Басылым 2012ж беттің шісі



бет4/5
Дата26.08.2017
өлшемі4,38 Mb.
#28633
1   2   3   4   5

8-9- дәріс Құндылығы шамалы екпелерді қайта жаңарту және нысаналы мақсаттағы орман дақылдарын құру
Дәріс жоспары:

1. Құндылығы шамалы екпелерді қайта жаңарту

2. Сүрек дайындалатын теректердің плантациялық дақылдары

3. Себет тоқуға және киіз қанқасын жасауға арналған талдардын плантациялық дақылдары
Орман алқаағаштарын қайта құру тұқым құрамын жақсарту және олардың шығымдылығын арттыру үшін жүргізіледі. Қайта құру деп әдетте құндылығы аз орман алқаағаштарын орман екпелерін өсіру жолымен шаруашылық жағынан құнды ағаштармен алмастыру түсініледі.

Өзінің құрамы, толымдылығы, оның жасына орай күтілетін жетілушілігі, өнімділігі мен орындайтын пайдалы функциялары телімнің орман өсіру шарттары мен ормаңның нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін 5 және одан жоғары жастағы құндылығы аз алқаағаштар қайта құрылуға жатады.

Қайта құру қоры мыналарды қамтиды:


  • барынша шығымды сүрекдіңдерін өсіру үшін жарамды телімдерде бұта тоғайы;

  • басты тұқымды ауыстырған арзан қол құндылығы аз жұмсақ жапырақты тұқымды табиғи өскен жас ағаштар;

  • сапы бұзылған тығыздығы аз (тығыздығы 0,5 және одан төмен) немесе зақымдалған алқаағаштар мен жасы 2 сыныпты және одан астам қалаусыз қажетсіз тұқым басым шығымдылығы төмен сүрекдіңдер;

  • шіріген, көп жылдық өскінді, түбі көктеген және тамыр атпасынан түлеген алқаағаштар.

Қайта құрылатын алқаағаштарының жағдайына, олардың тұқымдық құрамына, ондағы басты тұқым саны мен олардың телім аумағы бойынша таралу тегістігіне қарай алқаағаштарды қайта құрудьң тұтастай, дәлізді және шоқ ағаштық-топтық тәсілдер колданылады.

Қайта құрудың тұтастай тәсілі құндылығы аз алқаағаштарын, мысалы бұталы тоғайларын толықтай ауыстыру қажет болатын жағдайларда қолданылады. Бүл жағдайда құндылығы аз алқаағаштарын немесе бұталарды жаппай түбірімен қопару жүргізіледі. Түбірі қопарылғаннан кейін тамыр атпасы мен арамшөп өсімдіктеріне толық жою үшін алаң жыл бойы қара парда болып, одан әрі онда орман өсіру жағдайына барынша сәйкес келетін құнды тұқым екпесі өсіріледі.

Дәліздік тәсіл шамамен сол ендегі шабылмайтын дәлізаралық ықтырма қалдыра отырып, әдетте ені 3-6 м дәліздермен алқаағаштарды алдын ала шабуды немесе тазартуды білдіреді. Дәліздер ені қайта құрылатын алқаағаштардың биіктігінен кем болмауы тиіс. Дәлізді түбірлер мен бұталардан тазарту, тамырларды қопару тамыр қопарғыштар мен бұта кескіштердің көмегімен жүргізіледі. Одан кейін жасалған дәліздерде кейіннен екпе көшеттерін немесе көшеттерді отырғыза отырып, топырақты өңдеуді жүргізеді.

Шоқ ағашты-топтық тәсіл құрамында басты тұқымдар бар тығыздығы әркелкі алқаағаштарға қолдану ұсынылады. Бұл ретте өсіп тұрған алқаағаштарды түбірімен алу жасалмайды, құнды тұқымдар бос дерлерге, алаңдар мен алаңқайларға алдын ала ішінара дайындалған топыраққа шоқ ағаштар немесе топты түрінде отырғызылады.

Алқаағаштарын қайта құрудың барлық тәсілдері кезінде екпелердің тығыздығы өсу орны жағдайларының үлгілерімен және кесілмеген дәлізаралы қықтырмаларда (дәліздік тәсіл кезінде) және телімдерде (шоқ ағаш-топтық тәсіл кезінде) басты тұқымның табиғи молығуымен айқындалады. Қайта құрудың бұл тәсілдері кезінде отырғызылған өскіндердің жұмсақ жапырақты тұқымдылармен немесе бұталармен көмкерілу мүмкіндігін ескерген жөн. Сондықтан бұл жағдайда қайта құрудың табыстылығы көбіне жарықтандыру мен тазартудың уақтылығы мен жүргізу сапасына байланысты болады.

Тікпе ағаш көшеттері ретінде қайта құрылатын алқаағаштарында екпелерді өсіру үшін екпе көшеттері мен көшеттерді пайдалануға болады. Шөптесін өсімдіктер мен қажетсіз жапырақты тұқымдылардың қарқынды өсуі байқалатын қолайлы өсу жағдайы кезінде көшеттерге артықшылық берген жөн. Мұндай тікпе көшеттер арқылы өсірілген екпелер агротехникалық күтімсіз және жарыктандырудың аз мөлшерімен өсуі мүмкін.
2. Нысаналы мақсаттағы орман дақылдарын құру
3. Сүрек дайындалатын теректердің плантациялық дақылдары

Теректер түрлері. Шығымдылығы жоғары плантациялық екпелерді өсіру үшін республиканың оңтүстігі мен оңтүстік- шығысына мыналар ұсынылады:


  • П.П. Бессчетновтың «Қазақстандық», «Қайрат», «62027-1» жергілікті селекциясының будандас түрлері;

  • түрлес теректер - Болле, тарамды, алжир.

Телімді таңдау. Плантациялық екпелерге арналған телімдер тегіс суару жүргізуге мүмкіндік беретін азғана еңісі бар, мүмкіндігінше тегіс болуы тиіс. Жер жеткілікті көлемде болған кезде бірінші кезекте топырақтың жеңіл немесе орташа механикалық құрамы бар, сортаң емес немесе сортаңдығы әлсіз құрамды телімдерді игерген жөн. Әсіресе алаңның суармалы сумен қамтамасыз етілуішілігіне назар аудару кажет, өйткені Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің кұрғакшылық жағдайында шығымдылығы жоғары плантациялык терек екпелерін суарусыз өсіру мүмкін емес. Жер асты суларының 1-3 м орналасу деңгейі олар үшін оңтайлы.

Топырақты дайындау. Плантациялық екпелер жақсы өңделген топыраққа өсіріледі. Оны кейіннен атыздар бойынша тегіс суаруды қамтамасыз ету үшін алаңдарды жоспарлаудан бастаған жөн. Жоспарланғаннан кейін топырақтың механикалық құрамына, оның шымдалу дәрежесі мен арамшөп өсімдіктерінің болуына қарай топырақты міндетті түрде күзгі терең кайта жыртып немесе терең қопсыта отырып, қара немесе ерте пар жүйесі бойынша дайындайды.

Көшеттерді отырғызу. Әлсіз немесе орташа сорланған топырақта плантациялық екпелерді отырғызу кезінде Болле немесе «62027-1» буданы терегі сияқты ақ терек бөлігінің теректеріне басымдық берген жөн. Отырғызуды көшеттердің жапырақтары түскеннен кейін күзде немесе бүршік жарғанға дейін ерте көктемде жүргізуге болады.

Бір жылдық көшеттер жаксы тікпе ағаш көшеттері болып табылады. Бұл ретте тамыр мойыны топырақ бетінен 0-25 см тереңдікте болатындай есеппен теректің көшеттерін біршама терең отырғызуға ұмтылған жөн.

Плантациялық екпелерді өсіру кезінде теректердің көшеттерін 1 га отырғызу орны санымен 3,0 х 1,5 немесе 3,0 х 2,0 тиісінше 2220 және 1660 данадан отырғызған жөн.

Атыздарды бөлгеннен кейін бірден суарылу жүргізіледі, ол топырақтың отыруына және оның отырғызылған өскіннің тамырларына тығыз жатуына әсер етеді.



Плантациялық екпелерге күтім жасау. Отырғызылғаннан кейін алғашқы екі жыл ішінде кемінде 3-4 рет топырақты копсыту және арамшөптерді отау жүргізіледі. Бірінші жылдың күзінде плантацияларға түгендеу жүргізіп, ал көктемде қажет болған кезде - оларды екі жылдық көшеттермен толықтырған жөн. Үшінші және төртінші жылдары қатар аралары мен қатарлардағы күтімдер санын жыл сайын екеуге дейін азайтуға болады. Плантацияларды алғашқы екі жыл ішіндегі вегетациялық кезеңде кемінде 4-5 рет суару керек. Одан кейінгі жылдары суару санын 2-3-ке дейін азайтуға болады. Суару нормасы 1 га-ға - 500-600 м3.
Терек алқаағаштары топырақтан қоректік заттардың көп мөлшерін тұтынады,осыған байланысты органикалық және минералдық тыңайтқыштарды шашу қажеттілігі туындайды.

Кейіннен екі вегетациялық кезең ішінде 120кг/га(мамыр,тамыз)азот тыңайытқышымен қосымша 2 мәрте қоректендіре отырып,фосфорлы тыңайытқышты 90кг/га жане азотты 120кг/га бастапқы шашу кезінде теректің барынша қарқынды өсуі байқалады.Органикалық тыңайытқышты – га-ға 120 кг фосфор қоспасына 20 т көң,сондай-ақ20т/га сеебімен таза көң шашу да жақсы нәтиже береді.

Теректің тынайытқышты қабылдаушылығы әсіресе,олар шашылғанан кейін 3-4 жылда пйда бола бастайды.

Қысқа мерзім ішінде жоғары сапалы сүрек алу үшін бірінші жылдан бастап отырғызылған өскіндердің діңіне кутім жасау қажет.Бұл плантациялық екпелерде ағаштардың сирек орналасуына қатысты бастапқы кезеңде теректерде күрт тармақтаудың пайда болуына байланысты болады,осыған орай кезең сайын олардың бұталары мен физиологиялық пассивті өркендерін кесіп отыру қажет.Бұл жұмысты ерте көктемде жургізген жөн.Отырғызылғаннан кейін бірінші жылы тек бір ғана дамыған өркен қадыра отырып,артықтары кесіледі.Бүйірлік бұталарды кесуді 3-4 жылдан соң бастайды.Бірінші кезу кезінде діңгектің төменгі бөлігінің шамасымен 1/3 басталады,екінші жылы (6-8жыл) діңгектің төменгі жартысы және үшінші жылы (10-12жыл)діңгектің 2/3бөлігі босатылад.Кесу орнын саңыырауөұлақ ауруларын болдырмас үшін мүмкіндігінше бақша қарамайын жаққан дұрыс.

Теректер 10-12 жасқа жеткен кезде плантациялардан күтімдік кесу тіртібінде ағаштардын жартысы кесіледі және кесілген бағандар ұсақ тауар сүрегі ретінде сатылады.Бұл қоректік алаңды ұлғайту есебінен өалған өсімдіктерді барынша ірі мөлшердегі сүрек етіп өсіруге мүмкіндік береді.

Плантациялық екпелерді өсірудің агротехникасын сақтау кезінде 20 жылдық терегі бар 1 га жерден 700-800 м3 тауар сүрегін алуға болады



4. Себет тоқуға және киіз қанқасын жасауға арналған талдардын плантациялық дақылдары

Талдардың түрлері.Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайында плантациялық екпелерді өсіруге арналған талдардың мейлінші перспективалық түрлері:



Шыбық түрлесе талдар(себеттік),күлгін тал(тобылғы сары),ақ тал(боз тал),үшкір жапырақты талқ(қызыл тал).

Себет тоқуға арналған талдар плантациясы.Плантацилық екпелерді жақсы өнделген топыраққа өсіру қажет.Оны кейіннен атыздар бойынша тегіс суаруды қамтамасыз ету үшін алаңды жоспарлаудан бастау керек.Топырақтың механикалық құрамына,оның шымдалу дәрежесі мен арамшөп өсімдіктерінің болуына қарай топырақты міндетті түрде күзгі терең қайта жыртып немесе терең қопыста отырып,қара немесе пор жүйесі бойынша дайындайды.



Көшетерді отвырғызу.Себет тоқуіа арналған шыбықтарды алу мақсатында плантация салу үшін себеттік немесе күлгін талдардың бір жылдық пайдаланған дүрыс.

Көшеттерді отырғызу күзде және көктемде жүгізілуі мүмкін.Қолдай да,және механикалық отырғызу да есеп жасалған плантацияларда 0,8*0,5м.мөлшерінде отырғызу орыны дайындалады.Бұл тығыз шыбықтар плантациясында бүйірлік өркендердін аз болуымен және барынша тегіс болатындығымен байланысты.

Күзгі және көктемігі отырғызу кезінде көшетердін жер үсті беті 20-25см.биіктікте түбірінен кесіледі.Бұл агротехникалық тәсілді мінтеті түрде жасау қажет,өйткені ол көшеттердің дұрыс жерсінуіне және жұқа шыбықтар санының көп болуына ықпал етеді.

Плантация тіршілігінің екінші жылында өркендер өсімін жақсарту мақсатында мүмкіндігінше фосфорлы қолдану затын -60кг/га және азот80кг/га есебінен минералдықтыңайтқыштар шашу керек.

Шыбықтарды кесу жыл сайын жүргізіледі.Шыбықтарды дайындауға арналған қолайлы уақыт-терен күз,алайда оны жүргізу барлық қыс кезеңі ішінде жалғасуы мүмкін және көктем басталғанға дейін айақталуы тиіс.

Плантацияда шыбықтарды дайындау кезінде оларды кесудің дұрыстығы мен құралдардынң жағдайын тексеріп отыру керек.Кескеннен кйінгі түбірлер биіктігі топырақ бетінен 20-25см және кеспелер тегіс болуының маңызы зор.Сондай-ақ жыл сайын келесі жылы сапасы жақсы өркендердін пйда болуын қамтамасыз ету үшін шыбықтардын қалындығына қарамастан оларды түгелдеу кесіп отыру керек.



Киіз үй керек жарақтарына арналған талдар плантациясы.Телімді таңдау.Киіз үй керек жарақтарын алу үшін ұшсыз деп аталатын талдарды,яғни бөрік басы белгілі бір биіктікте кезең сайын кесіліп отырылатын ағаштар пайдаланылады.Плантация 20-25 жыл пайдаланылатын болғандықтан телімді таңдауда барынша мұқият болу керек.Плантацияға арналған алаңды мүмкіндігінше жер асты сулары жақын орналасқан ойыстарда таңдау керек.Жақын жерде су көзі міндетті түрде болуы тиіс.

Топырақты дайындау топырақты міндетті түрде күзгі терең қайта жыртып немесе терең қопсыта отырып,қара немесе ерте пар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

Отырғызу ақ тал немесе үшкір жапырақты талдың бір жылдық көшеттерімен 2,0*1,5 немесе 1,5*1,5 м,орналастыру орнына отырғызу арқылы жүргізіледі,яғни 1 га плантацияға 3300 немесе 4400 көшет отырғызылады.

Плантация күтімі кезең сайын суарудан,топырақты қопсытудан және тыңайитқыш шашудан тұрады.

Отырғызғаннан кейін екінші жылы ерте көктемде ұштарын 1,3-1,5 биіктікте кесу жүргізіледі,бұл кейіннен көптеген бүйірлік өркендердің шығуына ықпал етеді.Бірақ, киіз үй керек жарақтарын алу үшін өскіннің әрбір данасында тек 2-3 жақсы дамыған өркен қалдыру керек.Қайтадан және кейінгі кесу айналым кезінде діңде қалдырылатын өркендер саны бастапқыда 3-4ке дейін,одан соң 6-7 және одан да көп мөлшерге дейін көбейтіледі.Плантацияны оны еккеннен кейін төртінші жылдан бастап пайдаланады.

Плантацияны пайдалану кезінде әрбір кесуден кейін алқаағаштарын минералды тыңайтқыштармен қосымша қоректендіріп отыру керек,ол 90 кг/га фосфорлы және 60 кг/га азот қолданыстағы заттар есебінен қатарлар арасын өңдеу кезінде көктемде шашылады.

10-дәріс Грек жаңғағы мен пістенің плантациялық дақылдары
Дәріс жоспары:

1. Грек жаңғағы мен пістенің плантациялық дақылдары

2. Шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдары

Грек жаңғағының плантациясы.Грек жаңғағы – жылу сүйетін тұқым.Оның ойдағыдай өсу үшін 100 , жоғары температурадағы кемінде 150 күн керек.яғни белсенді температура жиынтығы 2000-22000.Жарық сүйгіш тұқымға жатады.Жарық жақсы болған кезде өзіне тән күмбез бөрік басы пайда болады.Бөрікбасының жақсы дамуы қалыпты жеміс беруі үшін қажет.

Жаңғақ ылғалды көп талап етеді.Ең өнім бергіш алқа ағаштар солтүстік экспозициялардың ылғалды бөктерлерінде,тауөзендері жайылмаларында,сайларда өседі.Батыс Тянь-Шаньның таулы ормандкарында жаңғақ алқа ағаштары суарусыз қалыпты өсе береді,онда жауын-шашын көлемі жылына кемінде 800мм құрайды.



Телімді таңдау.Тау бөктері мен таулы аймақтарда плантациялар үшін солтүстік,солтүстік – батыс және солтүстік- шығыс экспощзицияларының тегіс үстірттері мен бөктерлері беріледі.Құламасы 200 астам бөктерлерді,сондай –ақ салқын ауа массасы жиналатын қазаншұңқырлар мен ойпатттарды пайдаланбаған жөн.Жаңғақ плантацияларын өсіру үшін қуатты құмайт жіне саздақ топырақты таңдаған дұрыс.Суару жағдайында оларды топырық қабатының қуаты кемінде 0,5 м ұсақ тастар төгселген топырақта да өсіруге болады.Жер асты сулары деңгейі жақын телімдерде , сондай-ақ сортаң топырақтарда плантация өсіруге болмайды.

Топырақты өңдеу.Тегіс үстірттер мен құламасы 80 дейінгі ылдилы бөктерлерде топырақты өңдеудің негізгі тәсілі тұтастай жырту; 8-120 дейінгі бөктерлерде жыртылған террасалар;құламасы 12-200 бөктерлерде бульдозерлі террессалар дайындалады.Тұтастай өңдеу кезінде қара пар жүйесі қолданылады.

Грек жаңғағын отырғызуды жапырақтар түскеннен кейін күзде немесе вегетация басталғанға дейін ерте көктемде 2-3жылдық көшеттермен жүргізеді.

Грек жаңғағының өнімі бөрікбасының шамасына байланысты болатындықтан ағащтар арасындағы қашықтық оларға жарық түсу қамтамасыз етілетіндей түрде болуы тиіс.Қуатты топырағы бар суармалы жерлерде қскіндер арасындағы қашықтық 16-18 м,қызғылт топырақты жерлерде 12-16 м,ұсақ тастар төселетін тасты топырақтарда 10-12

м,болады.Суарылмайтын террасаларда бір қатардағы ағаштар арасындағы қашықтық 10-12 м болуы ұсынылады.

Плантация күтімі топырақ күтімін,суаруды,тыңайтқыштар шашуды,кесуді және ағаштардың бөрікбастарының қалыптастыруын білдіреді.

Пісте плантациясы. Пісте – құрғақшылыққа барынша төзімді ағаш тұқымдарының бірі,көлденең тарамдалатын және тереңдігі 7 м дейін жететін қуатты тамыр жүйесі болады.Батыс Тянь Шаньның оңтүстік бөлігінің құрғақ тау бөктерінде өсетін пісте көбіне таза алқа ағаштарын құрайды,онда басқа ағаш тұқымдары өсе бермейді.

Пісте – жарық сүйгіш ағаш тұқымы.Олардың алқа ағаштары ешқашан тығыз өспейді,әдетте ағаштар бір бірінен біршама қашық орналасып өседі.

Пісте айрықша құрғаққа төзімділігімен қатар аязға жоғары төзімділігімен де ерекшеленеді,ол 410 дейінгі төмен температураға шыдайды.

Пісте плантацияларының өсуіне арналған жақсы топырақ әдеттегі құмайтты және жеңіл саздақ сұр топырақ болып табылады.Әлсіз және орташа шайынды қиыршық тасты сұр топырақтың жарамдылығы төмен.



Топырақты өңдеу.Құламасы 80 дейін ылди бөктердегі топырақты өңдеудің негізгі тәсілі тұтастай жырту,8-120 дейінгі бөктерлерде жыртылған террасалар,құламасы 12-200 бөктерлерде бульдозерлі террасалар дайындалады.

Топырақты тұтастай өңдеу кезінде плантация қара пар жүйесімен дайындалады.



Плантацияны отырғызу.Плантациялық екпелер тұқым егу арқылы отырғызылады,бұл үшін пістелердің барынша құнды түрлері бар сау ағаштардан дайындалған тұқымдар пайдаланылады.

Тұқым егу көбінесе көктемде 10-15 пісте тұқымы себілетін шұңқырға отырғызылады.Егуге дейін бір ай бұрын тұқымдар елеу арқылы стратификацияланады.

Пісте ағаштары қоректенудің үлкен өсу алаңын қажет ететінін ескере отырып,егу орындары тегіс телімдерде 6х8 немесе 8х8 м,террасаларда 6м сайын қайталатын схема бойынша орналасады.Тұқымдарды террасарда отырғызу оның жиегінен 40-50 см қашықтықта сыртқы қиябет бойынша жүргізіледі.

Тұтастай екпелерді отырғызу кезінде пісте екпелері жеміс бергенге дейінгі қатар аралығын жыртылған жерге егілетін екпелер үшін пайдалануға болады.



5. Шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдары

Қазақстанның оңтүстік-шығысында шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдарын өсіру үшін тау бөктерлеріндегі, тау алаптарындағы телімдері, өзендердің ауқымды аңғарлары жарамды болып табылады. Суару жағдайлары болған кезде тау бөктері аймағының шөл-далалы аумағын пайдалануға болады .



Телімді таңдау. Плантацияға арналған телімді таңдау кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет;

-плантацияға бөлінетін алаң тегіс, ойдымсыз жане атыздар бойынша тегіс суаруды жүзеге асыру мақсатында 2-3 шегінде азғана біртегіс еңісі бар биік емес бөктерлі болуы тиіс;

-жер асты суларына таяу телім деріне плантация салмаған жөн;

-топырақтың құнарлығы жеткілікті, механикалык құрамы жағынан жеңіл, жақсы ауа алмасатын жане шымдалған болуы тиіс;

-плантацияға арналған телім жасанды сурауды қаматамасыз ету үшін су көзіне таяу орналасуы тиіс.

Топырақты плантацияға дайындау плантациялық соқалармен 35-40см тереңдікте үйіндісіз жырту арқылы қара пар жүйесімен жүргізіледі.

Отырғызу. Шырғанақ пен итмұрынды бүршік жарғанға дейін көктемде отырғызады, топырақ қатқанға дейін күзде де отырғызуға болады.

Шырғанақты отырғызу орнын орналастыру-4*2немесе4*2,5м,итмұрын-4*2,5м.

Шырғанақ пен итмұрын плантациясын өсіру үшін уақыты әртүрлі жане қарама-қарсы тозаңдануға қабілеті вегетациялық кобейтілген бірнеше сорттарды отырғызады.

Плантация салу кезінде жоғары сапалы сортты көшетті пайдаланады;сүректелген қалемшелерден алныған екі жылдық көшеттер. Олардың биіктігі 50-60см., тамыр мойнының диаметрі 6-15мм. Болуы тиіс.

Итмұрын плантациясын салу үшін вегетациялы жаксы дамып, өскен көшеттер пайданылады; тамырланған қалемшілер немесе екі жылдық тамыр атпалары , биіктігі кемінде 80-120см, тамыр мойнының диаметрі 8-12мм болуы тиіс.

Жеміс беретін көбейгіш дарақтардан басқа , шырғанақ плантациясына тозаңдандырғыш түрлерін де отырғызу керек.Көбейгіш және тозаңдандырғыш дақылдар қатынасы – 1/8-1/14;оларды орналастыру жеміс бергіш өсімдіктерді тозаңдандырғыштан 6-7м барынша қашықтата отырып,тегіс жүргізілуі тиіс.1 га жерге 4х2,5м орналастыру кезінде 1000 отырғызу орны пайда болады,оның ішінде 70-сі тозаңдандырғыш және 930 – көбейгіш дарақтар.

Итмұрын плантацияларында әрбір негізгі сорттың 3-4 қатары сайын басқа өнім сортының 1 қатар тозаңдандырғышын отырғызады.осы арқылы плантацияда 2-3 сорт болуы мүмкін.

Отырғызу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бірден топырақты жырту қабаты тереңдігіне дейін ылғалдай отырып, 1га 600-800м3 су есебінен атыздар бойынша суару жүргізу қажет.



Топырақ күтімі және тыңайтқыш.Жыл сайын күзде өнім жиналғаннан кейін қатар арасының ортасынан терең қопсыту ұсынылады 20-25м.

Қатардағы арамшөптерді отау және тамыр атпаларын жұлу қолдай жасалынылады.бұл ретте қолдау күтімі саны бір жаз ішінде 2-3 ретке дейін жетуі мүмкін.

Шырғанақ пен итмұрын топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды шашу арқылы жақсы өседі.3-4 жылда 60-90 кг/га суперфосфат, 60-80 кг/га азот және калий қолдану затын қоса отырып 20-40т/га көң шашқан жөн.

Шарғанақ пен итмұрыннның қалыпты өсуі мен жүйелі жеміс беруі үшін жасанды суару мен қамтамасыз ету керек.Отырғызу жылы суару саны – 8-10 рет; одан кейінгі жылдары ауа райы жағдайына қарай 3тен 6 ретке дейін 600-800 м3 /га құрайды.

Шырғанақ көшеттерін отырғызғаннан кейінгі кесу бір өркені бар өскінді аз ғана қысқарту түрінде ғана жүргізіледі және көп діңгекті немесе бір діңгекті төмен штамбты бұта қалыптастыраға бағытталған.Бірінші 4-5 жылішінде жеміс берместен бұрын тым ұзын және жіңішке өркендерін қысқарта отырып,артығын алып тастап отырған жөн,бұл шағын және биік емес бөрікбасы қалыптастырады.

Итмұрын плантацияларында отырғызғаннан кейінгі бірінші жылы бұталардың бөрікбасын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.Осы мақсатта бүршіктер бөрткенге дейін бірінші кезекте әлсіз зиянкестер зақымдаған бұталарды алып тастай отырып,кесу жүргізіледі.Олардың бұталануын көбейту үшін бір жылдық бұтақтар 20-25 см қысқартылады.Бөрікбастың қалыптасуы 3-4 жылда аяқталады.Қалыптасқан бұтаның 15-20 қаңқа бұтасы болады.



Жемістерді дайындау.Республиканың оңтүстік-шығысында шырғанақ тамыз-қыркүйекте;итмұрын – шілде – тамызда піседі.Жемісті жинау қолдан жүргізіледі.Жиналған жемістерді тек аспа астында ғана кептіру керек.

11- дәріс Кесілген, өртенген жерлерге орман екпелерін қайта құру
Дәріс жоспары:

1. Кесілген, өртенген жерлерге орман екпелерін қайта құру

2. Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғану

Орман шаруашылық тәсілдері мен орман екпелерін қайта құру тек қана қандағашты, тамыр атпалы көктеректі, жас бұтақты қайыңдардың орындарын басады, яғни қылқан жапырақтылар – емен, шаған, үйеңкі және тағы басқаларымен. Бұлар табиғи немесе жасанды жолмен пайда болған. І топқа жататын ормандардың өте жақсы өсу жағдайларын қамтыған құндылығы төмен отырғыларда қайта құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың 2-ші қатарында болатын орманның ІІ тобындағы өскіндер мен тамыр атпалардан қалыптасқан отырғылар жатады олар шымылдық астында 1,5 – 2000 қылқан жапырақты дана мен биіктігі 0,5 метрден биік болып, ауданда біркелкі орналасып сүрек діңдерді сату мүмкіндігі болса. Соңында қалпына келтіру жұмыстары ІІІ топ ормандарында жүргізіледі. Әдетте қайта құру, біртекті топтастыру, бірқалыпты қайта құру және тегіс қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Олар қайта құратын екпелердің құрамына, шығу тегіне, бірігуіне, жағдайына байланысты, ең бастысы - шымылдық астындағы шаруашылық жағынан құнды түрлердің жас өскіндерінің болуымен байланысты.

Жалпылап қайта құру тәсілін жиі өскіндер мен тамыратпалар тегі бар ұсақ жапырақты 5-20 жылдық өсімдіктерде және биіктігі 6-7 метр болып, шаруашылықта құнды түрлерімен және ауданда біркелкі өсуімен көзге түссе. Бұл жас өскіндерде ені 4-8 метрлік ашық жол салынады. Келешекте ол жолдарды сиректетеді немесе тегіс кесіп тастайды.

Қайта құрудың біртекті топтастыру тәсілін аралас 5-20 жастық толықтығы бірқалыпты емес және шымылдық астындағы топтар 0,05 га дейін және шаруашылықта құнды түрлері бар біртекті ағаштарда қолданылады. Топтар мен біртекті шашылған дәндерден өскен ағаштардың үстінен сапасы екінші сатыдағы ағаш түрлері кесіледі немесе шаруашылықта құнды ағаштарға өсу мүмкіншілігі жақсартылады. Ол өсуді нашарлататын жапырақты өсімдіктен арылуымен байланысты. Бір қалыпты қайта құру - шашылған дәннен өскен ағаштардың үстіндегі шымылдықты сиректетумен байланысты және шаруашылықта құнды түрлерді бірнеше тәсілмен сақтауды жүргізеді.

Қайта құру жұмыстары жоғары қарқынды орман шаруашылығында қолданылады және ол өскіндердің жоғарысындағы ұсақ жапырақты тамыр атпалардан дамыған ағаштарды жоюмен байланысты, олардың ішінде шаруашылықта құнды түрлер болмауы керек. Жағымсыз ағаштар мен бұталардан арылу «Секор» бұта кескішімен, балтамен және ағаш пен бұта өсімдіктерін жоятын арнайы химиялық заттармен, яғни арборицидтермен жүгізіледі.

Жағымсыз ағаштармен күресу шараларында қолданылатын негізгі арборицид түрлеріне амин тұздары, бутил және т.б. эфирлер 2,4-Д, пиклоран препараттары (раундап, гармон, т.б.), вельпар, гардоприм жатады. Бүрку тәсілін құрғақ, тыныш ауа райында таңғы немесе кешкі сағаттарда, ереже ретінде, жоғарғы бүршік қалыптасып және қылқан жапырақтыларда өркендер ағаштанғанда жүргізіледі. Бүркіп шашуға ұшақтар (АН-2, АН-2М) және тікұшақтар (КА-26, МИ-2), тракторлар (орманда қолданылатын аэрозольді бүріккіш генератор ЛАГО-У, аэрозольді генератор АГ-4Д-2), сонымен қатар арнайы, арқаға салып жүретін бүріккіштер (ОРП, ОМР-2,т.б.) қолданылады. Арборицидтерді ағаш қабығына жағу арқылы және діңінің камбиіне енгізу арқылы да қолданады. Бұл тәсілдерде жаққыштар пайданылады, өңдеу аппараты (АБО-1) және сүректік инжектормен (ИД-1, ИД-2, ИП-4), «Кобра» аппараты қолданылады.



3.3 – сурет. Бүркіп шашуға арналған тікұшақ КА-26



3.4– сурет. Сүректік инжектор ИП-4 аппараты
Арборицид ретінде жүйелі түрде әсер ететін препараттар қолданылады. Жапырақтарға түскеннен кейін жүргізу жүйелерімен ағаш тамырына жетеді, сонымен қатар таңдамалы әсер ететін болып келеді. Яғни жағымсыз ағаштарды (сұр қандағаш, көктерек, қайың, орманжаңғақ, тал, т.б.) жойып, пайдалы (шырша, балқарағай, майқарағай, қарағай, т.б.) түрлерге зиян келтірмейді.

Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғанда, мына –



ларды ескеру керек. Олардың жоғары токсинді болуын, бірақ та адамдар мен жануарларға қауіпсіз, ағзада жиналмауын және вегетациялық кезеңде толық ыдырауы қамтамасыз етілу керек.

Топырақ түзілуін мақсатқа сай өзгертуге қабілетті тек адамзат қоғамы ғана. Адамның табиғатты өзгерту процесі топыраққа тарайды. Бұл адамзат дамуның деңгейіне байланысты. Жер өңдеп, егіншілік басталғаннан бері орман аймағын өңдеу үшін от қою қолданды. Бұл кезде орман өртеніп, босаған жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесітыңайған жерді қолдану. Бұл жүйе падаланылған жер учаскелері тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан соң қайта егіліп пайдаланылады. Біртебірте бос жерлер саны азайып, егіс аралық үзіліс уақыты азаяды (1 жыл). Осылайша жерді пар айдап пайдалану екі және үш ауыспалы егіс қолданылады.

Бірақ жерді бұлай күштеп пайдаланутыңайтыш қоспау, агротехниканы төмен деңгейде қодану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты. Қазіргі егіншілік жүйесі топырақ құнарлылығын қолдауға, арттыруға бағытталған. Осы мақсатта топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты әктейді, өңдеу процесін механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан негіздейді, топырақты азотқа байыту үшін ауыспалы бұршақ тұқымдас шөп егуді қолданады. Жеді мелнорациялау шаралары: құрғату, суландыру, эрозияға қарсы шаралар т.б. қолданылады. Топырақ өндіріс құралы ғана емес, еңбек өнімі де болады. Кейбір топырақтардың өзгертілуі соншалық оларды ерекше типке бөлуге болады. Осыларға Қырымдағы жүзім өсіруге екі мың жыл бойы пайдаланып келе жатқан плантаждалған топырақтар, Орта Азияның ежелгі суармалы жазиралары жатады. Топырақ георафиясы және егіншілік Егіншілік те ерекше географиялық жағдайда жүзеге асады. В.В.Докучаев ілімінше топырақ түзуші факторлардың өзара әрекеттесуі әсерінен пайда болады. Осы өзара әрекеттесудің бұзылуытың тың жерлердің мәдени жерлерге айналуы қалыптасқан топырақ режимін күрт бұзып, оның қасиеттерін өзгетеді. Сондықтан егіншілік жүйесі түрлі табиға жағдайда пайдалы шаралар, басқа жағдайларда қолдануға келмейді. В.Р.Вильямс шөп егумен қатар жұргізілетін егіншілік әдісін ұсынды, топырақтың құрылымы мен азот құрамын қалпына келтіру үшін топыраққа шөп түрлерін егеді. таңдаулы тұстарда егіліп, жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.

Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаалар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл жайт ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген.

12-13-14-дәріс Орман қоры учаскелерінде кесілген, өртенген ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу ережесі
Дәріс жоспары:

1. Орман қоры учаскелерінде кесілген, өртенген ормандарды молықтыру

2. Орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу ережесі

3. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу
Сүректерді тасып әкету мен кесілген жерлерді тазалауды қосқанда, кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң, шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың сақталған өскіндері мен жетілмеген жіңішке ағаштарының ауданы бүкіл кеспе ағаштың 75 пайыздан кем емес болуы керек (кеспе ағашты бензинді арамен кесіп, трактормен сүйреп тасығаннан соң), ал ағаш дайындағыш машиналармен дайындағанда – 60 пайыздан кем болмауы тиіс. Ағаш дайындаған кезде қар түскен кеспеағаш аймағының өскіндері мен шыбық­тарының (мөлдектің жалпы ауданында кесу жұмыстарына дейін есепке алынған) 70 пайызы, ал қарсыз кезде 60 пайызы сақталу керек.

Орман пайдаланушы өскіндерді кесу қал­дықтарынан тазалап, көлеңке түсіретін ағаштар мен бұталардан босатып, түзетіп, қалың топ­тарды сиретіп отыруға міндетті.

Толымдылығы 0,6 аспайтын кесуге түсе­тін екпелердің қолтығында тұқымдар мен өскіндердің өсуіне жағымды жағдайлар жасау мақсаты мен тұқымдықтар бар кезде топырақтың үстіңгі қабатын минералдандырады.

Топырақтың үстіңгі қабатын минерал­дан­дыру ағашы кесілген жерлер мен алаңқайларда топырақтың механикалық құрамына және ылғал­дылығына, топырақ жамылғысының тығыздығы мен қалыңдығына, төсеніштің қалыңдығына, кеспеағаш жұмыстары кезіндегі топырақтың үстіңгі қабатының минералдану дәрежесіне, тұқымдықтар санына және учаскенің басқа да жағдайларына байланысты, топырақты механи­калық немесе химиялық заттар мен өңдеу арқылы жүргізіледі.

Минералдандырылған қабаттың үлесі бүкіл ауданның 30 пайыздан кем емес болуы керек. Соқаның және фрезердің жолақтары тұқымдық­тар үшін – 5 метр немесе сақталған өскіндер мен шыбық топтарына – 2-3 метр жақын орналасуы керек.

Топырақ бетін минералдандырудың оң­тайлы мерзімі – тұқым түсуінің алдындағы кезеңі, яғни жаздың аяғы немесе күздің басы.

Топырақты минералдандыруды гүлденуі мен жеміс беруі үшінші балдан кем болмайтын тұ­қым өнімімен бірге тұқым беретін жылы өткізеді. Гүлденуі мен жеміс беруі балын анық­тау «Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесін бекіту тура­лы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуір­дегі №299 (Нормативтiк құқықтық актілерді мем­лекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №6259 тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Орманның барлық өсу кезеңіндегі жа­ңаруы ағаштардың жастары, мөлшері және жай-күйі бойынша түбір мен тамырдан балақ шыбықтар құру қабілетіне ие болатын осындай сүректерді кескеннен кейін қарастырылады. Бұл ретте ағаш кесуді қыста жүргізеді, түбірлерді аласа етіп қалдырады (өзен аңғарындағы жағдайларда су тасуының биіктігі мен ұзақтығы ескеріледі), кеспеағаш тазалауды балақ шыбық­тар мен тамыр атпа өскіндері пайда болғанға дейін аяқтайды. Еменнің балақ шыбықтан жаңаруы екі генерациядан, ал қайың, көктеректе – үш генерациядан аспауы тиіс.

Жас ағаштарға, орманның табиғи жаңаруы учаскелерінде үй және жабайы жануарлардан зақымдану қауіпі туса, оларды барлық жағынан немесе мал айдайтын жерін қоршап қою керек.

Ағашы кесілген жерлердегі өздігінен шық­қан, сақталған өскіндер мен шыбықтардың саны аз болғанда, орманның табиғи жаңаруы табысты болуы үшін қосымша көшеттердің отыр­ғызылуы мүмкін. Бұл кезде отырғызу орындарының саны, осы жағдайлар үшін жаппай отырғызылған орман өсімдіктерінің 25 пайыздан аспауы керек.

Орманның табиғи жаңаруына жүргізілген жәрдемдесу шараларының қорытындысы мемлекеттік орман иеленушісінің комиссиясымен баға­ланады.

Шаруашылық қызметтің шектелген режімі бар ормандарда (орман бақтарында, ұлттық табиғи парктерде, жасыл аймақтарда және т.б.) орманның табиғи жаңаруына әсер ету шаралары шаруашылық жүргізу режімін бұзбаған жағдай­да ғана басталады.

Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары тек табиғи жаңаруы ойдағыдай бо­лады деп күтілетін орман типі топтарында ғана жүргізіледі.

Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына мыналар жатады:



  • ағаш дайындау кезінде шаруашылық жағы­нан құнды тұқымдылардың өміршең өскіндері мен шыбықтарын сақтау;

  • кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң өскін­дер мен табиғи тұқымдануды күтіп-баптау;

  • топырақтың үстіңгі қабатын жартылай минералдандыру;

  • ағашы кесілген жерлерді қоршау;

  • шаруашылық жағынан құнды тұқымдылар­дың табиғи жаңаруының кейбір жерлерде өскіндер мен табиғи (өз бетінше) тұқымданудың жетіспеушілігі немесе біркелкі еместігі байқал­са, табиғи жаңартуға қосымша ретінде басты тұқымдылардың көшеттері отырғызылады.

Тұқымдықтарды (ағаштар мен шоқ ағаш­тарды) қалдыру кеспеағаштарды бөлгенде және кескенде табиғи түлеуді қамтамасыз ететін маңызды жағдай және міндетті орман өсірушілік шара ретінде, орманды табиғи түлету шарала­рына өз бетінше шара түрі ретінде енгізілмейді. Қалдырылған тұқымдықтарды орналастыру және олардың саны мемлекеттік орман құру жерлеріндегі ормандарды кесу ережелерімен анықталады.

2. Жанарған жерлерге орман өсіру 
1. Босатылған уақыт шегінде шаруашылық­қа құнды тұқымдарды табиғи жаңару, табиғи жаңаруға жәрдемдесу арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман иеленушілер орман дақылдарын құрады.

2. Орман дақылдарын құруға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелері орман дақыл­дары қорын құрайды да, мынадай санаттарға бөлінеді:

a) 1-2 жыл бұрын ағашы кесілген жерлер;

ә) 3 және одан көп жыл бұрын ағашы кесілген жерлерде ормандардың шаруашылық құнды тұқымдыларының босатылған мерзім уақытында табиғи жаңаруы болмаса;

б) өрттің салдарынан (өртеңдер) немесе басқа да себептерден жойылған екпелер учаскелерінде босатылған мерзімде, ормандарда шаруашылық құнды тұқымдыларының табиғи жаңаруы күтілмесе;

в) жойылған және есептен шығарылған орман екпелері;

г) алаңқайлар, сондай-ақ қазба байлықтары алынғаннан кейінгі орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;

д) ауыл шаруашылығына пайдаланудан шы­ғарыл­ған, орман өсіруге жарамды жерлер;

е) орман өсіруге жарамды құмдар, жыралар және басқа да ормансыз жерлер; бұл жағдайда осы категориядағы жерлер агрохимиялық-топырақ зерттеулерінен кейін орман дақылдары қорына енгізіледі:

ж) орман дақылдарын егу тәсілімен қайта құруды қажет ететін құндылығы аз орман екпелері.

3. Бірінші кезекте орман дақылдары қорының жерлері игеріледі:

а) су және жел эрозиясына ұшыраған жерлер;

ә) елді мекендердің жасыл аймақтарында және өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар т.б. су нысандары жағалары бойына орналасқан жерлер;

б) биік шөп өсімдіктері мен жылдам өсіп кететін қаупі бар қылқан жапырақтылардың жаңа­дан кесілген жерлері және өртең алаңдары;

в) жоғарғы класс бонитетіндегі екпелерді өсіруге жарамды, тың жерлердегі орманмен қамтылмаған жерлер;

г) құнды ағаш тұқымдарын енгізу үшін қарастырылған, құны төмен екпелердің кесілген жерлері;

д) орман өсіруге жарамды жағдайларға келтірілген, пайдалы қазба байлықтарын өндіруден қалған жерлер.

Орман дақылдары қорын игерудің нақты кезегі орман орналастыру және жобалау-іздестіру жұмыстарымен анықталады.

4. Орман дақылдарын егуге учаске дайындау кезінде, барлық алдағы орман дақылдары опе­рацияларын сапалы атқару үшін, сондай-ақ өрт қауіпін азайту және дақылдардың санитарлық жағдайын жақсарту үшін жағдай жасау жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.

Учаскені дайындау мыналарды қамтиды:

а) жерді табиғи қалпында зерттеу;

ә) орман дақылдарына учаске бөлу;

б) болашақ дақылдар қатарын немесе топы­рағы өңделетін жолақтарды белгілеу және машиналардың жұмыс істеуіне қауіпті жерлерді белгілеу;

в) учаскені жаппай немесе жолақтармен құлаған ағаштардан, тастардан, қажетсіз ағаш өсімдіктерінен, кішкентай түбірлерден, кепкен ағаштардың діндерінен тазалау;

г) түбірлерді қопару немесе оларды орман екпелері техникасына бөгет жасамастай биіктікке дейін қысқарту;

д) топырақ бетін тегістеу, оның аумағын мелиорациялау, беткейлерде террасалар жасау;

е) топырақта шамадан тыс орныққан зиянды құрт-құмырсқалармен алдын-ала күрес жүргізу.

5. Учаскені зерттеген кезде оның жағдайы мен орман егуге жарамдылығы анықталады, шаруашылыққа құнды тұқымдардың жас өмір­шең өсімдіктерінің саны мен орналасуы, құлаған ағаштар және кесу қалдықтарымен қоқыстану дәрежесі, түбірлердің саны мен биіктігі, машиналардың жұмыс істеуіне қолай­лылығы, топыраққа зиянды құрт-құмырсқалардың орны­ғуы белгіленеді, орман өсіру жағдайының типі нақтыланады және орман дақылдарын егу тәсілдері анықталады.

6. Орман дақылдарын егуге жер бөлгенде, оған орман шекараларына, жолдарға және басқа планшетте белгіленген тұрақты белгілерге байланыс­тыра отырып геодезиялық зерттеулер жүргізіледі.

Орман дақылдарын техникалық жобалауды осы салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйым­дарымен орман иеленушілердің келісімімен жүзеге асырылады.

7. Орман дақылдарын егу үшін ағашы кесілген жерлерді дайындау орман пайдаланушылар мен кеспеағаш жұмыстарын орындаған кезде жүргізіледі.

Жаппай тазалаған кезде құлаған ағаштар, қажетсіз орман өсімдіктері, кішкентай түбірлер және тастар учаскенің шекарасына ысырылады немесе оның аумағына 25-50 метр сайын жиналады.

Жартылай тазалау, жаппай тазалау мүмкін болмаған немесе қажет емес жағдайларда, ені әртүрлі жолақтармен, сондай-ақ орман дақыл­дарын дәліз тәсілімен және бөлек еккенде жүзеге асырылады.

8. Жаппай түбірлерден тазалау, ерекше құнды орман дақылдарын егу, топырағы бай ағашы кесілген жерлер немесе өртеңдерде арам шөптер және тамыр атпа немесе балақ ағаш екпелерінің қарқынды даму қауіпі туғанда арнайы жолақтар жасау үшін жүргізіледі.

Құнарсыз топырақта, ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде және беткейдің тіктігі 6 градустан асқанда, топырақ эрозиясын болдырмау үшін, сондай-ақ орман аймақтарындағы сазды және өте сазды жерлерде түбір тазалағанда оның су-физикалық қасиеттері төмендейтін болса, түбірлерді жаппай тазалауға тыйым салынады.

Түбірлерді жартылай тазалау әдетте егілетін тұқымдылардың биологиялық ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты ені 2 метрден кем емес жолақтармен жүргізіледі.

Учаскелерді тазалағанда және түбірлерді қопарғанда топырақтың жоғарғы құнарлы қаба­тының мұқият сақталуы қамтамасыз етіледі.

9. Ғылыми ұйымдары әзірленген, топырақты өңдеу тәсілі, орманды қалпына келтіру жөніндегі қолданыстағы аймақтық ұсыныстарға және топырақ өңдеудің нормативтік-техникалық талап­тарына сәйкес, орман типінің тобына немесе орман өсіру жағдайларына, орман екпелері қорының санатына, учаске дайындау тәсілі және қабылданған орман дақылдарының типіне бай­ланысты осы салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйымдарымен таңдалады.

Топырақ өңдеу барлық учаскеде (жаппай өңдеу) немесе оның бөлігінде (жартылай өңдеу) механикалық немесе химиялық тәсілдермен іске асырылады. Топырақты әртүрлі механикалық (тракторлық) құралдармен өңдеу негізгі тәсіл болып табылады.

Топырақты жаппай өңдеу, барлық аумақта өңдеу жұмыстарына кедергі келтірмейтін учаскелерде жүргізіледі (6 градусқа дейінгі беткейде және топырақта су және жел эрозиясы болмағанда).

Топырақты бөлектеп механикалық өңдеу жолақтап жырту, жолақтар мен алаңдарды минералдандыру немесе қопсыту, соқалау немесе жыра жасау, кішкентай төмпешіктер жасау (қатарлар, жолдар, төбешіктер), шұңқырлар дайын­дау жолдарымен іске асырылады.

Топырақты соқалап немесе жолақтап өңдеген кезде құралдар жүрісі жолақтардың түзулігі мен паралельдігін қамтамасыз ету керек.

10. Сусыма құмдары, қажет болған жағдайда, бұталардан ықтырмалар жасау жолымен немесе шөп өсімдіктерін егу, механикалық қалқалар қою (қалқалар, бұтақтар, қамыс немесе сабан бу­малары), жер бетіне жабысқақ заттар тастау және басқа да тәсілдермен бекітеді. Бұл жағ­дайда, басты тұқым егілгенге дейінгі алдын-ала егілген бұталар орман дақылдары көлеміне есептелмейді.

11. Тау жағдайларында топырақ өңдеу тәсілі жердің географиялық аймағын, бедерін, бет­кей­лердің орналасу тәртібі мен көлбеулігін, топы­рақтың төсенішінің су өткізгіштігін, топырақтың тастылық дәрежесін, учаскенің мөлшері мен қолайлылығын, эрозиялық процестердің пайда болу және даму қауіптілігін ескере отырып таңдалады. Беткейлердің көлбеулігіне, топырақ және басқа да жағдайларға байланысты таулы учаскелерінде топырақ өңдеудің мына тәсіл­деріне рұқсат етіледі:

а) тасы көп және тасы аз топырақты 6 градусқа дейінгі тау беткейлерінде – жаппай өңдеу;

ә) 6 градустан 12 градусқа дейін тау беткейінде: тасы аз топырақтарда – жолақтап жырту, сондай-ақ түбін қопсыта отырып, қабаттар бойынша бороздалар кесу; құрғақ және биік өсімдіктер өспейтін тасты топырақты террасаларда – жолақтап қопсыту, түбін қопсыта оты­рып, бороздалар кесу немесе микротеррасалар дайындау; бұталар немесе биік шөп өсімдіктері өсіп кеткен учаскелерде – бульдозер немесе жинағыш қопарғыштар мен ұзындығы 15-20 метр, арасы 3-4 метр дайындалған үзік-үзік жолақтармен ұзын жағымен қабаттар бойына аралары 2,5-3,5 метр етіп орналастырылады;

б) 12 градустан 20 градусқа дейінгі жайпақ беткейлердегі терең және орташа профильді тастары аз топырақтарда – бульдозерлермен немесе қопарғыш-жинағыштармен беткей бойына 3-5 метр үздік-үздік қысқа жолақтар жасалады;

в) тік беткейлердегі (21 градустан жоғары) астыңғы жыныстары су өткізгіш болатын топырақтарда топырақты сатылап немесе алаң етіп дайындауға рұқсат етіледі.

г) аз мөлшердегі тасы өте көп топырақтарда – алаң жасап қолдан өңдейді, шұңқырлар дайындайды.

12. Топырақты химиялық гербицидтермен өңдеу «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Ерекшелік ретінде алдын ала топырақты өңдемей-ақ орман екпелері көшеттерін жақсы тазаланған ағашы кесілген жерлерге 1 гектарға 500 дейін түбірлер болып, тез өсіп түлейтін тұқымдар қауіпті болмаса егуге рұқсат етіледі, сондай-ақ арамшөптен таза, жыртылған жерлерде, құмдарда, ағаш егуге жарамды тегістелген үйінділер және басқа да жерлерде, орман екпелерінің өсуіне бөгет жасайтын өсімдіктер өспей­тін және өте құрғақшылыққа ұшыра­майтын желерге де сондай тәсілмен егуге рұқсат етіледі.

13. Құрамы бойынша орман дақылдары таза немесе аралас болуы мүмкін.

Басты тұқым жергілікті орман құраушы тұқымдылардан таңдалады, ал оң тәжірибелер болғанда интродукциялық тұқымдылардан да таңдалады. Ол шаруашылықты жүргізу мақса­тына дәл келуі және жердің орман өсімдіктері жағдайларына сәйкес болуы керек.

Ілеспелі тұқымдылар мен бұталарды таң­дағанда, олардың басты тұқыммен өзара әсерін ескеру керек.

Ілеспелі ағаш тұқымдылары мен бұталар екпелерге басты тұқым қатарының өз қатарымен алмасуы жолымен енгізіледі.

14. Орман дақылдарының алғашқы жиілігі және отырғызатын (себетін) орынды орналас­тыру жоғары өнімді сүрекдіңнің қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.

Орман өсімдіктерін орманды жерге ауыстыру жасында бір гектарға қажет өсімдіктердің саны нақты орман өсіру жағдайлары үшін қолданыс­тағы стандарттармен белгіленеді.

Орман өсімдіктерін көшеттермен отырғыз­ғанда, отырғызылған өсімдіктер саны стандарт бойынша оларды орманды жерлерге ауыстыруға белгіленген саннан кем болмауы тиіс.

Көшеттермен отырғызылған сексеуіл өсім­дік­терінің алғашқы жиілігі 1 гектар жерге 1,78 мың дана отырғызу орнынан кем болмауы керек.

15. Орман зиянкестері мен аурулары та­ралған ошақтарда отырғызылған (себілген) алғашқы жиілік және өсімдіктердің құрамы орманды қорғау жөніндегі ұсыныстарға сәйкес қабылданады.

Мақсатты орман дақылдарын құрғанда, отыр­ғызылатын (себілетін) орынның саны мен орналастыру схемасы арнайы ұсыныстар және техникалық талаптармен белгіленеді.

Екпелердің бастапқы жиілігінің нақты нор­малары, қатар аралығының рұқсат етілген ені және қатардағы отырғызатын (себілетін) орын­ның ара қашықтығы басты ағаш тұқымының түріне, орман өсіру жағдайларының типіне, өсімдіктерді егудің әдісі мен мақсатына, көшет­тердің мөлшеріне байланысты. Бұл нормалар орман өсіру аймақтары бойынша ғылыми ұсыныстарға сәйкес жобалау ұйымдары мен ор­манды қалпына келтіру жөніндегі өңірлік нұсқаулықтармен белгіленеді.

16. Орман дақылдарын құрудың негізгі әдісі отырғызу болып табылады. Отырғызу су және жел эрозиясына ұшырайтын тым ылғалды және отырғызылатын орынның арам шөптермен тез өсіп кететін учаскелерде, сондай-ақ ылғалы аз аудандарда жүргізіледі. Айрықша отырғызуға селек­циялық көшеттер, сондай-ақ қылқан жапы­рақты тұқымдардың дақылдарын қолдана оты­рып, дақылдар егіледі.

Отырғызуға көшеттер, сондай-ақ қалем­шелер пайдаланылады, олар орман дақыл­да­рының өсу сенімділігін қамтамасыз етуге, агро­техникалық күтіп-баптау қажеттілігін азай­туға және орман дақылдарын орман көмкерілген жер­лерге ауыстыруды тездетуге мүмкіндік береді.

Кебуден зиянкестер мен ауруға шалдығудан қорғау үшін, сондай-ақ дақылдар тез қалып­тасып тез өсуі үшін, отырғызар алдында көшеттер әртүрлі заттармен өңделеді.

17. Шөл және шөлейт аймақтардағы жеңіл механикалық құрамдағы топырақтарда орман өсіруге қолайлы жағдайларда сексеуіл, черкез, жүзгін және басқа да құмды бекітіп тұратын өсімдіктерді, сондай-ақ Қазақтың шағын қы­ратты тауларының далалы аймақтарында құнды ағаш тұқымдылары басым тік беткейлерде (21 градустан астам) тұқым себумен өсіруге рұқсат етіледі. Қатаң орман өсіру жағдай­ла­рында механикалық құрамы орта және ауыр топырақта екпелерді көшетпен егеді.

Тұқым себу әдісімен: емен, талшын, жаңғақ, бадам, пісте және басқа да тұқымдары ірі жа­пырақты ағаштарды егуге рұқсат етіледі.

Орман екпелерін себу тәсілі, егу нормасы және басқа да технологиялық талаптар ғылыми ұсыныстарға, өңірлік нұсқауларға (басшылық­тарға) сәйкес осы салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйымдарымен белгіленеді.

18. Ағаштарды отырғызу және себу кезінде тыңайтқыштар, зиянкестер мен аурулардан өсім­дікті қорғайтын заттар сондай-ақ кейіннен тыңайтқыш және шөп ретінде және басқа да мақ­саттар үшін арнайы шөп өсімдіктерінің тұқымы бірге қолдануы мүмкін.

Көпшілік жағдайларда себу мен отыр­ғызудың жақсы мерзімі бүршік жарғанға дейінгі ерте көктем болып табылады.

Жағымды ауа райы жағдайларында, егер де өсімдіктер суға тұншықпаса, суыққа және үсікке ұрынбаса жаз аяғында және күзде отырғызу мен себуге (ірі жапырақты тұқымдарды) рұқсат етіледі.

19. Агротехникалық күтіп баптауларға мыналар жатады:

а) өсімдіктерді қолмен тіктеп қою оларды шөп және топырақтың басып қалмауы мен суықтың сығымынан сақтайды;

ә) шөп және ағаш өсімдіктерін жоя отырып, қатар бойындағы және араларындағы топырақ­ты қопсыту;

б) егілетін өсімдіктерді қажеті жоқ шөп және ағаш өсімдіктерінен механикалық немесе химиялық құралдармен өңдеу;

в) қатар арасындағы қажеті жоқ шөп және ағаш өсімдіктерін шабу немесе жаншу.

Орман өсімдіктерін минералдық тыңайт­қыш­тармен қоректендіру және суару агротехникалық күтімдерге жатады, бірақ олар арнайы шара ретінде жоспарланады және жүргізіледі.

20. Орманды аймақтарда агротехникалық шараларды негізінен басты тұқымдылар арам шөптер және қажетсіз ағаш өсімдіктері тұншық­тырып тастамау мақсатында жүргізіледі.

Орманды дала, далалық, шөл және шөлейт аймақтарда агротехникалық күтім негізінен топырақта ылғалдың сақталуына және үнемді пайдалануына бағытталады. Өте қуаңшылық жағ­дайларда ол орман дақылдарын орманды жерлерге ауыстырғанда да жалғаса береді.
15- дәріс Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет