Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Тақырыбы: Нейропсихологияның ғылыми зерттеу объектісі. ЖПФ зақымдануы



бет5/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,41 Mb.
#918
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Нейропсихологияның ғылыми зерттеу объектісі. ЖПФ зақымдануы.

Сұрақтары:

1.Нейропсихологтяның ғылыми зерттеу обьектісі

2.ЖПФ – ларды локализациялау мәселесі және олардың бас миындағы әр бөлігінде көрсетілуі.

3.Лурия ілімі.

4.ЖПФ – ның зақымдануы, белгілері.

Нейропсихология- психикалық құбылыстар мен мидың физиологиялық құрылымын ара- қатынасын зерттейтін психология саласы (нейрон-жүйке жүйесі жасушасының бірліктері).Нерв жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, жасушалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның жағдайларына ол\арды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.

Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы экспериментті зерттеулер арқылы ғылымда жан- жақты толық дәлелденген. Орталық нерв жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде күрделірек болып келеді. Орталық нерв жүйесінің төменгі бөлімі жұлын, орта есеппен 45см жетеді.

Орталық нерв жүйесінің екінші бөлігі-ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми- бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше роль атқарады. Сопақша ми- жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштыңжапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыптыжүріс- тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, қанқа еттерінің қалпын реттейтін нерв орталықтары бар.

Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі- афференттік(жеткізуші) талшықтардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне басшылық ету процестерінің жұмысын реттесіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккуулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формацияда миға қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұру жағы жүктелген. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда оның миына біраз энергия қажет болады.Мұндай мидан осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі.аталмыш нерв орталығы эмоция,зейінін арттыра түсуде елеулі роль атқарады. Егер осы айтылған ми бағанасының құрылымдары эволюциялық дамудын төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса,жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардын өмірінде негізгі рольді ми қабығы атқарады.Денеде болатын барлық құбылыстары өз қармағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген .адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады.

Ми бассүйек қуысында орналасқан,адамның миы 20жасқа дейін өседі. Бас ми қабығы құрылысының құрылымдық ерекшеліктері туралы ілім архитектоника деп аталады. Үлкен ми сыңарлары қабығының клеткалары мидың басқа бөліктеріндегі нейрондарға қарағанда атқаратын функциялары шектелген, бірақ жекеленген топтары анатомиялық-физиологиялық тұрғыдан мидың арнаулы басқа бөлімдерімен тығыз байланысты. Ми қабығының микроскопиялық құрылысы әр бөліктерде әртүрлі екендігі және ми қабығының 50 цитоархитектоникалық бөліктері анықталған. Қабықтың микроскопиялық құрылысы өте күрделі, көптеген клетка қабаттары мен олардың талшықтарынан тұрады. Негізгі құрылысы: алты қабатты, бірақ барлық бөліктерде бірдей емес. Кейбір жерлерде қабаттар өте айқын болса, кейбірлерінде әлсіз білінеді. Ми қабығы аймақтарының құрылысы өзімен байланысты функцияларға ұқсас болатындығы дәлелденген. Жануарлар мен адамдардың қабықасты аймақтарының құрылысы жағынан ұқсастықтары мен функционалдық қызметтері бірдей екендігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Бірақ тек адами функцияларды (сөзді) атқаратын мидың бөліктері тек адамдарда ғана бар.

Бас ми қабығының морфологиялық және функционалдық әртектілігі көру, есту, дәм сезу сияқты орталықтар мен аймақтарына жіктеуге мүмкіндік береді. Қабықтың жекеленген бөліктері тіршілік әрекет барысында қалыптасады. Ми тіршіліктің әр кезеңінде дамып, жетіліп отырады және мидың жүйелі-функционалды дискреттілігімен (үзілістілігі) байланысты. Мидың дискреттілігі редукция және гетерохронды процестермен тығыз байланысты (редукция - әлсіреуі, жойылуы, гетерохронды бір мезгілде әр салада өтетін процестер). Мысалы, нәрестенің бір жасқа дейінгі кезеңінде жаңа ықпалдардан әсерлер алуы, ескі әсерлердің жойылуы. Жаңару мен жойылу өте нәзік байланысқан. Алғашқы автоматтандырылған әсерлер ерте жойылса, жаңа функциялардың төзімділігі қалыптаспайды. Сондай-ақ редукция өте кеш болса, жаңа – күрделі реакциялардың қалыптасуын тежейді. Мидың қалыптасып дамуы морфологиялық, физиологиялық және психикалық гетерохрония мен тығыз байланысты.

Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады, оның жалпы көлемі 2000 – 2500 см3, қалыңдығы 2,5 – 3мм. Ол 14млрд. жүйке жасушаларынан құралады. Жаңа өсіп келе жатқан адам ұрығының ми беті тегіс болады. Мидың өзіне қарағнда, оның қыртысы жылдам өседі, сондықтан ми қыртысында жүлгелер (ойыстар) мен иірімдер (қатпарлар) пайда болады. Әрбір ми сыңары жүйке арқылы төрт бөлікке бөлінеді: маңдай, төбе, самай және шүйде. Ең тереңі – оратлық жүлке. Үлкен ми сыңарларының қыртысынан мынадай : сезгіш, қимыл, көру, есту, дәм және иіс сезу аймақтары байқалады. Қимыл аймағы маңдай бөлігінің алдыңғы орталық иермінде жатады.

Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Сонымен мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.банализаторлардың нерв орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны екі жүзге жуық. Осы аймақтардағы белгілі рецепторларға ішкі мүшелерден және сыртқы ортадан ақпарат түсіп отырады. Мұндай рецепторлар теріде, қан тамырларында, бұлшық еттерде, асқорыту және т.б мүшелерде болады. Бұл рецепторлар өзгерістерді қабылдап, оның ми сыңарының қыртысындағы жүйке жолына жеткізеді. Келіп түскен ақпарат мұнда талданады және қорытылады. Одан соң тура жауап қайтаратын мүшеге қозу толқыны таралды. Мысалы, дәмді тамақтың иісіне сілекейдің бөлінуі.

Үлкен мидың сол жақ сыңары оң жағына қарағанда адам тіршілігінде көбірек қызмет атқарады. Алайда кей жағдайда оң жақ үлкен ми сыңарларының қызметі де дәрменді болады. Мысалы, адам іс- қимылын айналаға бағыттағанда, заттардың пішінін анықтағанда және музыканы түсініп тындағанда үлкен мидың оң жақ сыңары күшті қызмет атқарады. Адам үлкен ми сыңары қызметінің нәтижесінде айналаны танып, ондағы өзгерістерге сай дененің бейімделу әрекетін жұмылдырып отырады. Ми сынарлары сыртқы ортамен дене арасындағы байланысты жүзеге асырады. Ми қыртысы адамның психологиялық әрекетінің материалдық негізі болып табылады. Мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, еске сақтау, ойлау әрекеттерін реттеу үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметіне тікелей байланысты.

Адамның жүйелі дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан, тілден, таңдай мен еріннің бұлшықеттерінен келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын жасушалар) есту мүшесімен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың ішіндегі ең бір теңдісі жоқ түрі. Оның әлдеде ашылмаған көптген құпия сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша райда болатындығы өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша мәлім емес.Дегенмен ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы мидың кез-келген бөліктерімен түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін «тірі» электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықтарының жаны да «сіріден» берік. Өйткені, егер бір тал сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв жасушалары зақымданған ми өз жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар да қалпына келіп отырады екен.
25-дәріс

Тақырыбы: Бас ми бөліктерінің зақымдануы.

Сұрақтары:


  1. Бас ми бөліктеріне сипаттама

  2. Үлкен ми сыңарлары

  3. Маңдай және самай бөліктері

  4. Сопақша, мишық, аралық ми бөліктері

Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен,бір-бірімен тығыз байланысты. Мидың бөліктерінде өзара қатынасатын төрт қуыс бар. Бұл ми қарыншаларына шамамен 130-140мл сұйықтық толып тұрады. Сұйықтық түссіз,онын құрамында қаннын жасушалары және ақуыз болады. Сұйықтықтын құрамы бұзылса,онда мидың қызметі бұзылады. Миды үш қабатты қабақша қаптайды, олар:қатты, торлы және қантамырлы қабықшалар. Қатты қабықша-ішке бетін қаптап жататын мидын үстінгі(сыртқы)қабықшасы.Ортаңғы қабықшасы торлы қабықша,ол қатты қабықшаның астында жатады.Торлы қабықша өте жұқа болғандықтан,онда қан тамырлары аз болады.Ал ішкі қабықша-қантамырлардан тұрады. Қантамыр қабықшасы мидың қыртысына орналасады. Қан тамырларымен торлы қабықшалардың аралығында ми сұйықтығы толған қуыс болады. Ми қабықшасы қозудың жүйке талшықтары арқылы өтуіне бір талшықтан екінші талшыққа берілуіне бөгет жасайды. Ми ақ және сұр заттан тұрады. Бұл екі бөлік бір-бірімен нейронның ұзын өсінділері арқылы жалғасады, нейронның өсінділері қозуды да өткізеді. Ми сыңарларының және ми бағанының астыңғы бөлігі мидың негізі деп аталады.

Жүйке ұлпалары қан айналымына, әсіресе оттегіні жеткілікті мөлшерде келіп отыруына өте сезімтал. Сондықан, мидың жұмысы қан тамырларының қызметіне тығыз байланысты. Қанның құрамындағы заттар қан тамырына әсер етеді. Зянды әсерден қан тамыры тарылады да, миға қанмен бірге келетін отегі мен қоректік заттардың мөлшері азады. Сөйтіп, мидың қызметі бұзылып, ауру пайда болады. Мидың қан тамырлары тарыла бастағанда науқастың басы айналып, ауырады, қуаты кетіп, әлсізденеді,одан соң қолы нмсе аяғы жансыздана бастайды, бірақ есінен танбайды. Қан қысымы артқанда кейде қан тамырлары жарылып кетеді. Бұдан миға кенет қан құйылады. Бұл ауыру адамға эмоция және ауыр дене еңбегі нәтижесінде әсер етеді. Науқас есінен танып, өліп кетуі де мүмкін. Бас айналу ауруы бір кеселдің салдарынан болады. Бас айналғанда жүрек соғады, Адамның жүрегі айнып, құсады, тіті талып та қалады, құлақ шыңылдап, нашар естулі және көздің бұлдырауы мүмкін. Дені сау адамда да теңізде жүргенде, ұшқанда, бр жазықтан екінші жазыққа тез ауысқанда, машинаға мінгенде, алты бақан тепкенде бас айналуы байқалады.

Мишықпен мидағы жүйке орталықтарының әркеті уақытша немесе мүлде бұзылғанда адамның басы айналады. Бас айналуы мида ісіктің пайда болуынан, арақ ішудің әсерінен, құлақтың түрлі ауруларынан болады. Бас сақинасы (ұзақ ауыру) көбінесе ішкі мүшелердің сырқатынан, түрлі жұқпалы және жүйке жүйесінің ауруларынан, адам уланғанда пайда болады. Ми қабықшасындағы тамырлар кеңігенде бас сақинаы байқалады. Мидың қабынуы миға ауру қоздыратын вирустардың тигізген әсері салдарынан болатын жұқпалы ауыру. Тұмау, сүзек құяң, қызылша, ұшпа шешек және т.б ауырулардан кейін ми қабынады. Науқастың басы ауырады, дене қызуы көтеріледі, сандырақтайды, қол-аяғы дірілдеп, есінен танады.

Адам бас миының және ми қабығы астындағы жүйке орталықтарының зақымдануына байланысты қимыл-қозғалыстық, іс-әрекеттік және танымдық-когнитивтік әрекеттерде әртүрлі деңгейдегі кемістіктер, ауытқулар мен дағдарыстар паралич (сал немесе жансыздану), гиперкинез (ырықсыз қимылдар) сияқты көріністерден байқалады. Паралич немесе плегия – рефлекторлық жолдар қозғалысы үзілуінен бұлшықтардың қимылсыздығы. Паралич немесе плегияның мынындай түрлері бар:

моноплегияаяқ не қолының біреуі қимылдамайды;

гемиплегияденесінің бір жағы қозғалмайды;

параплегияекі қолы не екі аяғы қозғалмайды;

тетраплегия барлық аяқ-қолдары қозғалмайды.

Миы қабынған бала шалқалақтап, иегін кеудесіне жақындата алмайды, тынысы тарылады. Аурудың кене жұқтырады. Көктемде, жазда қалың ормандарда, таулы жерлерде кене шаққанда 2-14 күннен кейін адамның дене қызуы 39-40 дейін көтеріліп, ол құсады, естен танады. Кейбір науқастардың 6-10 күнне соң қол-аяғы жансызланады. Сау адамға жұққанда, 14-90 күн өткен соң адамның басы ауыркады, құсады, ұйқы басады. Денге қызуы көтеріледі, тамақ ішпейді, үш-төрт апта төсек тартып жатады. Қолы жансызданып, басы қалтырап, есі ауысуы мүмкін. Кейде бұл ауыру күзде кездесетін масаның бір түрінен жұғуы мүмкін.

Тұмау, сүзек, мерез және т.б жұқпалы аурулардың әсерінен, күшла мен сынаптан уланғанда, суық тигенде, мидың торлы қабықшасы ми ұлпаларына жабысып,бассүйектің қуысындағы қысым күшейеді. Науқастың басы ауырып, құсады, қояншығы ұстауы мүмкін. Аяқ қолы сырқырайды, сезу қабілеті төмендейді, сал болып қалады. Науқасты тек дәрігер емдей алады. Ми шайқалуы биіктен құлағаннан, соққыға ұшырағаннан адамның басына қатты соққы тигеннен болады. Адамның есінен танып, талып қалуы, басы айналып, құсуы мүмкін, құлағы мүкіс естиді және тілі күрмеледі. Миы шайқалған адам өзіне ұқыпты қарап, мезгілмен емделмесе ауруы асқынып, миына қан құйылады, бет- ауэы қисайып, қол- аяғы жансызданып қалады. Науқас14-21 күн төсекте жатып емделуі тиіс.

Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін бұл нерв жасушалары өзгеріске түсетін көрінеді.Мида әлсіз электр тоқтары жұмвс істейтіндігі ғылымға көптен мәлім. Биотоктардың мидағы жүріс- тұрыс, өрісін осциллограф дейтін аспап арқылы зерттейді. Мәселен, оны электротпен жалғастырып адамның басына кигізгенде, биотоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды мидың электроцефалограммасы дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері ажыратылады. Мәселен,мида секундына 9-12 жиіліп шамасында өрістейтін Альфа, Толқын дем алыс, тыныш жағдайын көрсететін ритм секундына 3-5- жиілікпен өтетін Дельта- Толқын, секундына 13-20 жиілікте болатын «бета»- толқын( күрделі ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс алып отыратындығы анықталған.


26 дәріс



Тақырыбы: ЖПФ – ның қайта қалпына келуі.

Сұрақтары:

  1. Жоғарғы психикалық процестердің зақымдануын болдырмау жолдары

  2. Психотерапиялық шаралар

  3. Психогигиена және психопрофилактика

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып

отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Оны мынадан байқауға болады. Шөлді жерлерде тұратын адамдардың жүйке жүйесінің қызметі оларды дене қызуының шамадан тыс жоғарылауынан сақтандырады. Ал таулы жердегі адамдардың ағзасы жүйке жүйесі арқылы оттегін белгілі мөлшерде жұмсап, сол ортаға бейімделуге мүмкіндік алады.

Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.

Жүйке жүйесі адам денесіндегі мүшелердің және мүшелер жүйесінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдер болып екге бөлінеді. Олар: орталық бөлік ми және жұлыннан құралады.

Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең жүлке (борозда) жатады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік – орталығы болып табылады. Өзекті қоршап тұрған сұр заттың пішіні көбелекке ұқсас, ал оның сыртында ақ зат орналасады. Жұлынның сұр затында алдыңғы артқы және бүйір түбірлері бар. Алдыңғы түбірде ендірме нейроны, артқы түбірде қондырмалы нейрондар(түйіндер) сезім және қимыл нейрондарының арасын байланыстырып тұрады. Алдыңғы түбір дегеніміз – қимыл нейрондарының аксондары. Артқы түбір – ол сезім нейрондарының аксондары. Қимыл және сезім түбірлері омыртқа аралық тесікте қосылып, жүйке түзеді.Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды. Бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан құралған. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйелері таралады. Бұл орталықтарда рецепторлардың белгілі түрлерінен келген хабарлар талдауға және қорытындылауға түседі.Одан қозу толқыны хабарға жауап қайтаратын мүшелерге(жүрек,қан тамыры,қанқабұлшықеттері жәнет.б)жеткізіледі.Келіп түскен қозу толқынының әсерінен мүшенің қызметі өзгереді,яғни рефлексті өзгеріс туады қайтарылатын жауап дәл болу үшін ми жүйесінің жоғары бөліктерінің қатысуы қажет.Жұлының қызметін ми реттеп отырады.

Жұлын зақымдалғанда (ісік пайда болады) өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді.Омыртқа жотасы сынғанда немесе қыйсайғанда жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.Мұндай адамның миы әдеттегідей қызмет атқарады,бірақ зақымданған орталық арқылы жұлынның барлық әрекеті реттеу немесе өткізгіштік қызметін атқара алмайды.Дегенмен, зақымданған жұлыннан тыс жатқан орталықтардан келген қозу толқыны жүйелерге тарала алады. Ол басты бұру,шайнау қымылдарын жасай алады.

Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.Жұлынның ақ заты оның өткізгіштік қызметін атқарып және оның әр бөліктерін өзара байланыстырады.Қызу жұлын арқылы жоғары және төмен қарай өтеді.Жоғары немесе сезімталдық өткізгіш арқылы қызу жұлыннан миға жетеді,ал ондағы толқындар төменгі немесе қыймыл өткізу жолы арқылы мидан жұлыннан қимылдың нейрондарына таралады да,соңынан жауап қайтаратын мүшеге жетеді.Жұлынның сезімтал жүйке талшықтары арқылы теріден,бұлшықеттен келген қозу оның жоғары өткізгіштік жолымен миға барады.Мидың қабатына бұл қозу толқындарынан әртүрлі сезімдер (ауырсыну,жылылық немесе суық сезімдер) туады.Жұлынның рефлекстік қызметі орталық жүйке жүйесінің тек белгілібөлігі,яғни жүйке орталығы арқылы ғана жүзеге асады.Жүйке орталығының-ми бөлігінде орналасқан және белгілі мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының тобы.Мысалы,тізе рефлексінің орталығы-жұлынның бел бөлігінде,зәр бөлудің орталығы – жұлынның бел бөлігінде, зәр бөлудің орталығы – жұлынның сегізкөз бөлігінде, көз қарашығының орталығы – жұлынның арқа бөлігінде орналасады. Жүйке орталықтары көптеген қондырмалы нейрондардан тұрады. Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп созу т.б) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.

27-28- дәріс



Тақырыбы: Сөйлеудің патологиясы

Сұрақтары:

1. Сөздік аппараттарға сипаттама.

2. Архитектоника ілімі.

3. Тілдік бұзылулардың себептері.

4.Жоғарғы жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық өзгерістеріне байланысты тілдік бұзылулар.

Сөз, сөйлеу, тіл – бас ми қабығының ең жоғарғы функциясы, адамдарға ғана тән қарым-қатынас құралы. А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевскийдің айтулары бойынша, тіл әрекет барысында қалыптасқан тарихи құбылыс. Сөздің, тілдің атқаратын функциялары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Сөз – ойлаудың құралы: - сана мен естің, ақпараттың тасымалдаушысы; өзінің және басқа адамдардың қылықтарын реттеу мен басқару құралы.

Тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Ойлау процесін іске асыру үшін ең алдымен физиологиялық процестер анализаторлардың мидағы ұштарының арасындатуып жатқан уақытша жүйкелік байланыстардың ( шартты рефлекстердің) маңызы өте зор. Шартты рефлекстер екінші сигналдардың әсерінен туындайды. «Сөйлеу органдарынан ми қыртысына баратын кинестезиялық тітіркендіргіштер ( қозғалыс) екінші сигнал болып табылатын сигналдардың сигналы» (И.П.Павлов). Адам сөзінін түсініктілігі мен мағыналығ сөздік органдардағы қалыптасқан қозғалыстардың нақтылығы мен автоматтылығына (шапшандылығы мен жылдамдығы) байланысты.

Сөз бір-бірімен тығыз байланысқан тілдік аппараттардың: орталық тілдік аппарат пен перифериялық (орындаушы) тілдік аппараттар негіздерінде жүзеге асады. Орталық тілдік аппарат бас мида орналасқан. Оған бас ми қыртысы (сол жақ бөліктері), қабықасты түйіндері, өткізуші жолдар, ми бағанасы ядролары (сопақша мидағы) және жүйке жолдары (афферентті-эфферентті) жатады. Сөз жоғарғы жүйке жүйесінің басқа көріністері сияқты рефлекстер негізінде дамиды. Сөздік рефлекстер мидың барлық бөліктерімен тығыз байланысты. Перифериялық тілдік аппаратқа тыныс алу органдары, дауыс бөлімі, артикуляциялық органдар жатады. Сөз тыныс алумен тығыз байланысты, тыныс шығару фазасында сөз жүзеге асады.

Сөздің жасалуына бас ми қыртысының барлық бөліктері қатысады. Әсіресе доминанттық бөлікте орналасқан ми қабықасты аймақтары: көру, есту, қозғалыс. Сол жарты шардың самай тұсында дыбыстық тітіркендіргіштерді қабылдау (Вернике орталығы) мен дифференцияциялау аймағы бар. Самай аймағында өте күрделі процесс – сөзді түсіну жүзеге асады. Маңдай иірілімдерінің төменгі тұсында сөздің қозғалыс аймағы (Брока орталығы) орналасқан және сөздік айтылулардың бағдарламасы мен әр адамның ауызша сөзін жүзеге асыратын функциялар орналасқан. Ал бас мидың желке тұсы – көру аймақтары жазбаша сөзге қатысты графикалық бейнелеулерді тану мен қабылдау функцияларын атқарады. Сөздік әрекетте бас мидың төбе аймақтары өте маңызды: орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстарын талдайды және қабылдайды. Орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстары сөздік кинестезия деп аталады. Олар кері афферентті байланыстарды тудырады. Кері афферентті байланыстар – тілдік бұлшықеттердегі артикуляциялық органдардағы қозғалыс импульстарын жоғарғы жүйке жүйесіне тасымалдаушы функциясын атқарады. Осы кері байланыстарсыз тілдің дамуы мүмкін емес, себебі: тілдік бұлшықеттердің қозғалыстарын меңгеретін дағдылар мүмкіншіліктері тілдік праксис қалыптасып дамымайды. Тілдік праксис дегеніміз – қалыптасқан тілдік қозғалыстардың автоматты орындалуы.

Сөздік әрекеттің қалыпты дамып жетілуі үшін бас мидың және жоғарғы жүйке жүйесінің барлық бөліктерінің өзара функционалды тығыз байланыстары болуы қажет. Жүйке жүйесі бөліктерінің зақымдалуы әр түрлі бұзылуларға әкеп соғады. Тілдік бұзылулар мен тілдік - сөйлеу патологиясының (бұзылу, жарақаттану) сипаты жарақаттың әсеріне, уақытына, мөлшеріне байланысты. Тілдік аппараттардың патологиясына қарай қарапайым және күрделі тілдік бұзылулар болып бөлінеді.



Тілдік бұзылулар әсер етуші себептердің шығуына байланысты былайшы жіктеледі:

  1. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты тілдік бұзылулар. Тілдік жүйелердің зақымдану деңгейіне байланысты:

а) афазия ми қабығындағы сөз аймақтарының зақымдануынан сөздің барлық құрылымы ыдырайды;

б) алалиясөзге дейінгі кезеңде ми қабығындағы сөз аймақтарының зақымдануынан сөздің жүйелі дамымауы;

в) дизартрия сөз бұлшықеттері иннервациясының бұзылуынан сөздің дыбысталуы бұзылады. (Иннервациябелгілі бір органдардың немесе ұлпалардың жүйке жүйесімен қамтылуы).

II. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық өзгерістерімен байланысты тілдік бұзылулар:

а) тұтығу;

б) мутизм және сурдомутизм.

III. Артикуляцияның органикалық-құрылымдық кемістіктерімен байлансыты тілдік бұзылулар:

а) механикалық дислалия;

б) ринолалия.

IY. Әр түрлі себептерге байланысты болатын тілдік дамудағы артта қалушылық:

а) шала туғанда;

б) ішкі органдардың асқынуына байланысты ауру жағдайларында;

в) педагогикалық немқұрайлылық.

Афазиями қабығындағы сөз аймақтарының - маңдай тұсының төменгі иірімдері немесе төбе, самай, желке тұстары зақымдануынан пайда болады. Үлкен адамдарда орталық жүйке жүйесінің қан айналымы бұзылуы нәтижесінде мидағы тілдік аймақтарға қан құйылудан (инсульт) болады. Ал балаларда бас ми жарақатынан, бас ми қысымынан, ми қан тамырларының құрылымдық бұзылуларынан, қан ауруынан (гемофилия), нейроинфекциялардан (менингит, энцефалит, полиомиелит), ми ауруларынан пайда болады. Афазияның мынандай түрлері бар: моторлы - өз сөзіе емін-еркін қолдана алмау, сөздік қозғалыстардың шектелуі; сенсорлы - айтылған сөзді түсінбеу, қабылдай алмау, амнестикалық – жекеленген сөздер мен олардың мағынасын ұмыту; тотальдық – сөзді айта алмау және түсінбеу.

Алалия – тілдік бұзылулардың ішіндегі күрделі түрі, сөзді меңгергенге дейінгі кезеңде – балалық шақта 2,5 – 3 жаста (сөздік дағдылар меңгеріленге дейін) болады. Себептері бірнеше: өмірге келу кезінде мидың жарақаттануы , миға қан кетуі, ми аурулары (нейроинфекциялық) мен жарақаттары (интоксикациялық, инфекциялық жағдайлар), көптеген аурулардың салдарынан: рахит, тыныс алу жүйелерінің асқынуы, тамақ пен ұйқының бұзылу нәтижесінде, иммундық әлсіреу жағдайларында пайда болады. Алалияның екі түрі бар: моторлы - өз сөзіе емін-еркін қолдана алмау, сөздік қозғалыстардың шектелуі; сенсорлы - айтылған сөзді түсінбеу, қабылдай алмау.

Дизартрия – сөз бұлшық еттері иннервациясының бұзылуынан сөздің жылдамдығы, мәнерлігі, құрылымы немесе сөздің дыбысталуының бұзылуы. Дизартрия орталық жүйке жүйесінің күрделі зақымдану нәтижесінде пайда болады. Эмбриондық кезеңдегі мидың зақымдануымен және ми бөліктеріне ауа жетіспеу (гипоксия), қатерлі жұқпалы аурулардан зақымдануына байлынысты бес түрі бар: бульварлы, псевдобульварлы, ми қабықасты, мишықтық, ми қыртысты. Аталған зақымдану нәтижелерінде сөз мүлде түсініксіз, себебі сөздік артикуляциялық бұлшықет қозғалыстары шектелген, параличке - парезге ұшырайды немесе анартрия деп аталады.

Артикуляциялық органдардың бұлшықеттерінің зақымдауына байланысты дизартриялық белгілер тілдің дыбысталуында білінеді. Мысалы, жұмсақ таңдай бүлшықеттерінің зақымдануында дыбыс мұрынмен шығады; көмей бұлшықеттері зақымданғанды дауыс қырылдап шығады. Бұндай құбылысты афония деп атайды. Сондай-ақ гиперкинез -ырықсыз қозғалыстар байқалады. Орталық жүйке жүйесінің функционалды өзгерістерімен байланысты туындайтын тілдік бұзылулар сыртқы ықпал етуші себептерден болады.

Невроздық жағдайларда тілідік невроздар немесе логоневроздар пайда болады. Оларға тұтығу, мутизм және сурдомутизм жатады. Невротикалық тұтығулардың негізгі себерптері: ағымды және күрделі психикалық жарақаттар – қорқу, қалыпты тіршілік стереотипінің аяқасты өзгеруі (жақын адамынан айырылу, больницаға түсу және т.б.) жатады. Тұтығудың туындауына жақын себептер де бар және оларға жүйке – психикалық дамуының туа біткен ерекшеліктері, әртүрлі ауруларға байланысты организимнің әлсіреуі, тәрбиелік қателіктер, тілдік аппараттарға артық салмақ түсіру, тілдік дағдылармен олардың дамуына көңіл бөліну жатады. Невротикалық түтығудың шығуына еліктеу факторы маңызды орын алады және жағымсыз шартты рефлекске тез айналады. Бала тұтығу белгілерін бірден сезінеді, бұл реакция баланың жас және жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты. Тұтығатын бала қарым – қатынастан қаша бастайды. Сөйлеу барысында вегататитвті тамырлары мен оған қатысты қозғалыстардағы бұзылулар байқалады. Невротикалқы тұтығудың негізгі белгісі логофобия – сөзден қорқу. Логофобияның пайда болуы невротикалық тұтығуды асқындырады, қозудың артуы, ұйқының бұзылуы, кей жағдайларда түңгі уақытта кіші дәретін, ықылықты ұстай алмау және т.б. байқалады.

Тұтығу-тыныс алу мен дауыс бұлшықеттеріндегі тоникалық тырысқақтардын басталады. Тұтығудың физиологиялық механизмі сөйлеу барысындағы тыныс шығарудың бұзылуымен байланысты. Тырысқақтар біртіндеп артикуляциялық аппараттардағы бүлшықеттерге ауысады. Сөйлеу барысында тұтығатын адамның тыныс алуы бұзылып, бұлшықет тонусының артуы байқалады. Тұтығудың мынандай түрлері бар: тоникалық тұтығу – бала аузын ашып, сөйлей алмай, алғашқы буында тұтығады (к-к-к-кітап); клоникалық тұтығу – соңғы буында тұтығады (кіта-а-а-а-ап).

Тілдік бұзылудың невротикалық формасына мутизм мен сурдомутизм жатады. Мутизм (мылқаулық) өте ауыр психиклық жарақаттардан кейін пайда болуы мүмкін. Сондай – ақ басқа да невротикалық бұзылулармен көрініс табады. Аталған көріністерге сурдомутизм – естіметің мылқаулық жатады. Мутизм көп жағдайда қоршаған жағымсыз ықпалдарға пассивті реакциясы ретінде де болады. Бұл жағдайда элективті – таңдамалы сипатқа ие болады. Мысалы: белгілі бір адаммен өкпе немесе кек қайтару мақсатында сөйлемеу; кейбір жағдайларда бала тек үлкен адамдармен ғана сөйлеспейді. Мутизмнің негізінде баланың қалыптасқан күрделі жағдайлардан құтылу реакциясы жатыр.



Дислалия – дыбыстық бұзылу. Механикалық және функционалдық түрлері бар. Механикалық дислалия перифериялық тілдік аппараттардың органикалық кемістіктеріне байланысты мынандай түрлері бар: тіл асты (уздечка) қысқа болуы; жақтың кемістігінен аномалиялық жағдайлар - прогнатия үстіңгі жақтың шығыңқы болуы, прогения – астынғы жақтың шығынқы болуы.

Ринолалия – сөз аппаратарының анатомиялық физиологиялық кемістіктерінен сөздің дыбысталуы бұзылады. Мұрың және ауыз жұтқыншақ, таңдай резонаторларының бұзылуынан болады. Аденомалық өсінділер, мұрын полиптері, фибриома немесе т.б. ісіктерден, мұрын жарақаттарынан, іштей туа біткен жырық ерін, ерін мен таңдай кемістіктері де жатады. Мұндай балалар еме не сора алмайды, иммунитеті біртіндеп төмендейді, тыныс алу (бронхит, пневмания), рахит, анемия, есту органдары ауруларына (отит) жиі ұшырайды.

29- Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет