Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет1/4
Дата13.02.2017
өлшемі0,62 Mb.
#9048
  1   2   3   4

PowerPlusWaterMarkObject15169695

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы «___»______________

№ ____ қаулысымен бекітілген



Бастауыш білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарты

Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру саясаты білім берудің құндылық мәнін толығымен күшейтуге және оның әрбір адамның тағдырындағы үлесін арттыруға, жас ұрпақты жаңа, ақпараттық қоғамның талаптарына сай тәрбиелеуге бағытталған.

Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне айналады.

Қазақстанның білім беру саласындағы ізденістері өскелең жаңа буынды 21-ғасырдың өмір талаптарына сай сапалы дайындау мақсатында дұрыс шешімдер қабылдауға бағытталған. Әлемдік білім беру тәжірибесінде білім берудің күтілетін нәтижесі ретінде қарастырылатын құзіреттіліктер шеңбері айқындалған (ЮНЕСКО, 1996). Еліміздегі білім беру реформасы әр адамның табысты жұмыс істеуіне, өмір бойы оқып-үйренуіне қажетті тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған әлемдік тәжірибеге негізделеді. Демек, білім беру жүйесінің түлектері функционалдық жағынан сауатты болып қана қоймай, кез-келген өмірлік мәселені шешуге, қойылған мақсатқа жетуге қажетті құралдар, әдістер мен жолдар таңдауда рухани және адамгершілік қуатын көрсетуге қабілетті, өзінің қоғам алдындағы парызын саналы түрде атқаруға дайын болуы тиіс.

Орта білім беру, оның ішінде бастауыш білім беру қазақстандық сана-сезім мен мәдени сәйкестік негізінде Отан үшін жауапты болуға қабілетті зияткер және рухани-адамгершілік жағынан жоғары тұлға дамытуға бағытталған. Мектеп Қазақстан халықтарын біріктіретін жалпы ұлттық «Мәңгілік ел», «Қазақстан – ортақ үйіміз», «Қазақстан – менің Отаным» идеяларын жүзеге асыруға үлес қосады. Осы идеяларды ұстану оқушыларда Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тіл, мәдениет пен салт-дәстүрлерді сақтауға және өз елінің жарқын, мейірімді азаматтары болуға мүмкіндік береді.

Орта білім берудің жаңа қызметтік параметрлері ақпараттық оқытудан инновациялық оқыту әдістерін қолдануға көшуді қарастырады. Демек,оқушыларға оқуда да, болашақтағы еңбек барысында да бәсекелік артықшылықтарға мүмкіндік беретін фундаменталды білімді, принциптерді, құндылықтарды, әлеуметтік маңызы бар қабілеттерді, іс-әрекет түрлерін, қарым-қатынас тәсілдерін, мінез-құлық нормаларын меңгертуді көзделеді.


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (әрі қарай – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген және оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім берудің мазмұнына, оқушылардың ең жоғары оқу жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды.



2. Бастауыш білім беру орта білім берудің құрамдас бөлігі ретінде оның ортақ Құндылықтары мен Мақсаттарына негізделеді.

Орта білім беру құндылықтары оқушыны жағымды мінез-құлық пен жасампаздық іс-әрекетке ынталануына ықпал ететін тұрақты өмірлік бағдар болып табылады. Орта білім беру құндылықтары өз мұмкіндігін ашатын, өмірі мен қоршаған ортаның сапасын жақсарта алатын жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторға айналады.

3. Орта білім беру құндылықтарына:

Құрмет


Ынтымақтастық

Ашықтық


Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Өмір бойы білім алу жатады.


4. Орта білім берудің құндылықтары оқушылардың келесі қабілеттерінде көрінуі тиіс:

дұрыс шешім қабылдау және қоғам өміріне жасампаздықпен араласу, өзгерістерге икемділік пен даярлықты көрсету үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы кез-келген тілдік ортада ұжыммен жұмыс істеу үшін коммуникативті болу;

қоршаған болмысты объективті қабылдау үшін әр түрлі мәдениет пен пікірлерге құрмет білдіру;

Отан алдындағы өз міндеттерін атқару және Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін жауапты болу, белсенді азаматтық көзқарасын көрсету;

өзіне және басқаларға құрметпен қарау үшін жылы шырайлы және қамқоршыл болу;

кез-келген өмір жағдаяттарда өз әрекетін және еңбек жолыдағы мәнсабынның жоғарлауын өзі бетінше реттеу үшін өмір бойы оқуға дайын болу.

5. Анықталған құндылықтар шеңберінде орта білім берудің Мақсаты төмендегі кең ауқымды дағдыларға ие оқушы тұлғасын үйлесімді қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыру болып табылады:



  1. білімді шығармашылық тұрғыдан пайдалану;

  2. сын тұрғысынан ойлау;

  3. зерттеу жұмыстарын орындау;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану (әрі қарай – АКТ);

  5. коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды қолдану;

  6. топпен бірге және дербес жұмыс істей білу.

Кең ауқымды дағдылар мектептен «шығу» кезіндегі нәтижелер ретінде оқушыларға кез-келген өмір жағдаятта функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсетуге, сонымен қатар оқу мен өмірлік сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Нақтыланған Құндылықтар, мектептен «шығу» кезіндегі нәтижелер, түлектердің қаблеттерінің жалпы сипатамасы орта білімнің барляқ деңгейлеріне ортақ. Олар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарды өзінде үйлесімді біріктіретін, азаматтық жауапкершілік көрсететін, өз халқының көп ғасырлық дәстүрін сақтауға және өз ұлтының мәдениетін көркейтуге үлес қосуға дайын оқушы тұлғасын қалыптастырып дамытуға бағытталған.

6. Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері:

адам, табиғат пен қоғам туралы пропедевтикалық білім қалыптастыру;

рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту;

оқытудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын логикалық жағынан білдіру, себеп-салдар байланыстарын анықтау;

дербес және ұжымдық жұмысты нәтижелі ұйымдастырудың негізі ретінде ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай дамыту.

7. Бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары (әрі қарай – білім беру ұйымдары) меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан білім беру іс-әрекетін: 

1) осы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 

2) оқу бағдарламалары мен үлгілік (типтік) оқу жоспарларына; 

3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өкілетті органы белгіленген тәртіп бойынша бекіткен басқа да нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 

8. Стандарт бастауыш білім берудегі тұлға, қоғам мен мемлекеттің келісілген мүдделерін көрсетеді.

9. Стандартты қолдану:

күтілетін оқыту нәтижелері түрінде ұсынылған бастауыш білім берудің мақсаттар жүйесін айқындау есебінен оқыту сапасын жоғарылатуға;

білім беру үрдісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру үшін қажетті жағдайды жасау арқылы үштілді білім беру саясатын жүзеге асыруға;

ғылыми зерттеу әдістерін оқушылардың меңгеруін меңзейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығын үйлестіруге;

оқушылардың жас мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды сатылап арттыруға;

орта білім берудің құндылықтары мен мақсатына, білім салалары бойынша күтілетін оқу нәтижелері жүйесіне сүйеніп күнделікті білім беру үдерісінің мазмұндық негізін айқындаушы оқыту мен тәрбие бірлігі принципін жүзеге асыруға;


орта білім берудің құндылықтары мен мақсаттарына және күнделікті білім беру үрдісінің мазмұндық негізін айқындайтын білім беру салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесіне негізделген оқыту мен тәрбие бірлігі принципін жүзеге асыруға;

балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және тұлғаны толықтай дамыту, балалардың айрықша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру, сонымен қатар оқушылардың қосымша білім алу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай туғызуға;

орта білім беру ұйымдарының типі мен түрінің әртүрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;

білім беру ұйымдарында инновациялық тәжірибені қолдауға және дамытуға;

білім беру ұйымдарының іс-әрекетін білім беру сапасына қарай объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.

10. Стандарт:

типі мен түрінің әртүрлі жалпы білім беру ұйымдарына, оның ішінде ақыл-ес кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептерден өзге арнайы білім беру ұйымдарына арналған үлгілік (типтік) оқу жоспарын;

бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;

оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;

оқу пәндері бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған критерийлерді;

білім беру ұйымдарында күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйелерін;

білім беру мекемелерінің білім беру үрдісіне мониторинг жасау жүйесін;

білім беру мекемелерінің білім беру үрдісін материалдық-техникалық, ақпараттық қамсыздандыруға қойылатын ортақ талаптарды;

білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының іс-әрекетін бағалау параметрлерін әзірлеуге негіз болып табылады.

11. Білім беру ұйымдары тәрбиелеу, оқыту мен дамытудың түрлі әдістері, формалары және педагогикалық технологиялары арқылы оқушылардың Стандартта айқындалған күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізуі үшін салауатты орта қалыптастырады.

12. Стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады. Оларға қосымша келесі терминдер мен олардың анықтамалары енгізілген:

1) бастауыш білім берудің базалық мазмұны – білім беру ұйымдарында меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан меңгерілуге міндетті, білім берудің келесі деңгейлерінде білім алуды жалғастыруға жеткілікті, білім беру мақсаттары мен күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізу құралы болып табылатын бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы және көлемі;

2) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беруді ұйымдастырудың толыққанды оқу-тәрбие үрдісінің сабақтан кейін орындалатын құрамдас бөлігі, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір формасы;

3) элективті курстар (таңдау бойынша курстар) – білім берудің оқу бағдарламаларын қызығушылықтарға қарай жүзеге асырудың ұйымдастыру формасы, оқушылардың білім алу даярлығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарының вариативті омпонентінің құрамдас бөлігі;

4) күтілетін оқу нәтижелері – оқушылардың даму көрсеткіштері болып табылатын және тұлға, қоғам мен мемлекеттің үміттерін бейнелейтін, оқушылардың жалпы білім беру мақсаттарына қарай ілгерілеуі барысында оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік беретін бастауыш білім берудің ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі.

5) білім беру аясы – бір-біріне жақын оқу пәндері жиынтығынан тұратын білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі;

6) критериалды бағалау - айқындалған, бірге даярланған, үрдістің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала белгілі бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай, оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға септігін тигізетін критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үрдісі;


7) бағалау – даярланған критерийлер бойынша оқушының қол жеткізген оқыту нәтижелерін күтілетін оқыту нәтижелерімен салыстыру үрдісі;

8) формативті (ағымдық) бағалау – күнделікті сабақ барысында білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін айқындайтын, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап және оқу мақсатына қол жеткендігін түсінуіне мүмкіндік беретін бағалау үдерісі;

9) жиынтық (ішкі) бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін анықтайтын бағалау үрдісі;

10) жиынтық (сыртқы) бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қалыптасқан білім мен оқу дағдылар деңгейін анықтау;

11) білім беру үрдісіне мониторинг жасаубілім беру ұйымдарында білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру үрдісінің нәтижелері мен орындалу шарттарындағы өзгерістерді үнемі бақылау, диагностика жасау, талдау, бағалау және динамикалық жағдайын болжау;

12) білім беру ұйымдарының үлгілік (типтік) оқу жоспары оқу пәндерінің тізімін реттейтін және тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттер көлемін айқындайтын құжат;

13) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан барлық оқушылардың меңгеруі міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;

14) оқу жүктемесінің вариативті компоненті – оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне қарай меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;

15) білім беру құндылықтары – оқушының өз әлеуетін өзінің, қоғам мен мемлекетің дамуына бағыттауы үшін оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы білім берудің ролін айқындайтын бағдарлар;

17) жиынтық жұмыс – белгілі бір оқу кезеңіндегі оқушының оқу жетістіктерін анықтауға арналған оқушы жұмысы (тоқсан, жартыжылдық, жыл).

18) инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі (дене кемістігі бар) барлық балаларды білім беру үрдісіне толықтай тартуға, жанұяның белсенді қатысуы, баланың дербес қажеттіліктерін коррекциялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау, ортаны балалардың дербес ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне бейімдеу жолымен оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекет саясаты;

19) айрықша білім алу қажеттіліктері – белгілі бір себептермен білім алуда қиналатын балалар, оның ішінде дене және ақыл-ес кемістігі балалар, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, діни, ұлттық, тілдік, географиялық немеес басқа да факторларға байланысты білім алуда тұрақты не уақытша қиындықтар көретін балалардың қажеттіліктері.



2. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын тараптар
2.1. Білім беру аялары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері

13. Білім беру аялары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері – бұл бастауыш білім берудің әр білім аясы үшін бекітілген ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі.

14. Білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері бастауыш білім берудің базалық мазмұнын анықтауға, оқушылардың білім алу қажеттілік деңгейлеріне қарай, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де пәндер бойынша бастауыш білім берудің түрлі оқу бағдарламаларын құрастыруға негіз болып табылады.

15. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларында күтілетін оқыту нәтижелері сынып пен әр тарау бойынша белгілі бір оқу пәнінің оқыту мақсаты түрінде нақтыланып ұзақ мерзімді және орта мерзімді оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырады.

16. Күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесі оқушының дербес даму траекториясын жасауға және орта білім беру ұйымын «шығу» кезінде ұзақ мерзімді оқыту мақсаттарына қарай сатылап ілгерілеуге мүмкіндік туғызады.

17. Күтілетін оқыту нәтижелері бір-біріне жақын бірнеше оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім аясының ерекшелігін есепке ала отырып жоспарланған: «Тіл мен әдебиет», «Математика мен информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру».

18. «Тіл мен әдебиет» білім аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері.
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы:
тыңдалым және айтылым:

оқылған немесе тыңдалған мәтінді, әңгімені түсінеді, негізгі ойы мен мазмұнын баяндайды, түрлі көзқарастарды анықтайды, ой түйіндейді; ақпараттық мәтіннің мазмұнын баяндайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; оқылған материалды талдайды және баға береді; аудиовизуалды мәтін негізінде өз пікірін білдіруге дәлелдер келтіреді; тақырыпты түсінеді және сөйлеу нормаларын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; диалог жүргізудің түрлі формаларын түсінеді; сөйлеушінің көзқарасын талдайды және бағалайды (бірінші тіл, әдебиет );

ауызша мәтіндегі сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді; аудиовизуалды материалдың мазмұнын түсінеді (оқиғалар, кейіпкерлердің әрекеттері); шағын көлемдегі ауызша мәтіндерге қарапайым талдау жасайды; шағын көлемдегі аудиовизуалды материал мазмұнындағы негізгі кезеңдерін анықтайды; әңгімені қолдау үшін қажетті сөздерді пайдаланады; қысқа әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; оқылған материалды талдайды және баға береді; мәтін негізінде өз пікірін білдіруге дәлелдер келтіреді; тыңдалған немесе оқылған материал бойынша негізгі ойды анықтайды, негізгі кезеңдерін талдайды және түсіндіреді; басқалардың пікірлеріне өз келісімін не қарсылығын білдіріп, баға береді (екінші тіл);

өзі туралы сұрақтардың мағынасын, жалпы оқу тақырыбы, арнайы ақпарат бойынша анық жеткізілетін әңгіменің негізгі мазмұнын және шағын ауызша хабарлама немесе мәтіннің мағынасын түсінеді; мазмұндық нұсқамаларды пайдалана алады; жеке дыбыстар мен қысқа сөздерді таниды; таныс сөздерді, қысқа сөз орамдары мен жай сөйлемдерді айтады; өзі, қазіргі тәжірибесі, заттар туралы негізгі хабарлама мен пікірді жеткізеді; жұппен және топпен жұмыс барысында өз ойын білдіріп, басқалармен әңгімелеседі; жалпы оқу тақырыбы бойынша өте қысқа әңгімелер мен оқиғаларды әңгімелейді (үшінші тіл);



оқылым:

оқиды және кейіпкерлердің «іс-әрекетіне қарап, олардың мінез-құлқын анықтайды талдайды, түрлі мәтіндердің (көркем және көркем емес) құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды; мазмұнына қарай сөздің лексикалық мағынасын анықтайды; зер салып оқу арқылы нақты ақпаратты табады; түрлі мәтіндерден ақпарат тауып, мәтін түрлерін салыстырып, тани алады: әңгімелеу, сипаттау және пайымдау (бірінші тіл, әдебиет );


қарапайым қысқа мәтіндегі басты ақпаратты түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратады; оқу үшін кітап таңдайды және өз таңдауын түсіндіреді; түрлі дерек көздерінен қалай ақпарат табуды біледі; кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің идеясын, оқиғасы мен себептерін түсінгендігін көрсетеді(екінші тіл);

оқиды және таныс бұйрықтарды орындайды; жалпы оқу тақырыбы бойынша өте қысқа қарапайым әдеби және әдеби емес мәтіндерді оқиды; қарапайым бейнелі сөздікті пайдаланады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты идеяларын анықтайды; қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша ақпарат пен деталін анықтайды(үшінші тіл);



жазылым:

өз жұмысын жазу үшін хабарлы және хабарлы емес сипаттағы түрлі формаларды таңдайды; өзара байланысқан абзацтардан мәтін құрайды; мәтін мазмұнының негізінде дәлелдер табады және қолданады; басқаларды сендіру үшін дәйектер пайдаланып, мәтін жазады; көркем емес мәтіндердегі сюжет пен композицияны салыстырады; өз мәтінін түзетеді; өз көзқарасын ұсынып, әңгіме жазады; меңгерілген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай сөйлемдер құрастырады (бірінші тіл, әдебиет );


оқиға орнын, уақыты мен кейіпкерлерін білдіретін тілдік құралдарды қолданып, хабарлы/хабарлы емес сипатта мәтіндер құрастырады; тыңдалған, оқылған және көрілген материал бойынша қысқаша жазбалар жасайды (тақырыптар, деректер, пікірлер); сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен грамматикалық категорияларын (зат есім мен сын есімнің түрлері, етістіктің шақтары) ескере отырып, сөйлемдер құрайды, орфографиялық ережелерді біледі және қолданады; дербес түрде шағын шығармашылық еңбек жазады (өлең, ән не қысқа оқиға, әңгіме) (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап алады және жазады; кіші және бас әріптермен қысқа сөйлемдер, аттар мен жер атауларын айту арқылы дұрыс жазады; таныс және көп қолданылатын сөздерді айту арқылы дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің аяғында нүктелерді айту арқылы дұрыс қояды(үшінші тіл);
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:

тыңдалым және айтылым:

оқылған немесе тыңдалған мәтінді, әңгімені түсінеді, негізгі ойы мен мазмұнын баяндайды, түрлі көзқарастарды анықтайды, ой түйіндейді; ақпараттық мәтіннің мазмұнын баяндайды; тақырыпты түсінеді және сөйлеу нормаларын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; диалог жүргізудің түрлі формаларын түсінеді; сөйлеушінің көзқарасын талдайды және бағалайды сұрақтар қояды, айтылған ойларды түсіндіреді не қарсы болады; әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын әңгімелеудің түрлі формаларын қолданады; логикалық бірізділікті қадағалап, өз көзқарасына дәйек келтіреді; диалогқа сөйлеуші және тыңдаушы ретінде қатысады; түсіндіру, нандыру, ой таластыру үшін сөйлеуші қолданған басты әдістерді анықтайды (бірінші тіл, әдебиет );


ресми және бейресми қарым-қатынас стилінің ерекшеліктерін айқындайды; тыңдаған мәтініндегі бейтаныс сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді, мәтін мазмұнын түсінеді; шағын көлемдегі ауызша тыңдаған мәтіндерге қарапайым талдау жасайды; аудиовизуалды материалдың, телевизиялық бағдарламалар үзіндісінің мағынасын түсінеді; қарым-қатынас орны мен жағдайы, қатысушылардың ерекшелігіне (коммуникация) қарай сөйлеу стилінің қалай өзгеретіндігін түсінеді; мәтіннің стилін ескере отырып, сұрақтар қояды; алдын-ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдаланып әңгіме, оқиға мазмұнын әңгімелейді; оқыған, тыңдаған материал туралы өз пікірін білдіреді; берілген тақырып бойынша өз бетінше талқылайды, оқыған, тыңдаған және көрген материалы негізінде қорытынды жасайды (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың негізгі мазмұнын, шағын әңгіменің мағынасын түсінеді; дыбыстарды, дыбыс тіркесімдерін және дыбысталуы оқушының ана тіліндегі сөздерге ұқсас сөздерді таниды; жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың мазмұны мен мағынасын болжау үшін мазмұндық нұсқауды пайдаланады; өзі туралы негізгі хабарламалар мен пікірлер, қазіргі және өткен тәжірибе туралы сұрақтар мен жауаптар, таныс сөздер мен қысқа сөз тіркестерін құрастырады; тиісті сөздерді, сөз орамдары мен сөйлемдерді қолданып, жұппен және топпен жұмыс істеу барысында әңгімелеседі; жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа әңгімелер мен оқиғаларды айтады(үшінші тіл);

оқылым:

оқиды және жазушылардың өз кейіпкерлеріне деген көзқарасы туралы қорытынды жасайды; көркем және көркем емес мәтіндердің негізгі идеясы мен композициясын анықтайды; кейіпкер образын жасау үшін автордың қолданған көркем-мәнерлі құралдарын айқындайды; белгілі бір міндетті орындау үшін қажетті ақпаратты табады; мәтін түрлерін бағалайды және мәтін түрлерін таниды (әңгімелеу, сипаттау және пайымдау); берілген мәтін түрлерін түрлі дерек көздерінен табады (бірінші тіл, әдебиет );


анықтамалық материалды қарап, қысқа мәтіндегі бейтаныс сөздер мен сөз орамдарының мағынасын оқиды және анықтайды; мәтінді ұйымдастыру ерекшеліктерін таниды және бейнелейді (мысалы: әліпби реті, сұлба, диаграммалар, суреттер мен олардың жазбалары, т.б.); оқылған материал бойынша маңызды кезеңдерді түсіндіріп, әсерімен бөліседі; оқылған материалды түсінгендігін бейнелеу арқылы көрсетеді (кейіпкерлер мен оқиғаларды көрсету); түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты қалай таңдап алуды біледі; оқылған не тыңдалған материал негізінде өз келісімін не қарсылығын білдіреді; түрлі көзқарастарды түсіндіреді, пайымдайды және ой таластырады (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа қарапайым көркем және көркем емес мәтіндерді оқиды; қысқа қарапайым мәтіндердегі ойларды таниды; сыныпта және мектеп кітапханасында кітаптар, материалдар мен басқа да баспа өнімдерін табады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты идеяларын анықтайды; қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша ақпарат пен деталін айқындайды(үшінші тіл);

жазылым:

«түрлі көркем сөздерді пайдаланып, белгілі бір стильде (хабарлы және хабарлы емес) мәтін жазады; композицияны сақтап, абзацтардан мәтін құрайды; тыңдалым, оқылым материалдарын, сонымен қатар аудиовизуалды материалды қолданып, мазмұндама жазады; мәтін түрлері туралы біліміне сүйеніп, тиісті стиль мен форманы таңдап, дәйекті мәтін жазады; бір тақырыптың түрлі жанрдағы мәтіндерде (поэзия, проза) қалай ұсынылғанын салыстырады; өз мәтінін түзетеді; оқырманға бағытталған мәтінді өзі жазады және ұсынады; сөйлемдерді мәтін түрлеріне қарай бейімдейді; қарапайым күрделі сөйлемдерде (екі грамматикалық негізден тұратын) тыныс белгілерін қолданады, төл сөз бен төлеусөз тыныс белгілерін қадағалайды; таныс сөздерді дұрыс жазады, қиын және бейтаныс сөздерді жазу үшін меңгерілген орфографиялық ережелерді тіл нормаларына сәйкес пайдаланады (бірінші тіл, әдебиет );


тілдік құралдарды қолданып, хабарлы/хабарлы емес сипатта мәтіндер құрастырады; тыңдалған, оқылған және көрілген материал бойынша қысқаша жазбалар жасайды (тақырыптар, деректер, пікірлер); сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен грамматикалық категорияларын (зат есім мен сын есімнің түрлері, етістіктің шақтары) ескере отырып, сөйлемдер құрайды, орфографиялық ережелерді біледі және қолданады; дербес түрде шағын шығармашылық еңбек жазады (өлең, ән не қысқа оқиға, әңгіме)мәтінді, оның ішінде презентация жасауға арналған, АКТ қолданған мәтінді абзацтарға бөледі; контекст (мазмұн) пен кейіпкер жасау тәсілдерін (эпитет, теңеу және метафора) қолданады; түрлі дерек көздерінен алынған аудиовизуалды материал негізінде идеяларды жинақтайды; грамматикалық нормаларды ескере отырып, сөйлем құрастырады; жалпы орфография ережелерін біледі және қолданады; тиісті пунктуация нормаларын пайдаланады; түрлі жанрдағы мәтіндерді (хат, ертегі, өлең, әңгіме) өзі құрастырады (екінші тіл);

жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап алады және жазады; өзі туралы бірнеше жүйелі сөйлем жазады; сөйлемдерді өзара байланыстырады және келістіреді; өз бетінше қысқа сөйлемдерді, есімдер мен жер атауларын тиісті кіші және бас әріптермен дұрыс жазады; таныс және көп қолданылатын сөздерді өзі дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің соңында нүкте мен сұрақ белгіні айту арқылы дұрыс қояды (үшінші тіл).

19. «Математика және информатика» білім беру аясы бойынша күтілетін оқу нәтижелері:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет