243
инвестицияларды қайтару үшін қажетті кезең, яғни қорланған таза ақша ағыны-
ның шамасы оң болғандағы кезең болып белгіленеді.
Позициялау
– бәсекелестер иелігіндегі позицияларға қатысты тұтынушылар сана-
сында бренд қалыптастыру мақсатында өте тиімді позиция жобалау және құру.
Рұқсат
– рұқсат беру органдарының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін
жүзеге асыруы арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың қызметті немесе
іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растауы.
Салықтар
– мемлекет тарапынан біржақты тәртіпте бюджетке міндетті ақшалай
төлемдер, бұл белгілі бір мөлшерде өндіріледі, қайтарылмайтын және ақысыз
сипатта.
Салық режимі
– салық төлеушілердің салық пен бюджетке төлемдер төлеудегі бар-
лық салық міндеттемелерін есептеу кезінде қолданатын ҚР салық заңнамасы
нормаларының жиынтығы.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
– өнімдердің, жұмыстардың, қызмет
көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің са-
нитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келуін анықтау
мақсатында жүргізілетін органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпиде-
миологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық,
токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық
факторлар өлшемдерінің кешені.
Достарыңызбен бөлісу: