«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Тексеруді тағайындау туралы акт (145-бап)



Pdf көрінісі
бет164/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   196
Байланысты:
edu kk
2-сабақ. ДНҚ молек құрыл принц, Абдуллина сож, сандугаш, Документ Microsoft Word, 6 класс тжб сараптама[1], 123, матемст, матем34уж, 10 grade ACTION 3rd term
Тексеруді тағайындау туралы акт (145-бап).
Тексеруді мемлекеттік орган тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде 
жүргізеді.
Тексеру тағайындау туралы актiде:
1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
2) мемлекеттiк органның атауы;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, 
әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лау-
азымы;
4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшы-
лар туралы мәлiметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеруді 
жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын 
куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақы-
лау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi көрсетiледi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеру-
ді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тек-
серілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
10) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көздел-
ген құқықтары мен міндеттері;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк ор-
ганның мөрi.
Тексеру жүргізу тәртібі (147-бап)
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру басталатын күн мен тексеруді жүргі-
зу нысанасын көрсете отырып, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тек-
серу жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз 
күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не 
оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
2. Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы 2), 7), 9) және 10) тар-
мақшаларында, 144-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды 
қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезiнде бақылау және қадағалау ор-
ганы жоспардан тыс тексеруді жүргізудің басталатыны туралы олар басталғанға 
дейін кемінде бір тәулік бұрын тексерілетін субъектіге хабарлауға міндетті.


208
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
3. Объектіні тексеруге келген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда 
тiркелгенi туралы белгі қойылған тексеруді немесе бақылау және қадағалау 
субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды 
тағайындау туралы актiнi;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдi объектілерге баруға ар-
налған рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен берiл-
ген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы; 
5) Тексерілуге жататын талаптар тармақтары көрсетілген тексеру қағазын көр-
сетуге міндетті. 
Тексеру жүргізудің басталғаны тексерілетін субъектіге тексеру тағайындалғаны 
туралы акті тапсырылған күн болып есептеледі.
4. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе бақы-
лау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамының 
тексеруді жүргiзу үшін қажетті материалдарға қол жеткiзуiне кедергі келтiрiл-
ген жағдайларда хаттама жасалады. Хаттамаға бақылау және қадағалау органы-
ның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы және тексерілетін субъектінің 
уәкілетті адамы қол қояды. 
Тексерілетін субъектінің уәкілетті тұлғасы бас тарту себебі туралы жазбаша 
түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді 
тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді тоқтату үшін негіз болып та-
былмайды. 
5. Тексеруді тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды тұлға 
(тұлғалар) ғана жүргізе алады. Бұл ретте, тексеруді жүргізетін лауазымды тұлғалар-
дың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, 
ол жөнінде тексерілетін субъект және құқықтық статистика және арнайы есеп жөнін-
дегі орган тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тұлғалардың тексеруге 
қатысуы басталғанға дейін, ауыстыру себептерін көрсете отырып, хабардар етіледі.
6. Тексерілетін субъектіні (объектіні) бірнеше бақылау және қадағалау органда-
ры бір мезгілде тексеру жүргізу қажет болған кезде, аталған органдардың әрқай-
сысы тексеру тағайындау туралы акт ресімдеуге және оны құқықтық статистика 
және оны арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті. Бір бақылау 
және қадағалау органының бір мәселе төңірегінде бірнеше тексерілетін субъек-
тілерді (объектілерді) бірмезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде, аталған ор-
ган, төмендегі мәселелер бойынша жүргізілетін салық тексеруін қоспағанда, әрбір 
тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеру тағайындау туралы акті ресімдеуге және 
оларды арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-кассалық машиналарының бар болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының бар болуы және түпнұсқа-
лығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет