Басталуы Т. Айбергенов «Ана»



бет6/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba

2. Бегім ана
Бегім Ана – ұлы ойшыл, дін қайраткері Қарабура әулиенің қызы. Кесенесі Қызылорда облысы, Қазалы ауданында орналасқан. Ел ішінде Бегім сұлу туралы деректер мен аңыз әңгімелер, хисса-дастандар көп.
Бегім ана – қазақ жұртшылығы үшін құдіретті есім. Ол адалдықтың, пәктіктің, ар тазалығының символына айналған асыл бейне. Сон­дық­тан Бегім ана туралы аңыз оның дүниеден өткеніне ондаған ғасыр болса да, күні бүгінге дейін елдің жадынан өшпей ұрпақтан-ұрпаққа ұлағат болып, тарап жалғасып келеді. Бегім ана есімін ардақтауда көптеген игі шаралар атқарылуда. Кітаптың ІV тарауында Бегім ана есімін есте сақтауда ел болып атқарылған шараларға кеңінен орын берілген.
Аңыз бен ақиқатқа толы құпия сырлары бар Бегім Ана кесенесі – мемлекет қамқорлығындағы тарихи-мәдени ескерткіш. Арал теңізі жағасындағы Қаратерең ауылынан 30 шақырым оңтүстік шығысында XI ғасырда, бұдан он ғасыр бұрын салынған ескерткіштің қандай болғанын және неден жасалғанын ешкім де айта алмайды.
Аты аңызға айналған Бегім ананың біз біле бермейтін өзіндік құпия сырлары бар. Бегім – тарихта Қарабура әулие деген атпен белгілі кісінің қызы. Осы қызға Санжар патша үйленіпті. Санжар аң құмар, саятшыл адам екен. Аңға шыққан бір сапарында қанжарын үйінде ұмыт қалдырған патша оны алып келуге қасындағы құлын жұмсайды. Бегім қанжарды ағаш үйдің жабығынан құлға ұсынады. Бегімнің сүйріктей ақ саусақтарын көргенде құл есінен танып, қолынан шап беріп ұстап, аттан аударылып құлайды. Біршама уақыттан соң есін жиып, патшаға келеді. Құлдың кешіккеніне патша ашуланып тұр еді. Ақталу үшін оның өтірік айтуына тура келеді. «Мұншама неге кідірдің?» деген патша сұрағына құл: «Сіздің әйеліңіз менің білегімнен ұстап жібермеді...» депті. Ашуға булыққан патша ақылға келместен аңға шыққан сапарын өзгертіп, үйіне қайтады. Келісімен әйелі Бегімнің оң қолын, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіледі де зынданға тастайды. Қансыраған Бегім жылап-еңіреп зынданда жата береді. Бір түні әкесі Қарабура қызының түсіне еніп: «Балам, шыныңды айт. Адал болсаң, Тәңірі жәрдем беріп, жан жараңды да, тән жараңды да жазар. Ал, күнәлі болсаң, Құдайдың қарғысына ұшырарсың»- депті. Сол түні Қарабура әулие Санжардың да түсіне еніп: «Санжар шырағым, сен де менің бір балам едің. Адам өзінің өмірлік жолдасы – әйеліне істің ақ-қарасын анықтап барып, жаза қолданбас па? Егер қызым сенің көзіңе шөп салса, сол бойы өмірлік мүгедек болып, қорлық көріп өтсін.
Ал, адал болса, оның адалдығына араша түспеген еліңді жылан жұтсын»-депті. Шошып оянған патша уәзірін зындандағы Бегімнің не күйде екенін біліп келуге жұмсайды. Сұлу Бегім сол баяғы қалпында зынданда жатыр екен. Патшаның басы қатады. Уәзірлерімен кеңесіп отырғанда, қала ортасына аспаннан алып бір зат түсіп, ішінен шыққан жыландар халықты қыра бастайды. Қасында бірнеше адамымен қашып шыққан Санжар ақыры шөл далада қорлықпен өліпті. Ал, патшаға өкпелеген Бегім тәңірінің құдіретімен құс болып ұшып, теңіз жиегіндегі аралға – қазіргі тұрған жеріне қоныпты-мыс. Сол жерге әкесі Қарабура қызына үй салдырыпты дейді халық аузындағы аңыз...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет