«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет193/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
Байланысты:
edu kk

Кредит тарихы
– бұл сіздің барлық кредиттеріңіз және оларды өтеу тәртібі жайлы 
жалпы ақпарат.
Кредиттік серіктестік 
– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясыз 
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық 
ұйым. Нысаны – құрылтай шарты негізінде және өзінің жарғысына сәйкес ЖШС.
 «Комфорт аймағы»
– адам өмірінің шектеулі кеңістігі, сондай-ақ үйреншікті және 
қалыптасқан өмір сүру салты.
Қаржылық сауаттылық
– бұл қаржыға қатысты ақылға салынған және ақылға қо-
нымды шешім қабылдауға көмектесетін білімдер мен дағдылар.
Лизинг
– мүлікті сатып алу және лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығымен, 
оны лизинг шарты негізінде жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір ақыға, бел-
гілі бір мерзімге және шартта көзделген белгілі бір талаптарда беру жөніндегі 
инвестициялық қызметтің түрі.
Лицензия
– жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейімен байла-
нысты қызметтің немесе іс-әрекеттер (операциялар) осы Заңда белгіленген 
түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыруға тиісті лицензиар беретін бірінші са-
наттағы рұқсат.
Лицензиялау
– лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды, лицен-
зиялардың және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын берумен 
және қайта ресімдеумен, рұқсатты бақылауды жүзеге асырумен, лицензия-
лардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың қолданысын тоқтата 
тұрумен, қайта жаңартумен және оның қолданысын тоқтатумен байланысты 
іс-шаралар кешені.
Маркетинг
– сіздің компанияңыздың сыртқы әлеммен кез келген, тіпті маңызды 
емес байланысы.
Маркетинг жиынтығы
– мақсатты нарыққа әсер етуге арналған құралдар жиын-
тығы. 
Мерчандайзинг
– тауарды сату орнында алға жылжыту жүйесі.
Микрокредиттер
(немесе миникредиттер) – бұл микроқаржы ұйымдарының кре-
диттік өнімі, яғни сол кредит, бірақ сегіз мың АЕК аспайтын, шектелген кредит. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет