«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



бет16/19
Дата11.02.2018
өлшемі5,9 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Бос басылымды қалай құрады?

  2. Бос басылымдардың қандай түрлері бар?

Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері
Мақсаты: PageMaker-дің терезесімен танысу. Басылымдар құруды, ашуды, жабуды, сақтауды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Adobe PageMaker беттеуді жүзеге асыруға өте қолайлы және мүмкіндіктері көп программалық жабдық. Мұнда газет, журналдарды дайындауға болады, сонымен қатар, басқа да басылым түрлерін жасай аласыз. Мәтін мен иллюстрациялар қолда бар жағдайда, баспа жүйесімен жұмыс істеуге кірісу керек. Мәтінді мәтіндік редакторда терген ыңғайлы, өйткені онда беттеу бағдарламасына қарағанда редакциялау, орфография мен грамматиканы тексеру мүмкіндігі молырақ. Иллюстрациялар кез келген графикалық редакторда дайындалуы мүмкін (кәсіби мамандар Adobe PhotoShop бағдарламасына жиірек қолданады). Одан кейін мәтін мен иллюстрацияларды импорттап, баспа жүйесімен жұмыс істеуді бастауға болады. Біз үйренетін Adobe фирмасының PageMaker баспа жүйесі - ең кеңінен тараған беттеу бағдарламаларының бірі.


Тапсырма:

Adobe PageMaker-ді жүктеңіз, әдістемелік нұсқауға сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. PageMaker программасын іске қосыңыз (Сурет 21).



Сурет 21. PageMaker бағдарламасының терезесі.

  1. Жаңа басылым құрыңыз. Ол үшін Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз.

  2. Алдарыңда Құжаттар параметрлері терезесі пайда болады. Онда келесі белгілеулерді енгізіңіз:

  • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

  • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

  • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

  • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое), жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.




  1. ОК батырмасын шертіңіз. Келесі терезе ашылады (Сурет 22):



Сурет 22. Жаңа басылымның бос беті

  1. Файл – Сақтау (Сохранить) командасын орындаңыз. Файл атауын public1 деп сақтаңыз (Сурет 23).



Сурет 23. Басылымды сақтау терезесі


  1. Басылымның көшірмесін алып жаңа файл түрінде сақтаңыз. Файл – Сақтау (Сохранить как) командасын орындаңыз. Файл атауын public2 деп жаңа атпен сақтаңыз.

  2. PageMaker программасын жабыңыз.

  3. PageMaker программасын қайта жүктеңіз.

  4. Құрған басылымды ашу үшін Файл – Ашу (Открыть) командасын орындаңыз. Содан соң public1 файлын таңдаңыз. Ашу (открыть) батырмасын шертіңіз.

  5. Келесі басылымды екінші тәсілмен ашыңыз. CTRL+O пернелерін басып, public2 файлын таңдап, ашу батырмасына шертіңіз.

  6. public2 файлының параметрлерін өзгертіңіздер. Ол үшін Файл Құжат параметрлері (Параметры документа) комндасын орындаңдар. Келесі параметрлерді өзгертіңдер: бет форматы – А3, Бет түрі (Ориентация) – Альбом түрі .

  7. public2 файлын сақтаңыздар.

  8. PageMaker программасын жабыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Page Maker программасының атқаратын қызметі қандай?

  2. Page Maker программасын қалай жүктейді?

  3. «Басу жолағы» мен «құрастыру орны» арасындағы
    айырмашылықты түсіндіріңдер.



Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де графикалық элементтермен танысу, жұмыс істеп үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Графикалық элементтер дегеніміз — неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде құралдар тақтасы көмегімен жасалады.



Егер экранда Құралдар тақтасы жоқ болса, онда Терезе (Окно) – Құралдарды көрсету (Показатъ ипструменты) командасын орындаңдар (Сурет 24). Керек құралды таңдау үшін сол құралды тақтадан таңдаймыз. Таңдалған құрал батырмасы «басулы» қалады, ал тышқанның меңзері осы құралға тән қалыпқа түседі.

Сурет 24. Құралдар тақтасы

Тапсырма:

Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:


  1. Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.

  2. Ол үшін public1 басылымын ашыңыз.

  3. Құралдар тақтасынан эллипс құралын белгілеп алып, эллипсті салыңыз.

  4. Бағыттауыш құралын таңдаңыз. Кез келген объектіні ерекшелеу үшін бағыттауыш құралын таңдау керек. Эллипсті бағыттауыш көмегімен ерекшелеңіз.

  5. Ctrl+Alt пернелерін басып тұрып, эллипстің көшірмесін алыңыз. Осы әдіспен енді 8 рет көшірмесін алыңыз.

  6. Ортадағы эллипстің көлемін өзгертіңіз. Ол үшін эллипсті тышқанмен ерекшелейміз, пайда болған маркерлердің көмегімен көлемін үлкейтіңіз.

  7. Құралдар тақтасындағы түзу құралын алып эллипстер араларын байланыстыратын түзулерді салыңыз.

  8. Бағыттауыш құралы көмегімен барлық объектілерді белгілеңіз.

  9. Элемент – Топтау (Группировать) командасын орындаңыз.

  10. Элемент – Шекаралар және бояу (Границы и заливка) командасын орындаңыз. Осы команданы объектінің жанама мәзірінен де таңдауға болады. Келесі сұхбат терезе шығады (Сурет 25):



Сурет 25. Шекаралар және бояу терезесі

  1. Осы терезеде келесі параметрлерді беріңіз: Бояу өрісі – Біртекті (Сплошной), Түс (Цвет) өрісі – Cyan, Бояу өрісі – 4 pt, Түс – Blue.

  2. Құралдар тақтасындағы қол құралын таңдап, бетті құрастыру орнында орнын ауыстырып көріңіз.

  3. Бетті қарау немесе Лупа құралы көмегімен басылым көлемін өзгертіп қарап шығыңыз.

  4. Басылымды БАСПА деген атпен қайта сақтаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Объектілердің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Қандай графикалық элементтер бар?

  3. Графикалық құралдарды атаңыздар және сипаттап шығыңыздар.


Зертханалық жұмыс № 9
Тақырыбы: PageMaker-де мәтінді енгізу
Мақсаты: PageMaker-де мәтін енгізіп, форматтап үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

PageMaker-де мәтіндік блоктар негізгі объектілердің бірі болып табылады. Мәтінді екі тәсілмен алуға болады. Пернетақтадан тікелей басылым бетінде мәтін теруге және құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралы көмегімен енгізуге болады.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    1. Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз. Беттің параметрлері келесі:

      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

ОК батырмасын шертіңіз.

    1. Беттің ортасына бағыттауышты апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Ашылған жанама мәзірден Шынайы өлшем (Реальный размер) командасын таңдаңыз.

    2. Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап кез келген жерге орналастырыңыз. Келесі мәтінді теріңіздер:

    3. Үшінші сөйлемдегі «ауру жұққан» сөзінің соңына курсорды апарып, BackSpace батырмасы арқылы осы сөздерді жойыңыз.

    4. Бесінші сөйлемді Del батырмасы арқылы жойыңыз.

    5. Енді мәтінді азат жолға бөлуді орындайық. Ол үшін төртінші сөйлем басына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз. Мәтін екі азат жолға бөлінеді.

    6. Алғашқы сөйлем мәтіннің тақырыбы болғандықтан осы сөйлем соңына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз.





    1. Басылымды Файл – Сақтау (Сохранить) командасы арқылы ВИРУС деген атпен сақтаңыз.

    2. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді (масштабты) таңдаңыз. Мәтін толық көрінетін және жеңіл оқылатын болсын.

    3. Құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап, курсорды мәтіннің бірінші әріпінің алдына апарып қойыңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басуыл ұстап тұрып мәтінді ерекшелеңіз. Мәтіндік блок енді ерекшеленіп, қара түске боялды.

    4. Мәтін (Текст) – Қаріп (Шрифт) командасын орындаңыз. Қаріп аты – Arial Cyr; өлшемі – 12 пт.

    5. Пернетақтадағы оңға солға бағыттауыштарын бассаңыз, мәтіннің ерекшеленгені кетеді. (Правка) – Барлығын ерекшелеу (Выделить все) командасы арқыыл мәтінді ерекшелеуге де болады.

    6. Тақырыпты ерекшелеңіз. Осы сөйлемді форматтау үшін Басқару тақтасын қолданамыз. Егер ол экранның төменгі жағында жоқ болса, Терезе (Окно) – Басқару тақтасын көрсету (Показать набор управления) командасы арқылы шығарып алыңыз. Осы тақтадағы В таңбасына шертіңіз. Қаріп өлшемін 14 пт деп өзгертіңіз.

    7. Соңғы төрт сөйлемді ерекшелеп алып, осы тақтадағы B, I таңбаларына шертіңіз. Мәтін тек қана қоюланып қойған жоқ, ол көлбеу түрге келді.

    8. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыз.

    9. Жүйеден шығамыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]



Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де мәтінді калай енгізеді?

  2. Мәтінді өңдеу РМ-де қалай іске асырылады?

  3. Қаріптің қандай сипаттамалары бар?


Зертханалық жұмыс № 10
Тақырыбы: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс жасау, мәтіндік блоктарды форматтап үйрену.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Мәтіндік блокты екі әдіспен: пернетақтадан тікелей жарияланымға енгізу; мәтін редакторында жасалған дайын мәтінді импорттау арқылы алуға болады.

Мәтінді енгізгенде мына ережелерді сақтаңдар:



    • жолдардың соңына көңіл аудармаңдар, PageMaker мәтінді бір жолдан бір жолға қалай көшіретінін өзі шешеді;

    • абзацты аяқтау үшін оның соңында ENTER пернесін басыңдар.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. ВИРУС басылымын ашыңыз. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді таңдаңыз. Қол құралы көмегімен бетті мәтін толық көрінетіндей етіп орналастырыңыз.

  2. Бағыттауыш құралы көмегімен мәтіндік блокты көлденең шектеуші сызықтар тұсынан емесе бөлек жерден басыңыздар. Тышқан батырмасын босатпай блокты беттің жоғары жағына апарып қойыңыздар. Осы әрекетті пернетақта көмегімен де орындауға болады. Ол үшін ерекшеленген блокты бағыттауыш пернелері арқылы жылжыту керек.

  3. Көлденең сызықтары тұсынан мәтіндік блокты тышқан курсорымен белгілеп тұрып, жартысына дейін ығыстырыңдар. Нәтижесінде болк қысқарып, жолдардағы сөздер орны ауысқанын көресіздер. Көлденең сызықтардың соңында қызыл белгі пайда болады. Ол мәтіннің сыймай тұрғанын білдіреді (Сурет 26). Қалпына келтірңідер.




Сурет 26. Мәтіннің сыймай тұрған түрі


  1. Мәтіндік блокты екіге бөлуге болады. Мәтіндік блокты қайтадан екі азат жолға дейін ығыстырыңдар. Тышқанды босатыңдар.

  2. Төмен жақта пайда болған қызыл түсті белгіні тышқанмен шертіңдер. Тышқанның бағыттауышына көрінбей тұрған екі азат жол көшеді (Сурет 27).





Сурет 27. Мәтіндік блокты екіге бөлу


  1. Алғашқы мәтіндік блоктың төменгі көлденең сызығын төмен тартқан сайын екінші блок мәтіндері бірінші блокқа көшеді. Осылайша екі блокты біріктіріңдер.

  2. Осы мәтіннің тақырыбын ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - KZ Bookman Old Style ;

    • Өлшемі – 48;

    • Түрі –қарайтылған;

    • Абзац – 0.




  1. Терезе (Окно) – Түстерді көрсету (Показать цвета) командасын орындаңыз. Ашылған түстер тақтасынан Gyan түсін таңдап, оның өңділігін 50% деп бекітіңіздер.

  2. Түстер тақтасын жабыңыздар.

  3. Осы мәтіннің төменгі жағына барып ИНФОРМАТИКА сөзін теріңіз.

  4. Осы мәтінді ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - Comic Sans MS;

    • Өлшемі – 36;

    • Түрі –асты сызылған;

  1. Мәтін (Текст) – Параграф командасын орындаңыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 28). Шегініс сол жақтан өрісіне 5 деп жазыңыз. Осы терезедегі Аралықтар (Интервалы) батырмасын басыңыз. Аралықтар терезесі ашылады. Әріптер арасындағы аралықты 2 деп беріңіз.



Сурет 28. Шегініс терезесі


Сурет 29. Аралықтар терезесі

  1. Мәтінді бағыттауыш құралымен белгілеп алып, жоғары жаққа орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерекшелеп алып, түстер тақтасынан MAGENTA түсін, өңділігін - 70% деп беріңіз.

  3. Құралдар тақтасындағы бұру құралы көмегімен 45о-қа бұрыңыздар.

  4. Мәтінді мәтіндік блоктың ар жағына орналастыру үшін Элемент – Рет (Порядок) – Арт жағына (На задний план) командасын таңдаңыз.

  5. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыздар.


Баспа формасын қолдану
Бекіту сұрақтары
Publisher құралдар тақтасы
Кескін өлшемін өзгерту
Тапсырма: қосымша №5 тапсырмасын орындаңыз. тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Бақылау сұрақтары
Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №2

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу