Ерекше сауда ұсынысын қалыптастыру үшін чек бойынша 1 500 теңгеден
жоғары бұйымды тегін жеткізуді жасаңыз
(есеп: шығынсыз жеткізу: ЖЖМ құны +
жүргізуші еңбекақысы + салық – чектің құны).
Тұтынушыларға наубайханаға сауда жасауға келген онсыз да ыңғайлы, себебі
наубайханаңыздың ауылдың орталығындағы орналасуы оған баруды жеңілдетеді,
басқа муниципалдық қызметтер, банктер, пошта бөлімшесі, дүкендер дәл сол жер-
де орналасқан.
Алайда чек бойынша тегін жеткізу сіздің сауда ұсынысыңызға бірегей, ыңғайлы
сипат береді және сатып алушыларыңыздың уақытын үнемдейді.
Келешекте телефония мен колл-оператор шығындарын төлеуді оңтайландыру
үшін өнімге тапсырыс беру және есікке дейін жеткізіп салу бойынша ұялы қосым-
ша дайындауға болады.
Егер сату көлемі жоспарланғаннан төмен болып шықса, бір немесе бірнеше
шараға жүгінуге болады:
• өндірісті қысқарту;
• тауарды алға жылжыту бойынша жарнаманы және іс-шараларды күшейту;
• өткізу жағындағы адамдар санының жеткіліктілігін, олардың дұрыс пайдала-
нылуын тексеру және талап етілетін өзгертулерді жүргізу;
• өткізуді ынталандыру үшін бағаны өзгерту;
• өткізуші қызметкерлердің кәсіптік-техникалық қайта даярлануын ұйымдас-
тыру;
• өткізумен айналысатын қызметкерлерді ынталандыру жүйесіне жақсартулар
енгізу;
• жедел сынақтар арқылы тауар сапасын тексеру және қажет жетілдірулерді
енгізу (бұл туралы жарнама және тиісті журналдар мен газеттердегі ғылы-
ми-техникалық мақалалар арқылы тез арада жариялау).
Егер өндіріс көлемі сұраным өсуіне ілесе алмай келе жатса, мына іс-шаралар
болуы мүмкін:
• өндіру көлемін ұлғайту;
• жарнамаға және өткізуді ынталандыруға шығыстарды қысқарту;
• шетелдік филиалдарда өткізумен айналысатын жұмысшылар санын
қысқарту;
• бағаларды көтеру.
2015-2016 жылдары ұлттық валютаның құны түсіп, жақсы импорттық өнім-
дер қымбаттады. Бұл жеміс-жидектердің, көкөністердің бағасына да әсерін тигізді.
Дүкендер мен мейрамханалар иелері жергілікті, жаңа піскен әрі арзан өнімдерді
жеткізетін фермер шаруашылықтарын іздей бастады. Сондықтан экологиялық әрі
диеталық өнімдер өндіретін фермерлік шаруашылықтар – Қазақстан үшін бола-
шағы бар бизнес-идея.
Мына кейсті қарастырайық:
Агроөндірістік кешен саласын мысалға алайық.
69
Мәселен, Ақкөл ауданының Жамбыл ауылында 1963 жылы туған, ісін жаңадан
бастаған кәсіпкер тұрады. Клиенттің отбасы мүшелері 5 адамнан тұрады, зайы-
бы мектепте бухгалтер, 1983 жылы туған үлкен ұлы тракторшы, 1986 жылы туған
қызы ветеринар, 1990 жылы туған қызы сауыншы.
Қазіргі уақытта шаруашылықта:
- Ірі қара малы (симменталь тұқымды сүтті сиырлар) – бір бас 250 000 теңге,
барлығы 4 сиыр. Сондай-ақ 640 000 теңге тұратын бір бұқа бар;
- ұзақ мерзімді арендада ауданы 300 га болатын жайылым жері;
- тайлап-жинайтын, шалғысы бар МТЗ-80 тракторы, құны 3 000 000 теңге.
- 20 ірі мал мал ұстауға болатын сиыр қора. Қораның нарықтағы бағасы жерімен
қоса 2 000 000 теңге;
- ауданы 95 шаршы метр болатын тұрғын үй, қора-қопсысы бар, жері бар, на-
рықтағы бағасы – 4 000 000 теңге;
- клиенттің сондай-ақ 500000 мың теңге жинаған ақшасы бар, оны айналым
құралдарын толықтыруға жұмсауды жоспарлап отыр.
Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер сүтті ірі қара мал басын 14-ке дейін көбейтуді
және симменталь тұқымды 10 ірі қара малын сатып алуды жоспарлауда.
Жобаның құны 3 000 000 теңге. 10 бас ірі қара 250 000-нан қарыз қаражаты
есебінен. Айналым құралдарын толықтыру 500 000 теңге өз қаражаты есебінен.
Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер сүтті өңдеумен айналыспайды, сүтті литріне
60 теңгеден сатып алатын әрі өздері алып кететін сауда компанияларына сатуды
жоспарлауда.
Ол бизнесін отбасылық бағытта жүргізгісі келеді әрі отбасының барлық мүше-
лерін тартуды жоспарлап отыр. Бұл ретте ұйымның құрылымы былай болады:
ШҚ басшысы – айлық жалақысы – 70 000 теңге (өзі);
Жұмысшы – 60 000 теңге (үлкен ұлы);
Ветеринар – 60 000 теңге (үлкен қызы);
Жұмысшы – 60 000 теңге (кіші ұлы);
Сауыншы – 60 000 теңге (кіші қызы).
Мына сұрақтарға жауабын беріңіз:
1. Осы жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз;
2. Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер қосымша тағы қандай қаржы ала алады?
(кредит, грант және т.б.)?
3. Әлеуетті кәсіпкерлерден ерекшелену үшін ісін жаңадан бастаған кәсіпкер
табысын артыру үшін бизнесте қандай бағытты таңдай алады?
4. Бизнесін дамыту үшін клиентте тағы қандай мүмкіндіктері бар?
5. Осы жоба бойынша есепті жүзеге асыру үшін қандай қосымша дереккөздер
қажет?
Табыс пен шығынның болжамды жоспарын жасаңыз.
70
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Достарыңызбен бөлісу: |