Когнитивті прцесстерді дамыту блогі (келесідей негізгі мәселелерді шешуге байланысты):
Іс-әрекет бағдарлы негізін қалыптастыру;
Жоғарғы психикалық функцияларды дамыту (зейін, ес, ойлау, сөйлеу);
Оқу әрекетнің стратегиясы және эффективті дағдылардың алғы шарттары ретінде вербалды және вербалсыз интелектін дамыту.
Жоғарғы психикалық функцияларды дамыту үшін топтық процессте когнитивті тренинг әдістері қолданылады – есті, зейінді жаттықтыратын тапсырмалар, вербалды – логикалық тапсырмаларды шешу қабілеттеріне арналған жаттығулар т.с.с. Ерекеше орын сөйлеу дағдыларын сөйлеу ойындары арқылы дамытуға беріледі. Топтық жұмыс кезінде метафораларды кезекпен қолдану, медативті жаттығулар және оларды соңында талқылау белгі-символдық деңгейдегі жұмысты қамтамасыз етеді. Метафоралар бала санасына тренингке ертегі кейіпкерін кіргізу арқылы енгізіледі, бұл олардың зейінін аудартады, ал бұл өз кезегінде күшті стимул болып табылады. Берілген процедураның эффективті боу үшін басты шарты кез келген дағдыларды қалыптастыру процессінде интелектуалды рефлексияны бұл процедураның әр этапын жүзеге асырудың маңызды элементі ретінде қосу болып табылады.
№ 20 Дәріс
Тақырыбы: Классикалық гипноз
Сұрақтары:
1. Гипноз және классикалық гипноз
2. Джемс Брэдтің «Нейрогипнология»кітабы
3. М. Шарка, Бернегеймдердің классикалық гипнозға үлесі
Гипноз әдісі көптеген адамдарға таныс болғанымен, олардың психотерапия мен гипноз туралы түсінігі жалпылама болады. Психотерапияда гипноздан басқа көптеген әдістер тараған. Гипнотикалық сеанстардың мақсаты – гипнотикалық ұйқы туғызу. Терапиялық әсер болуы үшін адамды қатты ұйықтату міндет емес. Гипнотикалық ұйқының жеңіл, орта және терең кезендері бар. Жеңіл кезеңде (сомноленттік) гипноздағы адам маужырап, жалпы тыныштықты сезінеді, аяқ – қолы ұйып, ауырлағанымен, айналадағы дыбыстарды естиді, болып жатқанды ұғынады, сөзбен сендіруге қарсы тұрып белсенді қозғалыс жасайды. Орта кезеңде (гипнотаксия, каталепсия) ауру адам қайда екенін, айналада не болып жатқанын сезінеді, бірақ денесінін қалпын өзгерте алмайды, сендірудің бәрін орындайды. Сеанстан кейін сырқат адам сендірудің мәнін есіне сақтайды. Терең кезеңде (сомнабулизм – жүйкесі бұзылған адамның ұйқы кезіндегі жүрісі) ауру адам айналадағының бәрін шаттастырып, толық бағынады, кей кезде кейбір мәліметтерді ойындасақтағанымен, кейін ұмытыпкетеді. Басқаша айтқанда, ауру адам сендірудің маңызыны есте сақтай алмайды. Ауру адамды «жағдайыңыз жақсы, ұйқыңыз бен сергектігіңіз қалыпты» деп, аурудың белгілеріне байланысты сендіреді. Сеанстың ұзақтығы 30 минут, ал оның саны 5 – тен 40-қа дейін.
Гипноздың физиологиялық негізі әлі де жан – жақты тексерілмеген, И.П. Павловтың айту бойынша, гипноз дегеніміз – мидың жарты шар бөлігіндегі жүйке процестерінің «күзет нүктелерін» тежеу. Осының нәтижесінде дәрігер мен ауру адамның арасында сөз арқылы байланыс (раппорт) орнайды.
Физиологиялық тұрғыдан гипноз – ми қыртысындағы клекаларда болатын тежееу процесіне негізделген жарым – жартылай ұйқы. Ми қыртыс клеткаларынның бәрі тежелмейді, тек бір бөлігі ғана тежеледі, яғни «кезекші нүктелер» ұйықтамаған жағдайда дәрігер мен ауру адамның арасындағы қатынас сақталады – («көпір», «раппорт»). Гипноз кезінде адамның есінде қалыпты жағдайға қарағанда көп мәлімет сақталады. Осыған байланысты адамды гипноз арқылы шет тіліне, сурет салуға, әуенге үйретуге болады.
Психиатр А.М. Свядощ (1936ж). ұйқы кезінде еске сақтау мүмкіншілігін алғашқы рет тексерді. Ол табиғи ұйқы кезінде оқытуды гипопедия деп атаған.
З.Фрейд «тазалану» (Аристотельдің термині «катарзис») принципіне негізделген «психоталдауы» (бұрып болған) психикалық зақымданудан ажырасу қолданды. Катарзис әдісіне сүйене отырып, «психоталдау» әдісін Фрейд артынан «санасыздық» туралы ойды дамытып құрады. «Мәдениетті психоталдау» «психодрама» - психоталдаудың өзгертілген түрлері.
В.М. Бехтерев психоталдаудың объективті бөлігі - «психоанамнезді» кең түрде пайдаланады. Психотерапиялық әсерлердің ішінде өзін - өзі жаттықтыру үлкен орын алуда. Бұл әдісте ұсынған - неміс психотерапевті Генрих Шульц. 1932 ж. Шульц бұл жөнінде көлемді еңбек жазды. Өзін - өзі жаттықтырудың тарихи тамырлары ақыл – ойдың дене қызметіне әсерін зерттейтін үнділік – діни ілім – хатха – йогта. Шульцтің әдісінде йогтардың діни – мистикалық ілімінің элементтері мүлде жоқ. Тән жаннан айырылған соң «әлем рухымен» қосылып, йогтардың дене бітілуі ерекшеленіп, өз назарын бір нүктеге аударып, тынысын өзгертіп, айналадағылардан жекеленіп ерекше бір жағдайға түседі. Йогтар жаттығудың арқасында тыныс алуын, жүрек соғуын және соматикалық қызметтерді өзгерте алады. Шульцтің жаттығулары арқылы бұлшық еттерді босансытуға, салқын мен жылы, ішкі жайбарақаттықты сезінуге болатының көрсетті. Қазір өзін - өзі жаттықтыру арқылы, әртүрлі жүйке психикалық зақымданудың алдын алуға болады. Психотерапия дегеніміз ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негізделген жүйелі психикалық әсер. Негізі сөзбен әсер ету.
№ 21 Дәріс
Тақырыбы: Нейролингвистикалық бағдарлау
Сұрақтары:
1. НЛБ-ның негізін салуышылар
2. НЛБ-ның принциптері - әлем жайлы дербес үлгі
3. НЛБ-ның модельдеу әдістері
«Нейро-лингвистикалық бағдарламалау» - дене, тіл және мидың арасындағы қарым-қатынасты символдау болып табылады, Қазіргі кездегі НЛБ-ны жасаушылардың ішінен Роберт Дилсті атап өтуге болады. Ол қырықтан астам сендіру, динамикалық оқыту, жүйелік ойлау, творчестволық, лидерлік және бизнес тақырыптар аясында кітаптар жазған. Біз сенсорлы репрезентативті жүйе арқылы қоршаған ортаға әсер етеміз. Ең бастысы біздің Нейро-лингвистикалық картамыз шындық болып табылады.
Адамдар реалды өзіндік қабылдауына әсер етеді.
Әрбір адамның өзіндік жеке әлем каратасы бар.
Коммуникация негізі реакцияға әкеледі.
Адамдар тиімді әрекеттердің барлық ресурстарымен меңгерілген.
Өмір және сана жүйелік процесс болып табылады.
Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы жүйелік болып табылады.
Жүйенің белгілі бір бөлігін толығымен қалған басқа жүйеден жою мүмкін емес. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестік кері байланысты тудырады.
Жүйелер «Өзіндік ұйымдастыру» болып табылады. Сондай-ақ мұнда тек қана кері байланыс бар.
Кез келген мінез-құлық тәжірибе немесе реакция шектеуші факторлардың ресурстарына қызмет жасайды.
Бірінші деңгейде позитивті болатыны, екінші деңгейде негативті болуы мүмкін.
Белгілі бір деңгейде кез келген мінез-құлықтың позитивті жақтары болады.
Қоршаған орта және контекстілер әр кез ауысып отырады. Жақсы бейімделу үшін белгілі бір икемділік керек.
Егер сіздің әрекеттеріңіз күтілгендей болмаса, онда өзіңіз қалаған нәтижеге жету қажет.
Әлемнің дербес моделі бар, әлем кез келген нақты моделмен немесе әлемнің репрезентациясының арасында айырмашылықтар бар.екіншіден өзіміз шығаратын әлем моделінің екіншісінен айырмашылығы болады. Мұны көптеген түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. НЛБ-да шектеудің 3 категориясын көрсетуге болады. Нейрофизиологиялық, шектеу және дербес. Адамның рецептор жүйелерін қарастырайық: көру, есту, сезіну, дәм сезу. Адамның көру мүшесі толқындарды, яғни 380-нен 680 миллимикрон интервалда орналасқанда ұстай алады. Бұл интервалдар үлкен немесе кіші жаққа айытқитын толқындар адамның көзіне қабылданбайды. Берілген жағдайда біз сәйкесінше генетикалық нейрофизиологиялық шектеулермен тек қана үзіліссіз физикалық көріністерді ғана қабылдаймыз. Әлеуметтік шектеулер немесе фильтр яғни біз оларды әлеуметтік генетикалық факторлар деп атаймыз. Әлеуметтік генетикалық фильтрдің негізіне – біздің тілдік жүйеміз жатады. Дербес шектеулер - өзіміздің өмірлік тәжірибемізге сүйене отырып, өзіміз шығаратын барлық шектеулерді жатқызамыз.
НЛБ – бұл тиімділікті зерттейді, ал моделдеу – бұл процесс, яғни тиімділікті саналы қылады. Нейро лингвитсикалық бағдарламалау саласы адамның ойлау дағдыларын моделдеу процесінде дамыған. НЛБ-да моделдеу процесі мидың жұмысын тілдік стереотиптердің анализ жолымен (лингвистикалық) және коммуникацияның вербалсыз тәсілі арқылы тексереді. НЛБ-да моделдеу әдісі бізге әрекет жасаушы рөлдік модельдердің яғни, мінез-құлық пен тілдің спецификалық стереотиптерін көрсетуге мүмкіндік береді. Стратегия – белгілі бір тапсырманы орындауда өзіміздің ойлауымыз бен мінез-құлығымызды жұмсауымыз. НЛБ неврологиялық процестердің қолданылу жолдарын зерттейді, яғни сезімдердің (көру, есту, сезіну, сипап сезу, дәм сезу). Метамодель – тіл біздің дербес тәжірибемізде күшті фильтр болып табылады. Ол біз өскен мәдениеттің бірден бір бөлігі, яғни біз оны өзгерте алмаймыз. НЛБбойынша әдебиеттерде бұл – метамодель деп аталады. Метамодель тілдің неғұрлым түсінікті қылу үшін, тәжірибе мен тілдің арасындағы байланысты қалыптастыру үшін қолданылады. Метамодель – табиғи тілдің моделі, яғни лингвитстикалық толық ережелер болып табылады.
Тұлғаның нақты моделін шығаруда түрлі деңгейлері де ескеріледі. Бізге оның тарихи географиялық негізіне мән беруіміз керек, яғни қайда және қашан берілген индивидуум өзінің әрекетін жүзеге асырады. Біз оған тән мінез-құлығы мен әрекеттерін зерттеумііз керек. Сондай-ақ ойлау мен тану стратегияларын және туғаннан пайда болған ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Моделдеу процесінің нәтижесінде, жеке тәжірибелердің түрлі деңгейлерінің негізінде, өзара әрекеттестікті зерттеу, келесі логикалық деңгейлер схемасын ұсынуға болады.
Қоршаған орта сыртқы мүмкіндіктерін немесе шектеуші факторларын анықтайды. Қайда және қашан?
Мінез-құлық индивидуумның берілген қоршаған ортада жүргізілетін оның ерекше реакциялары мен әрекеттері. Не?
Ойлаудың стратегиялары мен жоспарларының, сондай-ақ менталды «карталардың» көмегімен мінез-құлықтық актілеріне бағытталады және жетекшілік етеді. Қалай?
Сендіру талаптарға кері немесе жағымды әсер беруі мүмкін. Неге?
Индивидуумның ролі алдын ала ұсынылған немесе өзіндік қабылдаумен негізделеді. Кім?
Жанға әсер ету жүйесі. Кім? Тағы да? Және тағы да не? Осылайша моделдеу процесінің көліктері стратегияларының бернеше деңгейлерін анықтаумен тығыз байланысты болады.
Қабылдаудың позициясы деп негізгі көзқарастарды айтамыз, яғни басқа адам мен сіздің араларыңыздағы өзара қарым-қатынасты қараструағы сіздің шешіміңіз. Бірінші позиция: Сіздің қоршаған ортаны өз көзіңізбен көріп, өзіндік көзқараспен, сендірумен, іс-әрекетпен негізделеді. Бұл көзқарастан біз өзіңізге: «Мен көріп тұрмын», «Мен сеземін» т.б. Екінші позиция: басқа адамның қоршаған оратны өз көзімен көріп, өзіндік көзқарасымен, сендірумен, іс-әрекетімен негізделеді, бірақ бірінші, екінші позициядағыдай сендірумен, іс-әрекетімен тығыз байланысты. Бұл позициядан сіз өзіңізге және басқа адамға: Ол ол жерде, «Олар сезінеду». Метапозиция: Үшінші позициямен негізделеді, бірақ сендірумен іс-әрекетті бөлуде екі позицияның біреуін ғана қабылдайды. Бақылаушының позициясы: Үшінші позициямен негізделеді, бірақ екінші, бірінші позицияларды қабылдайды.
НЛБ адамдардың міне-құлықтарына әсер ететін физиологиялық процестердің өзгеруі мен қолданылуын, көрінуін қарастырады. Негізінде адамның миы компьютер тәрізді: ол бағдарламаларды орындайды. Нақты менталды прогараммаларды орындауда адамның психикалық жағдайы анықталады. Менталдық программалардың орындаудың тиімділігі қабылдағыштық пен стресті анықтайды. Жүрек қағысының жиілеуі және демалысы, поза, қанқысымы, қозғалыс реакциясы және тері қабатының реакциясы – мұның баршаға психикалық жағайды өзгерістердің физикалық белгілері НЛБ-да мұндай белгілер идентификациялау мен модельдеу үшін қолданылады.
«Якорение» - кез келген және сыртқы жағдайларға байланысты (дауыс, сөз, қолын көтеру, интонация) кейбір реакциялармен байланысты процесс. Якоря табиғи образбен туындауы мүмкін. Жағымды якорь – ресурстың жағдайдағы якорь (жағымды алаңдау). Жағымсыз якорь – проблемді жағдайдағы якорь (жағымсыз алаңдау). Якорьді орнатуда үш негізгі ережені сақтау керек:
Якорь – алаңдаудың шарықтау «шегіне» дейін қойылу керек. «Пик» жағдайында оны біртіндеп алу керек. Бұл өте маңызды.
Кез келген дыбыс, қозғалыс якорь болуы мүмкін.
Сіз якорьді неғұрлым дәл орындайсыз: дәл сол сияқты дыбыс, дәл сол сияқты сөз, дял сол сияқты интонациямен орындалған, дәл сол сияқты қозғалыс.
Тактильді якорь – бұл ең сенімді және қолайлы. Ал аудиалды якорь – оны әдетте ұстауға өте қиын, қолайсыз, клиент мұндай кері қарап, көзін жұмуы мүмкін. Сондықтан да ең алдымен установканы тактильді якорьдан бастайды.
Визуальді якорь – визуальдық якорьға «гипнотизердің позасы» қозғалыстар, кеңістіктегі жағдай мимиканы жатқызуға болады.
Аудиальды якорь – аудиальді якорьді екіге бөліп қарастыруға болады: дауыстық және дыбыстық. Дауыстық өзіне тән дауыстық ерекшеліктеріне байланысты болады: интонация, жылдамдығы, ырғақ және т.б. Дыбыстық якорь қолдағы заттардың көмегімен жүзеге асады (колокольчик, дудочканы қолданады). Якорьмен жұмыста ең маңыздысы – бұл тек қана якорьдің установкасы ғана емес, яғни оны қолдануға болатын жағдайды алу болып табылады. Ең қарапайым тәсілі – клиент өзі қолайлы жағдайға кіргенді тосу. Бұл пассивті тәсіл болып табылады. Бұл өте қолайлы, бірақ бұл тәсілде өте көп тосу керек. Жағдайды шығарудың келесі тәсілдері неғұрлым белсендірек болып келеді. Тікелей – клиентке қажетті жағдайға кіруді сұрайды. Келесі тәсілі – сізге қажетті жағдайдағы ситуацияны клиентке есіне түсіруді сұрау.
Метапрограммалар – адамның қабылдауындағы базалық сүзгіні айтамыз. Адамға оның санасындағы шектеулерге байланысты әр кез оның «артық» ақпараттарын алып тастау керек. Негізгі метаграммаларға: референция, мотивация, салыстыру фокусы және бөлу тәсілдері. Референция - адамдардың өз нормаларын білуі. Адам ішкі референциясымен өзінің ішкі нормаларына қатынас жасайды және түрлі әрекеттерін салыстыруда және шешім қабылдауда қолданады. Салыстыруды жүзеге асыруда ол өзінің ішкі нормаларына сүйенеді. Мотивация: активті – пассивті. Белсенді (активті) адам өз-өзін бейімдейді. Пассивті адам сыртқы әрекетке негізделеді. Ол басқа адамдардың әрекетін тосады.
Салыстыру фокусы. Бір адамдар заттардың бір-біріне ұқсастығы туралы айтса, екіншілер олардың айырмашылықтары бар екенін айтады. Дәл осы тәрізді берулері қалыптыға негізделсе, екіншілері жаңа нәрсені іздейді. Яғни, бұл – салысттыру фокусы. Сәйкестілік ориентациясы. Ең алдымен ұқсас, сәйкес заттарға дейін аударылады. Бұл адамдар өзгерістер өте баяу, ақырын болуын қалайды, яғни жұмыстағы ситуация уақытымен дамуы. Олар көбінесе салыстырудың мынандай типтерін қолданады: «жақсы», «жаман», «үлкен», «кіші». Ақпаратты ұйымдастыру стилі – бұл метаграмма адамдардың қалай ойлайтынын, өзіндік ойлауды қалай ұйымдастыратыны жайлы сипаттайды. Кейде басқа адамға бір нәрсені түсіндіру өте қиын, ауыр болады, себебі ол адам басқаша ойлайды. Бұл көп жағдайда конфликтіге және түрлі көзқарасқа әкеп соғады. Кейбір адамға «басқа» адамның ойлау стилін түсіну қиын болады.
Сендіру Роберт Дилтс сендіруді былай анықтайды: Сендіру – бұл белгілі бір қарым-қатынастың арасындағы өмірлік тәжірибенің түрлі көрінісі. Құндылықтар – бұл адамға өмірдегі ең маңыздысы. Құндылықтар әр кез номинализациясымен түсіндіріледі: махаббат, достық, бақыт. Сондай-ақ сөз құрамы болуы мүмкін: өз-өзіне сенімділік, ол оның әрекетін анықтайды, бағыттайды, шынайы сезімдері. Сендіру бізге басқа адамға керектігін, ол неге мұндай реакция беретінін, оның әрекетінің себебін түсінуге көмектеседі. Кез келген құрал сияқты сендіру де қажетті және сондай-ақ шектеуші де болады. Қажеттісі – максималды түрде өзіндік мүмкіндіктері мен талпынуларын жүзеге асыруға көмектеседі.
Рефрейлинг – (ағыл. Frame-рамка) – қайта қалыптастыру. Рамка өзгерсе – түсінігі өзгереді. Түсінігі өзгергенде мінез-құлығы, реакциясы да өзгереді. Рефрейлингтің екі негізгі түрі бар: контекстің рефрейлингі және рефрейлингтің мазмұны. Метаформа сөзі НЛБ-да яғни жалпы жағдайдағы салыстыруда, тарихи немесе риторикалық фигуралардың мағынасында қолданылады. Ол қарапайым ұзақ тарихты, аллегорияны қарастырады. Метафоралар тікелей әрекет жасайды. Қарапайым метафоралар қарапайым салыстыруды: қозы сияқта ақ сурет сияқты, піл сияқты үлкен. Күрделі метафоралар – бұл тарих. Жақсы айтылған тарих саналы ойға кедергі жасап, санасыз белсендендіреді. Бұл транс жағдайындағы адаммен қарым-қатынаста болудың пайдалы тәсілі болып табылады.
№ 22 Дәріс.
Тақырыбы: Холотропты және денеге бағытталған терапия.
Сұрақтары: 1. Дене терапиясы
2. В. Райхтың үлесі
3. Дене терапиясының бағыттары
Адамның психикасы және денесі бір, психикалық әлемінде болып жатқанның барлығы адамның денесінен көрініс табады. Адам денесімен жұмыс істегенде, дәлірек айтсақ, онда толып жатқан психикалық қысымнан оны босаңсыту, терең талдаумен айналыспай жеке тұлғаның психологиялық мәселелерін шешу энергиясымен байланысты босаңсыттуға болады. Денеге байланысты өзінің денесін және сезімін түсіну сферасын қарапайым кеңейтудің өзі күрделі психологиялық мәселелерді шешуге мүмкін.
Вильгельм Райх (1897-1957) дене психотерапиясының негізін салушы деп есептеледі, хатха-йога мен басқа да шығыс әдістерді есептемегенде, ол өзінің жұмысын «үшінші» толқынды психоаналитик ретінде бастады.
Райх оргонды энергия туралы айтқан, ол денеде еркін қозғалады, сау ағза мен психиканың негізгі функциясы болып табылады. Оргонды энергия бүкіл космостан өтіп, тірі ағзаларда ең бірінші ауамен демалған кезде жиналады. Дем (оның шәкірті А. Лоуэн жазғандай) дененің қозғыш жағдайына тікелей байланысты. Біз тыныш және босаңсыған күйде болғанда, біздің деміміз еркін және тыныш болады. Күшті эмоционалды жағдайда денеден жылам және екіпнді болады. Қорқу күйінде болағнда, біз қатты және демді тоқтатып демаламыз. Қысым күйінде болғанда дем үстірт болады. Кері пікірде орынды: терең дем алу денені тыныштандырады. Терең демалу дегеніміз – терең сезіну.
Бұл энергияны жинау үшін және адамды сауықтыру үшін Райх оргонды аккумуляторды ойлап тапты. Оргонды аккумуляторды жәшік түрінде болады, ол бірнеше қабат ағаштан, металлдардан, арнайы құбырлардан тұрады. Олар қазіргі кезде де АҚШ-та, Германияда жасалынады.
Райх бойынша оргонды энергия омыртқа бойымен жоғары-төмен, орталықтан периферияға қарай және кері ағады. Жағымсыз уайымдардан қорғанысы болып табылатын оргонды эенргияның денеден еркін өтуін бөгейтін бекіген бұлшықет қысымы белгілі бір тұлғаның невротикалық згерістерге әкеледі. Бұл бекіген бұлшықет бөгеулер «бұлшықеттің қабатын» немесе «мінез қабатын» құрады. Адамның мінезі бұлшықет қысымына сәйкес келеді, бұл оның денесінде болады және қоршаған ортаға өзіне тән стереотипті реакцияларды анықтайды.
Адам бұлшықет қорғаныс қыртысымен шектелген кезде, ол қабіеттілікті және шынайылылықты жоғалтады, оның қоршаған ортаға реакциясы шаблонды және механикалық бола бастайды, ол терең және шынайы сезіну, өзінің сезімдерін ашық білдіру, біреуге шынайы жақындық сезімін бастан кешу, өмірден және сексуалды қатынастан ляззат алу қабілеттерін жоғалтады. Ол өзінің бұлшықет қыртысының құлына айналады, және оның өмірі әр түрлі қорқыныш сезімдеріне тола бастайды.
Райх бұлшықет қабатын жеті сегментке бөледі, олар көз, ауыз, мойын, кеуде, диафрагма, іш, бөксе аймағында орналасқан. Олардың әрқайсысы белгілі бір сезімдер мен іс-әрекеттерді бөгейді немесе басып тастайды. Мысалы, көз аймағында қорқыныш, ашу сезімдері, жас т.с.с. бөгеу, қатты қысымдар кезінде маңдай жансыз қозғалыссыз болады.
Бұлшықет қабатын босаңсыту адамды оның алғашқы табиғи жағдайына әкеледі, онда ол шынайы рахат жағдайды бастан кешіреді, өмір күшінің тасуы еркін және ашық, толық сексуалды ляззатқа бөлену қабілетті бола бастайды. Адамның бұлшықет қыртысы жағдайға стереотипті емес, аяқ асты жауап береді.
Райхтың пікірінше мінездің қыртысы жалғыздықтың, әлсіздіктің негізі болады. Оның шәкірті А. Лоуэн бұл көзқарас бойынша бес мінезді сипаттап береді.
Шизоидті тип мінез ойлары сезімдермен айқын емес байланыста болатын, өз-өзіне кетуге тырысатын, шынайылылықпен қатынасты жоғалтатын адамға тән. Олардың энергиясы дененің ортасында орналасқан және периферияға бармайды, оның бет, аяқ, жыныс мүшелеріне еркін өтуіне бекіген бұлшықет қысымы бөгет болады. «Шизоидті» жеке тұлғада аяқ асты іс-әрекеттерде қиындықтар болады, әрекеттері икемді емес. Олардың өз-өзін бағалауы төмен, дене пішіндері қысылған, жіңішке болып көрінеді. Мимикасының жоқтығы оның маска киіп алған тәрізді етіп көрсетеді.
Оральді мінезді адам басқа адамдардың қолдауын қажетсінеді және тұлға аралық қатынастарда тәуелділікке бейім. Олардың энергиясы орталықта бекімеген емес, бірақ периферияға әлсіз өтеді. Денесі және қол-аяғы ұзарған, бұлшықет жетілмеген. Мұндай типтегі адам өз аяғында нық тұра алмайды, бұл тура мағынада және ауыспалы мағынада айтылып тұр. Негізгі қажеттіліктері қанағаттанбағанда оларда депрессияға бейім.
Психопатикалық типтегі адамда басқару және билік ету қажеттілігі айқын көрінген, олардың өзінің әлеуметтік имиджімен естері шықан. Мұндай доминанттылыққа қажеттілік олардың денесінің жоғарғы жағының аса дамығанында көрініс табуы мүмкін. Энергия көбінесе басқа қарай өтеді, ал белден төмен қарай өтуін бұлшықет қысымы бөгейді.
Мазохистік тип мінезіндегілер мәселені белсенді шешу кезінде әлсіздігін білдіреді. Олар толығымен эенергиямен зарядталған, бірақ сезімдерін ашық білдірмеуге тырысады. Мұндай адам бұлшықет қысымын басқарады, жаратылысты болдырмау үшін тәрізді. Денесі әдетте қысқа, тығыз және бұлшықетті. Өз-өзін бекіту өте шектеулі.
Регидті тип өзімшіл, жеке тұлғаның шындығына бағытталған, функционалдылығы жақсы, бірақ өзінің қылық-әрекетін тым қатты қадағалап басқарады. Олар қатынаста өздерін алшақ ұстайды, рахатқа толық берілуге қорқады. Биоэнергетикасы қоршаған ортамен байланыс үшін периферияда бар және сонымен қатар орталықта да бар. Сезімдері еркін өтеді, бірақ олардың көрінісі шектелген. Әдетте мұндай типтегі адамдар қозғалмалы, денелері пропорционалды.
Райх терапиясында бұлшықет қыртысын алып тастау үшін әдетте келесі қолданылады:
Терең дем алу арқылы денеде энергияны жинау;
Бекіген бұлшықет қысымын босаңсыту үшін оған тікелей әсер ету;
Арнайы қимылдар (әдетте ритмдік), мысалы кушетканы теуіп велосипедті қозғалыстардай аяқты қозғалту;
Бұлшықет қысымына белгілі бір әсер ету арқылы анықталған эмоционалды шектеулер мен қарсыласуды клиентпен бірге ашық қарастыру;
Клиенттің шығарған дыбыстар, айғайлар білгілі бір блокпен байланысты эмоционалды күйді көрсетеді;
Гримасничандылық немесе кейбір сезімдерді дене қылық-әрекеттері арқылы көрсету;
Қазіргі дене тераписында бұл реестрге тағы мыналар қосылған:
Терең дем алумен бірге арнайы қысымды дене тұрыстары;
Ерекше денені ұқалау (рольфинг), оның мақсаты бұлшықет қыртысын (фасции) босату.
Райх бойынша бүкіл дене бұлшықет қабаты бойынша жеті сегментке бөлінген, әрқайсысы спецификалық сезімдермен және іс-әрекет импульстарымен басылып тасталынады.
Бұлшықет қабатының әр түрлі сегменттерінен жүргізілетін жұмыстарының кейбір нұсқаларын мысал үшін келірейік ([8] бойынша):
Көз. Көз аймағындағы қорғаныс қыртыс, ол маңдайдың қозғалмауында және «бос» көзқарасында көрініс табады. Көзді қолдан келгенше қатты үлкен қылып ашу (қорқу сезіміндей) арқылы оны босаңсыту, маңдай мен көз үстін мобилдеу үшін эмоционалды кейіптерді жасату, сонымен қатар көзді айналдырып және бір жақтан екінші жағына қозғалту арқылы көзді әр қабырғаға тоқтату.
Достарыңызбен бөлісу: |