«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу



Pdf көрінісі
бет62/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   196
Байланысты:
edu kk
2-сабақ. ДНҚ молек құрыл принц, Абдуллина сож, сандугаш, Документ Microsoft Word, 6 класс тжб сараптама[1], 123, матемст, матем34уж, 10 grade ACTION 3rd term
Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу. 
Жөндеу объектілері жүк көліктері, 
комбайндар, тракторлар мен өндірістік ауылшаруашылық жабдықтары болып та-
былады. Бұл сөзсіз сұраныстағы әрі келешегі бар бизнес. Осы бизнеске салынатын 
ақша (теңге): 
• гараж, ангар құрылысы – 500 000 тг;
• арнайы жабдықты жалға алу – 1 000 000 тг;
• көмекшінің жалақысы– 150 000 тг;
• қосымша материалдар мен құралдар – 100 000 тг;
• қосымша шығындар – 50 000 тг.


71
Артықшылығы – тұрақты жоғары сұраныс. Табыстылығы – 75%, өтелімділігі – 
6-9 ай.
Бизнес нарық конъюнктурасына сезімтал. Клиенттердің мінез-құлқы өзге-
реді. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да бизнес-идеяларын нөлден іске асы-
руға мүмкіндік беретін интернет-технологиялардың жаңа түрлері пайда болады. 
Коммерциялық жобалардың ұлттық шекарасы жойылады: сіз әлемнің кез келген 
жерінде пайдалы жобаны ұйымдастыра аласыз. Жақсы идея жерде жатпайды және 
кез келген елде кәсіпкерге табыс әкеледі.
4.4. МАРКЕТИНГІЛІК ІЛГЕРІЛЕТУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК 
ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ ЖАРНАМАЛАУ (SMM)
Маркетингілік әдістерді ілгерілету:
- Тұтынушылармен тікелей байланыс;
- «директ мейл» жүйесі бойынша жарнамалық шара (поштамен тікелей тарату);
- SMM маркетинг;
- жәрмеңкелер мен көрмелерге белсенді қатысу;
- сервистік қызмет көрсетудің тиімділігін көтеру.
SMM (Social Media Marketing)
– клиенттерге әлеуметтік желі арқылы сауда жа-
сау құралы. 
Неден бастау керек? SMM стратегия-жоспарын әзірлеуден, яғни әлеуметтік 
желілердің көмегімен компанияның бизнес-мақсаттарына жету жоспары. Страте-
гия компанияның әлеуметтік медиадағы мақсатын айқындауға, олардың жетістікке 
жету жолдарын, басымдықтарын белгілеуге көмектеседі, ең бастысы әлеуетті (по-
тенциал) әсерін болжауға және жоспарланған бағдардан тайқымауға (өзгертпеуге) 
көмектеседі.
SMM стратегия-жоспарын жазу үшін: 
- Әлеуметтік желідегі брендтің ағымдағы жағдайын бағалау: жазылушылардың 
саны мен белсенділігін, контенттің сапасы мен өзектілігін, әлеуметтік желілердегі 
сіздің брендіңізге қатысты барлық жазбаларды табу маңызды – олар сіз жайында 
қалай және не айтуда;
- Бәсекелі талдау жасау.
- Тұтынушылардың портретін жасау;
• Компанияның тауары мен қызметтерін бәсекелестерден ерекшелейтін тиімді 
бірыңғай сауда ұсынысын қалыптастыру. Әріптестермен талқылау, клиенттерге 
неліктен сіздің брендті таңдағанына сауалнама жүргізу. Бәсекелестерден тек қана 
төмен бағаның есебінен озуға болмайтындығын ұқтыру. Яғни: 
• Әлеуметтік желілерге шығу (қатысу) форматын айқындау. Олардың формат-
тары:
• Коммерциялық формат: сіз өзіңіздің коммерциялық мүддеңізді жасырмай-
сыз және тұтынушыларға тауарыңыз бен көрсететін қызмет түрлерін саудалауды 
ашық жарнамалайсыз. Сәйкесінше мұндай топтарда өнімдер мен тауарлар катало-
гі, аталмыш өнімдер туралы тұтынушылардың сұрақтары мен пікірлеріне құрылған 


72
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
талқылаулар орналастырылады. Мұндай контент коммерциялық сипат алады. Ком-
мерциялық форматтың мақсаты – сату.
• Қызығушылық бойынша формат. Мұндай қоғамдастықтар интернет сауданың 
алаңын құрады. Мақсат – аудиториядан мүмкіндігінше әлеуетті клиенттерді тарту, 
сосын ақырындап жарнама жариялап (орналастырып) отыру. Қалыптасқан ереже 
бойынша, бастапқыда жазылушылар бұл топтың (қоғамдастықтың) компанияға 
тиесілі екендігін де аңғармай да қалады. Тұтынушыларды топқа музыка, бизнес, 
сән әлемі, аспаздық туралы маңызды да пайдалы контенттерімен бөлісе, жариялай 
отырып тартады.
• Аралас формат. Мұнда компания пайдалы тақырыптық контент пен ком-
мерциялық контенттерді мезгіл-мезгіл араластырып жариялай отырып, сарапшы 
ретінде қатысады. Егер де контент пайдалы, бірегей әрі өзекті болса, онда сіздің 
беделіңіз сарапшы ретінде күрт көтеріледі. Демек аудиторияның ниеттестігі де 
артады. Сіздің пікіріңізге сенеді, кеңестеріңізге құлақ асады, ең бастысы жүргізіп 
отырған маркетингілік брендпен байланысты болмақ. Кәсіби құзыреттілік деңгейі 
– сауда жасауда шешім қабылдауға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі. Топтың 
әкімшілері (админ) бірыңғай коммерцконтент ішпыстырып, теріс әсер беретінін 
біледі. Сондықтан брендті ескере отырып, мүмкіндігінше бизнеске тиімді де пай-
далы ақпарат беруге тырысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет