Басталуы Т. Айбергенов «Ана»


І. Келесі сөз кезегі ҚҒӘО әдіскері Куразова Құралай Ілиясқызына



бет4/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba

І. Келесі сөз кезегі ҚҒӘО әдіскері Куразова Құралай Ілиясқызына беріледі.



ІІ. Бүгінгі конференция қонағы С.Байшев атындағы Ақтөбе университетінің қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Т.Ж.Тоқсанбаева

І. «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ» деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
ІІ. Ана –адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Әйел –ананың есімі көне заманнан бері құрмет пен беделге ие болып келеді. Өйткені Ана адамға өмір сыйлап, жер бетіне тек қана жақсылық дәнін себеді.
І.Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту дәстүр жалғастығының құндылықтары, ұрпағына азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет. Ел тарихы мен бүгінгі тәуелсіздік мүддесін үйлестіре қараған Елбасымыз игі дәстүрді жалпы ұлттық идея –«Мәңгілік ел» мұратымен тұтастыра білді. Олай болса «Мәңгілік ел» идеясы аясында қазақ хандығын және мемлекеттілікті қалыптастырып, дамытқан ханымдар мен арулардың ұлт алдындағы еңбегін, тағылымын, мұрасын байыптау –ғылым, білім, мәдениет үшін аса маңызды мәселе. Өйткені өрелі тарихымызда батырлар мен ақындарды дүниеге әкелген, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған аналар –қай кезде де қоғамның бағы мен бағыты, тірегі мен жүрегі, арманы мен жауапкершілігі бола білген.
ІІ. Халықтың тарихи орнын тек билік лауазымы ғана анықталмайтыны, оны анықтау барысында елдік мәртебесі мен парасаты, экономикасы, жер аумағы мен халқы, тіпті саяси істеріндегі әйелдердің үлесі де қамтылуы қажет деп есептейміз. Яғни, хандық туралы толыққанды ұғым қалыптастыру үшін хан ордасында елдік деңгейдегі кеңесімен тарихта қалған –ханымдар мен ханшалар, би мен батырлардың аналары мен асыл жарлары туралы тарихи мағлұматтарды терең зерделеген жөн. Бұлардың ішінде ханға әділдігін айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Айғаным мен Фатима ханшалар, жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, есімдері тұтас жұрттың тәрбие бесігіне айналған Нүрила, Қызай, Қойсана, Қарқабат, Дәулетбике, Бегім ана, Айша бибі сынды аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет