«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет57/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   196
Байланысты:
edu kk
2-сабақ. ДНҚ молек құрыл принц, Абдуллина сож, сандугаш, Документ Microsoft Word, 6 класс тжб сараптама[1], 123, матемст, матем34уж, 10 grade ACTION 3rd term
2-қадам, 
тауарды, жұмысты немесе қызметті айқындағаннан кейін өніміңіздің 
мақсатты аудиториясын, өніміңіздің кімге қажет екенін айқындаңыз.
• Қалай?
Өнімді немесе қызметті қалай сатасыз? Егер дүкен ашуды жоспарлап отыр-
саңыз, түсінікті, бірақ өндіруші және сервис қызметінің жұмыскері түрліше сатуы 
мүмкін. Өндіруші, мысалы, тікелей клиенттерге немесе бөлшек сауда кәсіпорын-
дарына сатуы мүмкін. Сізде цех/гараж болады, ал ол жерден өніміңізді тікелей 
дүкенсіз сататын боласыз.
Не болмаса бизнесіңіз шоғырланатын дүкен ашасыз және сатып алушылар ол 
жерге сіздің өнім үшін келіп тұрады.
Үшінші нұсқа бар ма? Әрине бар, ол дүкен немесе цех ашпай жүргізілетін 
электронды сатылымдар, өніміңізді суретке түсіресіз және сайттар, әлеумет-
тік желілердегі парақшалар, смс бойынша хабарламалар және тағы басқалары 
арқылы сатасыз.
3-қадам, 
мақсатты аудиторияны айқындап алғаннан кейін, өніміңізді қалай са-
татыныңызды түсініп алыңыз.
• Қандай?
Өніміңіз клиенттердің қандай қажеттілігін қанағаттандырады? Маркетинг стра-
тегиясы клиент және оның қажеттіліктері туралы қамқорлықты үнемі көрсетеді, се-
бебі клиенттің қамын ойлау арқылы табыс табасыз. Стратегияны дайындау кезінде 
әлеуетті клиенттердің нені қалайтынын анықтап әрі болашақ нарықтың жағдаятын 
бағдарлаған маңызды. 
4-қадам,
мақсатты аудиторияның өнімге деген қажеттілігін айқындаңыз және 
оны ерекше өнімге айналдырыңыз.


65
Мәселен, «Наубайхана» бизнесі үшін тауашаны таңдап алдыңыз.
Сонымен наубайхананы таңдап алдыңыз, себебі (себеп/уәждеме қажет):
1) тамақ әзірлеуді ұнатасыз;
2) бала кезіңізде ата-анаңызға нан жабуға көмектескенсіз және оның дәмді 
екенін әлі ұмытпадыңыз;
3) «нан бар жерде ән бар», тамақты үнемі тұтыну өнімге деген тұрақты сұра-
нымды тудырады, нан алуға дүкенге күнде барасыз;
4) халық саны (10 мың адам немесе 2 500 үй) елді мекенде бар-жоғы 3 нау-
байхана бар. Дүкендер наубайханадан нан сатып алғанда нан өнімдеріне деген 
сұранысты 100% қанағаттандырмайды және нанды қалалардан немесе басқа 
ауылдан сатып алуға мәжбүр. 
4) наубайханалар нан ғана сатады, бұл жерде тоқаштар, жұқпа нандар мен ла-
ваштар сатылмайды, торттар мен бәліштер жоқ;
5) қолыңыздан келеді деп есептейсіз!
4.2. НАРЫҚТЫ СЕГМЕНТТЕУ
Сегментация дегеніміз өзіңіз үшін белгілі бір күрделі заттарды біршама 
ұсақтарға бөлу процесі, ал олар міндеттерді біртіндеп, қадам-қадаммен орындау-
ға мүмкіндік береді. Маркетингіде сегментация дегеніміз сатып алушыларыңыз-
дың ұнататын заттарын оларға ұсына алатын өнімдер түрлері бойынша топтасты-
руыңыз.
Терминдердің аңықтамасы:
Сегмент
– қажеттіліктері, ниеттері мен мүмкіндіктері ұқсас сатып алушылар 
тобы. Нарықтың түрлі сегменттерге бөлінуі және оларды кейін зерттеп-білу компа-
ниялардың назарын табыстылық тұрғысынан біршама перспективалы сегменттер-
ге (яғни мақсаттық сегменттерге) жұмылдыруына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет