«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



бет15/19
Дата11.02.2018
өлшемі5,9 Mb.
#37518
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Microsoft  Office Publisher программасын не үшін қолданылады?

  2. Программаның қандай мүмкіндіктері бар?

  3. Жариялым дегеніміз не?


Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher программасында буклет жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің дайын шаблондарын пайдаланып, өз беттерімен бос басылымдарда буклет жасауды меңгеру. Форматтау тақтасының компоненттерін буклет жасауда қолдануды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

.

Microsoft  Office Publisher 2003 программасында дайын шаблондар көмегімен басылымдар дайындауға болатыны белгілі. Солардың бірі буклеттер жасау. Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады. Буклеттің түрлері: ақпараттық (информационный), прейскурант, оқиға (событие), қамқорлық (благотворительная).



Microsoft  Office Publisher 2003 программасында шаблондар есептер облысында (область задач) орналасқан. Ол терезенің сол жақ бөлігінде орналасады. Бұл терезені шығару үшін Түр (Вид) мәзірінің Есептер облысы командасын орындаймыз немесе CTRL+F1 пернелерін басамыз.
Тапсырма:

Қосымша №7 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Microsoft  Office Publisher 2003 программасын жүктейміз.

  2. Есептер облысынан Жаңа басылым құру (Создание новой публикации)-Басылымдар (Публикации) – Буклеттер – Ақпараттық (Информационные) командасын таңдаймыз.

  3. Ашылған шаблондардың ішінен Затмение шаблонын таңдаңыз. Дайын шаблон ашылады.

  4. Енді осы шаблонға Семей мемлекеттік педагогикалық институтының информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы жайлы қажетті ақпараттарды енгізіңіз.

  5. Ұйым атын жазуға арналған мәтіндік өріске Семей мемлекеттік педагогикалық институты мәтінін теріңіз. Қаріптің аты - Courier New, өлшемі – 16, түсі – қызыл түсті, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  6. Келесі өріске информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Bookman Old Style, өлшемі – 18, түсі – жасыл, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  7. Суреттің орнына осы кафедраның саласына байланысты сурет орналастырыңыз. Ол үшін Кірістіру (Вставка) - Сурет (Рисунок) – Картиналар командасын орындаңыз. Ашылған терезеден қосымшадағы суретті тауып қойыңыз. Форматтау тақтасынан Көлеңкелер (тени) компонентінен екінші стильді таңдаңыз.

  8. Ұранға арналған мәтіндік өріске «Оқы, оқы және оқы» мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Comic Sans MS, өлшемі – 16, түсі – көк, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  9. Келесі өріске телефон номерін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Courier New, өлшемі – 14, түсі – қара, туралау – ортасы бойынша.

  10. Алдыңғы зертханалық жұмысты еске түсіре отырып, сол тәсілмен эмблеманы қосымшадағы түрге келтіріңіз.

  11. Адрес көрсетуге арналған өріске адресті енгізіңіз. Қаріптің атауы - Times New Roman, өлшемі – 12, түсі – қара, туралау – ені бойынша. Тышқан курсоры көмегімен объектілерді белгілеп алып орнын, көлемдерін қосымшадағыдай етіп орналастырыңыз.

  12. Келесі беттегі өріске Кафедра жайлы... мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Bookman Old Style, өлшемі – 16, түсі – жасыл, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  13. Келесі өріске кафедра жайлы ақпаратты тереміз. Қаріптің атауы - Kz Times New Roman, өлшемі – 16, түсі – қара, жартылай қарайтылған, көлбеу, туралау – ені бойынша. Форматтау тақтасындағы Жоларалық интервал компоненті көмегімен интервалды 1,35–ке өзгертіңіз.

  14. Буклеттің бірінші және соңғы беттерінің шектеулерін өзгертіңіз. Ол үшін сол беттердегі сыртқы тіктөртбұрышты белгілеп алып, Форматтау (Форматирование) тақтасындағы Түзудің немесе шектеудің түрі компоненті көмегімен қажетті шектеуді таңдайсыз.

  15. Форматтау тақтасынан Көлеңкелер (тени) компонентінен эмблемаға өз еркіңізбен стиль таңдаңыз.

  16. Буклеттің ішкі бетін өз еркіңізбен толтырыңыз.

  17. Басылымды БУКЛЕТ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

    1. Буклет дегеніміз не?

    2. Буклеттің қандай түрлері бар?

    3. Есептер облысын экранға қалай шығарады?



Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-де бос басылымдарды таңдап, кітапша жасауды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

Microsoft  Office Publisher жариялымдар, іскерлік құжаттар құруға арналған офистік прогамма. Microsoft  Office Publisher-де жұмыс істеу қолайлы. Дайын үлгілермен, макеттермен тез, көрнекі жариялым құруға болады. Құрылған құжатты сақтау форматтары да оның басқа программалармен байланысын жеңілдетеді. Мәтін енгізі үшін Құралдар параметрлерінің тақтасынан жақтауша батырмасын таңдаймыз (Сурет 14). Мәтін енгізу аймағы пайда болады да, мәтінді теріп енгіземіз.





Сурет 14. Құралдар параметрлерінің тақтасы

Publisher қосымшасында мәтіндерді өңдеудің екі түрі бар: символдарды өңдеу және абзацтарды өңдеу. Абзацтарды өңдеу көбінесе мәтіндік өрістерді таңдау арқылы орындалады. Символдық өңдеуге мәтін тұрған өрісті емес, мәтіндерді ерекшелеу жатады.

Publisher қосымшасында әртүрлі элементтерді бір бетке орналастыруға болады. Барлық көңіл құжаттың жалпы түріне бөлінеді. Ұстақ-түйектерді де ұмытпау керек, бірақ та құжаттағы элементтердің бір бірімен қалай орналасқаны әсер қалдырады.

Publisher қосымшасында открыткалар, бюллетень, күнтізбелер, брошюралар, каталогтар және т.б.с.с көптеген баспа өнімдерін компьютерде орындап, принтерден шығара аласыздар.


Тапсырма:

Қосымша №9 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1. Microsoft Publisher 2003 программасында бос басылым құру үшін Есептер облысынан (Область задач) Бос басылымдар (Пустые публикации) командасын таңдаймыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 15):



Сурет 15. Бос басылым құру терезесі

2. Осы жерден Кітап түрінде бүктеу (Книжный сгиб) түрін таңдаймыз. Келесі сұхбат терезеде сізден беттерді автоматты қосу керек пе, әлде жоқ па екендігін сұрайды. Иә (Да) батырмасын басыңыз (Сурет 16). Сурет 16. Бет қосуды сұрау

Басылым келесі түрге келеді (Сурет 17):

Сурет 17. Параметрлерді өзгерткеннен кейінгі басылым түрі

3. Файл – Бет параметрлері (Параметры страниц) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 18):



Сурет 18. Бет параметрлері терезесі

4. Басылым типі (Тип публикации) өрісінде автоматты түрде Брошюра типі таңдалып тұрады. Ені (Ширина) өрісіне – 28см, Биіктігі (Высота) өрісіне – 19см мәндерін енгіземіз. Бағытына (Ориентация) альбом түрін таңдаймыз, ОК батырмасын шертеміз.



4 беттен тұратын басылым келесі түрге келеді (Сурет 19):

Сурет 19. Параметрлері өзгерген басылым түрі

5. Есептер облысынан (Область задач) Басылымдар макеті (Макеты публикации) бөлімін ашамыз. Сол жақта ашылған макеттердің ішінен ВЕЧЕРИНКА макетін таңдаймыз. Түстік схемадан ВОСХОД схемасын таңдаймыз 2,3 беттерге ПИКСЕЛЬ макетін қоямыз. Түстік схемадан Вереск схемасын таңдаймыз

6. Кірістіру (Вставака) – Беттер номерлері (Номера страниц) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 20):





Сурет 20. Бет номерлері терезесі

Орналасуы (Положение) өрісінен Беттің төменгі жағына (Внизу страницы), Туралау (Выравнивание) өрісіне Оң жақ (Вправо) таңдаймыз. Бірінші бетке номер қою өрісінен жалаушаны алып тастаймыз.

7. Басылымның бірінші бетіне Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунок) - WordArt объектісі (Объект WordArt) командасын орындаймыз немесе Объектілер

тақтасынан сәйкес компонентті таңдаймыз. . «Шақыру билеті» мәтінін теріп, оның түсін түстік схемаға сай келетіндей етіп өзгертеміз. WordArt компонентінің форматын өзгертуді MS Word 2003 мәтіндік процессорын оқығанда өткенсіздер.

8. Екінші бетке Объектілер (Объекты) тақтасынан Жазу (Надпись) компонентін таңдап орналастырамыз. Қосымша №5-тегі мәтінді енгіземіз. Қаріп атауы - Comic Sans MS, өлшемі – 18, туралау – сол жақ бойынша.

9. Үшінші бетке қосымшада көрсетілген суретті орналастырамыз. Басылымға сурет қою үшін алдыңғы зертханалық жұмысты естеріңізге түсіріңіздер. WordArt компонентін қолданып құттықтау сөздерді теріңіз.

10. Соңғы бетіне ұйымның эмблемасын орналастырыңыз.

11. Басылымды сақтаңыз. Қосымша № 9


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет