Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Тақырыбы: Психосоматикалық бұзылулар



бет6/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,41 Mb.
#918
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Психосоматикалық бұзылулар

Сұрақтары:

  1. Психосоматикалық аурулар сипаттамасы

  2. Психосоматикалық бұзылулардың дамуы мен тұрақты болуы

Психосоматика – медициналық психологияның бір саласы, әртүрлі психологиялық факторлардың арқасында пайда болатын соматикалық аурауларды зерттейді. Гиппократ – психика+сома «Всякое расстройство психики сомы является следствием диспропорции и нарушения равновесия между психикой и сомой» (Платон и Аристотель) 19 ғ. бас кезінде психика мен сомо арақасындағы байланыс көп зерттелік, бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт қалыптасты: психосоматика.

Психосоматика – соматикалық аурулардың психогенезін зерттеу. Кез келген сыртқы ықпалдар сенсорлық жүйеге әсер ете отырып, организмнің жауап беру реакциясын (қысымын) туғызады. Физиология тілінде нейро-вегативті эндокриндік арқылы соматикалық өзгерістерге ұшырайды.



Психосоматикалық белгілерге байланысты теориялар:

  • ағзалардың бұзылуға бейім болуы.(конститутциялық тұқымқуалаушылық)

  • пренеталды және өмірінің алғашқы жылдарындағы контитутционалдық бейімділік

  • функционалды органдарындағы белгілер, жеке адамның өте кешірек кезеңіндегі өзгерістер

  • ағзаның әртүрлі жарақаттар мен инфекциялардан кейінгі әлсіреу

  • психологиялық стресс кезіндегі ағзаның белсенділігінен

  • жеке адам жүйесіндегі ағзаның белгілік маңызы

  • психологиялық дамудың кешеуілдеуі нәтижесіндегі ағзаның функциясы

Психосоматикалық бұзылулардың қалыптасуына байланысты бірнеше модельдері бар:

  • психофизиология

  • психодинамика

  • жүйелі-теориялық

  • социопсихосоматикалық

Психосоматиалық бұзылуларды үш топқа бөлеміз:

  • конверсионды симптомдар

  • функционалды симптомдар (органикалық неврозы)

  • психосоматикалық аурулар немесе ағзалық психосомотоздар

Психосоматикалық аурулар дегеніміз өткір және созылмалы сипаттағы психотравматикалық уайымдар: брохты астма, гипертония, стенокардия, язвенный калит және т.б. Негізгі себебі – стресс. Психикалық стресс фактор аффективті қысымға әкеледі, нейроэндокриндік және вегетивті жоғарғы жүйке мөлшерден тыс белсендіреді, ал осы белсенділік ішкі ағзалар мен қан жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Алған кезде болғанмен, қайта-қайта қайталануы органикалық өзгерістереге функционалды сипатта дейін әкеледі. Конверсионды симптомдар – невротикалық дау-дамайлар екінші соматикалық жауап (амнезия, тряс). Функционалдық симптомдар – ағзалық невроздар: симптомдар, синдромдар, жүрек-тамыр, асқазан-ішек, тыныс алу, зәр шығару және қозғлыс т.б бұзылулары.

Жүрек-тамыр жүйелері бұзылуындағы тән белгі «жүрек неврозы» немесе вегативті-тамыр дистониясы. Жүрек неврозы немесе функционалды бұзылуына жүрек қысымы бұзылуынан болатын тахикардия, жүрек жүрек соғысының жиілеуі, тартылуы, қысқа аритмиялар жатады.

Вегативті жүйке жүйесі симптоматикалық және парасимптоматикалық болып бөлінеді және симптомдары әртүрлі болады: симпатикотоникалық және вагоинсулярлық. Симпатикотоникалық түрінде адамның терісі құрғақ, бозғыл, аяқ-қолдары суық, температурасы тұрақсыз, тахикардияға бейімділік, бұлшықет дірілі, артериялық давление (қысым) жоғарлауы, жүрек айналасындағы жағымсыз жағдай байқалады. Ваготониялық түрінде – денесі суық, дымқыл, терісі бозғыл, артериялық гипертония, тыныс алу аритмиясы, естен тануға жақын, салмақ қосылу байқалады.

Себептері: қазіргі өркениеттілік, компьютеризация, автоматизация мен механизация, дұрыс тамақтанбау: синтетикалық, генно-инженерлік, химиялық құралдары бар өнімдерді пайдалану. Л.Л.Рахлин адамның ауруға қарым-қатынасын былайша топтастырған:


  1. депрессивті-астеникалық

  1. психоастеникалық(фобия, жабысқақ ойлар)

  2. гипохондриялық (өзбетінше болжау әртүрлі мамандарға қаралу)

истериялық

  1. эйфория-анозогнозиялық (ауруын мойындамау, денсаулығына зиян келтіру)

Ата-аналарының негативті қарым-қатынасы мен тәрбиенің қатаң әдістері жасөспірімдердің мінез-қылық девианттылығына реакцияларын, тұқымқуалаушылық пен байланыстылығын ғалымдар дәлелдеген.

Синдром Клайнфельтера (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалддарын зерттеу жүргізілуде. Қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық, бұл жағдайды «хроиосомы-убийцы». ХУУ – ХХУбалаларында ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі), агрессивті мінез-құлық байқалады.

Көптеген психикалық бұзылулар қалыпты жағдайдан патологиялық жағдайларға өтуге әсер етеді. Қобалжу мен көңіл-күйдің бұзылуы мен депрессия психиканың эмоционалды эксремалды көрінісі. Стресс- адамда қандай да бір күшті сыртқы әсерлердің ықпалынан туындайтын қысым күйі. Стресс дегеніміз- органтзімнің өзіне қойылған кез-келген қалыпқа қайтарған спецификалық емес жауабы.

Г.Селье адамның күнделікті өмірінде стрестің екі түрін бөліп көрсетті: эустресс және дистресс; эустресс жағымды эффектілігімен үйлестік болса , ал дистресс әркез жағымсыз, ол организмге зиянды.Стрестен қашуға болмайды., бұл мүмкін де емес . Тіпті ұйқыдағы адам біршама стресс сезінеді : жүрек қанды айдап жатса , ішек иамақты қорытып , ал дем алу бұлшық еттері кеуде клеткасының қозғалысын қамтамасыз етеді . Тіпті мидың өзі түс көру кезінде толық дем алмай, жұмыс атқарып жатады.

Стрестен толық бостандық өлім деген сөз. Сельнің гипотезасы бойынша депривация (тітіркендіргіштердің жоқтығы) және шектен тыс тітіркендір бірдей мөлшерде стрестің өсуіне , тіпті дистреске жеп соғады . Сондықтан , стрестен қашудан гөрі , оны қалай жағымды пайдалануды ойлауымыз керек Сельенің айтуынша: «Өз өміріміздің мәнді болуы үшін бз өз алдымызға күрделі және ұзақ уақыттық міндет қоюымыз қажет. Біз оған жету қысымды жұмысты қажетт ететін мақсатқа ұмтылуға тиіспіз . Мұндай мақсаттың жоқтығы –асқазан жарасын, инфаркт, гипертонияны тудыратын, ең мықты стрестердің бірі.»

Қазіргі өркениетті қоғамда адамдардың белгілі бір бөлігінде стрессор мен стрессорлық реакция арасындағы қатынас бұзылған. Мұндай бұзылулар егер олар ұзақ уақыт бойы әсер ететін болса, адамның денсаулығына зор нұқсан келтіріп, ауыр науқастарға әкеп соқтығады.

Шектен тыс стресс көптеген аурулардың пайда болуы мен дамуына әкеледі .Стресс тек қана психикалық қызметтің бұзылуына емес ,кез-келген аурудың себебіне айналуы мүмкін
30- дәріс

Тақырыбы : Ауру туралы түсінік

Сұрақтары:


  1. Ауру туралы түсінік

  2. Стресс ауруды тудырудың негізгі себептері

  3. Стресстің түрлері, белгілері

Адамның жаны мен тәнінің қалыпты жағдайлардағы дамуындағы дисгормониялық ауытқулар ішкі және сыртқы себептерге байланысты.

Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап, физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар . Дене бітімі дамуынан псих-қ дамудың артта қауіпі ретардация деп аталады. Ретардация да дене бітімі және психикалық болып 2-ге бөлінеді . Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты.

Эндогендік себептерге жас және соған байланысты себептер мен жеке адамның ауруға дейінгі ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады . Мысалы истериялқ реакциялар жиі ұстамсыз адамдарда дамиды . Жабысқақ түрдегі невроздар мазасыз күмәншіл адамдарда жиі болады.

Психологиялық дамудағы экзогендік себептерге –аурудың зардабынан (менингит, энцефалит)болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік . Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не « ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады)

Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады. Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар. Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды, екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті.

Мутациялар сыртқы себептердің, мутагендердің арқасында пайда болады, мысалы: клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері . Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ауру тудыратын фенотип пайда болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор .

Тұқым қуалайтын ауруларға әсер ететін сыртқы себептер митозды өзгертеді (митоз –аутосомдардың бөлінуі, ал мейоз – жыыстық хромосомалардың бөлінуі). Осының салдарынан санасы келе балалар туады. Туған балалардың сана кемістігінің 80 % сыртқы себептерге байланысты екені белгілі. Сыртқы себептер тұқым қуалайтын факторлардан айнымайтын дамуда өзгерістер тудырады. Экологиясы нашар аудандарда тұқым қуалайтын аурулардың кең тарағаны жоғарыда айтылғанды айқындайды. Мысалы, Семей ядролы аймағында туған балалар дың арасында тұқым қуалайтын ,соның ішінде психикалық аурулармен ауырғандардың саны көбейді.

Сыртқы себептер организмнің тұқым қуалайтын ауруларды тез қабылдауын анықтауға үлкен көмек көрсетеді.Тұқым қуалағыштық жағдайдың бәрінде де ауру пайда болу міндет емес. Мұндай жағдайдың 1/3 де ауру пайда болып, ал 2/3 де ауру дамымайды. Ауру пайда болу үшін сыртқы себептердің жиынтығы қажет. Ресейдің медицина ғылымдар академиясының психиатрия институтының мәліметтері бойынша тұқым қуалағыштық себептердің мәні әсіресе бала кезде зор. 10 жасқа дейінгі ауырған балалардың жақындарының 51% осы аурумен зақымданған ,40 жастан кейін ауырғандарда бұл процент 19 –ға дейін төмендейді. Жас ұлғайған сайын тұқым қуалағыштық себептің әсері азайып,тал сыртқы факторлардың әсері жоғарлайды.

Тұқым қуалайтын аурулар арасында хромосома патологиясынан пайда болған аурулар үлкен орын алады. Бұл хромасомалы аурулар. Бұл аурулар жағдайында психикалық дамуда өзгеріс болады.Мысалы ,көп кездесетін Даун ауруы .Қазіргі кезде Даун ауруының пайда болуы аутосомадағы өзгерістерге Байланысты әрбір клетканың ядросында хромосомалар бар . Адамда олардың саны 46, аутосома саны 44 және 2 жыныс хромосомаласы бар. Олар жұптасып орналасады ,22 пар аутосома , 1 пар жыныстық хромасома) Даун ауруында хромосомалық карта болып саналатын кариотипте (кариотипті анықтау үшін қанның лейкоциттері не ауыздың кілегей қабатын алады) өзгерістер болады: 21 пар хромосомада 2 хромосома орнына 3 хромосома болады (3 хромосома түрі ) Бұл өзгерістер тұқым қуады. Аурудың тұқым арқылы берілуі хромосомалардағы ДНҚ (әр клеткадағы дизоксирибонуклеин қышқылының ұзындығы 6 м ) арқылы . Онда тұқым қуалағыштық барлық мәлімет ,соның ішінде патологиялық ақбарлар сақталады.

“Стресс” сөзі қазіргі уақытта біздің күнделікті тілдік қолданысымызға енген , оның құрамдас бөлігіне айналып отыр . Күнделікті өмірдегі шектен тыс психикалық ауыртпалықтар стрестік ситуацияларды туындатады. Стресс- адамда қандай да бір күшті сыртқы әсерлердің ықпалынан туындайтын қысым күйі. 1936 жылы “nature” журналында «Редакторға хат» бөлімінде жас зерттеуші Ганс Сельенің «Әр түрлі жағымсыз агенттердің әсерінен туындайтын синдром» деген қысқа мақаласы жарық көрді; осы кезден стресс туралы концепция бастау алады. “Стресс” термині (ағыл.)- қысым , күштену дегенді білдіреді , медицинада оны алғаш рет Ганс Селье еңгізген.

Стресс туралы негізгі ілімді салған Ганс Селье(1907-1982)-дәрігер, дүние жүзіне әйгілі Канадалық биолог, Дүниежүзілік стресс институтының директоры, елу жыл бойы жалпы бейімделу синдромы мен стресс мәселелерін қарастырған. Стресстік механизмдерді зерттей келе Селье стрессорлық реакциялардағы гормондардың рөлін анықтаған.

Әйгілі француз физиологы -стресс туралы ілімнің пайда болуына көп уақыт дейін тірі организмнің ішкі ортасы сыртқы ортаның кез-келген толқуларында да тұрақтылықты сақтауы қажеттілігін атап көрсетті . Оның ойынша «дәл осы ішкі орта тұрақтылығы еркін және тәуелсіз өмірдің шарттары болып табылады». 50 жылдан соң американ фмзиолог Кеннон «гомеостаз» терминін енгізді, (ежелгі грек тілінен –homois- бірдей және jtasis-күй ), яғни тұрақтылықты сақтау қабілеті. Ашыққанда, қорыққан кезде, ашуланғанда, ауру тітіркендіргіштердің әсері кезінде дем алу жиілеп, жүрек соғуы жиілеп, артериялық қан қысымы көтеріледі, осыдан қанның оттегімен қоректенуі өсіп, оны ұлпалар мен органдарға жеткізу жеңілдейді. Бұл реакциялар спецификалық емес сипатқа ие және ішкім орта тұрақтылығын сақтауға ,немесе гоместазға ықпал етеді.

Селье алғаш рет организмнің кез-келген ауыртпалыққа стреотипі жауап беруі мәселесін қарастырды. Әр түрлі аурулармен ауратын науқастарда көптеген белгілері мен симптомдары бірдей? Көп қан кетуде де инфекциялық ауруларда да жалпы әлсіреу ,тәбет пен бұлшық ет күшінің жалғауы, апатия, дене салмағының төмендеуі және т.б. Селье мұны «ауру синдромы» деп атап, егеуқұйрықтарға зерттеу жүргізеді. Оларға біздерден , тазартылған , токсиндік сұйықты бергенде органдарда бірдей уақытта өзгерістердің стереотипті жиыны пайда болған. Бұл синдромға кіргендер: 1) бүйрек үсті безінің қыртысының өсуі және белсенділігі; 2) айырша безінің атрофиясы; 3) асқазан-ішек трактында жаралардың пайда болуы

Қазіргі уақытта жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфракты) барлық өлім жағдайларының 50 % жағдайларының себебі стресс болып отыр. Эмоционалдық шектен тыс қысымнан туындайтын-стресстік аурулар немесе Селье айтқандай бейімделу ауруларына мыналар жатады: асқазан- ішек трактатының кейбір аурулары, невроздар, қатерлі ісіктер, диабет және т. б.

Зерттеушілер мен клиницистердің айтуынша, стрессорлық реакцияның ең соңғы негізгі органы жүрек-қан тамыр жүйесі болып табылады. Шектен тыс стресстен туатын жүрек қан тамыр аурулары: жүректің ишиемиялық ауруы, инфаркт миокардты, гипертония, аритмия, Рейко ауруы.

Жүректің ишиемиялық ауруы стреспен тығыз байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, жауапкершілікті жұмыс, агрессивтілік, организмнің мүмкіндіктерінен асқан интенсивті және темпі жоғары өмір сүру салты жастардың осы ауруға ұшырауына негіз болады. Сонымен қатар: майлы диета, өте майлы тамақ стресстің организмге әсері үшін катализатор болып табылады.

Психоәлеуметтік бұзылулар артериялық қысымның көтерілуінде маңызды роль атқарады, және бұл процесс созылмалы болып, гипертонияға әкеп соғуы мумкін. Жүрек аритмиясының пайда болуы ұсақ қан тамырларының бітелуі немесе симпатикалық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен байланысты.Мигрень және Рейно ауруы стресс әсерінени болатын қан тамырлар спазмасының бұзылуымен байланысты. Рейно ауруларында суық немесе эмоциялық дистресс қол ,аяқ сүйектері мен саусақтардың қан тамырларының спазмасын , яғни тарылуын тудырады.

Шектен тыс стресс пен асқорыту органдардың аурулары ежелден бір-бірімен байланысты екені белгілі болған. Шектен тыс стресс әсеріне болатын асқазан-ішек трактаның аурулары: асқазан мен он екі елі ішек жарасы, жаралы колит. Ашу мен ызадан туындайтын эмоциялар асқазанда қышқыл мен пепсиннің көп бөлінуімен қоса жүреді , ал депрессия кезінде асқазан сөл бөлуімен қоса жүреді , ал депрессия кезінде асқазан сөл бөлуі азаяды. Әдетте асқазанның қабығалары ішкі қышқылдан қорғаныш қабатпен бөлініп тұрады. Ал жараның пайда болуы эмоционалдық және генетикалық факторларға тәуелді. Асқазан ауруына бейім адамдарда стресс жағдайында жара пайда болады, организмнің иммундық қызметі әлсірейді .

Жаралы колит, жуан ішектің шырышты қабығының жаралануымен стпатталады. Ашу және ренішпен байланысты эмоциялар ішектеи жараларды тудырады. Стрестен туындайтын дем алу жүйесінің бұзылулары -аллергия , бронх астмасы. Аллергия – бұл кейбір адамдардың белгілі бір заттарға болатын шектен тыс сезімталдығы. Адам аллергияға ұшырағанда организм қорғаныш реакциясымен жауап береді.

Бронхиальдық астма дем алудың қиындауымен және дем шығару фазасында сырыл дыбыстарының шығуымен сипатталады, бұл орталық жүйке жүйесінің, араласуымен түсіндіріледі және эмоционалдық, стрессогендік, психоәлеуметтік әсерлерге жауап реакциясы болып табылады. Кейбір ерекше адамдарда конфликтілі ситуациялар дем алудың өзгеруі. Айтылатын шағымдар: белгісіз ауру сезімдері, жүрек айныуы , құсу, кеудедегі жағымсыз сезімдер, т.б. Гипержелдету «күрес-қашу» реакциясы, яғни организм оттегі концентрациясын арттырып, ал көмірқышқыл концентрациясын азайту арқылы әрекет жасауға дайындалады бірақ ешқандай әрекет жасалмайды.

Стресс ревматизмдік артриттердің, бел қақсауының себебі болады. Стреспен байланысты тері аурулары:экзема, бездеулер, (крапивница) қызылша, псориоз аурулары туындайды. Стресс қант диабетін тікелей тудырмаса да, оның алғышарты болып табылады. Адамның психикалық қызметінің бұзылуымен байланысты аурулардың ішінде үлкен орынды невроздар алады және біздің заманымызға тән жүйке жүйесіне түсетін шектен тыс ауыртпалықтармен байланысты.




3. Семинар сабақтарының сұрақтары.

  1. Медициналық психология пәні.

Медициналық психология пәні, ғылыми – зерттеу объектісі, әдістері. Медициналық психологияның шығу тарихы мен қалыптасып дамуы. Қазіргі заман медициналық психологиясының салалары: нейропсихология, патопсихология, психопатология.

  1. Медициналық психолоияның салалары. Медициналық психологиядағы диагностика.

Медициналық психологияның салаларына сипаттама. Нейропсихолоиясының ғылыми маңыздылығы мен жетістіктері. Патопсихологияның ғылыми – зерттеу әдістері. Психодиагностикалық әдістерді қолдану.

  1. Патопсихология және аномальды даму психологиясы.

Патология ұғымына түсінік. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері: морфологиялық, физиологиялық, психикалық. Қалыпты жағдайдан ауытқу себептері. Психиканың аномальды даму белгілері.

  1. Дамудың «бірінші» және «екінші» дефектілері.

Л.С. Выготский концепциясындағы дефектілердің екі тобы. ОЖЖ функциясының жеке және жалпы бұзылулары мен жас кезеңдік даму деңгейіне сәйкескелмеушілік (дамудың кешеуілдеуі, асинхрониясы, ретрадациясы, регресс және акселерациясы) «Екінші» дефектінің шығу механизмі.

5. Психикалық толық жетілмеу

Психиканың толық жетілмеуіне ықпал етуші факторлар. Органикалық зақымданудың шығу себептері мен белгілері. Психикалық толық жетілмеуді диагностикалау.

6.Зақымдалған психикалық даму.

Психикалық дамудағы патологиялық себептердің этимиологиясы. Бұрмалаудың генезі, көріністері және ерекшеліктері. Мінез бітістеріндегі көріністері.

7.Бұрмаланған психикалық даму

Психикалық дамудағы патологиялық себептердің этимиологиясы. Бұрмаланудың генезі, көріністері және ерекшеліктері. Мінез бітістеріндегі көріністері.


  1. Шизофрения және клиникалық көріністері.

Шизофрения туралы түсінік. Шизофренияға тән белгілер. Шизофренияның жас ерекшелік негізіндегі түрлері, көріністері.

  1. Эпилепсия және оның этиологиясы.

Эпилепсия туралы сипаттама. Эпилепсияның пайда болуы. Клиникалық көріністері. Үлкен эпилептикалық талма – тырысқақтар. Кіші эпилепсиялық талма – тырысқақтар.

  1. Невроздар және невротикалық бұзылулар.

Невроздар мен невротикалық бұзылулардың шығу себептері, сипаттамасы. Невротикалық реакциялар. Невротикалық жағдайлар. Истериялар. Невроастениялар. Жүйке – жүйесінің физиологиялық механизмдері.

  1. Психикалық процестердің патологиясы.

Психикалық құбылыстарға сипаттама. Психикалық процестердің үш тобы. Таным бірліктері мен реттеуші қызметтер арасындағы байланыстылық. Паталогиялық ерекшеліктері.

  1. Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы.

Түйсік пен қабылдаудың психофизиологиялық, морфофункциональды сипаты. Анестезия. Гиперстезия және гипостезия. Дереализация мен деперсонализация

  1. Сананың бұзылуы.

Сананың шығу себептері. Сана мидың қызметі. Айқын сана және астар сана. Сана бұзылуының критерийлері. Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, қарауыту, есеңгіреу, делирий.

  1. Ойлаудың клиникалық көріністері.

Ойлау – танымның жоғарғы сатысы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер және олардың дифференциалды – диагностикалық мағыналары. Ойлаудың клиникасы: сандырақ ойлар, жабысқақ ойлар, есеңгіреу.

  1. ЖПФ – дың қайта қалпына келуі.

ЖПФ – лардың локализациялау мәселесі және олардың бас мидағы әр бөлігінде көрінуі. Лурия ілімі. Қалпына келтіру жұмысының маңызы, сипаттамасы.
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары:

  1. Олигофрения мен ПУТ-ын дифференциалды диагностикалау.

  2. Жасөспірімдердің акцентуациялық және психопатиялық мінез-құлықтарын диагностикалау.

  3. Психикалық жетілмеудің диагностикасы мен коррекциясы.

  4. Психикалық дамудың артта қалуын диагностикалау мен коррекциялау.

  5. Жанұядағы жағымсыз тәрбиен диагностикалау мен коррекциялау.

  6. Соматикалық клиникалардағы психологиялық диагностикалау.

  7. Шизофрения жайлы қазіргі теориялар.

  8. Психикалық дамуы артта қалған балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың түрлері мен әдістері.


Медициналық психология пәнінен аралық бақылау сұрақтары

1.Медициналық психология жалпы психология ғылымының саласы.

2.Медициналық психология пәні мен зерттеу обектісі.

3.Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері

4.Медициналық психологияның шығуы мен даму тарихы.

5. Ғылымилығы мен маңыздылығы.

6. Ғылым саласындағы орны

7.Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері

8. Патологиялық жағдайлардың көрінісі Клиникалық психологиядағы себеп-салдарлық байланыстар

9. Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары.

10. Аномальды даму психологиясы

11.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері.

12.Жас кезеңдік дағдарыстар.

13. Психикалық бұзылуларға сипаттама

14. Психикалық бұзылулардың түрлері.

15. Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі

16.Дамудың «бірініші» дефектісіне сипаттама.

17. Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама

18.Психикалық дамудың сипаттамасы.

19. Органикалық зақымданулар.

20. Психикалық толық жетілмеу себептері

21.Психикалық зақымданудың себептері: эндогендік және экзогендік.

22. Жүре пайда болған зақымданулар.

23. Деменция туралы түсінік.

24.Психикалық дамудың патологиялық көріністері.



25. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет