«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Мал сою пунктінің жабдықталуы



Pdf көрінісі
бет103/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   196
Байланысты:
edu kk

Мал сою пунктінің жабдықталуы
Мал шаруашылығының ет бағытындағы малды 14-15 айлығында союға бола-
ды, бірақ бәрі тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты. Кейбір бұқашықтарды 9 
айлығында, ал басқаларды үш жасқа жақындағанда сояды. Кейбір фермерлер қол-
мен сою тәсілдерін қолданады, бірақ одан да тиімді әдіс, әсіресе, мал көп болған 
жағдайда, арнайы жабдықтарды сатып алу болып табылады. Ол құралдармен мал-
ды жансыздандырады, еттің сапасы да сақталады.
Әрбір фермер өз аумағында мал соя бермейді. Малды тірі салмақпен ет өң-
деу зауытына тапсыру кең таралған. Тағы бір тәсіл ет өнімдерін қайтару шартымен 
осындай кәсіпорын қызметін пайдалану болып табылады. Еуропа елдерінде бір-
неше шаруа иелерімен қосылып мал сою цехын сатып алу тәжірибесі қолданыла-
ды. Сонымен қатар цехтарды тоқтатпау үшін басқа кәсіпкерлерге қызмет көрсету 
мүмкіндігі бар.
Ферманың толық жұмыс істеуі үшін:
мал союға арналған қондырғы;
• тоңазытқыш сатып алу қажет. 
Соңғысында ет жақсы сақталады.
Мал сою желілері 10 басқа, 50 және одан көп басқа арналған әртүрлі қуатқа ие 
болуы мүмкін. Бірқатар өндірушілер тапсырысты жеке тапсырыс бойынша орын-
дайды.
Жас малды өсіру технологиясы және ірі қара малды бұзаулауға дайындау
Технологиялық тәсілдер
Айлар
1
2
3
4
5
6
7
8
9 10 11 12
Сиыр мен құнажындарды 
қашыру
Сиырды бұзаулауға дайындау 
Бұзаулату 
Бұзауларды өсіру (емізу)
Бұзауларды енесінен айыру
Бұзауды жаю
Жас төлдерді жемдеу
Жайылымда бағу 


126
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Қызметкерлерді қалай таңдауға болады?
20 шақты мал басына күтім жасауды жүзеге асыру және сонымен қатар барлық 
ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтау үшін бір адам жеткіліксіз болады. 
Фермерге сиырларға қарайтын тәжірибесі бар екі қызметкер ретінде жалдамалы 
жұмыс күші керек болады. 
Қызметкерлердің негізгі міндеттері:
• малдарды азықтандыру;
астын тазалау;
• сиырларға күтім жасау;
• фермада тазалықты сақтау;
• шөп дайындау.
Ірі қара малға үнемі тексеру және егу қажет: ол үшін осы маңызды рәсімдерді 
іске асыратын білікті ветеринар дәрігерді табу керек. Мал сою алдында қажетті 
жұмыстар орындауда тәжірибесі бар уақытша қызметкерлер жұмысқа жалданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет