін комиссия орманшылыктан түскен барлық материалдарды қорытып, техникалық кабылдау корытындысы бойынша шешім шығарады.
Комиссия шешімдерінің хаттамаларын мемлекеттік мекеменің директоры бекітеді, одан кейін мемлекеттік мекеме бойынша тұтастай орман екпелерін техникалық қабылдаудың жиынтық ведомосі жасалады. Екпелерді техникалық қабылдау актісі оларды орман екпелерін есепке алу кітабына енгізу үшін негіз болады.
3 Орман дақылдарын түгендеу
Орман екпелерін түгендеу орындалған орманды қалпына келтіру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін, олардың жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды тағайындауды белгілеу мақсатында жүргізіледі. Оны күзде 1 қыркүйек - 1 қазан аралығында жүргізеді.
Орман екпелерін түгендеу Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітілген Нұскаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Екпелерге түгендеу жүргізу үшін орман иеленушінің бұйрығымен құрамында директордың орынбасары (комиссия төрағасы), орман екпелерінің инженері, бас бухгалтер бар түгендекді өткізу комиссиясы және орманшылықтарда құрамына осы мемлекеттік мекеменің өкілі (комиссия төрағасы), орманшы, орман шебері, орман екпелері орналасқан жердегі аралау инспекторы мен орман екпелері жұмыстарын орындайтын бригадир кіретін кіші комиссия құрылады.
Орманшылықтардағы кіші комиссияга орман екпелерінің сапасын заттай тексеру жөніндегі жұмыстарды тікелей жүргізу, бастапқы құжаттарды ресімдеу, орманшылык бойынша жиынтық ведомостер мен есептерді жасақтау жүктеледі.
Орман екпелері телімдерін заттай тексеру басталғанға дейін дайындық жұмыстары жүргізіледі, жұмыстар кезінде орман екпелерін есепке алу кітабындағы жазбалар, олардың орындалған жүмыстар нарядына, екпелердің жобалары мен техникалық қабылдау актісіне сәйкестігі тексеріледі. Жүргізілген дайындық жұмыстары нәтижесінде кіші комиссия ағымдағы жылы түгенделуі тиіс екпелердің ведомосі жасалады.
Отырғызудың бірінші және үшінші жылындағы барлық екпелер түгенделуге жатады. Оны бұл телімдегі екпелердің жалпы жағдайын көрсететін орындарда сынама алаңдарын салу әдісімен жүргізеді. Сынама алаңның мөлшері мынадай болуы тиіс: орман екпелерінің алаңы 3 га-ға дейін кезінде - телім алаңының 5%-ы, 4-5 га - 4%, 6-10 га - 3% және 10 га-дан астам кезде - 2%. Сынама алаңында кейіннен оларды қопсытылған алаңның 1 га-сына көшіру аркылы барлық жерсінген және қурап қалған өскіндердің тұтастай есебі жүргізіледі.
Алаңқайларда биотоптармен отырғызу арқылы өсірілген екпелерге сынама алаң салынбайды, ал олардың есебін нысанаға таяу орналасқан алаңкайларда немесе ұзын жағынан қатар немесе оған диагонал төселетін телімнің нысаналарында жүргізіледі.
Дәліздер арқылы екпелерді өсіру кезінде 2-3 дәліз сайын тұтастай қайта есептеу жүргізіледі.
Сексеуіл егу нәтижелері телімнің диагоналы бойынша тегіс салынатын сынама алаңдардағы өскіндерді тұтастай қайта есептеу жолымен айқындалады. Орман екпелерінің алаңына карай сынама есепке алу алаңы 0,01 -0,10 га. арасында болуы мүмкін. Сексеуілдің жерсінген өскіндерін қайта есептеуге арналған сынама алаңның жиынтық ауданы: телімде 100 га дейін егу кезінде - 1 %, телімнің 100-ден 500-ге дейінгі га алаңы кезінде- 0,5 % 500 га-дан астам - 0,3 %. Кемінде 1110 дана/га өскіндер саны бар егістік алаңы 100 % жерсінушілік ретінде кабылданады.
Өскіндері сақталған отырғызу (егу) орындарының пайызбен көрсетілген сандарының жобаға сәйкес нақты отырғызылған екпелерге және орман екпелерін техникалық қабылдау жүргізу кезінде осы алаңдағы нақтыланған өскіндер санына қатысы отырғызылған немесе егілген екпелердің жерсінушілігімен айқындалады.
Нәтижесінде кіші комиссия осы телімдегі орман екпелерінің жағдайын бағалайды, екпелерді сақтаға және олардың өсімін жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізу (толықтыру, топырақ күтімі, жарықтандыру т.б.) жөнінде ұсынымдар береді.
Орман екпелерінің жағдайы жерсінушілік пайызымен, алаң бойынша басты тұқымның таралу сипатына, өскіндердің өсуі мен дамуымен, зиянкестер мен аурулардан зақымданулардың болуымен, малдың немесе жабайы жануардалдың жайылуымен айқындалады. Заттай тексеру және бұл көресткіштер бойынша бағалау негізінде орман екпелерінің телімдері жақсы, қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.
Жақсы телім санатына дақылдардың тұқымдық құрамы өсу орнының жағдайлары үлгісіне толық сәйкес келген және жобаға сәйкес жұмыстар технологиясы сақталған жағдайда бұл өңір үшін белгіленген норматив деңгейінде немесе одан жоғары (8.3-кесте) жерсінген орман екпелерінің телімдері жатады.
8.3-кесте - Қазакстан Республикасының бір - үш жылдық орман екпелерінін нормативтік жерсінуі
Облыс
|
Екпелер-дің
норматив-тік
жерсінуі,%
|
Облыс
|
Екпелер-дің
норматив-тік
жерсінуі,%
|
Ақмола
|
70
|
Қарағанды
|
55
|
Ақтөбе
|
60
|
Қостанай
|
75
|
Алматы
|
70
|
Қызылорда
|
80
|
Атырау
|
55
|
Павлодар
|
70
|
Шығыс Қазакстан
|
70
|
Солтүстік Қазақстан
|
70
|
Жамбыл
|
80
|
Оңтүстік Қазақстан
|
80
|
Батыс Қазақстан
|
70
|
|
|
Жерсінуі 25% және одан төмен орман екпелері қанағаттанарлықсыз деп есептеледі. Мұндай екпелер қураған болып есептеледі және есептен шығарылуы тиіс. Орман екпелерін есептен шығаруға арналған акті екпелерді өсірудін әрбір ауысымына орманшылықты керсете отырып, мемлекеттік мекеме бойынша тұтастай жасалады.
26%-дан бастап нормативті деңгейге дейінгі жерсінетін екпелер қанағаттанарлық санатқа жатады.
4 Орман дақылдарын орман көмкерген жерге ауыстыру
Орман дақылдарын орман көмкерген алаңға ауыстыру екпелердің жеке өсу кезеңі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады (8.4-кесте). Оны арнайы Нұсқаулық бойынша жүргізеді.
Орман екпелерін орман көмкерген алаңға ауыстыру кезінде олардың сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:
1 га-ға өсімдіктердің жеткілікті саны және телімде басты тұқымдық ағаштарды отырғызудың бір қалыптылығы;
екпелер бөрікбастарының жымдасу кезеңінің басталуы;
екпелердін жалпы орташа биіктігі;
соңғы жыл ішінде биіктігі бойынша өсуі болып табылады.
Екпелердің топыраққа күтім қажеттігі болмайтын жағдайға жетуі қосымша белгі ретінде ескеріледі.
8.4-кесте - Орман екпелерін Қазақстанның орман өсетін аймақгары бойынша орманмен көмкерілген алаңға ауыстыру мерзімдері
Басты тұқым
|
Ауыстырылатын екпелердің жасы, жыл, аймақтар бойынша
|
орман-ды далалы
|
далалы және жартылай шөлейіт
|
шөле-йіт
|
таулы-
орман-ды
|
Емен
|
5
|
6-7
|
-
|
7
|
Балқарағай
|
5
|
5
|
-
|
6
|
Самырсын қарағайы
|
-
|
-
|
-
|
8
|
Шренка шыршасы
|
-
|
-
|
-
|
9
|
Самырсын
|
-
|
-
|
-
|
10
|
Қайың
|
4
|
5
|
-
|
8
|
Терек
|
4
|
4
|
4*
|
4
|
Емен
|
|
10*
|
-
|
-
|
Шаған
|
4
|
4
|
|
-
|
Шегіршін
|
-
|
4
|
4*
|
-
|
Сексеуіл
|
-
|
-
|
5
|
-
|
Ескерту: * Жайылма немесе суармалы жағдайларда
|
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.
Достарыңызбен бөлісу: |