«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


СІРЕСПЕ – төлдерді 6 айлық және одан  жоғары жастан бастап вакцинациялайды. ЖЫЛҚЫ ОБАСЫ



Pdf көрінісі
бет111/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   196
Байланысты:
edu kk

СІРЕСПЕ
– төлдерді 6 айлық және одан 
жоғары жастан бастап вакцинациялайды.
ЖЫЛҚЫ ОБАСЫ
– аймақтағы
қажеттілік бойынша егеді.
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Меншік нысанына қарамастан, барлық мал иелері міндетті:
• Зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитариялық) талаптар-
ды сақтауға;
• Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіруге;
• Ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз малдары-
ның уақытында егілуі мен диагностикалануын қамтамасыз етуге;
• Сату үшін мал союды сою алдындағы ветеринарлық тексеруден өткізуге және 
сойылғаннан кейін ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізуге;
• Кейіннен сатылуға арналған ауыл шаруашылығы малдарын союды ет өңдеу 
кәсіпорындарында, мал сою пункттерінде не мал сою алаңдарында (ауыл 
шаруашылығы малын сою алаңдарында) жүргізу;
• Ветеринарлық іс-шараларды өткізу бойынша қызметтік міндеттерін орындау 
кезінде ветеринария саласындағы мамандарға көмек көрсету;
• Малды карантиндеу;
• Малды, мал өнімін сатып алуды, тасымалдауды және сатуды тек ветеринар-
лық ілеспе құжаттары болған кезде ғана іске асыру (ҚР аумағы бойынша – 
ветеринарлық анықтама, тыс жерге – ветеринарлық сертификат).
Ветеринарлық қызметке:
• Иелікке түскен мал, оның төлі, оны (оларды) сою не сату туралы;
• Бір мезгілде бірнеше малдың өлім-жітімі, ауырғаны туралы және мамандар-
дың келуіне дейін малды бөлек ұстауды хабарлау керек.
Мал сою пункттеріне қойылатын ветеринарлық 
(ветеринарлық-санитарлық) талаптар
Құрылыс нысанын салу үшін учаскені дөң, тегіс, құрғақ әрі жауын-шашын бас-
пайтын және жел тармақтары ескеріле отырып қорғалған жерден таңдайды.
Жаңа өндіріс объектілерінің құрылысы үшін учаскені бұрынғы мал қыстауы, 
мал қорымы, көң сақтағыштары мен ет өңдеу кәсіпорындарының жерінде таңдауға 
жол берілмейді. 
Мал сою пунктін өндіріс объектісінің қоршау сызығында орналастырылатын 
өндіріс объектілеріне (құс шаруашылықтарынан басқа) салады, оның құрамына 
мыналар кіреді: 
1) мал сою бөлмесі мен мал сою бөлімі;
2) теріні тұздау мен уақытша сақтау бөлмесі;
3) ет пен субөнімдерді уақытша сақтау үшін мұздатқыш камералар;
4) автоклав не мал өлекселерін жағу пеші бар кәдеге жарату бөлмесі;
5) душ бөлмесі;
6) қызмет көрсетуші персонал үшін қосалқы үй-жай;
7) есептік нөмір.


134
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Ветеринарлық-санитарлық талаптар «Жануарлардан алынатын өнім мен шикі-
затты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзе-
ге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринарлық (ветеринарлық-сани-
тариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 
министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №7-1/832 бұйрығымен реттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет