«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Әлеуметтік желілердегі жарнама



Pdf көрінісі
бет64/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   196
Байланысты:
edu kk

Әлеуметтік желілердегі жарнама
Контентті жариялап қою аздық етеді, оны жүргізу керек. Сіздің жариялаған 
дүниелеріңізді мақсатты аудитория көру үшін көп оқырманды қамту керек, яғни 
көрушілердің қатары көп болуы керек. Сіздің жариялаған дүниелеріңізбен ой 
бөлісетін өзіңіздің үлкен және ниеті түзу аудиторияңыз болса жақсы. Егер сіздің 
өзіндік қамтуыңыз жеткіліксіз болса не істеу керек?
Әлеуметтік желілердегі 
мақсатты (таргеттелген) жарнама
– жынысы, жасы, 
географиясы және т.б. белгілі бір критерийлерге сай қолданушылар ғана көретін 
мәтінді-графикалық жарнама. Әлеуметтік желілердегі жарнамаға төлем жасау үл-
гілері:
• CPC (ағылшынның cost per click) – «клик» үшін жасалатын төлем;
• CPM (ағылшынның Cost Per Millenium (Thousand) – 1000 көрсетілім үшін 
төлем; 
• өзара қарым-қатынас үшін төлем (комментарийлер, лайк, бөлісу, фотолар 
мен видеоны қарау) – facebook пен instagram-да қолжетімді. 
Мақсатты жарнамаларды іске қосқан кезде, «кликке», көрсетілім немесе қа-
рым-қатынас құнына әсер етеді:
• таңдалған аудиторияның мазмұны – контент өзекті әрі пайдалы болса, «клик» 
бағасы төменірек;
• суреттегі мәтін көлемі – мәтін көлемді болса, «клик» бағасы соғұрлым 
жоғары;
• бәсекелестік деңгейі – сол аудиториядағы жарнама берушілер көп болған 
сайын, «клик» бағасы да соғұрлым жоғары болады. 
Қандай жарияланымдарды насихаттау керек? Ең алдымен, коммерциялық. 
Ақпараттық посты өнімге сілтемемен біріктіруге болады. Жарнамалық сілтеме-
лерде Yandex.Direct немесе Google Analytics сараптамалық жүйелеріндегі жар-
наманың тиімділігін қадағалау үшін UTM-тегтерді қоюды ұмытпаңыз. Коммерци-
ялық постармен қатар ойын-сауық, бірегей, қызықты контентті ілгерілетіңіз. Бұл 
қызығушылық танытқан аудитория мен медиалық әсерді кең және арзан қамтуға 
мүмкіндік береді.


74
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
4.5. ТӘЖІРИБЕЛІК МАРКЕТИНГІЛІК ЗЕРТТЕУ (ҮЙ-ҮЙДІ АРАЛАУ)
Мекемелерде, көршілермен сауалнама жүргіздіңіз, дүкендер мен дәмхана-
ларды аралап шықтыңыз. Сұрақтар қойғанда есіңізде болсын, сізді ең алдымен 
әлеуетті клиент болатын адамдардың ойы қызықтырады, сондықтан да ақылды 
сұрақтар қойыңыздар!
10-15 сұрақтан тұратын жабық жауапты сауалнаманы әзірлеуге рұқсат етіледі 
(яғни сұраққа жауаптар нұсқаларын өзіңіз бересіз), мысалы:
Сұрақ мысалдары?
1. Бәрінен де қандай нанды жақсы көретініңізді айтыңызшы?
А) қарабидайдан пісірілген нан (бәсекелестеріңізде және нан зауыты да қараби-
дай нанын шығарады)
Б) бидай (бұл жерде де 2 бәсекелес, ойыңызда болсын)
2. Біздің ауылымызда сіздің ойыңызша қандай нан-тоқаш өнімі жетіспейтінін 
айтыңызшы.
А) Ұнтақ себілген тоқаштар
Б) Торттар мен бәліштер
В) мерекелерге чак-чак 
Г) Басқасы _ өзіңіз көрсетіңіз
3. Бауырсақ, торт, бәліштер және басқа өнімді сатып алдыңыз ба, үйде пісірген-
де бағасы жөнінен қалай болады, оның үстіне тегін жеткізу?
А) Иә
Б) Жоқ
В) жауап беруге қиналамын
Бұдан әрі жауаптар санын жинаймыз және суретке қараймыз: Мысалы, мынан-
дай жауаптар алдық:
Сұралғандар саны – 100 адам (50 үй 2 көше)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет