Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Тақырыбы: «Норма» және «патология» мәселелері



бет2/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,41 Mb.
#918
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Норма» және «патология» мәселелері

Сұрақтары:

1. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері



2. Патологиялық жағдайлардың көрінісі.

Медициналық психология ғылымы салаларында адамның ағзалық, тән және психикалық жағдайын қалыпты және патологиялық деп екіге бөледі. Қалыпты жағдайдың көрсеткіштері: дене қызуының, қан қысымының, көңіл- күйінің, шашының, тырнағының, тері қабаттарының жағымды бірқалыпты мөлшер деңгейіне сай келуі. Аталған көрсеткіштерден ауытқушылықтар адам организміндегі өзгерістерді көрсетеді. Эндогенді және экзогенді себептердің ықпалынан адамның денсаулығында және психикасында әртүрлі өзгерістер туындайды. Психикалық жағдайлардағы өзгерістер жаскезеңдік дағдарыс кезеңдерінде ерекше айқындалады. Әсіресе жасөспірімдік өтпелі кезеңдерде психиканың патологиясы және патологиялық жағдайлардың бірнеше формалары байқалады. Психолог ғалымдар жеткіншек кезеңдегі психопатияның бірнеше формаларын анықтаған.

Ал патологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне қалыпты жағдайдың қарама- қайшы көріністері жатады. Патология гректің «патос»- уайым, қайғы, ауру, бақытсыздық жайлы ілім. Психология ғылымында патологиялық жағдайдың көріністеріне психикалық ауытқу, бұзылу, тежелу, күйзелу, тоқырау жатады. Адам психикасына әсер ететін факторлар әртүрлі және нәтижелері бір- біріне ұқсамауы да мүмкін. Әсіресе психикалық дамудың дағдарыс кезіндегі, балалық шақтағы әсерлер дизонтогенездік және дисгармониялық жағдайларға ұшырататын дамуды патологиясын тудырады. Тұлғаның қалыптасуы туғаннан бастап, өмір бойы созылатын ұзақ және күрделі процесс. Даму жолында көптеген қарама- қайшылықтар адамның рухани жан дүниесінде өзгерістер (дисгармония- үйлесімділіктің бұзылуы) тудыратын құбылыстар кездеседі. Тұлғалық деңгей психикалық жағынан тұрақты болғанымен, дисгармониялық жағдайлар кедергі келтіреді. Организмнің барлық жүйелері сияқты адамның психикалық жүйесі де тұрақты күйде болуы керек.

Диссонанс, келіспеушілік, мотивтердің созылмалы күресі тұлғаның дисгармониясын тудырады. Психикалық дисгармония- тұлға қасиеттерінің бірі дамымай, ал екіншілері шамадан тыс дамып кетуі. Тұлға дисгармониясы қоршаған ортадан бөлектену, эгоцентризм, рефлексия, интроверттілік, эмоционалдылықтың жұтаңдауы, эмоционалды резонанстың жоғалтылуы, қоршаған ортадағы құбылыстарға адекватты жауап бермеу, ойлаудың шындықтан алшақтауы арқылы көрінетін шизоидизация түрінде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда мінез- құлықтың біркелкі болуы, педанттылық, икемділіктің жойылуы, белсенділіктің төмендеуі және пассивтілік байқалады. Кейде әрекетсіздік пен пассивтіліктің әрекеттің белгілі бір аумақтарында үлкен жетістіктерге жетумен үйлесіп отырады.

Қоршаған ортаға үнемі көңілі толмау сезімі, қозғыштық, жұтаңдық, ойлау жемістілігінің төмендеуі, эгоцентризм, қызығушылықтардың тарылуы бұл тұлға дисгармониясының көрінісі болып табылады. Сәл ғана өмірлік қиындықтар мұндай адамдарда қобалжу, дәрменсіздік сезімдерін тудырады.

Дисгармония көңіл- күйі тұрақты көтеріңкі адамдардағы психопатологиялық өзгерістер, эйфория, әрекетсіздік, ашуланшақтық, шамадан тыс қарым- қатынасқа түсушілік, қашықтық сезімдердің жоғалуы, өз мінез- құлқының адекватты еместігін түсінбеу түрінде көрінуі мүмкін.



Психопатияның психогениясына психикалық жарақаттар себепші болады. Бірақ психогенияға қандай психикалық жарақат, қандай механизм соқтырып, аурулы күйге келтіретіндігінің басын ашып алу керек. Бұл мәселенің шешімін табу И. П. Павлов пен оның ізбасарларының жұмыстарына, жоғары жүйке қызметіндегі физиология мен патофизиологияның табыстарына байланысты болды.

Психикалық жарақаттың ықпал етуінің негізгі үш жолы, психогения пайда болуының үш механизмі бар: а) тітіркенгіш процеске шектен тыс күш түсуі; ә) тежелу процесіне шектен тыс күш түсуі; б) қимылдық жүйке процестеріне шектен тыс күш түсуі. Осы механизмдердің бәрін И. П. Павлов пен оның шәкірттері иттерге тәжірибе жасау жолымен алды. Яғни, адамзат тарихында алғаш рет психогенияның моделі – байқау невроздары табылды. Жануарлардан алынған деректерді оның әлеуметтік ортасы бар адам мен тек оған ғана тән екінші сигналдық жүйеге бүтіндей қолдануға болмайтындығы табиғи жайт

Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі.

Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін.

Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; «өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ» -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық.

Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді.

Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.

Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән.

Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын белгілері.
6- дәріс

Тақырыбы: Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктік парадигмалары

Сұрақтары:

1.Клиникалық психологиядағы себеп-салдарлық байланыстар



2. Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары.

3. Аномальды даму психологиясы

Психика дамуындағы клиникалық жағдайлардың пайда болуы көбінесе ішкі себептерге байланысты.Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар . Дене бітімі дамуынан психикалық дамудың артта қалуы ретардация деп аталады. Ретардация физикалық және психикалық болып 2-ге бөлінеді .Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты.



Эндогендік себептерге жаскезеңдік өзгерістерге байланысты туындайтын себептер мен адамның ауруға дейінгі ағзалық ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады. Мысалы: истериялық реакциялар ұстамсыз адамдарда жиі дамиды. Жабысқақ түрдегі невроздар: мазасыз, күдікшіл адамдарда жиі болады.

Психиканың клиникалық жағдайларының дамуына эндогендік себептердің ықпалы өте зор. Жүйке жүйесі зақымдануына байланысты туындайтын аурудың зардабынан (менингит, энцефалит,менингоэнцефалит, полимилит) болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік. Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не « ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады)

Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады .

Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар . Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды , екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті .

Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқуларына мутациялардың (сыртқы себептердің-мутагендердің арқасында пайда болады , мысалы клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері) ықпалдары зор. Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ару тудыратын фенотип пайда болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор .

Аномальды даму психологиясы ағзаның анатомиялық-физиологиялық өзгерістеріне, адамның денсаулығына байланысты да болады. Мысалы: анемиялық жағдай, анемия-сөзі «қан аз» немесе «аз қан» деген ұғымды білдіреді . Бұл жағдай адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің азаюынан пайда болады. Гемоглобин организмнің тасымалдық функциясын атқарады . Гемоглобин оттегімен байланысып , әрбір клеткаға , органдарға , тканьдарға оттегін тасиды. Анемиялық жағдайда тканьдар мен органдарда оттегінің жетіспеушілігі – гипоксия болады. Анемияның негізгі симптомы (себептері): бас ауру, әлсіздік, тері мен шырынды қабаттарының реңсіздегі .



Анемияның негізгі үш топқа бөлуге болады: көп қан жоғалтқандағы анемия ; эритроциттер түзілуі бұзылуындағы анемия; эритроциттердің жоғары бұзылуындағы анемия. Анемияның бірінші тобын темір жетіспеушілік себептері негізінде қарастыруға болады . Әртүрлі аурулар мен жарақаттардың себептерінен қан жоғалуы мүмкін Қанның қызыл көрсеткіштерінің төмендеуі шұғыл болмайды. 1-2тәуліктен соң қан жүру және жиналу жолдарына байланысты қандағы гемоглобин мен эритроцит көрсеткіштері төмендейді. Қанды қайтадан жоғалтқанда анемияның асқынған түрі пайда болады. Оның негізгі себептері мен ағымы: әлсіздіктің біртіндеп дамуы, қозғалыс кезіндегі ентігу , жүрек соғуының жиілеуі, бас айналуы. Тері мен көзге көрінетін шырын қабаттарының реңі бұзылуы . Қанның құрамындағы гемоглобин мен эритромицин көрсеткішінің төмендеуі . Асқынған қан жоғалтуда организмдегі темір қоры жоғалып, қан түсінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе адамның ішкі органдарынан қан көп кеткен: асқазан –ішек жарақатына , ісіктеріне байланысты.

Гелюлитикалық анемияның негізгі ерекшелігі эритроциттер бұзылудың күшеюі. Олардың екі түрі бар: туа біткен және жүре пайда болған. Гелюлиздің себептеріне қарай: клетканың ішіндегі эритроциттер кемістігінен, эритроциттердің бұзылуынан және эритроциттермен байланысты факторлардың бұзылуынан болатын түрлерін ажыратамыз. Гелюлиздің негізгі себептеріне: анемия,сарғаю (сары түстің басым болуы), билирубин құрамындағы өзгерістер, кіші дәреттегі уротилиногеннің көбеюі, лейкоцитоз бен тромбоцитоздың дағдарысы , эритроциттер мерзімінің қысқаруы . Туа пайда болған микросфероцитарлық анемия-анемияға бейімділікті балалық шақтан байқауға болады. Клеткадағы эритроциттерді бұзатын кемістіктерден аталған ауру пайда болады . Негізгі себептеріне инфекциялар әсер етеді. Микросфероцитарлық анемия жағдайында жұлында , бас мида өзгерістер , қол –аяқта жаралар , жалпы дамуда ауытқушылықтар кездеседі . Балаларды 5- жастан асқанда инемесе 9-10 жасқа дейін емдеуге болады . Ал үлкен адамдарда емдеу жолдары өзгеше .

Анемияның жүре пайда болған гемолитикалық түрі инфекциялық аурулармен (сепсис , малярия және т. б.) ауырғанда ,гемолитикалық улармен (фосфор ,фенилгидразин, анестезин, акрихин, жылан және саңырауқұлақ уларымен) уланғанда ,қатты күйгенде не аяздағы үсікке ұшырағанда пайда болды. Сыртқы себептердің арқасында гелюлиз жоғарлап , эритроциттің бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ кейбір дәрілердің өздерінде эритроциттің бұзылуын тудырады. Мысалы амидопирин,хинин, сульфаниламидтық дәрілер. Бұл дәрілер қандағы клеткалар және белоктармен қосылып, қанға әсіресе эритроциттерге қарсы түзілулер құрайды, әсіресе қан тамырлары ішінде . Бұлар адамның иммунитетін бұзады не төмендетеді.Ииммунитет-организмнің кез-келген жағымсыз ықпалдарға ,ауруларға күші.Иммунитетке зиян келтіретін жағдайлар сәйкес келмейтін қанды (резус факторлары мен топтары) құйғанда байқалады . Бұл ауру бірден байқалады : адамның дене қызуы жоғарлайды (39-40градус) әлсіздік , денесі сары туске боялады , жүрек қан тамырлары ұлғаяды , бауыры ұлғаяды кіші дәреттің түсі өзгереді (қара түске ) ,бүйрек тамырлары өзгереді.

Анемиялық теміржетіспеушілік түрі- әсіресе қыз балардың жыныстық жетілуі кезінде байқалады . Бұл жағдай хлороз деп аталады . Жасы ұлғайған әйелдерде де байқалады. Негізгі себебі: темір жетіспеушілік. Организмнің өсу кезінде және алғашқы етеккір келуіндегі қан кету кезіде организмнің темірге деген қажеттілігі артқанда қана теміржетіспеушілік байқалады. Адамның басқа жас кезеніңдегі хлорозды, анемияның патогенезін тудырытын факторларға; асқазан ахимиясы; етеккір мерзімінің бұзылуы және қанның көп кетуі; эстроген секрециясының жетіспеушілігі (жүктілікте және баланы емізу кезінде) темір қорының азаюы жатады. Бұл аурудың себептері мен ағымы ауру адамның терісі мен шырын қабаттары реңсіз. Адам шыдамсыз, ашуланшақ, тез шаршағыш, жүрек соғуына, құлағындағы шуға, бас айналуына ,үнемі ұйқысы келетіндігіне шағым айтқыш болады. Тамақ талғау тәбеті бұзылады: тамақпен бор, саз , шикі тағамдарды талап ету байқалады. Тырнақтарында өзгерістер , дисграфия симптомы байқалады.

Етеккірдің мерзімі бұзылып, маткада(жатырда)фиброматоздық ағым байқалады .Қанның тусі өзгереді . Бұл ауру көбінесе көктем мен күз мезгілдерінде асқынады.



В12және фолиевожетіспеушілік анемиясы өте бояу, ұзақ уақыт дамитын түрі. Организм эритроциттің төмендеуіне біртіндеп бейімделеді. В12 витамині жеткіліксіз болса ,әсіресе асқазан сөлінен бөлінетін – асқазанның шырынды қабатының бұзылуында аталған ауру болпады. Қалыпты жағдайдағы адам организмдегі бауырда 1000-5000у кобамид –коэнзим В12 –нің қоры болады. Ал фолиево қышқылының қоры аз .Организмге тамақтану арқылы В12 –витамині жетіспегенде және резорбцияның бұзылуында ,асқазанның асқынған ауру түрлерінде болады. Сондай –ақ жүктілікте де аз болуы мүмкін .Бұл аурудың өзіне тән ерекшеліктері : анемия , асқазан –ішек құрылысы мен жүйке жүйесі нің өзгеруі . Адам терісінің реңі сарғаюы , тілінің өзгеруі , іш өтуі , асқазан ішек құрылысына шағымдану салмағының азаюы болады. Жүйке жүйесіндегі өзгерістер негізіде түйсіктің зақымдануымен: денесіндегі құрт –құмырсқалардың көмескіленуін шағымданумен сипатталады.

Гемоглобиноздар ақырғы екі онжылдықта үлкен адамдардың гемоглобин құрамында қалыпты және патологиялық жағдайлар болып тұрады. Бұл жағдай-гемолитикалық анемияның гемоглобиноз тобын құрайды. Зерттеулердің дәлелдеуінше гемоглобиннің бірнеше қалыпты (А1;А2;F) және гемоглобиннің патологиялық мөлшері (S,H, C,D, және т. б.) анықталған. Қазіргі көзқарастарға сүйене отырып гемоглобиндегі патологияның пайда болуын бірнеше себептермен байланыстыруға болады.Қалыпты помлипептид тізбегінің болмауы , анилюқышқылдағы альфа немесе бета полипептид тізбектерінің алмасуынан және т. б. Әсіресе гемоглобин патологиясына тұқымқуалаушылық үлкен әсерін тигізеді . Кейбір адамдарда тұқым қуалаушылық арқылы гемоглобиннің күрделі патологиясы ,ал кейбіреуінде жеңіл түрі қайталануы мүмкін.

Патологиялық белгілердің тұқымқуалау арқылы берілуі доминанттық жолмен қайталанады. Гомозиготалық некеде –яғни әкесінде ,шешесіндеи патологиялық белгілерді тасымалдаушы болса , ауыр түрі қайталанады . Ал гетерозиготалы некеде –жұбайлардың біреуі патологиялық белгілерді тасымалдаушы., болса ,келер ұрпақта қанның азғантай құрамына беріледі және тасымалдаушы болады.Анемияның гелюлитикалық түрінде байқалатын белгілер : дамудың тежелуі ,сүйек құрамының өзгеруі ,остеопороз , периоститтер , бас сүйек өзгерісі , эритроцит құрамының өзгерістері.

Жұлын функциясы өзгерістерімен байланысты анемияның апластикалық және гипопластикалық түрлері бар. Апластикалық және гипопластикалық анемиялардың дамуына қанның түзілуіне ықпал ететін сыртқы факторлар мен эндокриндік жүйенің туа біткен жетіспеушіліктері әсер етеді. Жұлындағы қан түзілуіне кедергі келтіретін көптеген физикалық,химиялық ,биологиялық заттар бар. Оларға дәрілік заттар (амидопирин,метилтиоурацил,новэмбихин,тиофосфамид,сарколизин,стрептолицин,левомицетин және т. б.) химиялық препараттар (бензол, бензин, сынап,мыс, висмут және т.б.) энергия сәулелері (рентгендік сәулелер , радий, изотоптар), инфекциялар (сепсис,грипп, туберкулездің кей түрлері) жатады.Гипопластикалық анемияның ауыр және асқынған түрлеріндегі белгілері бірдей. Апластикалық және гипопластикалық анемиялар бір топтағы ауру ағымына жатады . Жұлындағы қан түзілудің өзгерістерінен лимфа тканьдардың салмағы кішірейеді . Соның салдарынан қара өтте атрофикалық (дамымау) өзгерістер болады. Бұның салдарынан бауырдың қызметі нашарлайды, бауырдағы тканьдарда гипоксия (улану) пайда болып, анемияның асқынған ,ұзақ түрге әкеледі

Агранулоцитоз- клиникалық гемотологиялық белгілерге жатады . Бұл ауруда гранулацитоздың аяқ асты төмендеуі байқалады.Ауруды тудыратын себептер: инфекциялық (жұқпалы аурулар) агенттері-тасымалдаушылар (сепсис,өкпеге суық тигенде ,сүзек және т.б.) медикаментоздар (хинин,барбитураттар,метилтиоурацил ,сульфаниламидтер, стрептомицин , ПАСК эжәне т.б.)сәулелер (рентген сәулелері, радий,радиоизотоптар). Агранулоцитоздың және инфекциялық және медикаментоздық түрлері жиі кездеседі. Аурудың себептері мен ағымы: аурудың басталуы аяқасты. Ангинаның язвалық турінде дене қызуының жоғарлауы , организмнің улануы байқалады Көптеген жағдайларда . пневмонияның асқынуы байқалады. Сондай –ақ жақсуйектерінің асты, мойын , қолтық астындағы лимфа тармақтарының ұлғаюы байқалады.

Қан құрамында күрделі өзгерістер байқалады : эозинофиялардың төмендеуі мен плазма клеткаларының ұлғаюы байқалады. Адам аурудан айыққанның өзінде көптеген жұқпалы ауруларға (грипп, тыныс жолдарының тарылуы ) төзімділігі нашарлайды және аталған ауруларға тез берілу байқалады.


7-8 дәріс

Тақырыбы: Психикалық бұзылудағы жас ерекшеліктер

Сұрақтары:

1.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері.

2.Жас кезеңдік дағдарыстар.

3. Психикалық бұзылуларға сипаттама

4. Психикалық бұзылулардың түрлері.

5. Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі
Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады.

Невропатия синдромы- «конституционалды» синдромы немесе туа біткен баланың «кейігіштігі», шамамен 3 жастағы кезеңде пайда болады. Ол висцеровегетативті функциялардың жетілмегендігімен сипатталады. Ең алғаш түс көрудің, тәбеттің бұзылуынан, диспепсикалық құбылыстар, дене қызуының ауытқуы, тахикардия, тахипноэ, демікпе, аллергиялық реакцияларға бейімділіктен, метеотроптылық, жоғары жүйке-психикалық қозғыштықпен сәйкес келетін тамақтану жағдайынын өзгеруіне сезімталдық, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы аффективті-респираторлық ұстамалар түрінде, қыңырлық, қорқақтықпен көрініс береді.

Бұл синдромның алғашқы көріністерін нәрестілік кезеңде соматовегетативті зақымданулар түрінде дагностикалауға болады; олар яғни, түс көрудің инверсиясы, жиі құсу, дене қызуы субфебриалдыға дейін ауытқуы, гипергидроза.Жас өскен сайын біртіндеп 1-ші орынға психогенді және экзогенді әсер етудің салдары ретінде эмоционалды-гиперэстетикалық зақымданудың элементтері шыға бастайды.Жиі және ұзақ жылау байқалады. Ең кең таралғаны «оралма» деп аталатын симптом болып табылады.Психогенді тітіркендіргіштерге реніш және ашу-ыза, айғаймен байланысты наразылық реакциясы пайда болса, ол аффективті –респираторлық талмаға әкеп соғады, яғни:тыныс шығарудың жоғарысында көмей бұлшықетінде тоникалық қысым пайда болады, дем алуда кідіріс болады, беті бозарады, соңынан акроцианоз білінеді. Тіпті сананың қысқа мерзімді өшуі және жеке клоникалық тырысқақтар болыу мүмкін. Ұзақтығы 10 секундқа дейін созылады. Терең дем алумен аяқталады. Невропатия синдромында балалар жоғарланған жалпы және вегетативті қозғыштыққа бейім келеді.



Невропатия синдромы- көбінесе разидуальді-органикалық жүйке-психикалық зақымданулар және невротикалық реакциялар кезінде кездеседі. Жас өзгерген сайын оның көріністері басылуы мүмкін, бірақ одан да күрделі невротиклық және неврозтәріздес синдромдардың дамуына қолайлы тірек болады.Балалық кезеңдегі шизофренияда, ереже бойынша невропатия синдромы психикалық процесстердің диссоциациясымен үйлестіріледі.

Балалық аутизм синдромы (ерте балалық аутизм,Каннер)- психофизикалық дизонтогенездің нұсқасы (асинхрония). Дисгармониялы психикалық дамумен көрінеді. Бұнда бір психикалық функциялар мен қасиеттердің озық дамуы және басқаларының артта қалып дамуының үйлестігі байқалады. Балалық аутизм ерте кезеңде көрінеді:туғаннан бастап психиканың дамуы диспропорционалды бұзылған, ол коммуникативті қылық-әрекеттің бұзылуымен сипатталады. Қыздарға қарағанда ұл балаларда бұндай зақымданулар 3-4 есе жиі кездеседі. Балалық аутизмге тән спецификалық психикалық зақымданулар баланың психикалық дамуының шамасына қарай пайда болады, дамиды және тасымалданады.

Басты симптомдары- өмірінің басынан бастап адамдармен қарым-қатынас орнатуда айқын қиындық туады; эмоционалды әсер етудің әлсіздігі; стереотипті және аутистикалық сипаттағы ойындар; жағдайлардың өзгерісіне және жаңалыққа деген қорқыныш (неофобия). Міндетті симптомдар- қорқыныш (фобиялар), түс көру мен тамақтанудың бұзылуы. Қосымша симптомдар- жақсы механикалық ес, агрессивті және аутоагрессивті қылық-әрекет.Балалық аутизмде ақыл-ой дамуының кез-келген деңгейі кездесуі мүмкін. Бұл синдром мына жағдайларды қамтиды:

1.Шектетілу бұл кемістік, яғни қарым-қатынас қажеттілігінің толықтай болмауы, жалғыздыққа деген белсенді ұмтылысы, телефоннан қорқыныш (қоңыраудан, әңгімелесуден).

2.Коммуникативті қасиеттердің бұзылуымен сәйкес келетін сөйлеу дағдысының озық дамуы жиі кездеседі:

- «автономды сөйлеудің» жақсырақ дамуы- яғни, өз-өзімен сөйлесу, өзіне 3-ші жақтан сөйлеу,т.б.;

- сұрақ қоюға бейім, бірақ жауап қайтаруға бейім емес;

- жақсы ес, әсіресе ритмикалық информацияға (музыка, өлеңдер, тақпақтар), өлеңдер мен әуендердің айтылуы жаман емес, бірақ өтініштер мен тапсырмаларға жауап ретінде емес, қандай да бір ішкі заңдылықтарына байланысты;

- таңдаулы стереотипті қолданулар (көбінесе орынсыз) немесе қиын жеке сөздер мен сөз тіркестерін айта салуы («электрофикация», «квант», т.б.) немесе бірнеше рет сұрақтарды қайталуы («өмір дегеніміз не?»);

-сөз дағдысының патологилық формалары: эхололия, фонография- бұрын естігендерін сөзбе-сөз қайталауы, неологизмдер, өзіне қатысты есімдіктер мен етістіктерді 2-ші және 3-ші жақта қолдануы.

3. Өзінің сөзін кеңістікке, өз-өзіне үндеуі, оның монологтігі, табиғи емес модулирленуі.

4. Эмоционалды әсерленудің әлсіздігі («эмоционалды блокада»). Эмпатиясы мен құштарлығы жақындарына деген симбиотикалық тәуелділікпен алмастырылған, бірақ олар шын мәнінде оларға талғаусыздықпен, немқұрайлықпен қарайды.

5. Протодиэкризис- адамдарды, басқа да жанды және жансыз объектілерді саралай алмауы.

6. Көру және есту тітіркендіргіштеріне, стимулдарға, қаратуларға реакциясының жетіспеушілігі; бұнда бала алғашқыда өзін керең және соқыр сияқты көрсетеді, бірақ біраз уақыт аралығынан кейін стимул қабылданған және дұрыс бағаланған екендігіне көз жеткізетін жауап көрсетіледі.

7. Тепе-теңдік синдромы- тұрақтылықты, жағдайдың бірқалыптылығы мен бір типтілігін сақтап қалуға ұстаным, жаңаға деген қорқыныш (неофобия), басқа киім ауыстыруға қарсылық іс-әрекет көрсету, т.б.

8. Қозғалыс стереотиптерге бейім қылық-әрекеттердің бірқалыптылығы (секіру, тербелу, қолын айландыру, т.б.

9. Моторлы дағдының қалыптасуының бұзылуы немесе кешігуі, қозғалыстың епсіздігі, ебдейсіздік, бірлескен қозғалыстың болмауы (Мысалы, жүріп келе жатқанда қолдың қозғалуы), стереотипті – регрессивті қозғалысқа бейімділігі (тізбекпен жүру, баспалдақпен көтеріліп, түскендегі қиындықтар), өзін-өзі күту дағдыларын меңгеруде қиындықтар туады.

10. Тазалық дағдыларын бұзуы- кіші және үлкен дәретін күндіз де, түнде де ұстай алмауы.

11. Патологиялық үйреншікті іс-әрекеттер: яктация, онихофагия, саусақтарын сору, т. б.

Микроәлеуметтік ортаға бейімделуінің қиындықтары мынаған әкеп соғады, яғни орта оған эмоционалды дискомфорттың, қауіп-қатердің және эмоционалдық қысымның қайнар көзіне айналады. Осының әсерінен жылдар бойы сақталатын «қорқыныштар» пайда болады. Бала шындықтан алшақтатылып қалыптасады, әлем онымен толыктай емес, жеке аффективте маңызды белгілер негізінде қабылданады. Қылық-әрекеті, қызығушылығы, белсенділігі – «қолайлы» стереотипті сипатта болады. Ал бұл өз алдына күнделікті өмірде қатаң тәртіп орнатуға талпынысы және оны өзгертуге түрліше қарсыласуы (неофобия) көрінеді. Бұдан үлкен жаста балалық аутизм жағдайында инициативаның, творчествоның жетіспеушілігі байқалады. Балалық аутизм синдромы мына жағдайларда кездеседі: Каннер ауруында, ерте балалық аутизмнің ядерлы нұсқасы ретінде; психикалық процесстердің диссоциациясы түріндегі ерекшеліктерге ие бала кездегі шизофренияда; Аспергер синдромында.



Гипердинамикалық синдром

Гипердинамикалық синдром- психомоторлы шегіндірілген тежелу синдромы, 3-7 жас аралығында пайда болады және тым қозғалмалықпен, тұрақсыздықпен, адаптацияның бұзылуына әкеп соғатын шашыраңқылықпен сипатталады. Басты симптомдар: тежелудің әлсіздігі, бір орында отыра алмаушылық, жоғары қозғыштық. Міндетті симптомдар: зейіннің тұрақсыздығы, алаңдаушылық, іс-әрекет мақсаттылығының бұзылуының түрлі деңгейлері. Қосымша симптомдар: түрлі гиперкинездер, импульсивті іс-әрекеттер, инфантилизмнің, моторлы және психикалық дамудың кешігуі байқалады. Аталған синдром қыздарға қарағанда, ұл балаларда жиі кездеседі. Бұл синдромның алғашқы белгілері мектеп жасына дейінгі кезеңде көрінеді, бірақ мектепке барғанға дейін оларды қалыпты жағдайдан ажырату қиынға түседі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларда гипербелсенділіктің тек ең шеткі деңгейі ғана диагнозға әкелуі керек. Шектен тыс белсенділік әлсіз сараланған қылық-әрекетке, зейіннің бұзылуына және тапсырманы орындауда табандылықтың болмауына әкеп соғады.

Гипердинамикалық синдром көбінесе резидуальді- органикалық жүйке- психикалық ауруларда кездеседі. Конституционалды зақымданулар бұл құбылыстың генезінде шешуші рөл атқарады деп есептеледі, бірақ спецификалық этиология туралы мәліметтер әлі күнге дейін жоқ. Баладағы гипербелсенді әрекеттің өткір бастамасы реактивті күй-жағдайдың кейбір түрлерінде, маникальді бұзылуларда, шизофрения және неврологиялық патологияда кездесуі мүмкін. Гипердинамикалық синдромның салдарынан психикалық дамудың артта қалуы мүмкін.

Балалық патологиялық қорқыныш синдромы - психологиялық және ситуациялық дәлелсіз пайда болатын және шектен тыс интенсивтілік пен ұзақтылықпен көрінетін, тудырған себептің күші мен мағынасына сай келмейтін түрлі (механизміне, пайда болу уақытына және белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты) қорқыныштармен сипатталатын синдром. Балалық патологиялық қорқыныш синдромын онтогенетикалық байланысты психопатологиялық күй-жағдайға жатқызады. Олар ерте жастан түрлі психикалық аурулар кезінде пайда болуы мүмкін, бірақ психопатологиялық айқындылық ереже бойынша мектепке дейінгі кезеңнің соңында, 6-7 жастан бастап байқалады. Ол мүмкін балада өзіндік сананың қалыптаса бастауымен және субъективті күйзелістерді өзіндік бағалауға қабілеттілігінің пайда болуымен байланысты. Қорқыныштың 5 түрлі формасын атап көрсетеді: жабысқақ, асыра бағалы, сандырақ, түнгі, сараланбаған.

Жабысқақ қорқыныштар- аурудың тілегіне тәулсіз, оның еркіне қарсы, шартсыз түрде пайда болады. Алғашқы қорқынышпен және оған сын қатынаспен байланысты. Ауырсыну қорқынышымен (нозофобия), өткір заттардан, биіктен, жабық бөлмелерден қорқудан (клаустрофобия), жұқтырудан, ластанудан қорқудан (мизофобия), ұялу (эрейтофобия) және т.б.-рдан көрінеді. Невроз кезінде, бас миының органикалық аурулары кезінде, шизофренияда кездеседі.

Асыра бағалы қорқыныштар- аурудың санасында оның дәлелденгенініе, оның мазмұнының шындығына сендірушілік басым болады. Қорқыныш аффектісінің күшімен және айқындылығымен, оны жеңіп шығуға әрекетінің жоқтығымен сипатталады. Мектепке дейінгі кезеңде жануарлардан (мысалы, иттерден), фильмдер мен ертегілер кейіпкерлерінен (жалмауыз кемпір) немесе үлкендермен ойлап табылған «тәрбиелік қорқыту» мақсатындағы образдардан қорқу басым болады. Мектепке дейінгі кезеңде балаларға қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, туыстарынын айрылудан, олардың өмір және денсулығы үшін қорқу, мектепке барудан қорқулар тән.

Невротикалық зақымдануларда кездеседі және шизофренияда сирек кездеседі.



Сандырақ қорқыныштар- психотравмалық жағдайлардан (аутохтонды) тәуелсіз пайда болады және коррекцияға келмейді. Ол күйзеліспен, елеңдеумен, қоршаған адамдардан күдіктену, өзіне және жақындарына қауіптену сезімімен бірге жүреді. Психотикалық деңгейлегі (елестетушілік) басқа симптомдармен үйлесуі және психомоторлы алаңдаушылық эпизоды мен соматовегетативті зақымданулармен бірге жүруі мүмкін. Шизофренияда кездеседі, бас миының экзогенді-органикалық ауруларының эпизоды және психогенді зақымданулар кезінде сирек кездеседі.

Түнгі қорқыныштар- түс көру кезінде оянғаннан пайда болады. Осы кезде балалар қорықаннан дірілдейді, айғайлайды, өзінен бірдеңкені қуады, олардың бет әлпетінде қорқыныш байқалады. Әдетте таңертең амнезия жағдайы байқалады- яғни, балалардың есінде түнгі қорқыныш ұстамалары жайлы мүлде ештеңе жоқ болады. Психогенді зақымданулар кезінде, түрлі неврозтәріздес күй-жағдайларда кездеседі.

Сараланбаған қорқыныштар- заттық емес, соматовегетативті Диэнцефльді криз кезінде белгіленеді.Дисморфомания синдромы- өзінде қандай да бір ойлап табылған немесе жоғары бағаланған сырт келбеті немесе функциясының физикалық деффектісі бар екеніне сендіруде көрінетін қарапайым синдром. Бұл синдром онтогенетикалық маңызға ие және жасөспірімдік кезеңдерде жиі кездеседі.Басты симптомдары: өзінің физикалық деффектісіне (мұрын, құлақ формасының, кеуде бездерінің өлшемі, толықтығы немесе арықтығына, аяғының формасына және т.б.) асыра бағалы және сандырақ сендірушілік, -косметикалық дисморфомания немесе денеден шығатын жағымсыз иістер (ішкі газдардың, ауыздан шығатын иістер, т.б.), -парфюмерлі дисморфомания. «Кемтарлығын» түсіндіруде көбінсе «тағдырды» немесе туған-туыстарын кінәлайды. Міндетті симптомдар- гипотимді-кернеулі эффект (көңіл-күй фоны), кейде жеткілікті деңгейдегі айқын депрессия, сенситвті ойлар, «айна симптомы»- яғни, өзіне шамадан тыс ұзақ және зейін қойып айнаға қарауы (өзінің «кемтарлығын», деффектісін айқындайтын қосымша ерекшеліктерді іздеу) немесе айнаға қараудан мүлде бас тарту. «Фотосурет исмптомы»- яғни, қосымша жарақаттық жағдайдан қашу мақсатында фотосуреттерін жойып жіберу; физикалық деффектісін ресми, өз бетімен дәстүрлі емес медицинаның көмегімен коррекциялау мақсатындағы аутодеструктивті қылық-әрекет; қашу қылық-әрекеті (қарым-қатынастан).

Қосымша симптомдар- кататимді сипаттағы иіс сезу галлюцинациясы, синестопатия, деперсонализациялы-дереализациялық зақымданулар. Дисморфоманияға диссимуляцияға бейімділік сай келеді, ол мынадай сипатқа ие: психиатрмен әңгімелесуде арыз-шағымдары жасырын болады, ал хирург немесе косметологтармен сөйлескенде ашық айтады. Дисморфомания көбінесе монотемалы. Дисморфоманиялық күйзелістер мен ойлар сандырақ әрекеттерге әкеп соғады: ауру адамдар «деффектісін» маскировкалауда түрлі тәсілдерді қолданады, оны жасыруға тырысады, қарым-қатынастан қашады. Бұнда дисморфоманикалық ойлар 1-ші орында болмайды, ал қоршаған ортадан қашу қажеттілігі тұрады, себебі «кемтарлық» ортақ күлкіге таңқалуға әкеп соғады. Кейде суицидалық мақсаттар да кездеседі.Сонымен дисморфоманияның патогномикалық синдромы симптомдар триадасы болып табылады, яғни: физикалық кемшіліктер ойлары, қарым-қатынас ойлары және жабыраңқы көңіл-күй.

Дисморфофобия- психотикалық деңгейдегі зақымданудың жеңіл түрі болып табылады. Қандай да бір физикалық кемістігіне баланысты невротикалық сипаттағы жабысқақ қорқыныштар. Дисморфомания сидромы- жасөспірімдік кезеңге тән реакциялар түрінде (көбіне қыздарда), мінез акцентуациясы және психопатия кезінде; реактивті дисморфомания түрінде, шизофрения кезінде (параноидті немесе қатерлі) кездесуі мүмкін. Рудиментарлы дисморфофобия дені сау жасөспірімдерде өтпелі реакция түрінде кездеседі.



Жүйке анорексия синдромы- дене массасын азайтуға және тамақтан сандық және сапалық бас тартуға шамадан тыс ұмтылуымен сипатталатын синдром. Көбінесе жасөспірім қыздарда немесе жас әйелдерде кездеседі, ал ұл балалармен үлкен жастағы әйелдерде сирек кездеседі. Басты симптом: дене массасының артықтығына сандырақ сенушілік. Міндетті симптомдар: дене массасын азайтуға бағытталған қылық-әрекеттер- тамақтануда шектеулер немесе мүлде бас тарту, арнайы физикалық ауыртпалықтар, дәрі-дәрмектер қабылдау және т.б. Қосымша симптомдар: сенситивті ойлар, анорексия немесе булимия, соматоэндокриндік зақымданулар.

Жүйке анорексия негізінде «толықтыққа» байланысты дисморфоманиялық ойлар жатыр. Алғашқы этаптарында тәбет ұзаққа дейін сақталады, ал тағамнан бас тарту артық тамақтану ұстамаларымен эпизодты бұзылады (жүйкелік булимия). Бұл өз алдына, күй-жағдайдың жақсаруы жайлы жалған әсер тудыруы мүмкін, бірақ соңынан соматикалық асқынуларға әкеп соғатын алғашқы артық тамақтану сипаты бекітіледі. Диссимуляцияға беімділік байқалады, яғни: оңаша тамақтануға ұмтылу, оны байқатпай жойып жіберу, т.б. Бұндай пациенттер тағамдардың каллориялық деңгейімен толық танысады. «Салмақпен күресу» түрлі қосымша әдістермен жүзеге асырылады:

- физикалық жаттығулармен айналысу;

- дәрі-дәрмектерді қолдану, клизмалар;

- құсықты жасанды жолмен жүзеге асыру.

Жоғарыда аталған «салмақпен күресу» әдістерін таңдау пациенттің преморбидті ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, истероидті тұлғаларға дәрі-дәрмек, клизмаларды қолдану тән болса, психастениктерге- тағамға шектеулер қою және физикалық жаттығулармен айналысу тән. Жүйкелік анорексия синромы өзінің дамуында 3 этаптан өтеді: дисморфоманикалық, аноретикалық және кахектикалық. Жүйкелік анорексия пубертантты кезеңдегі психогенді ауруларында да және шизофренияда да кездесуі мүмкін.



Психикалық инфантилизм синдромы- психикалық жетілмегендік. Ол психиканың пісіп-жетілу тепмпінің бұзылуынан және тұлға әсерленуінің эмоционалды- еріктік қасиеттері мен формаларының дамуының артта қалуынан көрінеді. Психикалық инфантилизм белгілеріне мыналар жатады: жалтақтаушылық, жоғары айбындылық, аңқаулық, мотивациялық сферада ойын қызығушылығы мен гедонизмнің басым болуы, қанағаттануға ұмтылыс, немқұрайдылық, болжам функцияларын атқарудағы қиындықтары, жауапкершілік сезімінің жетілмеуі, қиындықтарды жеңуде қабілетсіздігі. Бұлардың барлығы моториканың жетілмеуімен, ұсақ мануальді іс-әрекеттерді орындағанда қиындықтармен (жазуы) үйлесіп келеді. Психиклық инфантилизмнің алғашқы белгілері кіші мектеп және жасөспірімдік кезеңде байқалады.Психикалық инфантилизмнің 2 нұсқасы атап көрсетіледі: қарапайым және күрделі (асқынған).

Гебоидтілік синдром- жасөспірімдік кезеңде пайда болатын психикалық зақымдану (қалыптасып келе жатқан тұлға патологиясы). Гебоидті синдром негізінде пубертантты криздің психологиялық қасиеттері мен психопатологиялық білімнің клиникалық аяқталмағандығының үйлесімділігі жатыр. Ол жасөспірімдік кезеңнің спецификалық синдромы болып табылады. Гебоидтіліктегі барлық көріністер патологиялық сипатқа ие. Гебоидті көріністер психопатологиялыққа қарағанда тереңірек болады.

Басты симптомдар- патологиялық құштарлық, стереотипиялардың көріністері. Бұл бұзылулардың негізінде эмоция (аффект) мен еріктің өзгерісі жатыр.Бүгінгі күнге дейін гебоидті синдромның көріністерін қандай зақымдануларға (неготивті немесе позитивті) жатқызуы жайлы сұраққа ешқандай әдістеме жоқ. Гебоидті синдром- жасөспірімдік созылмалы шизофрения шеңберінде қарастырылады. Пубертантты криздің патологиялық нұсқасы ретінде кездесуі мүмкін және қалыптасып келе жатқан психопатия структурасына енуі мүмкін

9- дәріс



Тақырыбы: Дамудың «бірінші» және «екінші» дефектілері

Сұрақтары:

  1. Дамудың «бірініші» дефектісіне сипаттама.

  2. Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама

Балалық және жасөспірімдік кезеңдегі психопатологиялық жағдайлардың пайда болуы 1-ші-психикалық зақымданудың пайда болуы және дамуының жалпы заңдылықтарына, 2-ші-белгілі бір жас кезеңіне сәйкес келетін организмнің онтогенетикалық ерекшеліктері және бас миы мен психикасының ерекшеліктеріне байланысты көрініс табады.

Онтогенез(жалпы)- ұрықтан түзілу сәтінен бастап өмірінің аяғына дейінгі индивидуалды дамуы. Жалпы онтогенездің маңызды бөлігі- психикалық онтогенез болып табылады. Адамның психикалық дамуының эволюциялық – жас кезеңдік ерекшелігі едәуір деңгейде бас миының морфофункционалдық онтогенезімен корреляцияланады. Бас миының морфофункционалдық онтогенезінің структурасы және функциясының дамуы мен қалыптасуының маңызды ерекшелігі- гетерохрония болып табылады, яғни бас миының жекеленген структурасындағы бұл процесстің әркелкілігі және әр уақыттылығымен сәйкес келетін үздіксіздігі. Олардың дамуы мен саралануы түрлі жас ерекшелік кезеңіне байланысты келеді. Өз алдына, бұл қалыпты жағдаймен қатар патологиясы бар психиканың дамуында «ашық түрде» кездеседі. Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады.

Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі.

Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін.

Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; «өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ» -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық.

Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді.

Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.

Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән.

Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын белгілері.
10 –дәріс.

Тақырыбы: Психикалық толық жетілмеу.

Сұрақтары:


  1. Психикалық дамудың сипаттамасы.

  2. Органикалық зақымданулар.

  3. Психикалық толық жетілмеу себептері

Адам психикасы бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психика тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән, ал ең жоғары формасы адамның санасы. Сана – адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Психика дегеніміз – үнемі болып қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қортылады. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті

Соматикалық ауруы, бар адамның психологиясы сау адамның психологиясынан өзгеше. Сырқатқа ұшыраған адамның орталық нерв жүйесіндегі өзгерсітер төмендегідей болады: 1. Инфекцияның тікелей әсерінен мидың зақымдануы; 2. Ішкі мүшелер мен интерорецепторлар қызметінің өзгеруі салдарынан болатын рефлекторлық реакциялар; З.Жеке адамның ауруға деген реакциясы. Бұл өзгерістер аурудың «қалыпты» деген психикасын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу органдары уланғанда адамның ықыласы төмендеп, ұйқысы бұзылады. Жүрек - қан тамырлары ауруларына ұшыраған адамның көңіл күйі төмендеп, ашуланшақ болып, интерорецепцияның патологиясына байланысты көңілсіз ойлар ұялайды. Жеке адамның ауруға деген реакциясы ерекше назарды талап етеді. Бұл ерекшелік жеке адамның ауырғанға дейінгі жағдайына, өмірлік тәжірибесіне, мамандығына, жасына және басқа себептерге байланысты.

Ауруды қалыпты деп бағалау, ауруды ескермеу, ауруды асыра бағалау сияқты теріс көзқарастардың болатыны анықталған. Ал ауруға деген қалыпты көзқарас оны жеңуге ыңғайлы жағдай жасайды. Ауруды ескермеу уақытымен диагноз қоюға әрі оны емдеуге зардабын тигізеді. Ауруды асыра бағалау да зиянды. Бұл жағдайда адам қауіпті ауру туралы ойдан арыла алмайды. Өз ауруы туралы қалыптан тыс алдағы жағдайын елестетіп, қиялдайды. Мұны ипохондриялық қайғыру дейді.

Ауруға деген теріс көзқарастың төмендегідей түрлері болады.: 1)Аггревация - аурудың белгілері мен ауру адамның шығымын күшейту. 2)Симуляция - жоқ ауруды әдейі бар деп мида бейнелеу. 3) Диссимуляция -аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. Аггревация мен симуляция - сот - психиатриялық, еңбек - дәрігерлік және әскери сарап практикасында кездеседі.

Соматикалық ауруға душар болған адам психологиясы сау адамға қарағанда өзгеше болады. Ауырған адам ауруына адам аурына және оның зардабына да қайғырады. Дәрігерлік емдеуден кейін бүл ой сейіледі. Мұндай жағдай әсіресе ауруханаға түскенде байқалады. Аурудың алғашқы белгілері байқала бастағанда қызуы көтіріліп, денесі бөрткенде сәбилердің эмоциялық күйі төмендеп, олар жылауық және қыңыр болады. Ауырған бала бейжай күйге түсп, мазасызданады, өз ауруын сөзбен жеткізе алмайды. Мектеп жасындағы балалар, әсіресе төменгі класс оқушылары ауырғаны не көңіл күйінің нашарлығы туралы шағым айтпайды. Бұл мәліметтерді тек дәрігер сұраған кезде білуге болады. Балалардың соматикалық ауруындағы психикалық өзгерістер орталық жүйке жүйесінің тікелей улануымен не патологиялык себеппен байланысты. Балалар аурудың болашақ зардабын талдай алмайды.

Ауру адам қаралуға келмей-ақ, қаралатын дәрігері туралы көп біледі. Осы жағдайды әсіресе қызметін енді бастағана дәрігерлер есте ұстауы керек. Сондықтан әлі беделге ие бола қоймағана жас дәрігер ауруға айрықша назар аударып қарауы тиіс. Ауру адам бірінші кездескенде-ақ дәрігердің бет-әлпетін, сөзін, қозғалысын бақылайды. Ауру адам аз отырып, дәрігер жайында көп ой түйеді. Мейірімді, сөзін бөлмей, ұқыпты тыңдаған дәрігерге ағынан жарыла қоймай, сақтықпен, сенімсіз қарайды. Дәрігердің ауру адаммен кездескенде оған назар аудармай: қағаздары қарап, оларға қол қойып, қызметкерлермен басқа бірдеңелер туралы сөйлесуі мүлде теріс. Дәрігердің мінезінде не сөзінде ұнамсыз белгілердің болуы ауру адамды дәрігерден аластатады. Дәрігер сырқатты емдеу өзінің міндеті екеніне, оған болысқысы келетінінен ауырған адамның көзін жеткізуі керек.

Ауру адамның көзқарасынан еш нәрсе тыс қалмайды.Үстіртін қарағанды, онша назар аудармағанынды бірден сезеді, дәрігердің
көңіл күйінің нашар екеніне, ашуланшақтығына назар аударады. Дәрігердің
бет - әлпетін, ымын, дауысын, сөзін, көңіл күйін ауру адам өз басының
жағдайымен байланыстырады. Дәрігер мен ауру адамның бірінші кездесуінен кейінгі қалып -қатынастың да маңызы зор. Ауру адамның қажеттілігіне жэне ықыласына байланысты дәрігер мен оның арасындағы емдеуге бағытталған дүрыс қарым - қатынасты эмпатия дейді. Эмпатияны ұнамды эмоциялық қатынас симпатиясынан ажырата білген жөн. Эмпатия - ауру адамға әлеуметтік көмек ретінде қолданатын эмоциялы бейтарап процесс.

11 –дәріс.



Тақырыбы: Зақымдалған психикалық даму. Органикалық деменция.

Сұрақтары:

1.Психикалық зақымданудың себептері: эндогендік және экзогендік.



2. Жүре пайда болған зақымданулар.

3. Деменция туралы түсінік.
Зақымдалған психикалық дамуды медициналық психологияда психиканың уақытша тоқталуы деп атайды. ПУД тоқталуын не шектес интеллект кемістігін тудыратын себептер төмендегідей 5 топқа бөлінеді:

1.айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына және тәрбиеге байланысты.

2.ұзақ уақыт соматикалық аурулардың салдарынан әлсіздікке байланысты.

3.инфантализмнің түріне байланысты интеллектік қызметтің бұзылуы.

4.естудің, көрудің, сөйлеудің, оқу мен жазудың бұзылуына байланысты интелелктің кемістігі.

5.резидуальды-органикалық жағдайларда.

Аталған топтардағы негізгі клиникалық белгі – баланың жетімеуі, ең алдымен интеллект пен эмоционалдық жігердің жетілмеуі. Олигофренияға қарағанда дамуы кешеулеген балалар сергек болып, айналадағыны ынта қойып қарап, ойнаған кезде творчестволық елестетуі болады. Мұндай балалардың интелекті нашар дамып, мектепке баруға дайын болмай, көбінесе ойнағысы келеді. Назары тұрақсыз және жылдам жалыққыш болады. Эмоциялары айқын болады. Балаларға тапқырлық зеректік тәжірибелік ойлау тән. Сөйлеулері кейін қалады. Психикалық дамуы кеешулеген балалардың жүріс тұрысы өздерінің қажеттілігіне бағындырылған, міндет сезімі дамымаған. Сабақта ойнап, ынтасыз отырады. Дифференциальды диагностика кезінде оқыту әдістерін қолдану қажет, баланы мадақтап, көмектессе, ол көмекті қабылдайды, баланың потенциалдық мүмкіндіктері білінеді.

ПД-удың тоқталуы негізінде мидың зақымдануы, естің назардың еңбек қабілетінің мақсаттылықтың бұзылуы жатыр. Интелелктуальдық кемістік пенмақсаттылықтың бұзылуы аурудың көрінісінде маңызды орын алады. Психикалық зақымдану психикалық аурулардың пайда болуында үлкен орын алады. Егер психоздар психикалық зақымданудың тікелей себебімен болса, онда психогенді не реактивті психоз болып бөлінеді. Реактивті психоздар күшті психиканы зақымдандыратын себептің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болады. Невроздардың негізінде де қатты не ұзақ әсерлі психикалық зақымдану жатыр.

Балалардың психикалық зақымдануы ересектерге қарағанда өзгеше болады. Балаларды балабақшаға не мектепке орналастыру кейде психикалық бұзылуға әкеліп соғады. Бала қалыпты өсіп-дамуы үшін көптеген эмоцияналдық әсерлер қажет. Бұл әсерлер болмаған жағдайда оның нерв қызметінде олқылық болады. Ұнамды эмоцияналдық әсерлерден айырылды шетелде эмоционалды депривация дейді. Эмоционалды депривацияның болуы невратикалық реакциялар туғызуы мүмкін. Мысалы: балалар үйінде эмоционалды депривацияның әсерінен сәбидің тілі кеш шығады. Ата-анасы болмаса не отбасы жағдайы нашар болса эмоционалды депривация орын алады. Отбасындағы әлеуметтік балалар психикасын зақымдандырып есейгенде жеке бастық кемістігін тудырады.

Деменция (жүре пайда болатын ақыл кемістігі) кезінде ойлау қисынсыз болады, сөйлегенін түсіну мүмкін емес: сөйлегені байланыссыз, жекеленген сөздермен құралады. Ауру жабысқақ құбылыстар туралы айтып, олардың аурумен байланысты екенін түсінеді. Ауруда мазмұны депрессивті сандырақ ойлар болса өзін-өзі жоққа шығару, кінәлау, сандырағы ипохондриялық сандырақ. Ол өз ойын бірден айтпайды. Мұндай жағдайда ауру адамның жүріс-тұрысын, ас пен дәрі қабылдауын бақылаған жөн. Назар,ес,ойлау, интелегентті зетртегенде психология тәсілдері қолданылады.

Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата- анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ. Қарым- қатынасқа деген қажеттілік бала 1-айға толар- толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым- қатынас жасайтын анасының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады.

Мұндай сенсорлық оқшаулану дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл- қозғалысының дамуы баяулайды, тілі кеш шығады, кей жағдайда ақыл- ойының дамуы да тежеледі.Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «ата-ана - бала» қатынас жүйесіне түспеуі әсер етеді. Мінезінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты қасиеттер ерте көріне бастайды.

Депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы.

Бала толыққанды даму үшін оның ең алдымен махаббатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді басқалары өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді.

Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы тұлға дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеп соғады. Депривацияның осы түрінің айқын көрінісі балалар үйінде тәриеленетіндерде ерекше бақалады. Депривацияның келесі бір түрі- сенсорлық депривация- заттық ортаның болмауы және сезім мүшелерінің қоздырғыштарының жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз.

Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде емес, отбасында тәриеленіп жатқан балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған немесе баласына қажетті эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық депривация депривациялық жағдайда туындайтын ерекше психикалық күймен сипатталады. Аталған психикалық жағдай мінез- құлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым- қатынасының шектелуімен, баланың негізгі психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонымен, психикалық депривация – бұл өмірлік жағдаят нәтижесінде туындайтын нақты психикалық көңіл- күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкіндіктері болмаған кезде туындайды.



Эмоциональды күйзелістер мен әлеуметтік енжарлықтар өте жиі кездесетін бұзылулардың ішіндегі ең күрделі топтарына жатады. Эмоциональды күйзелістер, олардың аттарынан көрініп тұрғандай, жалықтырып мезі қылатын, дел- салдық күйде болатын, жабығып сары уайымға салынатын, қорқыныш, үрей, абыржушылық билейтін, дертті үрейден есінен танып қалатын және тағы басқалар сияқты эмоциональды жағдайдың бірқалыптылығы дұрыс болмайтындығын сипаттайды. Практикада әдеттегідей дәрігер қаралуға келген науқастың жабысқан дертті үрейге шалдыққанын немесе жабығып сары уайымға салынғанын анықтап білгеннен кейін оның эмоциясы бұзылған деген тұжырымды қорытынды жасайды. Мұндай көріністі әдетте жүйкесі тозған деп айтады. Алайда баланың диагностикасына бұл терминді қолданудан бас тартқан дұрыс болар еді, себебі балалардың бұл сияқты жағдайлары ересектердің жүйкелік (невротикалық) жағдайларына тіпті ұқсамайды десе де болады
12 –дәріс.

Тақырыбы: Бұрмаланған психикалық даму

Сұрақтары:

1.Психикалық дамудың патологиялық көріністері.

2. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері
Тұлғаның жағымсыз өзгерістері байқалады. Темпераменттің сандық және сапалық; жалпы және индивидуальды параметрлерінің өзгерістері, тұлғаның мінезі мен бағыттылығының маныздылығы жоғалады. Қызығушылығын жоғалтады. Кейбір жағдайларда эмоциональды-еріктің төмендеуі; гипобулия мен апатияның көрінуіне әкеп соғады. Ауру адам өз іш дүниесіне қатты үніліп,сыртқы ортамен қарым-қатынасы шектеледі. Ауруларда интеллектуальды ойлау функциясының жетіспеушілігі айқын байқалады. Бірақ тексерген кезде интеллектінің сақталғаны анықталады. Ойлауы бұзылып, шындықтан қашқақтап,жүйке жүйесінің бұзылуы, аморфтық және ойлауы тұрақты жеміссіз болады. Басқа жағдайда тұлға денгейінің төмендеуі, эгойстік-утилитарлық қызығушылықтардың өсуімен байланысты, аффекттілі әрекеттер байқалады. Нақты формальды интеллектуальды ойлаудың бұзылуы, есте сақтау қабілеті мен зейіннің тұрақты болмауы, орын ауыстырудағы және қозғалысындағы қиыншылықтар байқалады. Ойлау жүйесінің жемісі нашарлап, ауру өз жағдайын түсіне алмайды. Бұл негіздер ауруда ақыл кемістігінің бастапқы белгілері. Тұлғалық денгейі төмендеуінің жалпы белгілері: астения мен гипобулиядан спонтандық кезеңге дейін жетуі мүмкін. Кейбір ауруларда жағымсыз ықпалдар:санасыз-алаңғасарлық, көңіл-күйінің болмауы байқалады. Аурулар осы жағдайларды сезіне алмайды.

Тұлғаның регресс жағдай -индивидуальды құрылымы жойылудың бастамасы. Ол көптеген клиникалық формада көрінуі мүмкін. Жағымсыз бұзылулар байқалады: жансыздық, қоршаған ортаны елемейді, әрбір психикалық тітіркендіргіштерге эмоциональды реакцияның болмауы. Еріктік процесстің барлық кезеңдеренде интенсивтілік бірден төмендейді. Мақсатқа бағытталған еріктік әрекеттің жойылуы көрінеді. Аурулар өз беттерінше өмір сүре алмай, туысқандарының қарамағында болады. Бұл формадағы жағымсыз бұзылулар апатико-абуликалық синдромға сәйкес келеді. Апатия мен абулиямен бірге таңғалу, мінез-құлықтың моторикалық ерекшеліктері көрінеді. Қозғалыстың үйлесімділігі мен пластикасы өзгереді.

Тұлғаның регресс жағдайындағы басқа формасында клиникалық көрінісі аффективті-лабильділік түрінде көрінеді. Интеллектуальды ойлау функциясының төмендеуі байқалады. Ауруда бұзылулар туралы көзқарас болмайды. Естің бұзылуы, мінез құлықтағы моральды-этикалық нормалардың тежелуі көрініс береді.



Амнистикалық бұзылулар-ең алдымен еске зақым тигiзедi, жоғарғы интелектуалды функциялар зардап шегедi.Естiң бұзылуы гипомнезия көрнiстерiмен сипатталады, ол айқындала түсуi мүмкiн. Белсендiлiктiң төмендеуi, тез шаршауы, зейiннiң тұрақсыздығы байқалады. Бұл бұзылулар ағымды сипатта болады.Айтылған психопатологиялық жағдай өзiнiң мазмұны бойынша лакунарлы деменцияға ұқсайды. Оның ең басты айырмашылығы тұлғалық қасиеттердiң ұзақ сақталуы. Көп уақытқа дейiн моральдi-этикалық сапалар аймағында бұзылулар байкалмайды. Ауру адамдарда интелектуалды-мнистикалық бұзылуларға деген сын көзкарасы сақталады. Бірақта мұнда темперамент пен мiнездiң кейбiр қасиеттерінiң ерекшеленуi, оған тән емес жақтарының пайда болуы: тiтiркенгiштiк, аффектiлi тұрақсыздық, басқару функциялар мен ерiктiң әлсiзденуi. Кейбiр жағдайларда амнистикалық бұзылулардың прогрессивтiлiгi байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет